Жұмыс сапарымен Алматыда жүрген сенатор Динар Нөкетаева 23 тамызда қаланың білім саласы қызметкерлерінің «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткізілген тамыз кеңесіне қатысты.
Іс-шараға Сенат депутаты Д.Нөкетаева, білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов, қала әкімі Бауыржан Байбек, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдар, ұстаздар қауымы қатысты.
Олар өткен оқу жылының нәтижелерін қорытындылары мен алдағы оқу жылы жоспарларын талқылады. Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы қол қойған жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы заңнама болды.
Жаңа ережелерге сәйкес еліміздің жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларын өздері жасайды, білім алу құны мен студенттерді қабылдау тәртібін анықтайды.
Кездесу соңында қала әкімі Бауыржан Байбек қаланың үздік білім беру мекемелерін атап өтті.