Алматыда жаңа жолайрықтар пайда болады

10.jpg


Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек үш жаңа көлік жолайрықтарының құрылысын тексерді және Абай мен Назарбаев даңғылдарын одан әрі үңгілеу жұмыстарымен танысты.

Мегаполис басшысы қала инфрақұрылымын дамытуда кешенді әдістің маңызды екенін атап өтті. Егер орталықта көшелер жүргіншілер қалауына сай қайта жаңарса, ал қала айналасында көлік қозғалысының легі үшін қажетті жағдайды жасаған жөн.


11.jpg


Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу «Солтүстік - Оңтүстік» бағытында Сейфуллин даңғылы бойынша көлік жүктемесін едәуір азайтады. Қазіргі кезде мұнда эстакада қабырғаларын монтаждау және нысанның тіректерін жасау жұмыстары жүруде. Осы учаскеде көлік қозғалысын белгіленген мерзімнен екі ай бұрын, яғни қазан айында ашу жоспарланған.

Өз кезегінде Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрығын салу көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады. Құрылысты аяқтау 2019 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа трактісінің қиылысында да жаңа жолайрығы салынуда, бұл солтүстік-шығыс бағыттағы кіші көлік айналымының көлік өткізу қабілетін арттырады. Қазіргі кезде мұнда эстакада тіреуінің астына өндіріс қондырғылары орнатылуда және инженерлік желілер қайта ауыстырылуда. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойына да жаңа жолайрығы бой көтеруде.


12.jpg


Наурызбай ауданын орталықпен қосу үшін Шаляпин және Жандосов көшелеріне басымдылық берілуде, Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қала шекрасына дейін үңгілеу жалғасуда.

Айта кетерлігі, биылғы жылы мегаполисте бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады. Қаланың барлық аудандарында 150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаңарады.

13.jpg


Дереккөз: sn.kz



Ұқсас тақырыптар