Алматы: Жастарға арналған комьюнити орталықтар қалай жұмыс істеуде?

Алматы - жастар қаласы. Қаламыздағы әрбір үшінші тұрғын жастар категориясына кіреді. Ал студенттер саны 200 мыңнан асады. Бұл кей қала халқынан көп азамат Алматыда студенттік шағын өткізеді деген сөз.


В Алматы открылись комьюнити-центры для молодежи

 

Жастарды бос уақытында еңбекке, білімге, татулыққа бағыттау маңызды саналады. Бұл болашақ еліміздің тұтқасын ұстайтын тұлғаларды қалыптастыру үшін қажет. Жастар дегеніміз мемлекетті көтеру потенциалы жоғары, креативті идеяға толы топ. Алматыда жастарға арналған комьюнити орталықтар ашылып, жұмысын бастады.

 

Орталықтардың басты міндеті жастар арасындағы патерналистік көңіл-күйді азайту, жастарға дамуға, өз қабілетін ашуға мүмкіндік беру, бас қосатын арнайы алаң жасақтау, қоғамдағы бірлік пен татулық көңіл-күйін арттыру және басқа болып саналады. Орталықтарға 14-35 жас аралығындағы жастар жиналып, шығармашылық тұрғысынан дами алады. Оларға тегін негізде психологиялық, құқықтық кеңестер беріледі. Қаржылық сауаттылық негіздері үйретіледі.

 

2025 жылы қалада 16 комьюнити орталық болады. Бұл қаладағы 800 мыңнан астам жастың басын қосатын, оларға даму мен үйрену алаңын ұсынатын басты нысанға айналады. Қазірдің өзінде оның көріністері бар.

 

Алматыдағы әр ауданда комьюнити орталықтар ашылды. Онда қазірдің өзінде мыңдаған жас тегін негізде түрлі тіл және дағды курстарын оқуда, шығармашылық идеяларын дамытып жатыр, жаңа мамандықтарды игеру мүмкіндігіне ие болуда және тату-тәтті көңіл-күйге толы жаңа орта табуда. 

 

Орталықтар ыңғайлы коворкинг алаңдармен және жастардың дамуына қажетті құрал-жабдықтары бар аудиториялармен қамтамасыз етілген. Орталықтарда дәстүрлі мамандықтардан бөлек, заманауи трендтегі мамандықтар да үйретіледі. Мысалы қазіргі таңда мобилография, таргетинг немесе SMM курстары жүздеген жасты жаңа салаға бағыттап жатыр.

 

Орталықтарда тегін негізде тіл үйрету курстары ашылған. Қоғамда қазақ тіліне деген қызығушылық артқанына байланысты, арнайы мемлекеттік тілді үйрету курстары жасақталып, оқытылуда. Сонымен бірне түрлі аспаптарды үйрету де іске асуда. Оның ішінде домбыра және гитара курстарына қатысушылар саны басым саналады.  

 

2024 жылдың басынан бері осындай орталықтарда 53 мыңнан астам жасты қамтыған 750-ден астам іс-шара өткізілді. Орталықтың 1,1 мың тұрақты тұтынушысы үшін «Оңай» картасы негізіндегі клубтық карта жүйесі енгізілді. Карточка көлікке, қоғамдық тамақтануға, спорттық және мәдени инфрақұрылымды пайдалануға, оқытуға, шеберлік сабақтарына қатысуға және т.б. жеңілдіктер береді. Бұл әлемде бар тәжірибе және Алматы қаласында тиімді негізде қолданылуда.

 

Қазіргі сәтте әр ауданда бір орталық жұмыс істеуде. Ал 2025 жылдан бастап, әр ауданда екі орталық жұмыс істейтін болады. Бұл қаладағы жастарды барынша қамту мақсатында жасалуда және жастардың сұранысына байланысты қабылданған шешім саналады. Алматы қаласы - жастардың шаһары. Қаладағы әр жас ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан бірдей дамуға, үйренуге мүмкіндік алуы тиіс. Осы мақсатта орталықтар ашылып, тиімді нәтижелер көрсетуде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар