Бейбіт келіссөздер: Путин не дейді, Зеленский не дейді?

Не бітімгершілік, не әскери жұмылдыру: ТМД кеңістігіндегі БАҚ-тар мен әлемжеліде «Путиннің бейбіт жоспары» туралы сыбыстар талқылануда.

1720002519140402.png

(Сурет: ostwest.tv)

«ПУТИННІҢ БЕЙБІТ ЖОСПАРЫ» ҚАНДАЙ?

Жақында «Путиннің бейбіт жоспары» жарияланып, оны жақында АҚШ-қа Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцев әкеліп тапсырған еді. Министр ресми түрде санкцияларға қарамастан, Нью-Йоркке мемлекеттердің полиция органдары басшыларының IV саммитіне қатысу үшін барған. Көптеген сарапшылар Колокольцевтің АҚШ-қа сапары Украинадағы қақтығысты реттеудегі алғашқы қадам деген пікірге келді.

САНКЦИЯНЫ ЖАУЛАП АЛҒАН ЖЕРЛЕРГЕ АЛМАСТЫРУ

Бұл құжатты мемлекет басшысы Владимир Путин бекіткен. Жоспарға сәйкес:

- Украина ДХР мен ЛХР-дан толығымен шығуы тиіс;

- Осыған сай Мәскеу Киевке Запорожье атом электр станциясы мен Энергодарды қайтарып беріп, оған қоса Днепр бойымен Қара теңізге дейінгі 100 шақырымдық демилитаризацияланған аймақты бақылауға мүмкіндік береді;

- Украина Қырым түбегіне су жеткізуді тоқтатпауға заңдық тұрғыдан бекітілген халықаралық кепілдіктерді өз мойнына алуға тиіс;

- Киев принципті түрде әскери блоктан тыс болу туралы ұстанымын Конституциямен бекітіп, һәм НАТО-ға да, кез келген «жаңадан құрылған альянсқа» кірмеуі тиіс;

- Украина билігі Конституциясында 350 мың әскери қызметші мөлшерінде «Бейбіт уақыт армиясы» ұғымын бекітуі және қару-жарақтың белгіленген және заңмен бекітілген шектеулі тізбесі болуы тиіс;

- Қырым «Украина мен Ресейге екі жақты бағынысты ерекше демилитаризацияланған әкімшілік аумақ» ретінде айқындалады;

- Құрама Штаттар һәм оның одақтастар Ресейге жоғары технологиялар мен «хай-тек» тауарларын жеткізумен байланысты санкцияларды, оған қоса мұнай-газ кешені мен банк жүйесіне қарсы енгізілген санкцияларды алып тастайды;

- Мәскеу Киев режимін Херсон және Запорожье облыстарының бақылауына толық көлемде беру мүмкіндігін талқылауға дайын;

- Донбассты «Украинаның бақылауына беруге болмайды, себебі бұл үштен бірі Украинаға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан аумақ тұрғындарының сөзсіз геноцидін тудырады»;

- Ресей Украинаның Еуропалық Одаққа кіруіне қарсы емес.

Нәтижесінде Мәскеу аумақты санкцияларды алып тастауға ауыстыруға дайын екендігін осылайша білдірді.

УКРАИНАДА ТАҒЫ БІР НҰСҚА АЙТЫЛУДА

Украинада тағы бір нұсқа айтылуда. Ол – шілде-тамыз айларында Қарулы Күштер аумақтың бір бөлігін басып алу мақсатында жаңа «қарсы шабуыл» жасалады. Сондай-ақ, Трамптың Ақ үйге келуінің ықтималдығы қарсаңында Киевтің келіссөздер позициясын жақсартуға бағытталған Путиннің көнбеске шарасы жоқ жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Және оған Украинаның қақтығыста белең ала бастауы да себепкер.  Ал, осы  белең ала бастауды  қолдауды жалғастыру керектігін Ресей жағына іс жүзінде дәлелдеу керек. Бұл нұсқаның орынсыз тұсы қақтығыстың қазіргі кезеңінің технологиялылығында, нақтылай айтсақ: қазір ірі «қарсы шабуыл» тараптардың бірінің тірі күшке, техникаға және әуеден қолдау көрсетуге басымдық берген кезде ғана мүмкін болады. Дәл бүгін Украина Қарулы Күштерінде мұндай әлеует жоқ. Бірақ бұл уақытша ғана фактор болып табылады. АҚШ бұны түптің түбі қамтамасыз ететін білетін Ресей келіссөзді тегін сөз ете бастаған жоқ.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ «БЕЙБІТ ЖОСПАРЫ» ҚАНДАЙ?

Зеленский мәселелердің бір бөлігін Ресеймен диалог арқылы тез арада шешуге болатынын мәлімдеді. Жаңа «бейбіт жоспарды» саясаттанушы Корнилов «жария етті».

«Ресеймен кейбір мәселелерді диалог форматында реттеуге болады және мұндай құжат тез арада дайындалуы мүмкін», - деп мәлімдеді Владимир Зеленский американдық «Philadelphia Inquirer» басылымына берген сұхбатында.

Баспасөз конференциясында Зеленский кенеттен қарулы күштердің ұрыс алаңындағы орасан зор шығындарын, сондай-ақ оның «көп уақыты жоқ» екенін мойындады. Осыған байланысты Зеленский «бір ай ішінде» «бейбітшілік жоспарын» әзірлеп, оны кезекті саммитке ұсынуға уәде берді. «Бұл жолы саммитке Ресейді шақырылатын болады», - деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемесінен кейін бір тәулік өткеннен кейін, Зеленский Словенияда сөз сөйлеп: «Қазір қолға алынып жатыр», - деп қысқа қайырды.

Киевтік саясаттанушылардың басым көпшілігі бір ауыздан: «Біз мемлекетті, ұлтты сақтап қалуымыз керек! Ал аумақты біз сәл кейін қайтара аламыз...», дейді. Ал тағы бір саясаттанушылар: «Елді Еуропалық одаққа, сосын НАТО-ға әкелу керек. Біздің жеңісіміздің формуласы осында!», - дейді. 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар