Алматы: Жасқа да, қартқа да жұмыс табылатын қала!

Алматы еліміздегі ең халқы көп қала саналады. Ресми 2 млн тұрғыны бар мегаполиске жыл сайын жүздеген мың адам келеді. Жұмыс іздейді, оқуға түседі, осы қаланың бір тұрғыны болуға ұмтылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Алматыға жыл сайын орта есеппен 30 мың жаңа тұрғын қосылады. Олардың басым көпшілігі жастар категориясы санатына кіретін азаматтар.


Сапалы жұмыспен қамту және әділетті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі -  «Ortalyq Qazaqstan» газеті

 

Алматы тұрғындарын жұмыспен қамту басты мәселенің бірі саналады. Қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Алматыда арнайы бейімдеу орталықтары ашылған және жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары да бар. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі өзгертіліп, күшіне енді. Жаңа редакциядағы бұйрықтың негіздемесіне сәйкес, жұмыспен қамту орталықтары бір мезгілде таратыла отырып, облыс орталықтары мен қалаларда мансап орталықтары түріндегі филиалдары бар еңбек ұтқырлығы орталықтары құрылды. Ол «Еңбек мобильділігі орталығы» деп аталды.

 

«Еңбек мобильділігі орталығы» аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада өз функцияларын жүзеге асыратын еңбек ұтқырлығы орталықтары болып саналады.

 

Алматы қалалық «Еңбек мобильділігі орталығы» мыңдаған жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы алтын көпірге айналды. Еңбек мобильділігі орталығы тек қана қоғамдық жұмыстарды ұсынушы емес, сонымен қатар өтініш беруші мен жұмыс беруші арасындағы байланыстырушы қызметін атқарып келеді. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға лайықты бос жұмыс орындарын таңдауға көмектесіп қана қоймай, сұранысқа ие мамандық бойынша кәсіптік оқытумен де қамтамасыз етіп келеді.

 

Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыздарды тіркеумен, жұмысқа орналасуға жолдамалар берумен, кәсіби курстар өткізумен айналысады. Азаматтар орталыққа бармай-ақ онлайн форматта еңбек мобильділігі орталығының барлық дерлік қызметтерін ала алады. Ол үшін арнайы сайт арқылы барлық ақпараттарды біліп, жұмыссыз ретінде тіркеліп, арнайы курстар оқып, бос жұмыс орны жәрмеңкелеріне қатысып, тиімді шарттармен жұмыстарға тұруға мүмкіндік жасалған.

 

Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастыратын курстар ерлер мен әйелдер қауымен қызығушылығы және қабілеті бойынша мамандықтарды игеруге ықпал етеді. Мамандықтар қоғамда сұранысқа ие, өзекті мамандықтарды қамтыған. Арнайы курстан өткен азаматтарға жұмыс орындары ұсынылады.

 

Елімізде жастардың ғана емес, егде жастағы азаматтарды да жұмыспен қамтамасыз ету маңызды. Заман жылдамдығы аса жоғары. Жаңа мамандықтар күн сайын шығуда, ал дәстүрлі саналған мамандықтар қажетсіз болып қалатын сәттер көбейді. Бұл ғылыми техникалық революцияның бір көрінісі. Қазақстанда ғана емес, күллі әлемде бар көрініс. Осыған байланысты зейнет жасындағы азаматтарды да оқытып, жаңа мамандықтарға бейімдеу маңызды. Алматы қаласында осыған сәйкес «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылып, жұмыс істеуін бастады. Қаладағы 200-ден астам ірі компаниялар, жұмыс берушілер зейнеткерлерді, егде жастағы тұрғындарды «Алтын жас» бағдарламасы аясында жұмысқа қабылдауға дайын екенін айтқан. Жоспар бойынша 2024 жылы жұмыспен қамту кем дегенде 500 адамды, 2025 жылы 1000 адамды, 2026 жылы 1500 адамды құрайтын болады.

 

Алматыда 245 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, әрбір екінші зейнеткер жұмыс істеуге дайын. Құлшыныс білдіріп, белсенді негізде жұмыс істеуге дайын. «Алтын жас» бағдарламасын жүзеге асыру 2024-2028 жылдарға жоспарланған, өтініштер 2026 жылға дейін қабылданады. Зейнеткерлік жастағы адамдардың қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты адамдардың зейнетке шыққаннан кейін еңбек өміріне белсенді және өнімді қатысуына мүмкіндіктер жасау, жұмыспен қамтылғандар санын көбейту және тәлімгер рөлін күшейту болып саналады.

 

Міне, Алматыдай алып шаһар жастар мен зейнеткерлерді, жалпы кез келген санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту үшін түрлі мүмкіндіктерді іздестіріп, бағдарламаларды ашып, оқыту және жұмысқа орналастыру орталықтарын іске қосуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар