Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде

3.jpg


Алматының Жетісу ауданында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі. Бұл туралы Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 наурыз күні Алматының Жетісу ауданындағы Қозыбаев көшесі, 276 А үйінде орналасқан «Өндірістік-әкімшілік ғимарат» нысанында лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар өтеді. Ондағы мақсат - лаңкестік бола қалған жағдайда адам көп шоғырланған жерде әрекет ету дағдыларын пысықтау. Оқу-жаттығуларды өткізу барысында шектеу шаралары қарастырылады. Осыған байланысты азаматтардан аталған шараға түсіністікпен қарауын, қауіпсіздік ережелерін сақтап, оқу-жаттығуларға жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талабын орындауын сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Штаб өкілдерінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысып жатқан тұлғаның заңды талабына бағынбаған азаматтар ҚР ӘҚК 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



Ұқсас тақырыптар