Министрліктің өкілімен кездесу өтті

44227784_2081876018794022_262746453988868096_n.jpg

Агенттіктің аумақтық департаментінде алғаш рет өзгеше форматта кездесу өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері қатысқан семинар-кеңесте Астана қаласынан арнайы келген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбек Оразғұлов қатысты. 

Спикер өз сөзінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгенін еске салды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мәселелері» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік қызметшілер арасында мемелекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының  Заңдылық талаптарын, сыбайлас жемқорлық және  Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін түсіндіру төңірегінде түрлі шаралар өткізіліп отыратындығы айтылды. Ақылбек Оразғұлов мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келе жатқандығын айтып өтті. 

«Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті», - деді спикер.  

Мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелерін талқылау мақсатында өткен іс-шарада қызметкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық профилактикасы және Әдеп кодексі нормаларын сақтау саласындағы арнайы бейнероликтер көрсетілді.    

Ал агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова болса, аймақта жүргізіліп жатқан барлық шараларда мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп нормасына сай емес мінез-құлық көрсеткендері және оның алдын-алу, болдырмау жолдары туралы бейнероликтер ұдайы көрсетіліп отыратындығын айтты. 

«Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қоғамның негізгі тұлғасы болып саналатынындығын естен шығармауы тиіс. Біз осыны барлық деңгейдегі жиындарда айтумен келеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары күшейтілді, олар тек өз қызметінде ғана емес, жалпы күнделікті өмірінде өздерін жоғары деңгейде ұстаулары тиіс. Сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларға жол бермеуі керек», - деді ол. 

Департамент басшысы әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіліп отыратындығын ескертті және бірнеше мысалдар келтіріп өтті. Соның бірі жуырда аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің спирттік ішімдіктермен түскен суреттерін өздерінің парақшаларына салғаны үшін бірқатарына тиісті шара алынғандығын айтып өтті. 

Семинар соңы пікір алмасуға жалғасқан соң,  ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбек Оразғұлов сыбайлас  жемқорлық заңдылықтарын және этикалық нормаларды қатаң сақтау керек екендігін атап өтті. Ақтау қаласында өткен семинар-кеңес еліміздің өзге де аймақтарында өткізілмек



Ұқсас тақырыптар