Атырау облысында карта ойыны атыспен аяқталды

4.jpg


Атырау облысында карта ойыны атыспен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға 2018 жылғы 16 наурызда болған. 

«Күдікті Т.М. және тағы үш жігіт болып карта ойынын ойнап отырған кезде жәбірленуші Б. мен күдікті Т.М. өзара сөзге келіп қалған. Кейін күдікті өзінің үйіне барып, оқталған аңшы мылтығын алып, жәбірленушімен біржолата кикілжіңді шешуге келген. Сөйтіп ол оны көшеден көріп қалып, екі рет оқ атады, нәтижесінде жәбірленуші жарақаттанып, аудандық ауруханаға түскен», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен адам өлтіруге оқталған күдікті Т.М.-ға қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.



Ұқсас тақырыптар