(роман)
Бірінші бөлім
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.
Алтай, Күршім — не заманнан калың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған — ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алты ай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.
Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі кымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны.
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса — есің кетіп, сұңқыл қақса — шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.
Кеп онда емес-ау, жарандар! Бар, қараңдар, құлағың сал! Тыңдаушылар анталаса, кеп құрайын бір тамаша. Ертегі емес, ертеде емес, ұзын да емес, келте де емес, қарапайым қара сөзбен бір әңгіме шертейін. Қысыр сөзді қысқартайын, әңгімеге жол тартайын. Өлең сөзге олақ едім, күйлі емес деп қомсынбаңдар.
Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр бейсауат. Көтегейі — Күршім жақ, бет алысы — Қараекем шаты. Қараекем шаты жартас, дәл аясы — шұңқыр көгал, бір ауызды, тар ауызды шұңғыл шаттын; мейірімді Алтай түсі қашып, түнде жортқан, жорықшыға соққан ғой. Ажал түрткен мал болмаса, мал алдырған жан болмаса, тереңге кім барған?
Ала ат мінген терең шаттың дәл аузына аттанғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады. Тар ауызда тас тасалап, сұр шекпенді, бесатарлы біреу жатыр бас бағып. Әлгі шекпен ала аттыны көре сала, ақ орамал көтерді, ала ат мінген оны көріп ақ тымағын көтерді. Сөйтті дағы ала ат мінген қапсағаймен ат жетелеп, асып кетті әрі қарай.
Марқакөлде майға бөккен мал мен ел тау ызғары жамбасынан өткен соң, етектегі қыстауына еңбектесіп түскен шақ.
Мамырбайдың малайлары қора жамап, пешін қалап, үйін сылап болған еді. Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, малайларға киіз үйін қағып-сілкіп, жинатқызып жүрген еді. Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі — жас түлегі, айы-күні — жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлбеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді. Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қаңқыл етіп, дауысы сыңқыл-сыңқыл етіп:
— Көзім тартып тұрғаны несі?— деп, бір бұраңдап қойған еді...
— Жай тартады да... қуанарсың... қай көзің?..
— Қуанар ем сол көзім,— деді бітті, кім елеген ондайды?
Алымсағын, шөбін жинап, партияның қамын да ойлап, Мамаекең де кешке жақын жолдасымен келіп түсті.
Тау бетінен аңдағайлап жатағына мал келді. Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жүң. Ауыл түтін, өзен күріл. Қызыл іңір. Малын жайлап, шайы қайнап, ел де орынға отырды.
Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі — манағы айтқан, өзің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді. Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға келді саусылдап.
Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бөріктірді, елдің апшысын қуырды:
— Ах, сволыш! Тап атты!..
Мылтық колда қамшы жонда, ат таппасқа әдді не? Атты да алды, шідерді де алды, жүгенді де алды, кілем, көрпе, қоржын, шалбар...— бәрі кетті.
— Төре... тақсыр...
— Ой, құдай-ай!
— Аясайшы, бейуаз ек қой!— деуге келді тілдері. Шайды алдына жаңа койып, "біссміләні" келтіргені сол еді, Мамырбайдың бір малайы жетіп келді ентігіп:
— Келіп калды!
— Кім, кім?
— Көкпең-көк...
— О кім?
— Өңшең орыс! Мамырбайдың мұршасы:
— Жина, ұмтыл, қаш, тығыл!— деуге ғана келді. Дастархан мен шай қалды жайрап, жиюсыз шыны аяқ калды күйреп, Мамырбай күрс-күрс, бір есікке, бір төрге... жаушы-жалам, бәйбіше де, қыз да жоқ.
Сыртқы есікке жетер-жетпесте Мамырбайдың кеудесі үңірейген үш мылтықтың аузына тірелді. Бай шалқалап, мұрттай ұшты.
Мылтық дүмі, қылыштың қырымен айдап шығарылған ауылдың еркек біткені басын қорғап, борсаңдап, Мамырбайдың етігіне отағасын бас қыла қамады да, сыртынан қара құлып салынды. Аузында күбір-күбір "сұбқан", аяғы жыбыр-жыбыр еңкең қағып, қораны орағытып бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды.
— Қайдан келесің?
— Мына... мына,— дей беріп еді.
— Мә, саған мына-мына!— деп білеуітпен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ етті. Жаулық кетті жапырылып, ауыз кетті опырылып.
— Тап деген соң, тап қызды! Кімнің қызын, жасаған?!
— Сенікі қыз, сенікі.
— Қызым жоқ, ойбай!..
— Қыз бар! Табасын!
Орыс қадалып, білеутін зулатты. Бәйбіше қадалып, "қызым жоқ" деп бажылдап, өтірікті саулатты.
— Өзім табам,— деп орыс жүгіріп ала жөнелді.
Үш орыс қолдарына шырақтан алып, қораны, үйді, тезекті, шұқырды, жүкті, пішенді — бірін қоймай найзаларымен піскілең тінтіп жүр. Зым-зия, Ақбілек жоқ.
"Орыстар келіп қалды" дегенде бәйбіше теріскейдегі кішкене есіктен ептеп шығып, жер бауырлап, бүкеңдеп, Ақбілегін жетелеп, бір апанға апарып: "Тырп етпей жат!" деп кеткен.
Қыз табылмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені терезе алдына етпетінен басып, жиырма бес қамшы соқты. Үні шықса, Ақбілегінің жаны қабат шығады ғой, құшырлана тістеніп, ышқына ыңқылдағаннан басқа дыбыс бермеді. Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген жалғызын "кәпірге" қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе?
Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты. Бір тайпа ауыл — үш мылтықтың албастысы басып, тұншықты.
Үрейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап, құлағын түріп, түсі жаман, ойы қараңғы бір адам жүр. Ауылдан бажыл шыққанда әлгі адам бір тұрып, бір жүріп, ауылға таман ұмтылды. Ұмтылып еді, астындағы жануар қорс етіп, лоқып қалды. Аяғын үзеңгіден ептеп сырғытып, сыбдырын ұрлап, жұмсақ шөпті жапыра басып, жерге түсті. Атын артқы қасына кайқита қаңтарып, қыл шылбырмен тұқырта тас қылып ұстап, үш атты матастырды да, қотанға кіретін епті қасқырша бүкеңдеп адымдады. Қарауытқаң қара жамылған ауылдың иті ұлып тұр. Бес-алты адым аттады ма, жоқ па, әлде шөптің сыбдырындай судыр еткен — аяқ асты қарауытқан шұқыр болды. Шұқыр түбінде бірдеңе ағараңдаған тәрізді, қимыл етті.
— Ағатай-ай!— деді біреу ышқына сыбырлап.
— Ақбілекпісің?— деді әлгі адам біліп койғандай.
— Мен едім, құтқар, ағатай,— деп апанның ернеуіне таман өрмелеп еді.
— Құтқарам. Бұқ. Жата тұр,— деді де, қазақ қалбалаңдап жоқ болды. Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып калды.
Әлгі адам жүгіріп барып тоқтағандай, ат ышқынғандай, үзеңгіге аяқ салғандай, тебінгі тырс еткендей
болды. Атына мініп келейін деген екен ғой, енді ажалдан құтылдым ғой. Жасаған-ай! Тәубе дей беріп еді, дүбірлеген аттың тықыры жақындамай, теріс айналып кеткендей болды. Қолы әлі жәрдем тілеуден, жарылқаушы періште келетіндей, дәмелене күтсе де тықыр алыстап, дүбірлетіп, шауып кетті. Қолдары сылқ ете түсті, аяғы тайғанап кетті, сырғанап, түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай көрінді...
Ауыл жақтағы иттердің манағы шабаланғаны жоқ. Анда-санда сақ қаншықтың безілдеген, жас күшіктің шәуілдеген әлсіз дауысын төбеттердің күңіренген ұзын сарыны басып тұрғандай, сөйтіп тұрғанда бірдеме ысқырғандай болды. Ауылдан иттері шабаландырған аттың дүрсілі тауға карай кетті. Ит дауысы алыстап барып, қайта жакындап, абалады. Ажал да абалады. Дүрсіл ауылга қайтып келді. Күбір-күбір адам дауысы естілген тәрізденді. Акбілектің жүрегі зырқ ете түсті. Зырқ етпей қайтсін, тықыр шықты. Жүрегінің дүрсілі болғай еді деп, қолын кеудесіне басып еді. Тас, тас емес-ау, темір емес — ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр етті. Апан көр сияқтанды. Өйткені ажалдай түсі суық саудыраған үш адам келіп қалды. Бала қамаған лаққа ұқсап, апанды айнала жүгіріп, өкпесін соққан торғайдай торға ілінді. Сонда да есінен танбады:
— Апатай-ай!— деген жан даусы таудың басына барып шақ еткендей болды. Мейірімсіз темір қолдар алып ұрып аузын басып жатса да қолды кейін сермеп, басын жұлқып, үзіліп, өзеуреген ащы айғайы апатайының кұлағына сап етті. ЖОЛ Ы на шойын тағалағандай апасы сіресіп калсада елемей, шыңғырған дауысқа карай үкідей ұшып келеді. Қызын бүркітше бүріп, іліп жатқан екі орысты анасы екпінімен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай, баласын бас салды. Олай сүйреп, бұлай жұлқып, қызды анасының құшағынан ала алмаған соң, орыстар мылтық дүмін жұмсады. Жанына мылтық батқанда, анасы қызын тастай беріп, алыса кетті. Апыр-шұпыр екі орысты екі алып ұрып, бірінің үстіне бірін білектеп жатқанда, үшінші орыс тайқып шегіне берді. Босанысымен қашуға оңтайланған Ақбілек апанның ернеуіне жете түсіп анасының қалып бара жатқанын көріп, қайта апанға түскенде, анасы қызына қарсы ұмтылды. Сол кезде бос қалған орыс анасын жауырын ортадан басып салды.
— Алла!— деп ана құлады. Үш орыс қызды көтеріп, ойбайлатып алды да жөнелді. "Апатайлаған" айғайы жерді-көкті жұлып, Ақбілек зарлап, аттардың дүрсілі тауды дүсірлетіп, абалап иттер куып бара жатқанда:
— Қайдашы, қайдалап?—төтеден бір топ кісі қуып ала жөнелді.
— Аттаншы! Аттан!
Жер де айғай, көк те айғай. Тау күңгірлеп тас шықырлайды.
Қуғыншылардың қарасын көріп, қыз өңгергенді қоя беріп, екі орыс аттарын тежей, мылтықтарын кезей бастады. Екі атты есік пен төрдей жерге келіп калды. Тау сатыр-сұтыр етті. Куғыншының біреуі қиялай шауып, атының жалын құша жығылуы-ақ мұң екен, арттағылары азан-қазан, ұйқы-тұйқы түсе калды.
Манағы ала атты кім? Қыз алып қашқан орыстар кім? Бұларды куам деп оққа үшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздерін сөйлетейік пе?
Кане, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегенің қолдарыңды көтер. Біреу, екеу... жоқ, өздері сөйлесін дегендерің қол көтер... Төртеу, бесеу... Өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды.
Әуелгі сөз оққа ұшқан жігіттікі.
БЕКБОЛАТ
Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым — Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сүр шапан, сар сафиянға кара ала жапқан күміс белбеу аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім, алдынғы капталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім — менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар.
Бұрын бір байдың, осы күнгі орта шарқы үйдің ортаншы баласымын, бұрын кой бес жүзге, жылқы екі жүзге, сиыр алпыска. түйе жиырмаға жеткен еді, осы күні сол малдың төрттен бірі де жоқ.
Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. Бір ауылнай елдің басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан кайтыс болған соң, әксміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жаңа өспірім қызын, беріп қойған жерінен, 15 караға бата бұзып алып еді. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды.
Жылдағы зекет, пітір, садақасын беріп, бізді оқытуға әжеміз таңқы мұрт, жылтыр кара қожаны ұстап, сегіз жылдай жаз үй артындағы қоста, қыс қонақ үйде теңселіп, қалғып-шұлғып, сабақ оқыдық. Тіл алмай, асқа атқа өкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де аяғында хат таныдым. Көршінің қатыны мен қожаның өсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін көзіміз ашылды.
Оннан асқан соң-ақ қыдырған, қолы бос жігіттердің боқауызын, былапыт әңгімесін тыңдап, он беске келген соң, қыз-келіншек бар үйдің іргесін тырнап, жібін киып, есігін қиратып, түн баласында дамыл көрмедік. Жолдастарға еріп, ойын-сауык қуып жүріп, кылжақты, өлеңді, домбыраны үйрендім, еті тірі, жаксы жігіттерге еліктеп насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Тұзды ет беріп, сауға жығып, қашырып алып талай құстан айрылсам да аяғында құстың да тілін білдім, я шіркін! Астында жарау бедеу, қолында қыран тұйғын үстінде сымдай киім, өзек-өлкені сыпылдата кезіп жа сұлу қызды ауылдың сыртына қонам дерқ-жұрқ еткізіп, қаз, үйректі сыпыртып, кешке таман сұлу қызды ауылдың сыртына қонам деп, шіреніп келіп тұрар ма ек! Жалғанның қызығы сол да!
Әкем өз маңындағы елдің ұрлығын қымтап, зорлығына болысып, дауын даулап, жесірін жоқтап, шығынын реттеп, бірді бірге соғып жатады. Атқа мініп кетеді, үйде болса келген кісілермен оңашаланып, сыбырласып жатқаны. Сөйтпесе, ел билей алмайды-ау деп ойлаймын. Бірақ оған артық араласпаймын. Ағам деп екеуі тұрғанда, маған сөз не керек өз ермегім өзімде. Бірақ олар мені әуепі боп кетгін деп, кейде жаратпайды, кейде мен құс алдырып, аң атып келгенде мақтанып та ҚОЯДЫ. Өйткені мен ағайын дауына, ру намысына қызбай да жүрген жерім жоқ. Төбелес болса жасаққа шығамын, қыз қашқан, қатын кеткен топтардан қалмаймын.
Әкем айттырған Жаманбаланың шотпақ кара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырып едім. Малжанды соққан екен, малымды түгел алмай, есік көрсетпеймін деп, көнбей койды. Бой жеткен қалыңдығым тұрғанда, қарап жатайын ба, жасырын барам деп кісі жіберіп алып, "өзі біледі" деген соң бүгін жолыққалы келе жатыр едім. Дулыға тастың бөктерінен жолымызды кесе қашқан ор қоянды өткізбеймін деп бірталай ат, қинап, алданып қалғанымыз. Әйтпесе мана келетін кісі ғой.
Ауылға таяна бергенде, шулаған иттің даусын естіп тұра қалып едік, бір мезетте "апатайлаған" Ақбілектің, одан мылтықтың даусын, аттың дүбірін есіткен соң дәтім шыдамай, неде болса қолында өлейін деп қуып бердім.
Қараңдаған екі аттыға жаңа жете бергенде оң иығымнан оқ сап ете түскенде көзім карауытып басым айналып кетті. Не болганымды білмедім. Әй, жолдас, шіркін, сондай жерде керек қой! Аттарын тежеп қорқып таппады ғой. Әйтпесе түсіріп алатын кісі едік. Асыл жарым, екі көзің жаудырап, орысқа қор боп кеттің-ау! Жұртым-ау, менде не жазық бар? Ақбілекті жіберіп қойғандарың ба? Кеудеде шыбындарың болса, неге кимылдамадыңдар?
ОФИЦЕР
Мал-мүлкімді талады, кісімді өлтірді, қызымды алып кетті деп бізді бұзық адам көріп, қазақтар жазғырады. Дүниеде не боп жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін.
Аға-ападан, туысқаннан, туғанжерден кім безейіндеп ойлайды? Еркін қызық өмірді, жан тыныштықты кім жақсы көрмейді? Сұлу әйелдің от құшағын, тәтті лебізін кім аңсамайды? Адам тілегенін істеуге ерікті болса, тұрмыс осындай болар ма еді? Біреу ырысты, біреу сорлы болар ма еді? Адамда ерік жоқ. Адам лажсыз елінің тілегіне бағынады. Дүниеде тағдыр бар, лажсыз өмірге қону бар: тағдыр деген сондай, бостандық, еркіндік деген жоқ.
Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай тауына, қазақ арасына біз келер ме едік? Мен Тамбов губерниясындағы бай алпауыттың кіші баласы едім. Бабамыз Александр патшаның әскеріне қол басы болып, түрік соғысында мақтау алған кісі екен. Әкеміз соғыс уәзірінде үлкен төре болып, мосқал тартқанда, Тамбовтағы ата қонысына келіп, егін салдырып, шаруа құрды. Мол жер, бау-бақша, салтанатты сарай, қос-қос арғымақ, солқылдақ арба, жүйрік ат, жүйрік тазы... дегендер бізде болушы еді. Ағайынды төртеуміздің ішінде ажарсызы мен болсам да, ерлігіммен герман соғысында қол бастап, бір рет шен алдым.
Патшамен соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымды қорғауға, біз соғысқа бардық. Отанды біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді? Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың кол астына қарағанына казақ тәубе қылу керек кой. Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басы жылына төрт сом алым төлегені болмаса, әскерге ылау азық бергені болмаса, бұларда не шығын бар? Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына карап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі. Патша қазақты каражұмысқа алам дегенде, қандай қорқып, абыржып, қиратылып калды. Қазақ солдаттан өлгенше қорқады. Баяғыда, қазақ орысқа қарағанда, қатын патша қазақтан солдат алмаймын деп, колхат беріпті-мыс деп, талшық кылалы. Тегінде қазақтың солдат болудан корыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді? Онда ұлы Ресей кемиді, жері, елі азайып қалады. Қазақтың малы, өлі бұйымы басқа елдің пайдасына кетіп калуы мүмкін. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағынуы керек. Орыстан жақын арқа күзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Қазақ орысқа жерімді алды деп өкпелейтін шығар. Жер қазынанікі ғой. Орыс өсіп жерге сыймай жатса, бос тұрған жерді алмай қайтеді? Қазақта жер көп. Баяғыша көшіп-қонып, кең даланы шарлап жүре берем деп ойлайды. Жер жүзінде жалғыз казақ емес, өзге жұрт та бар ғой, оларға да тіршілік керек. Ендеше, артық жеріңді алғанға өкпелеме. Сен де егін сал, қала бол. Сонда бәрімізге де жер жетеді. Мұны казақ ұқпайды-ау.
Казақ зәбірің тиді деп бізді айыптайды. Зәуеде қазақ әскер болып, қазак эскері орыс елінің ішінде жатса, маңайына зәбірі тимес пе еді? Малын алмас, дүииесін таламас, қызын қатын, қатынын жетім қылмас пе еді? Кешегі Жетісу майданында мұжық қалаларын алғанда, қазақ әскері қандай қылды? Бейуаз мұжықты қылыштың жүзінен өткізбеді ме? Мүлкін талап, елін рәсуа қылмады ма? Баяғыда орысты үш жүз жылдай татар билеп тұрғанда, қазақ та соның ішінде, кандай корлық көрсетпеп еді? Ордаға барған елшілерімді тақтайға жаншып, үстінен билетіп өлтіріп еді. Қазакем, сенің де жайын белгілі. Қолдарыңа түссе, шамаларың келсе, сендер де бізді аямайсыңдар. Бірақ шамаларың келмейді.
Әйтсе де біз қазақтан кек алғалы жүргеніміз жоқ. Қазақ жеріне келейік деп келгеніміз жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өзара, екі жарылып, ел билегенге таласқан соң, үкіметті қара жұмысшы мен кара солдатты жоқтаған большевиктер алып кеткен соң, біздер, орыстың шын ұлдары күл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп,қашып келіп отырмыз. Алдымыз қашып, Кытай жеріне өтіп кетті. Біз одан қашқан будан қашқап, жетпіс шақты офицер флоттар Алтайдың бір тығырығына бекініп, кызылдардан жансауғалап жатырмыз. Олардың ойы: оқ-дәрімізді, азығымызды түгесіп, қыстың суығына қатырып, ашықтырып алмақ. Әйтпесе бір ауыздан жалғыздап келіп, бізді ала алмайды. Тауда жатып біз карап өлейік пе? Қара таласқан соң маңайдағы қазаққа шабуылдап, азыкқа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс-сайман алып тіршілік қып жатырмыз.
Елсіз тауда ерігіп жатқан өңшең еркек іші пысқан соң ермек, қызық керек қылмай тұра ма? Қашанғы өзді-өзіміз боқтасып, керісіп, төбелесе берейік. Біздің де қанымызда от бар, бізде де тілек, нәпсіқұмарлық бар. Біз де жаспыз. Әйел құшуды біз де аңсаймыз. Әйелсіз күн көре алмайтын махаббаттың қадірін білетін, сезімі жетілген біз өнерлі, білімді шаруаның ұлдарымыз. Әйел кімде бар? Қазақта. Қазақ та адам баласы. Казақтың қара көздерінің сикырлы күші Европа әйелінен кем емес. Әнтек тәрбиеленіп, қылымсуды, еркекке жағынуды үйренбегені болмаса. Қазақ надан болған соң орыстан жатырқайды, жиренеді, қазақ қызы орыс жігітін сүймейді. Бізге өз сүйгеніміз де жетеді, бізге әйел керек. Әйелдің сүйгенін тілейтін біздің өз еліміз бар ма? Қазақ надандығынан жатырқайды, оқыған ел жатырқамас еді, казақтың оқыған азаматы орыс қызын сүймей, орыстан қатын алмай жүр ме?
Қысылғанда, сасқанда қарсылық кылған жерде болмаса, дегенмен қазақты өлтіргеніміз жоқ. Адамның тыпырлап өлгені бізге тауықтың өлгенімен бір есеп. Көңілімізге солай орнағаннан ба, өлімді көп көріп, етіміз өліп кеткеннен бе, кім білсін. Шынында, өмір деген, өлім деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдік не, ертең өлдік не? Өмір — кабақтың каққаны. Ендеше, аз күн тіршілікте өмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып қалу керек. Өлген соң түк те жоқ.
Алдымызда — қылышын сүйреткен кызыл шұнақ қыс. Айналамыздағы қала — қызыл жау. Келешегіміз — аяз, аштық, соғыс ажал. Бірінен болмаса бірінен өлуіміз хақ. Бүгін болмаса ертең өлуге көзің жетіп отырса, елден-жұрттан, туған-туысқаннан күдерді үзсек, бізді жан екен деп аяйтын адам баласы болмаса, біз қара таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі өлтіріп, кыз алып қашпағанда — кім бұларды қылмақ? Біз әзір тіріміз. Тіршілік деген — арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілік қып жүрміз. Бізді қазақ айыптаса, білмегеннеп айыптайды.
МҰҚАШ
Мен таңкы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сүр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрдім. Ө дегенде құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ел жайлауда, көк шалғында қымызға қызып, гуілдеп, мас боп жатқанда, мен босағада отырып, жырық сары тостағанмен саумал ішіп, дамбалым борша-борша, шекпенім өрім-өрім болып, жалбаңдап, үй іздеген қозыны ауылдан шығара алмай, дедектеп келіп жылам-сырап жүргенім. Балалар алтыбақан теуіп, ақсүиек ойнап, шуылдасып, асыр салып, қой күзетіп, өлең айтып, думан қып жатканда "таңертең оянбайсың, жат" деген байдың зекуін естіген соң, қара інгеннің қолаңса сасыған жабуын оранып, үй жанында бүк түсіп жатканым. Әсіресс шырт ұйқыда жатқанда: "Түр, козы ағыт!" деп байдың бүйірден теуіп оятқаны-ақ жаныңа батады-ау. Амал жоқ, бүрсеңдеп жүріп қозы ағытып, бір тостаған іркіт ішіп, көзіңді уқалап жөнелесің. Күн қызғанша жүгіріп, қашқан қозымен арпалысып, айғайлап, тас жіберіп жүргенің.
Он беске келгенше Шаманбайдың қойын бақтым, о бір құдайдың атқаны! Өліп бара жатырмын десең, койға бір тайын мінгізбейді. Ат отынан қалады дейді, алып қалмайды, қой өрерде жылқышы келе коймайды. Жатарда байлап қояйын десең, қоныр өгізшені сиыр мүйіздеп, мұрнын жұлады, таңертең сиыр өрмей тұрып, ол сасықты қамалап ұстау тағы бір қырсық.
Бір түні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, дөңбекшіп, ұйқым келмей, не де болса құдайдың салғанын көрермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. "Қара құлақ" ойнағанда, мен ит, Балабек қасқыр болып, Рақымжанның Айша дейтін қызын өзен жаққа апарып тастады. Мен шабаланып қуып барсам, қызды іздеген үлкен қара құлақ өзекте бұғып жатыр екен. Дүние-ай, мен де қара құлак болар ма едім деп, зығырланам, ертеңінде түсте қойды бұлақ басына жусатып өгізімді тұсап қойып, жарлауытқа арқамды сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті. Бір мезетте бетімді күйдіріп жібергендей бірдеме басымнан орай шым ете тұсті. Шошып кеттім. Жынды кісіше шыбын-шіркей боп, лағып барам. Артыма қарасам, көк айғырын апыраңдатып, қамшысын білеп, Шаманбай қуып келеді екен. Қалай бұлтарсам да қоймады, қашғанға төселіп қалған арам қатқыр, қойсың ба, аттың бауырына алып жүріп, ал борсылдат, ал сой. Бақсам, ұйықтап қалғаным болмаса, қой қасқырдан аман екен.
Өшімді қалай алам деп, азуымды басып жүр едім. Ақыметтің қойшысы да байына ызалы екен. Екеуіміз бірігіп, Шаманбайдан екі ісек, Ақыметтен бір марқа, бір тұсақты сойып, бұлаққа тығып қойып, бір айдай азық кылдық. Суға салсаң етте дәм болмайды екен. Бірақ ұрлығымыз шығып қалды. Оны айтып жүрген өзіміздің қойшылар. Естай деген бір жарамсақ таз койшы бар еді, байға жағынам деп сол иттің бүлдіргені. Шаманбай екі қой, екі киім ақымды шығарда бермей қалды.
Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқы үйретемін. Аязбен, асаумсн, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп қатермен алыспай, адам адам болмайды екен. Желдсн жаралған желге мінеді, адамға желік бітеді екен: жылқы бақтым — күлкі бақтым. Алыс-жақын, қатер — ойыншык болды. Жылқы бақтым — кісі болдым.
Енді мені әйел де менсінетін болды. Енді менің атым да, киімім де түзелді. Кедей жақтың келіншектеріне ет, май беріп, көңіл қостым. Кейде қасқыр жеді қылып жабағы-тайлақ соғым да беріп жүрдім. Жылқы бағып жүріп, қалың беріп, қатын алдым. Бұралқы жылқы қағыстырып, ен-таңбасын бұзып, пайда-пақыршылық қылудың тәсілін де білдім. Қатын алғанда ораза ашарым да болды.
Жылкы жұттан кейін, енді есікте жүргім келмеді, не де болса, алыс жерді де бір көрейін деп, пароходқа жұмыс қылуға жалдандым. Ертіс ағып, Өскемен, Зайсан, Семей сияқты қалаларды көрдім. Азын-аулақ орыстың тілін де үйрендім. Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң кеудеме нан піскендей, өзіме өзім әлдеқандай көріндім. Өзім бір тұрған заңмын. Орыспен де, казақпенде сөйлесе кетем. Елде жүрсем де, қалаға барсам да өлмейтін тәріздімін. Адам болған, ел билегендердің менен түк артык жері жоқ. Олар білген өтірік өсек, ұрлық-қарлык, қулық-сұмдықты мен де білемін... Олар сөйлеген сөзді мен де сөйлей аламын. Қайта мен 'какой черт, как же, нежоли, неимешь права..." деп орысшаны араластыра соғып жіберуге де өмірім келеді. Алыса кетсе, төбелесе кетсе бір кісіден таяқ жемеймін. Пароходта жүргенде ершікпен он пұтқа шейін көтеріп жүрдік. Араздаса кетсе — кісінің бір малын жетелеп кетуге жараймың. Енді менің ел адамдарынан қор нем бар? Мсн неден тайсалам? Жалғыз кемдігім: қағаз танымайтыным ғой. Мендейлер толып жатыр ғой. Әттең дүние! Қолым хат білсе, Күршім өзенін теріс ағызар ма едім, әлде қайтер ем...
Елге келген соң атқа мініп, партияның сөзіне араласып, жаңа бір қызметке ниет қып жүргенімде соғыс болды да, оның артынан төңкеріс килікті. Ақтар қашып, кызылдар келіп, қала-қалаға орнады. Балшабай деген бар, кедейдің пайдасын сөйлейді, Балшабайға жазылған кісіні ауылнай қылады, болыс қояды, қолына мылтық береді, "панимаешь", мылтық береді, байдың малын, артық қатынын, жерін кедейге тартып әпереді деген лақаптар шыққан соң, жатсам ұйқым, тұрсам күлкім келмейді. Мен де Балшабайға жазылып, мылтық алсам деп ойладым да жүрдім. Ойға алғанын істемеген жігіт жігіт пе? Біреу қазақ жақсы деді, біреу орыс жақсы деді: "Чорт тыбрый деп шоқындым да кеттім" деп бір шоқыншық айтқан екен. Сол айтқандайын, не де болса тәуекел, мұны да бір байқайық, кім біледі, мен де бірдемеге жарап кетермін деп бардым да, жәшейкеге жазылып, бесатарды мойынға салып шыға келдім.
Елге келе ылау мініп, қой сойғызып, жүрегін шайып алуға кейде басынан асыра мылтық атып, қызметке кірісе бастадым. Қазынаның мүлкін, ақтардан қалған қару-жарақ іздеп, қырыңдаған кісілерімнің үйін тінтіп, қорқытып, көр-жер алып, пайда-пақыршылық істей бастадым. Ел мені "шоқынып кетті" деп кірпідей жиырылды. Әуелі өз ағайындарым да маған осқырып, үрейленіп қарайтын болды. Менен жұрт сескенейін деді. Мен келгенде қызыл көзді пәле келе жатқандай атын, дүниесін тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығарды. Елі құрғырдың аузын бассаң, арты сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе осы бір мұғалімі бар болғырлар пәле болды. Мені елден пара алды, дүние тартып әкетті, пәлен-түген қылды деп қаладағы оқыған азаматтарға дәттеп қойыпты. Сайлау кезінде болыс болайын деп тұрған кезімде менің үстімнен жазылған қағаздарды жинап, Мамырбайдың баласы кеңсеге тапсырыпты. Мені бұзақы адам деп, сөйтіп болыстыққа сайламай қойғаны. Әй, атаңның аузын...
Мамырбайдың ұлы! Әй, тірі болсам, бір қылармын деп кете бардым. Мылтықтан айрылдым.
Елге келген соң ауыл-ауылдан мал, киіз, төсек-орын, ыдыс-сайман алып жүрген ақтардың адамына жолығып, іш пікірім ішімде соларға кісі болдым. Олар маған жақсы қыз тауып бер деді. Ойыма Мамырбайдың Ақбілегі сап ете түсті. Ағасының қылғанын алдына келтіретін маған да күн туды. Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі де солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын? Арманыма жетсем, жеттім, жетпесем, жаман адам атанып кеткенім дағы...
* * *
Алыс-жұлыс, ауыр күйік, аттың соққысымен Ақбілектің сілесі қатып, аттан түсіргенде өлген адамша сылқ ете түскен.
Ақбілск есі кіріп, козін ашса, алты сырықтың басын бүріп киіз жапкан кішкене коста оңшең сереііген. быркы-раған, жат киімді, жат түрлі орыстардын. ішінде жатыр. Оң қолын Ақбілектің үстіне артып, как қасында бетінен түгі шыккан, шашы дудыраган, істік мүрын жирен орыс жатыр. Оның бейнеусіз аңкиган, жарық ерінді, дүрдек аузынан шыккан демі Ақбілсктің бетіне тамүк лебіндей тиіп, денесіи тітіркендіреді. Оңі-түсі екенін біле алмай, козі алас үрып, костың ішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқига ссінс түскенде, кайнап шыққан бүлақтьтң козіндей жасы мөлтілдеп. жылап агып қоя берді. Санкал киізден сығалап ангал шуак Акбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да. телегсй аккан жасын күргатуға септігі болған жок; жанын жанышкан караңгылык жарық дүниеңі ансатты, оитсе де жарық сәуледен козін біржола жүмбады, қүтыл-масына козі жеткен сон, тым болмаса мынау саусылдаған сары қолдың ішінен сытылып, даланы бір каргісі келді. Акбілек үстінде жатқан ашалы, ауыр қолды ақырын сыр-ғытып қойды да, сыбдырсыз басын көтеріп, жер қорқақ болған ботадай, аягын андап басып, сығалап карап, жап-сарды ашып, тысқа шықты.
Мұның шықканы алдарына ер-тоқым үйіп, мылтықтарды мосылап қойған, қатар тігілген, кішілі-бүтінді, жыртығы аралас жеті қостың бірден соңғысы екен. Төрт кұбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға ала тауға біткен үйірім-үйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырсқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзек құлай шықкан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектін көзі тоқтап тұра алмай сырғанап келіп, жер ошақ басындағы қазақтың қара құманына, қара астауға шырық шөмішіне тоқтады. Орыстың қолына түскен әлдеқандай сорлының астауы, шөміші екен. Сорлы шөміш! Мен дс сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды.
Талдың тасасына түсейін деп шеткі қостың артынан жаңа аса беріп еді, қос даласында мылтығын сүйеніп, қақиып тұрған бір орыс жалт карап:
— Стой!— деп ақырып қалды.
Дауыс жер астынан шыққандай, селк етіп, зәресі зәндемге кетті. Жығылып барып оңалды. Сөйткенше болмады, артынан бір орыс жүгіріп келіп, құшақтай көтеріп, косқа ала жөнелді, Акбілектін көзі шарасынан шықты. Құшақтаған орыс аймалап қосқа алып кіргенде, тағы екі орыс бастарын көтеріп, керіліп-созылып, көздерін уқалап Ақбілекке қарап, күле сөйлеп, шылымдарын орай бастады. Алып келген манағы қолын артып жатқан жирен орыс екен. Ақбілекті аш белінен жібермей қысып, бетіне аузын ала ұмтылып еді, Ақбілек теріс карап, бұлқынып сүйгізбеді. Өзге орыстар жирен орысты мазақтағандай карқ-қарқ күлісті. Олар күліп, жаңылдап отырғанда, төрде жатқан ұзын бойлы, ақ құба, қара мұрт орыс оянып қырынан жатып, Акбілекке көз салды. Ол өзгелеріндей сөйлескен де, күлген де жоқ, құба шыңға құлаш ұрған жез қапат бидайықтай, талмау көзін талықсыта, терең киялға шомылды. Көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, онын жаны жұмбақ қой. Көп мұңайып отырғанда, біреу күліп отырса, оның ажарыда, көңіліде бұрмақ қой. Жұмбақ нәрсе адамды құштар қылмақ қой. Қаркылдасқан, қайғысыз, қамсыз көп орыс ортасындағы қара мұрттың елібі де Ақбілекке жұмбақ боп керінді. Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмаса әйелге біткен жеңсік қойлық мұны да жеңді ме, әйтеуір қапаста қапаланып, жалынарға жан таба алмай отырған Ақбілектің көзі еріксіз қара мұртқа түсті.
Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, әлде басқа бір сезім кернеді ме, кім білсін. Жирен орыс сүйем деп тағы кезенді, Ақбілек сырт берік тыжырынды, ашуланған адамша анаған ажырая қарап, бірдеме деп шорт кесті. Жирен орыс та қыңбады, ежірейіп, басын сілкіп, бірдеме деп тастады. Бірак енді қайта сүюге қызға ұмтылмады. Өзгелері үндемей шылымдарын тартып болып, тысқа шығып кеткенде, қара мұрт Ақбілекке жылы қарап, бір күрсінді де, жирен орысқа әлгідей емес, жапраңдап сөйлей бастады. Алғашқы кезде нәрсеге шақырғандай, алақанын қармай, мойнын бұлғап, көзін тұнжырата, ернін шошайта сөйлеп, жирен орыс басын шайқап болмаған соң иығын қысып, көзін тікірейте, ернін кезерте, ызбарлана сөйледі. Арс-арс еткен иттерше, бірін-бірі қауып алғандай болды. Келте-келте жауаптасып, жұдырықтарын білесіп, қара мұрт өңі сұрланып шығып кетті. Ол кеткеи соң жирен орыс та құшырланып, күңкілдеп, боқтаған іспетті болды да тысқа шықты.
Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлеген сөздер моланып, шыңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған косқа келіп: "Ә, кізімке..." деп, мойындарын қисайта, шағыр, шегір көздерімен тесіп жібергендей, Ақбілекке үңіле қарасып, ыржиысып, бірдеме десіп кетіп қалды. Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті.
Аздан соң, шелекке қайнатқан суды орталарына қойып, темір тостағандарды батырып, кепкен наңдарымен қытырлатып шай ішісті, шай ішіп отырып, мылжыңдап көп сөйлесті. "Алдына ас қойсаң, орыс ит мылжыңдайды да отырады" деген әкелерінің сөзі Ақбілектің есіне түсті. Жирен орыс манағыдай емес. Ақбілекке өліп-өшкенін қойып, бетінен түгі шығып, әкесі әлі ендей, бас терісі аузына түсіп кетіпті. Қасындағы біреуі Ақбілекке каңылтыр тостағанмен шай ұсынып еді — алмады. Әлгі айтыскан, жанжалдасқан қара мұрт орыс қайтып көрінбеді.
Шайларын ішіп, шылымдарын тартысып болған соң, өзгелері тысқа шықты. Жирен орыс беліндегі алтыатарын алып, құлағын қайырып, бірдемесін басып, бұрап, шыртылдатып айналдыра бастағанда, Ақбілек өзімді атып тастар ма екен деп, жүрегі сескенейін деді. Жан шіркін көзге тағы бір елестеп өтті. Бірақ атқан жок, мылтығын кайтадан қабына салып қойды. Сөйткенше болмады, киімдері сымдай, белдерін қылмита буынған, қылыштарын асынған екі орыс сып етіп кіріп келді, қақиып тұра қалып, жирен орысқа келте-келте бірдеме айтты. Жирен орыс бір-ақ ауыз жауап қайырды да, үн-түн жоқ киіне бастады. Киінді де Ақбілекті қолынан тартып тұрғызып, қостан алып шықты. Ақбілек енді бірдеме қылады екен деп жүрегі дүрсілдеп барады. Шықса, көп орыс қос маңында топ-топ сөйлесіп тұр. Қызды алып бұлар шыққанын көріп, өзгелер де қозғалып, лек-лек болып, тал жаққа қарай аяңдады.
"Енді ажалым жетті ғой,— деп Акбілекте зәре жоқ— Бәрі жиылып атып, қалай өлгенімді тамаша қылғалы жүр ме? Әлде бұлардың басқа заңы бар ма? Басқа бірдене істегелі жүр ме? Япырым-ай, мынаның бәрі жабылып... нетсе, не жаным қалады?.."
Көп орыс талға таянған соң қатар түра қалды. Үш орыс шығып, анадай жазаңқайға барып тұрысқан кезде, жирен орыс Ақбілекті бауырына қысып, аузынан құшырлана үш сүйіп қасына екі орысты ертіп, анау үш орысқа таман барды. Алтау болды. Алтаудың бірі топқа қарап, бірдеңе айтты. Топтан қысқа ғана жауап естілді. Әлгі өзінің жирен орысы мен манағы қара мұрт біріне-бірі таянып бірдеңе десті де, аяқтарын нығарлай басып, екеуі екі жаққа қарай жөнелді сүзісетін қошқарларша екеуі біріне-бірі қарама-қарсы тұра қалды. Сол кезде қалған төрт орыс кейін шегініп, біреуі қолын көтеріп: "раз, два, три!" деп қалуы-ақ мұң екен, алтыатарларын қолына ұстасып тұрған екі қошқар басып-басып жіберді. Түтін бұрқ етті. Орыстар тұра ұмтылды. Ақбілек еңді не болар екен деп, ар жағында тұрғанда, мына жағынан қара мұрт орыс жүгіріп келіп құшақтай алды.
Өлген жирен орысты көп солдат алып кетті. Ақбілекті белінен құшақтап, сүйемелеп, қара мұрт қосқа әкелді. Өзіне таласып, екі орыс бірін-бірі өлтіргенін Ақбілек сонда білді. Бірақ төбелесіп өлтіріспей, алыстан атып өлтіріскеніне түсіне алмады.
Қара мұрт шығып кетіп еді, бір уақытта қалпағын шекесіне салған сенсең бас, теке көз, бұжыр сарыны алып келді.
Теке көз келе Ақбілекке:
— Аман, қарындасым?— деп қолын ұсынды.
Қазақша сөйлегені құлағына жылы тиіп, қолын ұсына түсті де, қайта тартып алды, жеп қоятындай, сүзе қарады. Теке көз қазақша білетін тілмәш екен. Ақбілекпен сөйлесуге шақырып әкепті.
— Мына төре сені жақсы көрген. Бұл өзі үлкен төре. Қорықпайтын кісі. Сені көргенде (жүрегін түртіп), мына жері шыдамаған. Анау жігіттен сені маған бер деп сұраған. Ол бермеген. Ол кішкене төре ғой. Екеуі дауласқан, шатақ шыққан. Содан дуэльге шығып, атысқан. Өзің көрдің ғой. Бұл сен үшін өлем деген, сонда да шыдаған. Сен бұрын орысты жақсы көрмеген, даладағы қазақтікі қызсың. Сен қорықпа. Саған ешкім тимейді. Мына төре сені ешкімге бермейді. Бұл сені қатын қылады. Өзге төрелер сені бәріміз қатын қыламыз деп еді, бұл кісі оған болмады: ол жарамайды, онда бәріміз хайуан боламыз деді. Бұл көп білетін ақылды жігіт. Бұл да өзіңдей адамның баласы. Құдай біреу, жан біреу. Сен бұдан қорықпа, жақсы көр. Бұл кісі сені жақсы көреді. Сені күтеді. Саған тамақ, киім әпереді, саған жұмыс қылдырмайды. Қазақтікі қатын немене? Малай ғой. Байы ұрады, соғады, жұмыс қылдырады, бәрі кір болып, жаман болып жүреді. Біздікі орыс законы жақсы: қатынды ұрмайды, (қолтықтағанды көрсетіп) былай ұстап жүреді, театрға апарады. Гуляйт қылады,- деп Ақбілекті үйір кылам деп, теке көз көп сөйледі. Анда-санда қара мұрт оған сөз үйретіп тұрды. Ақбілек көнетоз жасыл биқасап шапанын көзіне түсіре бүркеніп, беті бәкіше бүктеліп, бас-аяғы кірпіше жиырылып, күнысып, жасы мөлдіреген қара көзін жыпылықтатып, қара мұртқа анда-санда көз қыйығын бір жіберіп, үрейлене тындады.
Орыс сөйлеп тұр. Оның көп сөзі миына қонбайды. Үлкен торе деп мақтайды. "Төре" болса қайтейін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді. Соларга зар болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді. Енді кім істемекші? Бекболатқа тисе, Ақбілек малай болар ма еді? Өзі де істер еді, малшы қатын да алар еді, байы ұрыспаса, ұрмаса, қатын қайда кетпейді? Қатын не істемекші?.. Мұның бір де бірі құлағына бармады. Жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені рас. Ендеше, жақсы көргендей, Ақбілек сұлу екен. Қазак тұрсын орыстың боздақ жігіті де қызығады екен, жанын қияды екен. Әйелге бұдан артық күн бола ма? Оның үстіне Акбілек енді көп орыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бірақ кісіге қияды. Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке...
Бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы-қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен, осы орысты иіскегені ме? Шынымен, ақ төсіне арам денені ойнақтатып, ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?
Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайынан екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін өліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді-ау! Жан апасынан мәнгілік айрылып, басы каралы, жүзі жаралы болып отырып, нс бетімен бай іздеген? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұкымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?.. "Сорлы қызымды өлтіріп тастады ма, әлдс не қылды?"— деп әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеу келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ?.. "Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің? Осының бәріне шыдап, неғып өлмей, тірі отыр?.. Түндегі оқ апасына тигенше, бұған тимегенін қарасайшы...
Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сондада Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: казақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Акбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлының бірі шығар...
Ойдан ой қуып, басы даң боп шапанының етегіндегі май тамганына кадала карап отырғанында, тым-тырыс күте қалған қара мұрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек қабағын ауыр бір қағып, "менде не ерік бар?.." дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мұрт тілмәшіне иек қағып, шығарып жіберді де, Акбілектің қолын ептеп өзіне таман тартып, ерніне апарды. Ақбілек қасарысқан жоқ...
Түндегі айқай-сүрен, аласапыранда Мұқаштың қолында жетектеулі — екі ат, ойында — аман құтылу, көзге түспеу ғана бар еді. Аттарды, порсені, қызды аман-есен орыстарға әкелін тапсырып, "Мукашке, молодец!" дегізіп, алакеуінде ауылына қайтып келе жатқанда, ойына әлденелер келді.
Мамырбайдың баласына егесіп, карындасын орысқа шығарып беріп, оп-оңай кек ала қоймақ еді. Қызды алам деп жүргенде, бұл иттер шешесін атып өлтіріпті. Мұның арты үлкен дүрбелеңге шаппасын кім біледі? Қуғыншылардан да кісі өлген болу керек. Бұл шіркіндер жүрген жерін қызыл жосын қылмай кетпейді. Кім біледі, түндегі оққа ұшқан әлде өз ағайындарының, өз тілеулестерінін бірі ме? Елді осынша кырғыпға ұшыраткан Мұқаш неткен қан ішер? Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам, өз қаныма неден мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, "ағатайлап" жалынып, қолын созып келе жаткан Акбілектің білегін кекке созғылап, жүйкесін құртып, орыстарға ұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді?.. Тегі, мен өлерімді білмейтін ақымақ шығармын. Әйтпесе, елді осынша шабыншылыққа ұшыратып, осынша қан қақсатып, зарлатып, қарғыс алып, жексұрын болғанда, қайда сыям, қалай тіршілік етем деп ойладым екен. Осының бәрін істетіп жүрген мен екенімді білсе, білмей тұра ма, ел мені тірі қойғаны ма?.. Қой, мен жынданған екенмін. Мені сайтан азғырған екен... Бірақ енді істі түзетуге бола ма? Болмайды: шынымды айтсам да, басымнан асып кетті. Елдің менен жауыз дұшпаны, арам сүт емген, арамза ұлы болуы мүмкін емес...
Енді бұл беттен қайтуға өткел жоқ... Дауа жоқ... Осы кеткені кеткен... Шынында байларға не обал бар?
Олар елді жемей жүр ме? Бай неліктен бай болады? Малайдың арқасы, елдің арқасы ғой олардын құтыратыны. Төрттүлік малын малшы бақпасыншы, шөбін малай шаппасыншы, отын жақпасыншы, кұдығын аршымасыншы — көрейін байдың бай болғанын. Асқанға тосқан деп, Совет үкіметі байлардың пейіліне бола келген бір тосу ғой. Кім біледі, мені де байларға құдай жұмсап тұрған шығар... Мен болмасам да осынау өз етін өзі жегелі жатқан ақтың білеуіттері елді тыныш қояр ма еді? Мен болмасам да ағайынға өкпелеген бір қазақ кек алам деп, орысқа шаппас па еді? Сөз жоқ, ондай біреу табыла кетер еді. Әрине, мұндай жұмыс екінің бірі, егіздің сыңары, жалпылама адамның қолынан келмес. Бірақ мендей біреу табылуы хақ... Талай әскер шауып кетті. Талай қазақтар елге "ұлық" боп келіп, алып та, жеп те жүр. Соларға ел не қыла алды? Түк кылған жоқ... Өзім коменес. Қолымда — мылтық. Он кісіге алдырмаймын. Мылтык ату әдісін орыстардан үйреніп, мерген боп алдым. Күндіз сақ жүремін. Түнде жұмысымды бітіремін... Мен несіне қорқамын? Қорқарым бар, бұл іске әуелде кірмеуім керек еді. Кісілік іздеу, ячейкеге бару, мылтық алу керек емес еді. Жоқ, өлім біреу, не де болса, құдайға тапсырдым. Енді менің елге кішіреюім — өлім; жігіттігіме кемшілік... Мені жұрт өткір, кайсар, ер жігіт деп ойлап жүр. Сол аттан айрылмауым керек...
Осындай ойлармен Мұқаш аулына таянды. Аулы — үлкен таудың күнгей бетіндегі, ойпандағы төрт-бес тас қора. Ол қоралар өзімен немере, шөберелес ағайындарынікі, осы ауылдың бас көтерері — Мұқаш, ақсақалы
— Тезекбай молда.
Молда деген аты болмаса, Тезекбай кісі атын да жаза алмайды. Барлық оқуы "қырық қадістен" есінде қалған "қаланнаби ғалайссалам — айтты пайғамбар ғалайссалам". Бар білгсн құлшылығы — өлікке, шелпекке, өлі тиген малға "жасын" оқу, тарауық оқығанда, "алқамға" қосып "етгеказелиге" деген бірденені міңгірлету. Бар білетін дуасы — "аятіл-күрсі". Құрбанның малына немесе айға бата қылса да осыны оқиды, көзіне ақтүскен әйелдерге де осыны айтып үшкіреді. Өз ағайындары болмаса, Тезекбайды сырт қазақ молда деп те санамайды. Жегжат жердің өлігі болмаса, жамағайынның жаназасынан, "жақсыларды жанаған" қожа-молдалардан асып, Те-зекбайға несібе тиіп көрген емес. Тезекбай ел қыдырып, зекет, садақа да жинамаған; ет, кымыз іздеп, түтін аңдымаған кісі. Ондай сұқым, сімтік шалдарды қайта ішінен жаратпай: "Не бар екен? Жатсайшы!" деп отыратын. Тезекбай тысқа шықса — ақ таяғын беліне қыстырып, сиырын, бұзауын көздеп, үйге келсе, кемпірдің киім жамағанын, көже кылғанын жаратпай: "Ісінің бәрі балшы, ісінің бәрі балшы" деп дыбырлаудан басқа, ауыл-үйге зияны жоқ адам. Опысы да қартайғанда ерлі-байлы адамның бірінен-бірі жиреңші тартатын әдеттен ғой, әйтпесе кемпірінен асып, өнер табатын Тезекбайда не қауқар бар дейсіз...
Әйтсе де осы молданы өз ауылы сыйлайтын. Қыстауға қонса, бата оқу болса, мал өлсе, құрбандық берсе, бас пен жамбас молданың алдына тартылатын, сүттің уызын, 92 қымыздың тұнығын молдаға таттыратын, молда жоқ болса, намазы қаза болғандай, келіндер де "молданы шақыр" деп отыратын.
