Түркияда мигранттарға қарсы наразылық басталды. Енді осы жайында оқырмандарымызды таныс етпекпіз.
(Коллаж: Mezgil.kz)
Түркияның Кайсери қаласында сириялық босқын 5-6 жасар баланы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаннан кейін жергілікті тұрғындар бас көтеріп, босқындарға қарсы күрес ашты. Наразы топ қаладағы босқындардың лагерлерінен бастап, дүкендерге дейін қиратып, биліктен миллиондаған босқынды елден қуып шығуды талап етуде. Бұл туралы Түрік БАҚ-тары жазуда.
Ондағы мәліметтерге көз салсақ, наразылыққа шыққан түріктер босқын сириялықтарға тиесілі автокөліктерді төңкеріп, өздерін ұстап алып, ұрып-соғып жатыр. Көші-қонға қарсы тәртіпсіздікті басу үшін билік қосымша полиция күштері мен арнайы техниканы іске қосып, наразыларды тарқату үшін су бомбаларын қолдандған.
БОСҚЫНДАР ТҮРКИЯҒА СЫЙЛАҒАН 4 ПРОБЛЕМА: ОЛ НЕ?
Оқиға қалай өрбіді?
Түркияның Кайсери қаласында өткен түні Данышменғазы ауданында босқындарға қарсы наразылық акциясының арты қақтығыстарға ұласты. Оқиға былай болған: сириялық ер адамның (босқын) 5 жасар сириялық баланы зорлық-зомбылыққа ұшыратқан. Оны аудан тұрғындары байқап, ұстаған. Арты босқындарға қарсы наразылыққа ұсласқан. Ауданға арнайы жасақ, бірнеше өрт сөндіруші және медициналық бригада жіберілген. Қайсери губернаторының хабарлауынша, күдікті жас балаларға зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамауға алынған.
(Сурет Анадолы агенттігінен алынды)
БОСҚЫНДАР ЫСТАМБҰЛДЫ АУҒАННЫҢ АУЫЛЫНА АЙНАЛДЫРА БАСТАДЫ
Кей деректерде Ердоғанның құшақ ашуымен, Түркияға кірген босқындар саны 4 миллионға жуықтайтыны айтылады. Ендеше осы 4 миллион сириялық босқынның Ердоған арқылы Түркияға сыйлаған проблемалары қандай? Ең негізгі төртеуі: Жұмыссыздық, антисанитария, ұлтаралық келісім және қауіпсіздік.
Соңғы жылдары Түркияда Сирия мен Ауғанстаннан келген босқындардың көптігінен шиеленіс артып келеді. Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа 2015 жылы бастан кешкен босқындар тудырған дағдарысқа тап келді. Босқындар Түркияның еуропаландырылған қалаларын, соның ішінде әйдік Ыстамбұлды ауғанның ауылына айналдыра бастады.
Жергілікті халық пен босқындар арасындағы шиеленіс, қылмыстың көбеюі, Ауғанстан, Сирия және Африкадан қашып-юосып келіп, Түркияға қоныстануға мәжбүр болған 4,5 миллионға жуық адамның әлеуметтік проблемалары – Ердоғанның радикал қарсыластарының сынына негіз болды.
Әлеуметтік араздық: Сарапшылар Түркияның бүгінгі кеіпін «күйзеліске әкелетін орынға» теңеп отыр. Бүгінде босқындарға қарсы анти-мигранттық көңіл-күй, босқындар мен жергілікті халық арасындағы сөзқағыстар мен этникалық құндылықтар қайшылықтары ашық көрініс таба бастаған. Мұндай қақтығыстардан қос тарап та аянып қалмауда.
БОСҚЫНДАР «ПЕДОФИЛДІК ДӘСТҮРДЕН» НЕГЕ БАС ТАРТПАЙДЫ?
«Түріктер мигранттардың мінез-құлқына, олардың дәни және дәстүрлі рәсімдеріне, киім киістері мен қоғамдық ортада өздерін ұстау мәнеріне қатты ренжулі. Әсіресе, Ыстамбұлдағы арабтардың дәни және дәстүрлі рәсімдері Түркияда зайырлы немесе діни ескі жараларды ашыққа шығаруда», - деп жазады «Middle East Eye» агенттігінің түрік бюросының басшысы Рағып Сойлу.
«Түрік қоғамы босқындардың араб киімдерінен гөрі, өркениетті әлемде айыпталып отырған әдет-ғұрыптарды өздерімен бірге алып келуіне және олардан бас тартуға асықпауына наразы. Әңгіме ең алдымен Ауғанстанда кеңінен тараған педофилия туралы болып отыр.
Мұны «ерте түрік қоғамы» деп жиі атайды. Ол кезде 13 жастағы қызды Ауғанстаннан келген босқын үйіне алып кеткен. Үйде ол балаға «үйленіп», бірнеше жылдан кейін оны телеинтервьюге ұсынды. Бұл Түркияда үлкен дау тудырған», - деп жазады журналист Рағып Сойлу.
(Коллаж: Mezgil.kz)
ТҮРКИЯДА ҚАНША БОСҚЫН БАР?
Түркия миллиондаған босқындармен бетпе бет келіп, болуы ықтимал болашақ дағдарыстарға негіз қалады. Босқындар толқыны экономикалық қиындықтар мен пандемиямен тұспа-тұс келді.
Түркия 2011 жылы соғыс басталғаннан кейін бірнеше аптадан кейін келген шамамен 3,7 миллион сириялық үшін тұрғын үй, медициналық қызмет көрсету және мектеп біліміне 100 миллиард доллар жұмсады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Түркияда 129 200 ауғандық (125 000 баспана сұраушы және 4200 босқын), 167 325 ирактық (162 700 баспана сұраушы, 4565 босқын) және 24 300 ирандық баспана сұраушы тұрады. Ірі қалаларда айтарлықтай сомалийлік халық өсуде. Жарты миллион сириялық Түркия бақылауындағы Сирияның кейбір бөліктеріне қоныстанған. Босқындардың жалпы саны, кейбір бағалаулар бойынша, алты миллионға жетеді және ол өсуін жалғастыруда. Ірі қалаларда, атап айтқанда, Ыстамбұлда және Анкарада сириялық кәсіпорындар мен босқындар шабуылға ұшыраған қауымаралық зорлық-зомбылық өсті.
ЕРДОҒАН ОППОЗИЦИЯСЫ БОСҚЫНДАРҒА ҚАРСЫ!
Басты оппозициялық «Республикалық халықтық партия» (РХП) сирияға қарсы дұшпандық риторика таратуда. Партия жетекшісі Кемал Қылышдароглы 2023 жылы Ердоғанға қарсы президенттік сайлауға түскен еді. Сол кезде Қылышдароглы: «Егер мен президент болып сайлансам, сириялықтарды өз еліне қайта жіберуге уәде беремін», - деген еді. Бұның астарында көп нәрсе жатыр.
Ердоған кезінде: «Түркия Сирияның солтүстігіне миллион сириялық босқынды қайтару бойынша жоспарлар әзірлеуде», - деп мәлімдеген.
Түркиядағы көрнекті журналист, ғалым және саясаткер Үміт Оздаг: «Салық төлеушілердің ақшасын шетелдіктерге жұмсауды тоқтататын уақыт келді. Олар елдегі азық-түлік пен тұрғын үйге деген сұранысты арттырып, көптеген түріктердің қиындықтарға тап болуына әкеліп соқтыратын инфляцияны ушықтырып отыр», - дейді.
Оздаг «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында: «Біз ол босқындарды өз үйімізді қорғау және экономиканы жандандыру үшін өз елдеріне кері жібереміз. Түркия Таяу Шығыстан, Азиядан және Африкадан Еуропаға босқындар үшін жол болуын тоқтатады және өз ресурстарын өз азаматтарының игілігі үшін пайдаланатын болады», - деген еді.
Mezgil.kz