Астанада полицейлер балаларды қағып кетті

2.jpg

Астанада полицейлер велосипед тепкен екі баланы патрульдік көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы велосипедіне отырғызып кетіп бара жатқан 13 жастағы жеткіншек жаяу жүргіншілер жолынан жолға қарай шығып кеткен.

"Сейфуллин мен Рахимов көшелерінде 20 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты барлық қажетті процессуалдық құжаттар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасына жөнелтілді", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

"Кәмелет жасқа толмаған балалар медициналық мекемеге бармаған. Дерек Астана ІІД ЖБО бейне бақылау камераларының жүйесімен тіркелді", - делінген ведомсвтоның хабарламасында.



Ұқсас тақырыптар