Мұқаш қандай елдсн шыққан, құдайдан безген, сорлы болса да молданы сыйлайтын, молдаға сөйлеспей өзінен-өзі именіп, сырттан жүретін. Жолығып қалса сәлем беретін, бірақ байымдап тұра алмайтын. Мұқаштың онысын сезіп, молда да сөз қатпай, доң айбатпен жүретін. Сөйлесіп, тілін шығарып, бетінен алғызғаннан да анадайдан ығысып жүргенді тәуір көретін үлкен кісілердің бір әдеті ғой. Ауылға таяна бергенде Мұқаштың бір қысылғаны: "Осы молданын көзіне түсіп қалам ба?" еді.
Төмпейден шыға берістегі, күн шығыс жақтағы қора Мұқаштікі еді. Төмпейден оралып шыға бергенде жапырайған тас қоралардың күнгей беттері таңның қызғыл сәулесіне шомылып, күлімсіреп түр екен. Молданың корасы ергенегі шалжиып, аузы ашылып жатыр екен. Босағада жатқан кызыл ит тастақтағы аттың тықырын естіп, үре бастады. Мұқаш қаттырақ аттың, кораның далдасына түсуге асықса да, шекпенін жамылып, аяғының басына кебіс іліп, дәретке шыққан молданың бір көзін жұмып, сығырая карауынан құтыла алмады. Молда ойындағысын біліп қоятындай, Мұқаш тура қарай алмай, қызарып, қырындап кетті. Тезірек тебініп, қорасының тасасына түскенде, қорадағы ақ күшігі де шәуілдеп қоя берді. Күпісін жамылып, қара домалақ келіншегі — Алтынай тырпылдап келіп есік ашты. Жаратпаған кісіше, бетінің бір жағын тыржитып: "Сенбісің?" деді де, тысқа жөнелді.
Мұқаш ақырын "мен" деді де, атын қораға кіргізіп, қадаға байлап, үйіне кірді. Бір көзі соқыр, жалғыз әйнекті, тапалтақ, кішкене үйінің дымыққан, күлімсілеу, терсымақ иісі мұрнына жып-жылы тиді. Жаман текемет үстіңдегі қызыл шыт көрпеден монтиған қолдары шығып, домаланып, томпиған, үш жасар Медеудің танауы делдиіп, аузы ашылып, ерні қожалақтанып, шот мандайы тоқырайып, жылтырап жатқаны да жарастықты көрінді. Баласын иіскейін деп оқтанды да, ойына бірдеме түсіп кеткендей тоқтай қалды. Күнәға батпаған, періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады. Молдадан да, ұйықтап жатқан нәрестеден, нәресте емес, өзінен ұялғаны күштірек тәрізденді. Аңдаусызда аяқ астынан әлдебір ит арс еткендей-ақ, Мұқаштың тұла бойы шымыр ете түсті. Итті тұмсықка бір теуіп, бетін қайыруға асығып, белін шешіп, келіншегінің басындағы қызыл жастықты жұлып алып, әйнек түбіндегі бұрышқа тастап берді де, қолын ішіне алып, бүркеніп, жантая кетті.
Сабан төсеулі балшық сәкінің ернеуінде жаулығын шалқайтып қойып, Алтынай көйлекшең дәрет алып отырып, мұрнын қатты-катты сіңбіре берді. Кызыл алақандары қошқар мүйізден кестелентен әлдеқашанғы жыртылған ақ орамалына беті-қолын сүртіп жатып:
— Бүк түсіп жата қалғаны несі! Атыңды қайтуші едің?— деп тоңқ етті.
Мұқаш басын көтерместен:
— Түске таман жібере сал!— деді. Алтынай байына оқты көзімен бір карап:
— Тұрып, ыстық суыңды ішуші ме ең?— деді. Мұқаш:
— Жоқ,— деді, басын қымтай түсті. Сонымен сөз бітті. Түн баласында Мұқаштың жоғалып кстіп жүргені бір бүгін емес, үйреншікті әдет тәрізденіп, Алтынайдың өршеленбейтіні сол еді. Кішкене баласымен еқеуден-екеу бір қорада жалғыз жату алғашқы кезде қорқынышты көрінсе де, жүре-жүре оған да еті үйреніп кеткен. Кімге жалынсын, кімге сенсін?
Алтынай малын сауады, өгізді көздейді, байлайды, отынын тереді, отын жағады, суын әкеледі, күл шығарады, тамағын істейді, киімін өзі тігеді, үйін жияды, сыпырады, қорасын тазалайды. Мұның бәрі оған құдайдың бұйырған жұмысы тәрізді. "Жұмысым ауыр болды-ау, жаныма батты-ау"— деп ол қабағын шытпайды. Көзін тырнап ашқаннан ұйқыға барғанша күйбеңдеп, не қолында, ие аяғында бір дамыл бола ма екен... Жо-жо-жоқ. Жұмыстан қалт етіп қолы босаса, есік алдына шықса, ауыл үйді қыдырса, болмаса абысын ажындарымен әңгімелессе, қолынан ұршығы түспейді. Алтынайға тамағы тоқ, көйлегі бүтін болса болғаны. онан өзгені іздемейді. Үй міндеті - әйелде, түз міндеті — байында1. Бұл — құдайдың бұйрығы.
Бұрынғыдай емес, Алтынай тұрмысына енді риза. Риза болмай не ғыпты? Байы атқа мініп, кісі болды. Кісі бол-ғалы, үйі үй болып келеді. ӨмірІ бітпеген қара ала сыр-мақ та, ак киіз де тор алдында пайда болды. Бұрынғыдай емес, Алтынай жымың қағып, көк ала әбдіренің аузын да көбірек аша беретін күйге ұшырады. Алтынайда ақ бәтес 94 көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады. Алтынай абысындарына мактанып та қояды. Өйткені ол еңді "ұлықтың" қатыны ғой.
Бұрын бұйығы, жаман Алтынайдың енді тілі де шығуға айналды. Қатындар: "Күйеуің қайда кеткен?" десе, "Қызметпен болыс ауылына кетті" немесе "Ауылнай шақыртқан екен" деп, тұмсығын көтеріңкіреп, ернін бір жымырып қоятынды шығарды. Әлдебіреу кісідегі ала алмай жүрген ақысын, не қорлық көріп жүрген, ұзатқан қызын сөз қылса, Алтынай көлденеңнен қыстырылып "Онынды біздің әлгіге неге айтпайсың?" деп қоятын болды. Алтынайдың аузына енді "әлгі" көбірек түседі, өйткен оның қолынан келмейтін іс бар деп білмейді.
Байын сондай көріп жүрген Алтынайдың бүгін мінезінің тіпті дәмі жоқ қой. Бәсе деймін-ау! Жоқ, Алты найдын өзінше дәмі әбден бар. Алтынайға құдайдың бер ген бір мінезі — анда-санда кілтің етіп, кегжиіп қалатын Ар жағында пәлендей зілді екпіні болмаса да, күйеуі іші риза болса да бер жағы, сырты өп-өтірік қыртыңдаған наразы кісісіп, сыр бермейтін. Сонысы ма, немесе Алтынайлығын, жан екендігін, Медеудің апасы екендігіі көрсеткісі келд ме, өйтпесе "әлгі" тысқа шығып келген де, қанжығасының құр қайтқанына көңілі толмады ма әйел шіркіннің қай бұлтақ-сылтағы екенін кім білед калайда күйеуіне бір тарс ете түсуді өзінше дұрыс көрді.
Дәрет алғаны болмаса, Алтынай намаз окыған жоқ Байына еліктеді дейсіздер ме? Жоға... оқымайтын бір реті келгең де. Намаз оқығанда да, Алтынайлардың аузы жыбырлатып, жығылып, тұрып жатқанда, не айтып, не қоятынын бір құдай білмесе, пенденің көзі неге жетсін Алтынай төсегінің аяқ жағына отырып, мәсісін киіп ЖАтып, күндегі әдетінше шұлығындағы тесікке сұқ қолын тағы бір батырды. Осы түскірден қашан құтылар екен Ұлыктын қатыны басы мен бақайы жылтылдап жүргені несі жақсы дейсің? Бірақ "әлгі" тірі болса, бүтінделер деген ой келді де, тезірек орнынан тұрды. Өйткені сиырын саууға асықты.
Тарғыл шолақ сиырдың бұзауы еміп жатқанға жүгір барып, басын жұлып алып қараса, арам қатқыр, қақтап тұрып еміп қойыпты. Бүйірге бір нұқып, ашаға таман жетектеп еді, бас жібі шолтаң ете түсті. Басын шайқап, таңдайын бір қақты да, жалғап байлап, қасқа сиыр мен өкіректі саууға кірісті. Алтынайдың жарылған күс қолдары жып-жып етеді. Емшекті суыра тартқанда, сиырдың көтеншегін солқылдатады. Сауған сайын сүт молайып, шелегі күр-күр етіп ән салады, шелектің әнін тыңдап отырып Алтынай қызыл бұзауына мықты бас жіп қайдан табылар екен деген ойға батады. Қойы жоқ үйге жіп-шу деген нардың пұлы емес пе? Одан-бұдан шымқытып сұрап алған жүн қай бір жарытады? Кіші ауылдағы Жамалдың апасынан сұрамаса, бұл ауылда атымен жоқ қой. Жіп-жаңа, аттай бір бас жіпті жаңа таққаны сол еді, сыртқы ауылдың балалары ала қойып, көзін ағартып кеткені?.. Қолына құлғана шыққыр? Қайсысы ғана ала қойды екен?
Бір қолын шошайтып, шу-шулеп, сиырларын қорадан аулағырақ айдап салған соң Алтынай үйге келіп, шелектегі екі сиырдың сүтін қара табақ пен ескі сары тегешке бөліп құйды. Жұқалап жайпақ ыдысқа қойса, қай-мақ көп тұратынын Алтынай әлдеқашан білген ғой. Не дегенмен Алтынайдың қолы берекелі қатын. Жылына тістей қатып, тырнақтап жүріп, үш сиырдан 3-4 қарын май алады. Өліп бара жатсын, аузына бір салмайды. Қай-мақ былғап отырғанда Медеужаннын алақанына да бояу сатқан бақалшыға ұқсап шымшып қана салады. Онда да зорын тапса. Аққа қалай ауыз тиді, солай ірімшік, құрт қайнатам деп арпалысады. Оның есесіне қыстыгүні сорпаға, көжеге сарқасқа қылып құрт езіп, тойып алса, қора ішіне қамзолмен көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап жүреді. Майының артығын сатып, киім-кешек, үн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда: "Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді",— деп ұрсатын.
Мұқаштың да көбінесе түзде жүріп, шалықтап, оған-бұған ұрына беретіні Алтынайдың арқасы ғой. Қатыны үйін тапжылтпай, бар-жоғын білдірмей отырғандыкі де. Бірақ Мұқаш оның қадірін біледі деймісін? Алтынай ырысы бар кедейдің маңдайына бітетін қатын ғой. Дүниеде "байының тауып әкелгенін ұқсата алмай, ас-суында бір береке болмай, байын борышқа ұрындырып, бірін-біріне қоспай, қатының салдыбалақтанып, ызыңдап отырар ма, кәпір! Одан қырсық не бар дейсің?
Сүтін жайлап, ілегенін төгіп, күлін шығарып, ыдыс-аяғын жуып болған соң, Алтынай пештің түбіндегі шекпен жапқан қара аяққа ұн салып алып, жүресінен отырып, тоқырандап бауырсақ иледі. Қолдары машинаша жыпылдап, дереу есіп кесті де, шошалаға барып от жақты. Молданың үйінің үлкен бақырын әкеп, алқымына көсеу тіреп, қоңырсытып, бауырсақ пісіріп отырғанда талтаңдап, қалталақтап көзін ашып-жұмып, манаурап, жа-лаң бұт Медеужаны да келді.
— Тұрдың ба, сәулем?— деп Алтынай оң қолымен қолтығына қысып, мандайынан сүйді. Медеужан бақыраштағы қызара бөртіп келе жатқан, ортасы тесік жалпақ бауырсағына қарап:
— Апа, жалпағым... — деп үрты салбырап, маңқиып, ауызын ашты.
— Ие, күнім, сенін жалпағың,— деп апасы ши өткізіп, жалпағын қолына ұстатты.
Томпиған, маубас Медеу отқа борбайын кақтай, шөметейі салбырап, жүресінен отырып, шидің екі басынан ұстап, аузын ыржитып, бетін тыржитып, ыстық бауырсақтың шетінен тістей бастады.
