Өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясы һәм Қазақстанның таңдаған жолы қандай?

Еуропалық ЖӨБ: «мемлекеттегі мемлекет» тенденциясы дегеніміз не? Негізгі мәселе мынаны шешуден тұрады: жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа идеологиясы ма, әлде қолданыстағы жүйенің кезең-кезеңмен реформалануын жүргізу ме? Бірқатар отандық сарапшылар соңғы онжылдықта жүргізілген кезеңдік реформалар өздерінің тиімсіздігін көрсетті деп есептейді. 

1719843307301091.jpg

Олар осы тұрғыдан кез келген ел дамуы үшін маңызды құжатты тез арада қабылдау үшін оның тым керекті және терең талдауды және кеңінен талқылауды талап ететінін алға тарудан жалықпайды. Талап етудің астарында тіпті ең керемет реформаны жүргізу үшін ол кеңінен насхатталып, жұрт санасына қандай нәтиже беретіні сіңірілуге тиіс. Сол себепті, арапшылар еуропалық қағидаларды қазақстандық топыраққа көшіруді ұсынады. Қазақстан билігінің «Өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясына» адалдығын үнемі мәлімдеп отырғанына қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы еуропалық модельдің кез келген түрінен түбегейлі айырмашылыққа ие болушылығын жоюға тиіспіз деген ойдағы жастардың пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1719842884852629.jpeg

Ахметкәрім Мәди:

Өз басыма келсек, ауыл және аудан әкімдерінің сайлауы байқалмай өткен сияқты. Аталған қоғам процестің нәзіктігіне қарамастан, олардың кейбір жағдайда мағынасы жоқ екенін жұрт саналы түрде түсінеді. Себебі әкімдерде елдің жартысына жуыға, нақтырақ айтсақ, оның қарауындағы ең кедей және ең құқықсыз әлеуметтік топтар тұратын ауылдарда нақты өзгерістер жүргізуге не жеткілікті өкілеттіктер, не жеткілікті қаржы ресурстары жоқ екенін естен шығарып аламыз. Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделене түсуде: әлсіреген орталық енді өңірлерде бюджеттік трансферттердің тиімді бөлінуін бақылай алмайтыны жоятын кез келді.

Осы орайда арнайы атап өтетін жайт: жергілікті өзін-өзі басқару реформасын толыққанды іске асыру үшін нақты жергілікті өзін-өзі басқару реформасының орнықтылығының құқықтық және экономикалық базасын құру үшін конституциялық реформа қажет. Атап айтқанда, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару принциптері, құрылымы мен ұйымдастырылуы және оның құзыретінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен аражігін ажырату, сондай-ақ биліктің үш тармағына қатысты: заңнамалық, атқарушы және сот органдарының жауапкершілік салалары мен құзыреттерін нақты бөлу айқындалатын болса қазақ ұлты өзінің алға қойған мақсатына нық жете алады.

Алайда, Қазақстанда 1995 жылы қабылданған, барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті мемлекеттік билік органдарын көздеген Конституциядан бастап «тіктеме мемлекет» моделі іске асырылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару мұндай конституциялық нұсқада халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда танылады. Яғни, жергiлiктi өзiн-өзi басқару өкiлдiк - мәслихаттар және атқарушы - әкiмдер мен әкiмдiктер, мемлекеттiк жергiлiктi билiк органдары билiк ететiн аумақтардың iшiнде орналасқан.

Мұндай ЖӨБ-дың өз аумағы да, жеке құзыреті де жоқ, ол мемлекет ұсынатын ресурстардан басқа ешқандай ресурстарға ие бола алмайды, сондықтан да өз бетінше сайлана алмайды. Жалпы, қандай да бір «тығыз тұратын аумақта» ешқандай «халық тобы» немесе «жергілікті қоғамдастық» аумақтық әкімнің ерік-жігері мен бастамасынан басқа көрініс таба алмайды.

1719842917659189.jpeg

Серікқызы Аружан:

2007 жылғы Конституцияға және 2009 жылғы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға енгізілген түзетулермен жергілікті өзін-өзі басқарудың сипатталған қайталама мәні өзінің жұрт көңілінен шыққан аяқталуына ие болды. Ендігі жерде жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару - бұл бір нәрсе болса, бұдан былай мәслихаттар бір мезгілде жергілікті өзін-өзі басқару органдары деп аталына бастады.

Содан бері Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мемлекеттік жергілікті билік органдарының желісі бойынша ғана екі бағытта жүргізіліп келеді. Саралай тарқататын болсақ: 1) өкілеттіктер мен жауапкершілікті және тиісінше қалдырылатын салықтар мен қалыптастырылатын бюджеттерді тігінен нақтылау - республикалық бюджет - облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері - аудандардың бюджеттері - төменгі деңгейдегі бюджеттер; 2) төменгі деңгейдегі әкімдерді сайлау тетіктерін енгізу. Міне соңғысы өз нәтижесін бере бастады. Ауыл әкімдерін сайлау өткізіліп, көпшілік жағдайда жұрт көңілінен шықты дер едім.

2012 жылғы жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасында («Қазақстан-2050» бағдарламасының бір бөлігіне айналған болатын) және 2020 жылға дейінгі мерзімге есептелген төртінші - ауылдық округтердің, деңгейлі ауылдар мен ауылдардың бюджеттерін енгізу және аудандық мәслихаттар арқылы ауыл әкімдерін сайлау көзделген болатын. Үкімет әзірлеген ЖӨБ жаңа Тұжырымдамасының жобасында сол желі белгіленеді: ауылдық бюджеттерді қалыптастыру тетіктері нақтыланады және кеңейтіледі, ал ауыл әкімдерінің сайлануы, біріншіден, тиісті ауыл-ауылдардың халқын тікелей дауыс беру форматына көшіріледі, екіншіден, тікелей сайлауды аудандық деңгейдегі әкімдерге тарату жоспарланған еді. Енді жайт шындыққа айналып, жұрт өзі қалаған не ауыл, не аудан әкімдерін сайлауға қол жеткізе алды.

1719842982899234.jpeg

Сеитказина Толғанай:

Қалалық өзін-өзі басқаруға келетін болсақ, ол «қатысу бюджеттерін» кеңейту практикасымен шектеледі. Яғни, қала бюджеттерінде азаматтардың ұсыныстары негізінде жұмсалатын белгілі бір бөлікті бөлу.

Осылайша, билік қолданып отырған жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделі шын мәнінде оған азаматтық қатысудың кейбір элементтерін қоса отырып, әкімшілік-аумақтық бөлінудің барлық вертикалі бойынша тек қана мемлекеттік жергілікті басқарудың моделі болып табылады.

Жария етілген «орталықсыздандыру» - өкілеттіктер мен жауапкершілікті мемлекеттік басқару сатыларының арасында бөлу және бюджеттік ресурстарды «жоғарыдан төмен» тиісінше бөлу шеңберінде бұл бағытта ешқандай серпіліске қол жеткізу мүмкін болмайтынын мойындау керек. Қазіргі модель аясында мемлекеттік басқарудың төртінші деңгейінің бюджеттік мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғарыдан бөлінетіннен артық қандай да бір қосымша ресурстарды іздестіруге тырысудың пайдасы жоқ - ол «жергілікті өзін-өзі басқару». Жергілікті өзін-өзі басқару өзінің нағыз құдіретіне ие болған шақта ғана біз әлеуметтік-экономикалық өрлеуге қол жеткізе аламыз.

Ал «мүмкіндіктен тыс» болса, бұл әкімдердің сайлануы туралы ойда ұстайтын дүние жоғарыдан түсірілген өкілеттіктер шеңберінде ғана әрекет ететін және жоғарыдан оған бөлінген ресурстарға билік ететін иерархиялық вертикальға енгізілген лауазымды адамды сайлау көрінеу нәтижесіз бол тірлік болып шығар еді. Сондықтан да біз кейбір жағдайда жоғары тұрған әкімдердің қатаң бақылауындағы «сайлауды» көріп отырамыз. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі сайлау компаниясы 25 шілдеде нені көрсетті. Сондықтан кез келген ауыл, аудан, тіпті облыс әкімдерінің сайлауы екі жаққа да теріс әсерін тигізетін қоғамдық дерттің орын алуынан осы бастан арылуға тиіспіз. Кейбір пысқайлардың орынсыз әрекеттері негізінде біздің жас Мемлекетіміз еркін және бәсекелі сайлау ұйымдастыруға қабілетсіздігін тағы бір рет көрсетіп алады да, жұрт алдындағы беделі орынсыз түсіп қалады. Халық пен жұртшылық ақылсыз қадмға барғандардың кесірінен мемлекеттің осындай қабілетсіздігіне тағы да көз жеткізеді.

1719842959614049.jpeg

Диана Биқатай:

Бұл жерде біз басты проблемаға сүйенеміз - шикізат экспортынан, сыртқы инвестициялау мен несиелендіруден түсетін валюталық түсімнің елеулі бөлігін елден шығаруға негізделген Қазақстанда құрылған отбасылық-кландық модель аясында ел ішінде өзін-өзі басқару жүйесін құру үшін ресурстар да, саяси ерік те жоқтығын алға тартатын отандық сарапшыларымыз бар.

Міне, Елбасизм кезіндегі кеселдерден әкімдерді сайлау бірте-бірте құтқарады деген ойдамын өз басым. 2024 жылдан бастап аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу - жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту қадамы деп есептеймін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде  2021 жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталатын атап өткен еді.  Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеге 2186 ауылдық округ, 85 ауыл, 26 кент бар. Әкімдердің алдағы сайлауы жалпы 2508 әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты болады, бұл барлық әкімдер корпусының 97% -ын құрайды. міне, осыларды халықтың сайлауы жолға қойылса, еліміздің гүлденуіне даңғыл жол ашылады.

Саяси алаңды кезең-кезеңмен ырықтандыру демократияның эволюциялық даму қағидатына сәйкес келеді және қоғам үшін сыни сілкіністерсіз сапалы саяси өзгерістер жасауға мүмкіндік береді, дегенге сенемін.

Әрине, адамзат дамуымен байланысты кез келген үдеріс сияқты демократияның да өз балалық аурулары бар. Сондықтан белгілі бір мағынада жоғарыда аталған проблемалар жоққа шығарылмайды және әртүрлі көріністері болуы мүмкін. Бірақ 30 жылдық саяси тоқыраудан, авторитаризм мен шынайы бәсекелестіктің болмауынан кейін демократияға апаратын жол қарапайым болады деп кім айтты? Бірақ ол қандай болса да, оны бүкіл әлем, оның ішінде біздің еліміз де бастан өткеруі керек. Бұл жолда бәрі де тегіс болуы мүмкін емес. Бірақ мақсаты солай. Өйткені өз азаматтарының алдында адал әрі жауапты билік тек әділ және ашық сайлаудан кейін ғана пайда бола алады.

Сайланатын әкім егер ол сайлау алдындағы уәдесін орындамаса, келесі сайлауда аудан немесе қала тұрғындары оған сенімнен бас тартуы мүмкін екенін білетін болады. Бұл жоғары тұрған басшылардың алдында ресми түрде есеп беріп, кезекті тағайындауды күтуге болады, ал сыни көзқарастағы қоғаммен, тіпті барлық жерде және тыныш бәсекелестер болған кезде де мұндай фокус өтпейді. Демек, көрнекілік пен жалған есептілік, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық аз, тиісінше нәтижелілік пен әділдік көп болады. Демек, өңір халқының өмірі де жақсарады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар