Алматының ортылығында жылу құбыры жарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазыбек би мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан жылу магистралінің бөлігі гидравликалық сынаққа шыдас бермей жарылды.
«Жарылыс таңғы сағат 6-30-да қалыңдығы 500 мм болатын құбыр желісін үлкен қысыммен үрлеу шаралары барысында болды. Оқиғаның салдарынан жылу жүретін құрылғыны атып жіберді. Алайда жарылыстың салдарынан ешқандай шығын болған жоқ»,-делінген ведомство таратқан ақпаратта.
«Алматы жылу желілері» ЖШС инженерлерінің мәліметтері бойынша, бұл жылу желісі 1990 жылы іске қосылған. Оның 25 жыл жарамдылық мерзімі өткен.
«Алматы жылу желілері» өкілдері мұндай шаралардың проблемалық бөліктерді анықтау мақсатында жылу маусымы тоқтатылған уақыттарда жүргізіліп тұратынын айтты.