Өскеменде куәгерлер бұзақылар мен Ұлттық ұлан сарбаздарының төбелесін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлады tengrinews.kz порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Видео 25 сәуірде Гагарин гүлзарында болған. Видеода бір топ жігіттердің Ұлттық гвардия сарбаздарымен төбелеске түскені көрсетілген.
"Шығыс" өңірлік басқару өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"25 сәуірде шамамен 18.10-да Ворошилов көшесінде 1975 жылғы ер адамға шабуыл жасалды. Зардап шеккен азамат әскери киімдегі кіші сержанттан көмек сұрап, бұзақыларды көрсеткен. Төрт адам ұсталды. Ұстау кезінде бұзақылар қарсылық танытып, қашып кетпекші болды. Олар Өскемен ІІБ-ге жеткізілді", - деді "Шығыс" өңірлік басқару баспасөз қызметіндегілер.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Бұзақылық" бабы бойынша жүріп жатыр.