Алматы көшелерімен трамвай қайта қатынайтын болды

4.jpg

Талай мәрте жол апатына себепкер болды делініп, қоғамдық көліктің вагондары сатылып, рельстерін қопарылып алынып тасталған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Енді жаңа темір жол салынып, онымен шетелден жүрісі жеңіл жаңа трамвайлар қатынамақ. Өйткені, ескісін жөндеуге қала басшылығы екі есе шығындалатынын айтады. Әрі, жаңа трамвайға 200-ден астам жолаушы міне алады. Маршруттың ұзындығы 23 шақырымды құрайды. Құрылысы 2019 жылы басталмақ. Ал, бағыт Алатау ауданы депосынан басталып, Момышұлы, Төле би, Панфилов көшелеріне дейін болады. Сондай-ақ, Астана алаңы мен Мақатаев көшесінен өтеді. Қосымша тармағы Қалқаман шағын ауданындағы жобаланып отырған метро станциясына дейін созылмақ. Ол шамамен 36 аялдамаға тоқтап, 40 минутта діттеген жеріңізге жеткізбек. Алайда, ол үшін әлі 5 жыл күту керек. Өйткені,  жаңа травай желісі тек 2022 жылы қолданысқа беріледі.  

Ғани Тәжиев,  «Алматыэлектротранс» ЖШС атқарушы директоры:

 -Бұл жобаға шамамен 125-130 млрд қаржы кетеді. Оның ішінде салыну, жылжымалы көлікті әкелу кіреді.  Бұрынғы трамвай бір-ақ секция болатын, ары кетсе 30-40 адам сиятын. қазіргі трамвайда 240 адамдай сияды.



Ұқсас тақырыптар