Ғалымдар Шығыс Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды

3.jpg

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумына қатысушылар Шығыс Қазақстан атауын Алтын Алтай деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге археология мен түркітану саласындағы әлемдік деңгейдегі ғалымдар жиналды. 3 жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде әлемдік деңгейдегі барлық қауымдастық үшін маңызды 19 мың артефакт табылды.

Биылғы кезеңнің ең басты ерекшелігі – Алтын адамның табылуы. Алтын адам Тарбағатау ауданындағы «Елеке сазы» қорғандарының бірінен табылды. Ғалымдар алдағы уақытта басқа да ерекше жаңалықтар болатынына сенімді.

Археология бойынша бағдарламаның арқасында қазба жұмыстарын тағы да үш жылға созудың сәті түсті. Ал бұл ауқымды жұмысты бұл жолы екі есе көп қаржыландырады. Форумда шетелдік ғалымдар аймақта қазба жұмыстарын жалғастыруға қуанышты екендерін айтты.

«ХV-XVI ғасырдағы Аблайкит монастрьі туралы естігенде таңғалдым. Қазба жұмыстарына арнайы келдім. Бұл тарихи мәліметтерді толықтырудың керемет мүмкіндігі», - дейді Нантэ университетінің (Франция) тарих және география профессоры Марк-Оливер Перу.

Сондай-ақ, ғалымдар Қазақстанның шығыс өңірін Алтын Алтай деп атауды ұсынды.



Ұқсас тақырыптар