Қостанай облысында мүйіздері кесіп алынған 20 киіктің өлексесі табылды

2.jpg

Қостанай облысында мүйіздері кесіп алынған 20 киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды alau.kz.

Мүйіздері кесіп алынған киіктердің табылуы Қазақстанда арнайы операция жүргізуге негіз болған себептердің бірі. Табиғат қорғау полициясы жоғалып кетуге шақ қалған жануарлардың мекен ететін аймақтарын қатаң бақылауға алды. Ал өлекселері табылған киіктерге қатысты іспен Қостанай облысының тәртіп сақшылары айналысуда. Өйткені оқиға Қостанай облысының аймағында болып отыр.

Браконьерлікпен байланысты қылмыстардың бетін ашу үшін Қазақстанда, Қостанай облысының аймағында да «Сайгак» жедел-сауықтыру» шарасы өтіп жатыр.

«Ақтөбе мен Қостанай облыстарының шекарасы бойында 23 киіктің өлексесі табылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Бұл өлекселердің мүйіздері кесіп алынған»,-деді Қостанай облыстық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полиция бөлімшесінің бастығы Талғат Ахметов.

Тәртіп сақшылары талған факті бойынша «Соңы үлкен шығынға батырған заңсыз аңшылық» бабы бойынша іс қозғады. Яғни қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін кететін шығындар құны 1000 АЕК көлемінде бағаланды. Бұл дегеніңіз 2,5 млн теңге деген сөз. Киіктер шамамен осыдан жарты немесе 1 ай көлемінде өлген.

«Аталған істің мән-жайын анықтап, киіктердің мүйізін кесіп алғандарды табу үшін жедел шаралар ұйымдастырылды. Сараптама киіктердің өз өлімімен өлгенін не олардың өлтірілгенін анықтауы тиіс»,-деп қорытындылады Талғат Ахметов.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар