Сенатор Алматыда кездесулер өткізді

043.JPG

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Алматыға жұмыс сапарымен барды.

Астананың 20 жылдығына арналған «Туған ел» телебағдарламасына қатысқан сенатор онда  Елорда  мен тұтастай республиканың дамуы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Д.Нөкетаева «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберіндегі Парламентінің заң шығарушылық қызметіне де тоқталып, қабылданған заңдардың мән-маңызына жан-жақты  түсініктеме берді. 

Сондай-ақ, сенатор Алматы қалалық «Тері-венерологиялық емханасында» болып, ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында сенаторға емхананың  клиника-зертханалық, ұйымдастыру-әдістемелік көрсеткіштері таныстырылып, 2018 жылдың 7 айындағы аталған мекеменің қаржылық қызметі туралы мәлімет берілді.

063.JPG

Сенатор  сондай-ақ емхана бөлмелерін аралап көріп, науқастармен әңгімелесіп, жағдайларын сұрады. Емхананың материалдық-техникалық жай-күйін қарап шыққан сенаторға медициналық жабдықтардың тері-венерология және тері-косметология, эстетикалық медицина саласындағы қолданылу ерекшеліктерімен таныстырды.

Сенатор емхана жұмысын  одан әрі дамытудың келешегі туралы айта келіп, медициналық туризмді дамыту, медициналық қызмет көрсетуді әртараптандыру, шетелдік мамандандырылған және онымен байланысты денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарын айтты.

8888.jpg


Ұқсас тақырыптар