Шыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беру ұсынылды

7.jpg


Ташкентте қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды Кабар.

Мұндай ұсынысты танымал өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры  Зухритдин Исамутинов жасады.

«Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа  «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», - деді ол.

Президент Шавкат Мирзиёев сәуірде ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар