Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

3.jpg

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өзенге кеткен ер адам мен оның екі баласының мәйітін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Боран ауылындағы Қара Ертіс өзенінде болған.

Имамның сегіз жасар баласы рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жатқан. Ағыс қатты болғандықтан, кенет бала бата бастайды. 36 жастағы әкесі көмекке ұмтылады, онымен бірге баланың 19 жастағы ағасы да суға секіреді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі жылдам болған – әкесі де, үлкен ұлы да қатты ағынға қарсы тұра алмаған, үшеуін де су ағызып әкетті.

Суға батып кеткендердің мәйітін құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеп жатыр. Іздеу жұмыстары өзенде де, өзеннің жағасында да жүргізілуде.



Ұқсас тақырыптар