От маздап жанып, май шыжылдап, бауырсақ быжылдап жатыр. Медеужаны жанында. Ендігі Алтынайдың ойы: шайын қайнатып, күйеуін оятып, Медеужанын ортаға ала, ағасының тізесіне шынтақтатып, үшеуден үшеуі ыңсыз-шынсыз отырып оразасын ашу. Шайын баптап кайнатып, обден үйқысы қанды-ау дегенде "әлгіні" оятып, Алтынай бұл арманына да жетті..
Медеужанға ұқсаған бет-аузы қожалақ таукеншік самаурынының сол жағында қызыл жиек шыны аяқты төрт саусағының басымен шошайтып ұстап, Алтынай тершіп, ащы шайын ұрттап отыр. Күйеуіде бауырсақты жүдемдете аттандырып, аузына тас салғандай, аяғын босатып отыр. Ағасының тізесіне сүйеніп, бауырсаққа ұртын бұлтитып, малжаңдап, көзін ашып-жұмып, Медеужан да қалысатып емес. Байғұстар шайларын ішіп, жайлансын. Сұқым шалдарша, сұғанақ балаларша көзімізді сатып, кылқиып отырмайықшы, өз үйімізде де шай бар ғой. Қазақтың сондай телмірген әдеті құрысын! Түндегі уақиғадан кейін ел не жайлы болды екен? Мамырбай отағасы не күйде отыр екен? Одан да соларды барып көрейік, оқушылар, бері жүріңіздер!
Әлден уақытта жатып-жатып есін жинаған еркектер ептеп басын көтеріп, бірте-бірте қыбырлап, індерінен шығып, өзгелерін дыбыстап шақырып, қатын-қалаш ышқынып, шуласып, балалар енесіне табысқан қозыдай жамырасып, әкелерін, ерлерін, ағаларын іздеуге кірісті. Самбырлап, дүрлігіп, ентелеп, жүгірісіп: "балта, балта" деп, бірін-бірі шошытып, Мамырбайдың еттігін бұзып: "Не болды? Не боп қалды? Ойпырмай! Амансыңдар ма?" деп анталаған, үрейленген еттіктен шығарысып алысты.
— Бәйбіше қайда? Ақбілек қайда?— деп көзі шарасынан шығып, Мамырбай отағасы күрс-күрс етті.
— Ойбай-ау! Олар қайда? Көргеміз жоқ...— десіп таңданып, олай да, бұлай да жүгірісті.
Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді күңірентіп, қатындардың дауысы баж ете түсті. Жан шошырлық бажылға дір етпеген жүрек қалмады. Сөйтсе — апанда теңкиіп, серейіп жатқан бәйбішенің үстінен шыққан екен. Ақбілек ұшты-күйлі жоқ, алып кетті ғой.
Мамырбай өгіздей өкірді, сылқ етіп отыра кетті. Ауыл қойдай маңырап, қозыдай шулап жатқанда, дүрсілдеткен атты кісінің тықырын шеттегілердің құлағы шалып қалды.
— Атты-атты!— дегенде, су жүрек боп қалған жүрт ішін тартқан дауылдай кенет басыла қалды да, сонша болмады, қайтадан дәуірлей, бажылдай, күңіреніп кетті. Ол келген қазақ екен.
- Немене?
— Бәйбішені атып кетті. Ақбілекті алып кетті.
— Ойбай! Бекболатты да атып кетті. -Күйеудіме?
— Е!
— О қайдан жолығып?..
— Мына жақтан құс салып келе жатқан емес пе? Ойбайлаған әйелдің дауысы шыққан соң, қуа жөнелгенімізде...
— Өлі ме, тірі ме? ,
— Әзір тірі, кім білсін...
Бекболатты жақын ауылға апарып, жарасын таңып, жолдастары жан-жаққа шапқан екен. Сол шапқыншының бірі осы екен.
"Ажал шіркін, адамның алдынан айқайлап келген бе? Аңсызда артыңнан бұғып келіп, алып ұрғанын бір-ақ білесің. Ажал бір ұры ғой, ажалға не дауа бар?" десіп, ертеңінде маңайдағы ел жиылып бәйбішені көмісті, "сабыр етіңіз, бұл да бір уақыт шығар..." десіп, Мамырбайға тоқтау, көңіл айтысқан болды. "Қаза шығын...
қайырын тілеңіз!" деген болмаса, Ақбілекті ауызға алуға бір адамның тілі бармады. Өйткені ол жара атын атауға
— адамның аузы жиренетін жара еді. Ол жараң Мамырбайға емес, бәріне де намыс, қорлық, масқаралық еді. Жаназаға жиналған адам о жер, бү жерде топталысьш отырғанда, бұл оқиға жайынан неше түрлі бал
ашып, аңыз қылысты. Біреулер:
— Тегі, ақсақалға азуын басқан біреу басып берді ғой. Әйтпесе, қиядағы ауылға келетін реті жоқ қой...— десіп, өз басынан ақыл шықпайтын қошеметшілер:
— Рас айтасыз, әйел іздесе, қара шат маңында да ел бар емес пе? Бәрін қылатын қазақтың өзі ғой. Кімнің несі барын орыс қайдан білуші еді,— деп жүптесті. Өздерінің берекесіздігіне, намыссыздығына, бірін-бірі аямайтындығына көздері жеткендей болып, біраз еһелесіп басылған кезде:
— Бұл іс кімнен келді?
— Кімнің қолынан келер екен?— десіп, ойға жүгірісті.
— Ақсақалға ондай өшті-қасты кім бар екен?
— Шөп тақырыпты дау-шары үзілмеуші еді, Жаман-байлар болмаса.
— Қой, оларда жауға шаба қоятын кім бар? Және ол қашанғы дау? Бөтен біреу шығар.
— Бір келсе, бұл жұмыс Құрбан қажылардан келеді, партия болған соң аяй ма?— деп, мына жақтан бір құла ауыз қоя берді.
— Сен қайдағы жоқты айтады екенсің. Елдің партия болып жүргені бір бүгін бе? Бұл өзі елдің салтында жоқ нәрсе ғой, біреудің ашылмаған қауын, жарылмаған жұмыртқасын... Мұсылманның баласын кәпірдің нетуіне қиып, Құрбан қажы да оңбас. Өзі де бала ұстап отырған адам, құдай жүзін көре ме?— деп, ақ сақалды, қасқыр көзді кісі оны тежеп тастады.
— Мен білсем, бұ жұмыс Әбеннен келді,— деп, көк тұмсық, тарғыл бет адам сар шақшасын сермеп, бір қозғалып қойды. — Ана жылы қасқа атын орысқа әпергеннен бері оның ішіне қан қатулы болатын. "Әй, бір қылсам ба!" деп соның кезенуі жаман еді,— деді.
— Әй, оның қолынан келе ме екен? Оның бір сенген адамдары Мақыштар еді. Олармен де анаугүні екі бие туралы шайырғал болып қалды десіп еді ғой. Біреуге сенбей, ондай көті былғаныш іс қыла алмаса керек,— деп қасқыр көзді көне адам тағы бастырмады.
Ақсақалдың өшті-қасты кісілерін қылға тізіл, он, он беске апарып, біреу үйден, біреу бүйдеп жорығанмен байлаулы түйін шықпады. Өйткені біреу партиялықпен, біреу жегжаттықпен, біреу алым-салығы, біреу берімсегі, біреу ұрланған малы тимегені үшін, біреу қатыны кеткені үшін немесе қатыньша, қызына барғаны үшін, ең болмаса тілі тигені үшін біреуді айыптап, біреуді қорғағаннан басқа, әркім өз есебін ойлап, бүйрегі бұрғаннан басқа, дәл жанашырлық қылып әділ қағушы, әділ тексеруші жоқ болды. Біреу іреді, біреу сойды. Осы жұмыстың тұсында Мамырбай ақсақалға жаны ашыған кісімсіп жағынып қалғысы келгендер де табылды. Әлдебіреуден кек алу үшін сонан келді деп, ұрындырғысы келгендер де болды. Ақсақалдьщ қайғысына шын пейілмен ортақтасатын адам кем еді. Жалғыз-жарым құдаңдалы, тілеулес адамдар болмаса, бәйбіше қымызды аяқ толтыра беретін кейбір көршілер болмаса, жалпылама достың да, қастың да пәлен-дей күйзеле қойғаны жоқ. Сырты күйзелген тәрізденсе де, ішінен жаман ойы арылып кете алмады.
Жұрт жаназадан тарап, ай-жай болған соң сол күні бей-сауат жүріп, ат қинаған кім екен деп, әркім-ақ сұрастырып, құлағын түре бастады. Өйткені бұл жолы да, одан бұрын да жалаң Мамырбай емес, талай ауыл шабыншылыққа ұшыраған. Мал-мүлкі талауға, адамы дүреге жығылып, шығындалған, күйзелген, күйінді болған. "Ел құлағы — елу" ғой, суық жүрісті адам білінбей не тұрсын? Сұрастырып, қағып келгенде, осының бәрін қылып жүрген Мұқаш екені кешікпей-ақ ашылды. Қалай ашылды десеңізші?
Былай:
Сол күні кешке жақын Мұқаштың Қарашатқа қарай желе жортып бара жатқанын бір қойшы көреді. Бір деңіз. Мұқаштың қатыны бір абысынымен елеуіш бере қоймадың деп, шаңқылдасып қалғанда, абысыны: "Осы елдің бар дүниесін үйіңе тығып отырғанынды көрермін! Желікпе, құтырма! Қарала сырмақтың иесін де білем, ақ киіздің, бәтес көйлектің қайдан шыққанын да білем..." депті. Соны есіткен соң Сүлеймендікі жансыз кісі жіберіп, Мұқаштікіндегі сырмағын танып келіпті,— екі деңіз. Бәтес көйлектің де, жасыл жеңсіздің де иесі шығыпты,— үш деңіз.
Мұқаштың торы ала аты ертеңінде ер қатып жүргенін сыртқы ауылдағы Суыбырайым көріпті. Суыбырайымның сөзінде пәтуа да болмаушы еді, сонда да... мұнымен — төрт деңіз. Түн баласында Мұқаштың үйінде тұрмайтынын бір сөздің ретінде Тезекбай молда да айтып қалыпты. Аңқылдаған аңқау адам ғой. Мұнымен — бес деңіз. Мамырбайдың баласы үстімнен материал жинап, болыс болайын деп тұрғанымда, қойғызбай жіберді деп Мұқаштың өкпелеп жүргені тағы мәлім. Енді Мұқаш болмағанда несі қалды? "Мұқаш, Мұқаш содан басқа адам да емес" деп ел түгел ден қойды.
Ел болып Мұқашқа шұқшиды. Бұған не қылу керек? Қалай кек алу керек? Шауып ала ма? Сотқа бере ме? Өлтіріп жібере ме? Өртеп жібере ме? Қалай да не бірін, не бәрін істеуге елдің беті түзелді. Әйтсе де Мұқашқа тап бере алмады. Тап бермек түгіл, маңына да жолай алмады. Оған себеп мынау еді. Бәйбіше мен қызынан айрылғалы Мамырбай отағасы ертеңгі шайын ішкен соң, төбе басына шығып, жер шұқып отыра беруші еді. Бір күні төбе басында отырғанда Сүлеймен ауыл жағынан тымағының құлағы қалкаңдап, түсе қалды. Амандықтан кейін:
— Бай, түндегі малағамды білдіңіз бе?— деді.
— Жоқ,— деді.
— Ойбай, үлкен оқиға боп қалды!
— Немене, жаным?
— Құдай оңдап елдің көзі бір ашылды...
— Не бопты, Мұқаш па?
— Жоқ, ойбай...
— Ал айтшы!
— Таудағы белеуіттерді қызылдар тып-типыл ұстап әкетіпті.
— Қалайша? Ақбілек қайда қалыпты?
— Ақбілектен хабар жоқ... Әйтеуір түгел қолға түсіпті.
— Оны сұрадыңдар ма? Кім келді?
— Түрқұлақ ауылынан Телтайдың Қарақұлы келді. Қызылдар сол ауылда бекініп жатқанда, Мұқаш ақтарды алдап, үстіне алып келсе, қызылдар тарпа бас салады. Сасқанынан атысуға да мұршасы келмей қапты. Бұл иттеріңнің өзі бізге мықты боп жүргені болмаса, қысылған кезде түк емес екен ғой.
— Мұқаш оларды қалай алдап жүр?
— Есебін тапқандағы, ол иттің өзі айлакер, жанкешті неме екен...
— Қызылдарға тағы жағымды болды десейші.
— Жағымды болғанда қандай! Енді бір үлкен орынға кіреді ғой.
— Бұл сұмның арам ойы осы екен ғой. Япырым-ай, Ақбілек не болды екен, ә? Одан хабар біле алмаған екенсің...— Мамырбай шатқаяқтап, орнынан тұрып, аяғын апыраңдай басып, ентігіп үйіне қарай жөнелді. Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі аттандырды.
Бұлар шабуылдап, ауыл-ауылдан, кез келген кісіден сұрау салып жүре тұрсын, оған дейін Ақбілектен хабар берейік.
Әуелгі кезде Ақбілек қолға түскен құралайдай, екі көзі мөлдіреп, көп ит анталаған күшіктей қүнысып, маңайындағы жанның бәрін жан алғыштай көріп, үркіп, елегізіп жүрсе де, анасын, ауылын ойлап, аузына дәм салмай, аштан қатып, бүк түсіп керсе де, әрі-беріден соң шыбын жаны түскір шыдатпады, мезгілсіз өле алмады. Өмір шіркін неден сонша тәтті болды екен! Адам дегеніңіз "басқа түссе баспақшы" болады екен, абақты екеш абақтыға да, зынданға да, соғысқа да жүре-жүре адамның еті үйреніп, көндігіп кетеді деседі. Өлім жазасына бұйырылғанын естіген адам да тамақ жеп, ұйқы үйықтап, өмір сүруден безе алмайды деседі. Дүниеде адамнан көнгіш мақұлық бар дейсіз бе? Ақбілек бірте-бірте тұтқынға еті өлгендей, бойын үйреткендей болды.
Жан шіркіннің тәттілігі ме, қорыққаңдық па, қорғансыздық па немесе алғаш етегін ашқан адам ыстық көрінгендік пе, әйтеуір қара мұрт "сүй" десе, Ақбілек те оның бетіне ернін тигізіп, "күл" десе, о да езу тартқан болып, "сөйле" десе, о да былдырақтап "люблю тебені" қағып, не деген ырқына көне берді.
Қара мұрт Ақбілектің қасынан екі елі айрылмайды. Қолтығынан ұстап, белінен құшақтап, тауды, орманды қыдыртады, жеміс теріп береді, шашына, омырауына күздің солған гүлін қадап береді, көк шалғынға аунап, құшақтасып жатады. Тау өлкесіндегі бұлаққа апарып, Ақбілектің мәсісін шешіп, аяғын суға малып, ақ балтырына қара мұртын жыбырлатып сүйеді. Ақбілек шаршаса мойнынан құшақтатып, тақымына бір қолын салып, көлденең көтеріп жүреді. Шайды өз қолымен ішкізеді, нанды, етті өз қолымен аузына апарады, екеуіне төсекті қағып-сілкіп қостың ірге жағына өзі салып, өзінің сүр шекпенімен қымтап, бауырына басып жатады, ернін жеп қоятындай құшырланып ұзақ сүйіп, қатты қысып, о жер-бұ жерін ұстап, қытықтандырғанда, Ақбілектің жүрегі аузына тығылып, тамырлары тұтанып, жанып кеткендей, тұла бойы шымырлап, көзін жұмып, өзін-өзі ұмытып, әлсіреп, керіліп жата кетеді...
Содан кейінгіні өзі де білмейді... Басқа бір дүниеге кіргендей болады...
Осынша өліп-өшіп, өзеуреп, еркек басымен әйелге мұнша кішірейіп, ит сияқтанып аяғына шейін жалағанына Ақбілек түсіне алмайды. Мені алдаймын, жұбатам деп істей ме? Жоқ, шынымен жақсы көргені ме? Болмаса, көптен әйел көрмей құмартқаны ма? Әйтеуір одан арғысын болжай алмайды, қайткенмен қара мұрттың қылығының бәрі жат. Кейде Ақбілек сонша бәйек болып отырғанына, еркек басына ұят қой деп жиренеді, өзін-өзі жұбатқан болады. Қалай да екеуінің арасы жер мен көк тәрізді, дене жақындығы болғанмен, жан жақындығы жоқ тәрізді.
Бір күні қас қарайған кезде орыстар бір жаққа баратындай қару-жарақтарын қамдап, мылтықтарын сытырлатып, оқтап, ер-тоқымдарын салдырлатып, балдырлап сөйлеп, аттарын ерттеп, әбігерлене бастады. Қара мұртпен екеуі тоғай аралап келгені жаңа еді. Ақбілек қосқа кіріп солдат көрпесінің үстіне шынтақтап, уһлеп, аулы есіне түсіп, босаға жақтағы қара астауға көзі түсіп жатыр еді. Даладағы олай-бұлай жүгірісіп, ат ерттесіп, әр жерде күбірлескен көп орыстарға қара мұрт барып, бірталай сөйлесті. Қабағы түсіп, түсі сұрланып, қайтып келді де, о да мылтықтарын сүртіп, оқшантайларына оқ толтырып, киім, ер-тоқымдарын жинап, қамдануға кірісті. Ақбілек басын көтеріп алып, "қайда барасың?" дегендей қара мұртқа тандана, үрейлене қарады. Қара мұрт көзінің қырымен қарап қалса да, көрмеген кісі тәрізденіп, төмен қарап, күйбеңдей берді. Бір мезгілде тысқа шығып кетіп, тілмәшін алып келді:
— Біз соғысқа барамыз, сен қайтесің?— деді Ақбілекке. Ақбілек көзі бажырайып, не дерін білмей сасып қалды.
— Қайда болғың келеді?— деп тағы сұрағанда, Ақбілек мойнын әнтек қисайтып, бұғағын бұлтитып, жалынған, назданған дауыспен:
— Аулыма қайтармайсыз ба?..— деді. Қара мұрт басын шайқады. Ақбілек кірпігін жыпылықтатып, жерге қарады.
Тілмәш тағы сұрағанда Ақбілек:
— Тым болмаса, жақын жердегі бір ауылға жеткіздірсеңіз,— деп көзіне жас мөлдіреп келіп қалды. Қара мұрт басын тағы да бір шайқады да:
— Бізбен бірге жүргің келмей ме?— деді.
— Соғысқа ма?— деді Ақбілек еңсесін бүкшитіп.
— Соғысқа,— деді қара мұрт иегін бір қағып. Ақбілек басын шайқап:
— Ендеше, мені осында-ақ тастап кетіңіз,— деді.
— Түнде жалғыз өзің қорықпайсың ба?
— Қорықсам да қалайын... сіздер қайтып келмейсіздер ме?— деді жұлып алғандай.
— Мәлім емес,— деп қара мұрт мұртын дірілдетті. Сол сөзді бітірген кезде тағы үш орыс келді. Олардың басын сілкуінен, қол сермесінен Ақбілек: "Бір жаққа барайық, жабылып масқаралайық, атып өлтірейік" деп түр ғой деп түсінді. Қара мұрт оларға ашуланып, көзін тікірейтіп, тістене ежірейіп сөйлеп еді, беттері қайтқандай алақандарын жайып, мойындарын қылқың еткізді.
"Сендердің талқыңа бермеймін" деп түр екен деп, Ақбілек қара мұртқа жаутаңдап қарай берді. Әрі-бері сөйлесті де, олар кетіп қалды. Қара мұрт отырды, "жүре бер" дегендей тілмәшқа бас изеді. Төмен қарап мандай терісін үш саусағымен уқалап біраз отырған соң оң қолын сілкіп қалып, ұшып түрегелді де, өз кеудесін өзі түртіп-түртіп, Ақбілекке қолын ұсынды: "Жүр" дегені. Ақбілек жып-жылдам түрегелді.
Қара мұрт Ақбілекті қолтығынан ұстап, қостан шықты да, оң жақтағы бұлақтың бұтасына қарай алып жүрді.
Үйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір-бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәулелері де бір-бірлеп батып бара жатқандай. Ақбілектің сұм жүрегі әлденені сезгендей болады. Екі көзі жалт-жұлт етіп, қара мұрттың бетіне қарай береді. Қара мұрттың беті сұрланған, көзі қанталап, танаулары желбіреп қозғалған іспеттенді. Аяқ басуы қатаң, Ақбілекке ұнамайды, жүрегі қысылып, өкпесі аузына тығылып барады. Шеткі шоқ талдан асып, көп тал мен арадағы алаңқайға барғанда қара мұрт тоқтады. Ақбілектің бетіне тура қарап біраз тұрды, құшақтап, қысып, аузынан үш рет құшырлана сүйді. "Осылай тұр!" дегендей екі иығынан басып қалды, бес-алты адымдай жерге барып тұра қалды. Алтыатарын алып, Ақбілекке кезене бергенде, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы тұра жүгірді. Қара мұрттың кезенген қолы сылқ етті. Алтыатары жерге түсіп кетті.
— Мені неге атасың? Не жазығым бар еді? Ағатай-ай! Не қылдым?..— деп Ақбілек зарланып, жылап, өне бойы қалшылдап, қара мұрттың мойнынан құшып, аймалап сүймесін бе?
Қара мұрт қолын салмақпен көтеріп, керенау құшақтап, арқаға қақты, аяғандай болды. Бетіне біраз қарап тұрды да, мылтығын қабына салып, Ақбілекті қосқа қайта алып жүрді. Қосқа келген соң тілмәшін шақырып алып айтқаны:
— Мен сені сүйдім, сен үшін жанымды қидым, өзімнен кейін өзгенің сүйгенін қаламаймын,— деді. Ақбілектің іші мұздай боп кетті. "Ой, жасаған! Орысқа сенім жоқ екен ғой! Әнеугіден бері ерлі-байлы кісідей боп жүріп, кетер күні өлтіріп кетем дегені неткен өзімшілдік, неткен тас бауырлық, неткен қанішерлік! Орыс шіркін өзім ғана өмір сүрсем екен дейді екен-ау! Өзгені жан екен десейші! Аяу деген болсайшы..." деген ойлар дереу сап ете түсті де, дереу айла тапқысы келді:
— Мені өлтірме! Қасықтай қанымды қи! Мен саған тағы керек болмасымды қайдан білесің? Мен түсімде саған еріп, қалаға барып жүр едім. Сен бұл жолдан аман-есен қайтарсың, еліңе аман барарсың...— деді.
"Жақсы сөз — жарым ырыс" деген мәтел өте-мөте өлімге бара жатқан адамға жылы тисе керек. Қара мұрт Ақбілектің әлгі сөзін ырым көріп, сенді де "айтқаның келсін" дегендей аузынан сүйді.
Сам жамырап, ел орынға отырған кезде орыстар бастығының ақырып қалған даусымен қаздай шұбырып, асудың тар аузына қарай арқандай созылды.
Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты. Тықыр ұзаған сайын "алла, алла..." деген лебіз кеудені керіп, ауыздан еріксіз ағылуда еді. Көшкен орыстың жұртында бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек жалғыз қалса да, жалғыздығына өкінген жоқ. Орыстың оғынан өлгеннен де, құлазыған иесіз тауда тентіреп өлгенін артық көрді. Орыстардың дыбысы өшкенше: "Қүтқарғаның шын ба, жасаған?" дегендей, арттарынан топырақ шашып, қарасы өшкен соң: "Уһ!" деп демін бір алып, төңірегіне көз салды.
О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің көзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шөгіп, сай-салаға бауырын төсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Көк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын көздеп тұратын шопан атасындай — жау көргендей, зым-зия жоғалыпты.
Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!
Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері-ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Қанатын қаршыға күйретіп қиқайған қостың алдына бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сүқсырдың налыған зарын тәңірсіне жеткізем дейсіндер ме?!
Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?!
Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сүлуға сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!
Ой, мейірімсіз шіркіңдер-ау! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы бірмейді ғой! Сендердің қас-қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!..
Түн түнереді. Ақбілек үрейленеді. Төбесінен зу етіп бір топ шүрегей өтеді. Ақбілек дір етеді. Шөпті сылдырлатып торғай ұшса да, тоғай ішін тартып, уілдесе де, тау үкісі таңдайын қақса да, Ақбілек жан-жағынан жау қамап келе жатқандай елегізіп, қымтырыла береді. Жатайын десе, көзіне ұйқы келмейді. Отырайын десе қорқып барады. Жүрейін десе, қараңғы түнде жол таба алмай адасам ғой, әлденеге ұрынам ғой... деп қорқады. Есі-дерті: осы арадан кету. Бірақ түн ішінде кете алатын емес. Қазақтың қосын, қазақтың астауын, шөмішін ес көреді. Үңірейген иесіз қосқа кіруге тағы батылы бармайды.
Ақбілек қайтерін білмей алақтап, қүнысып, бүрісіп көп отырды. Түнге түн үласқан тәрізденеді. Қос алдында жат-қан астау да көрінбейді. Жасаған-ай! Таң да атар ма екен!
Бір мезгілде орман жақтан бір үрейлі дауыс шыққан секілденді.. Ақбілек елегізи бастады. Манадан бері жалма-мауыздай көріп отырған үңірейген қосқа жалма-жан кіріп кетті. Ауылда қой күзетіп жүргенде қасқырдың үлыға-нын әлденеше естіген: әлгі дауыс соған үқсайды. Апы-рым-ай! Қасқыр келер ме?.. Онда қайтем? Қой, келмес, қоста кісі бар деп ойлар, қорқар, қостың айбыны бар ғой... Әлде манағылардың кетіп калғанын олар да білді ме? Олар барда қасқырдың дауысы естілмеуші еді ғой...
Қостың есігінен ептеп сығалайды. Қараңғыда бірдеңе қараң еткендей болады. Бірақ дыбыс білінбейді. "Қорыққанға қос көрінген" шығар деп жориды. Өзіне қайрат бергісі келеді, оған да болмайды. Ұлыған дауыс анық толастап бара жатады да, тағы да естіледі. Бара-бара ұлу молайды. Тауды күңірентіп өзге дыбыстың бәрін басып кетеді. Ақбілектің қолы өзінен-өзі қостың бір сырығын суырып алады. Құлаш төс жарардай қайың сойылша, сойылшаны қос қолдап бауырына таман қысып қояды, бір ұшы қостың сыртында. Қасқыр келсе қару қылмақшы. Ұлыған дауыстар саябырлаған тәрізденеді. Сойылшасын жерге сұлатып салып, Ақбілек азырақ бой тоқтатты, бірақ онысы ұзаққа бармады. Бұлақ жақтан су сылдырлағандай болды...
Бұ немене?.. Адам ба? Аң ба?.. Кім болса да қатерлі. Ақбілек сойылына тағы жармасты. Демін ішіне тартып, сілейіп қалды.
Кешікпей-ақ қара түнде қаз-катар, дөп-деңгелек екі көз пайда бола кетті. Екеуі де қып-қызыл, жайнаған от. Ақбілек атып түрегеліп, қостың түкпіріне бұғып отыра қалды. Әйтсе де байыз таба алмады, сойылы қостың аузында қап қойыпты. Ақырын еңбектеп, қостың аузынан қолын созып, жерді сипалап жатып сығалап еді, екі от төртеу болды. Сөйткенше болмады, олардың артын ала көлденеңнен екі қызыл көз тағы өте шықты. Алты от Ақбілекке алпыс оттай корінді. Қараңғы түн каптаған кызыл көз болды да кетті.
Оттар бір жылт етіп, бір сөніп, елбелектеп, таянып келе жатқан тәрізді. Ойлағаны келді ме?.. Мінеки, шөпті сыбдырлатып келіп қалды.
Әне, қараң ете түсті...
Ойбай-ай! Бір топ қасқыр!
— Енді қай жаққа барайын?..
Ал, міне, қостың тоңірегін сыбдырлатып, жер тіміскілеп жүр...
Ой, жасаған-ай! Тауып алар ма екен?.. Ойпырым-ай! Әнебіреуі от басында сүйекті қытырлатып кемірді. Мынаны көріп, Ақбілектің не жаны шықпай отыр десейші!..
Ақбілек үнін шығаруға мұршасы келмей, өлген кісідей отырған жерінде сіресіп қалды.
Әлден уақытта арсаландап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды. Ақбілектің жан даусы түнді тіліп жібергендей шыр ете түсті, қасқыр біткен жарық беріп, көздері жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Қасқырлар ырсылдап, күрілдесіп, бураша шабынып тұрып алды. Ақбілек қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей жалма-жан жан ұшырып, қостан атып шығып "қараңғыда көзім жоқ..." деген балаша айнала дөңгеленіп, айғайды салып, ағашын сермей берді...
Анда-санда арс-үрс еткен дауыс шығады. Қасқырға тиді ме, қосқа тиді ме, әйтеуір ағашы кейде бірдемеге тигендей қолы сүйсініп қалады. Қасқыр одан жаман өршеленеді. Ақбілек жан ұшыра сермейді. Қасқыр қамалайды. Ақбілек сабалайды, қасқыр абалайды, Ақбілек сабалайды, қасқыр абалайды. Ақбілек "аллалайды", қасқыр долданады, Ақбілек дөңгелейді... Қасқыр күркілдейді... Ақбілек шырылдайды, қасқыр қырқырайды, Ақбілек шырқырайды... Сөйтіп, Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...
Ақбілек әбден алқынды, аласұрды, жұлқынды, әлі құруға таянды. "Енді жығылдым ғой, енді талайды ғой, енді ауызды салды ғой, енді жеді ғой..." деген кезде, Ақбілектің аяғы астынан бірдеңе жылт ете түсті. Қасқырлар жалт берді. Манағы, іңірде шай қайнатқан оттың көзы әлі сөне қоймаған екен. Ақбілек аласұрып жүргенде аяғымен шашып жіберген екен. Қасқырлар отты көріп жалт берген екен. Қасқырдың оттан қорқатыны Ақбілектің есіне сап ете түсті. Ауылда қой күзеткенде қотанның шетіне от жағатыны кәне.
Ақбілек от басындағы тезекті, қураған шөпті дереу тұтатып үрлеп жіберді. "Менің керегім жаңа болған жоқ па?" дегендей жел де қошаметкейленіп, жалынды лап ете түсірді. Жалын қалай шықты, солай қасқырлардың қарасы өше берді. "Өлмегенге өлі киік" деген осы да. От сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөнетін еді. Отты тапқан адамның анасынан айналсаң болмас па?
"Заула, отым, заула! Мазда, отым, мазда! Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!"— дегендей Ақбілек от тәңіріге сыйынып, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды.
Қызыл көз, қасқыр жүз, қабылан азу, қара түнді Алтай аңғарынан үркіткелі, қорғасын аспанға алтын айдай Күнікей сұлуды өрмелеткелі, күншығыс ұжымағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбілек артына алақ-алақ етіп жолға шықты. Белінде — түндіктің бауы, етегі — ышқырында, қолында — түндегі сойылша. Кімді ұрып жығатынын кім білсін, әйтеуір ала шықты.
Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын жалатқандай күлімдеп келеді. Таң ата жел де тынды, бұлттар да ыдырады. Өлкеден ұшқан бозторғай тау ығының деңгейінде қанаттарын қалшитып, Күнікей сұлуды мадақтап, тау-тастан беташар сұрады. Бозторғай-ау, көрімдікті Ақбілектен сұрасайшы. Ақбілек алтын сақинасын атып тастағалы келеді ғой. Оның жүзінде нұр бар ғой. Ол көретін жарық күн бар ғой! Ұзақ түнгі топты қасқырмен арпалысқанын заматта ұмытып, шоңқайма кебісінің жез нәлі тастан тасқа шықылдап, кашқан киіктей қаздаңдап барады ғой!
Ақбілек ә дегеннен асуға тартты. Асумен асып елге бара жатқан, елден мал, азық-түлік алып келе жатқан орыстарды талай көрген. Осы тар асудан басқа бұл жақтан шығатын жолдың жоғын білген. Арты — елсіз тау, тау толған жау: аю, қасқыр, қабан. Алды — тар асу, асу асты тағы жау: кешегілер алдынан қарсы шығып қалмасына кім кепіл. Енді Ақбілек қаздаңдамай кім қаздаңдасын. "Енді есен-аманында ел шетін көрсем-ау" деп ұйқы, тамақты, шаршағанды ойына алмай, көңілі алып-ұшып, ентелей басып ентігіп келеді.
Асуға шыға бергенде, артына бір қарады. Аяқ астында томардай томпиып қостар түр. Анау тау жылғасындағы ағаш, анау көгал, анау сай-сала, анау орқаш-орқаш тас — Ақбілектің адамгершілігін аяққа таптаған, абыройын төккен жер. Оларға көзі түскенде күйінген, өкінген, жиренген, әйтеуір өзегін өртеген бір жаман сезім пайда болды. Төрдегі таза төсенішті былғап кеткен күшікті желкесінен ұстап, өз тезегіне өзінің тұмсығын тигізсең, қандай жеріп, қыңсылап, кейін шегінеді. Артына қарағанда Ақбілек те сол күшік тәрізді болды. Қарағысы келмеді, теріс айналды. Асуға шықса да, алды-артын ораған таудан арыла алмады, бұрандаған қия тас, кедір-бұдыр тар соқпақ беті ашық даланы көрсетпеді.
Күн таудан найза бойы көтерілгенде Ақбілек алқынып бір кезеңге шығып еді. Алды бұлдырмақ дала екен. Ауылына келгендей қуанып кетті. Қанаты болса ұшып кетер еді, әттең шіркін! Балтырлары солқ-солқ етіп, жіліншігі сырқырай бастады. Оған да қараған жоқ, жыбырлай берді.
Бір мезетте Ақбілек екі қолын құлаштай сермей ылдиға түсті. Аяғының сырқырағаны әнтек басылайын деді. Шаршаған жоқ екем деп көңіліне медеу қып еді, сөйтсе ылдиға қарай жүргеннен жеңілденген екен, тағы бір өрге шыққанда аяғы қорғасын құйғандай, ауырланып кеткендей тәрізденді, сүйектері сынып бара жатқандай болды. Ақ сүйек ойнағанда ор қояндай орғып бір қажымайтын аяғы түскірге не болды? Әбілет басып, әлдебір пәлеге бастап келе ме? Апырым-ай, тым құрыса, бір ауыл, ауыл емес-ау, бір қазақ, қазақ емес-ау, бір мал көрінсейші. Бір мал көрінсе де, Ақбілек қатерден құтылғандай көріп келеді. Бірақ адырлар бірте-бірте бұдырланып, белес тартқаны болмаса, қарайған еш нәрсе көзіне түспеді.
Бір қырдан асқанда көлденең созылған сай килікті... Құдай жарылқады! Өзен, өзен! Арғы қабақта жол жатыр. Ел жақын ғой! Ақбілек ақтық күшін салып, аяғын тезірек басты. Ағыны тас домалатқан тасты сайдың тар өзені екен. Жадағайлау бір жеріне келіп, шапанын, қамзолын шешіп, көйлекшеңденіп, білегін түрініп, жуынды, су ішті. Әбден шаңырқап, шаршап қалған екен, сусыны қанып, бір кенелді.
Ақбілек су жиегінде бірталай отырды. "Су ағады да жатады, ағады да жатады, бір таусылуы жоқ, қатерді, өлімді білмейді. Еш нәрсені сезбейді. Мен ішсем де бұған бәрі-бір — жақсыға да, жаманға да сусын болады. Құдайдың бұл да бір құдіреті-ау! Мейірімі-ау! Оны біз білмейміз-ау!" деген ойлар келді. Өмірі су көріп жүріп мұндайды ойлаған емес. Бұл ойды қалайша ойлағанына өзі де таң қалды. Аяғының астындағы суға қарап еді, өзінің түрін көрді. Шашы үйпаланып қалған екен, сумен сылап шашын жатқызды. Тарағысы келді. "Бірақ кім үшін түзелем?" деген ой келді де, тараған жоқ. Осы судың бойында бір қалтарыс жер болса, азырақ отырып дем алайын деп, жан-жағына қарап түрегелді. Аяғы ұйып қалған екен, жіліншігін үш рет қарыстап жіберді. Ұйығаны басылған іспетті болды.
Сол жағында бір жарлауыт көрінді. Ақбілек көп ойланбай-ақ, камзолын киіп, шапанын жамылып, түндіктің бауы мен сойылшасын сүйретіп, солай қарай жүрді.
Адам көрмейтін жер осы ғой деп, бір мүйістеу жеріне келіп тоқтады. Арты — жар, алды — су, оң жағы — мүйіс, сол жағы — құлаған жардың топаны. Кішкене суға қарап, екі тізесін құшақтап, бүгжиіп отырды. Күн қызып шекесі жылынып келеді.
Мынау — өзен. Өзен бойындағы ел қайда? Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді? Жиегінде жол жатыр ғой... Ойбай-ау, жақын жердегі ел шаттағы орыстардан босып кеткен екен ғой! Маңайды жын ұрғандай қылды ғой! Мал-жаныңда билік қалды ма?.. Талай қыз мен сияқты соры қайнады ғой!.. Бірақ тап мендей болғаны жоқ шығар. Қостарына әкелген әйел көрінбеді ғой. Әлде өлтіріп тастап жүрді ме?.. Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау! Құрғырдың атын атамайыншы, тағы келіп калар! Олар неғып қайтпайды? Әлде бірдеңеге ұшырады ма? Олар кіммен соғысып жүр екен? Әлде төңіректегі қазақтармен? Қой, қазақ бұлармен не ғып соғыса алсын? Не қауқары бар? Әлде қазақ біткенді қырып тастап, малдарын, қыз-келіншектерін тартып алғалы жүр ме? Онда бәрі бірдей неге кетті?
Бес-алтауы барса да, мылтықтарымен бір тайпа елді жусатпай ма?.. Өздері қорыққан кісіше асығып-үсігіп, алды-артына қарамады ғой. Әлдебір күшті жауы келіп қалды ма? Олардың жауы кім? Ойбай-ау! Әлі әкемдер "ақтар, қызылдар" деп отырушы еді. Сонысы ма әлде? Қызыл да орыс па екен? Олар да қыз алып қаша ма екен? Орыс болса... Қара мұрттай-ақ болар. О да мені өлтіріп кетем деді ғой. Апырым-ай, апырым-ай! Жасаған-ай! Енді қайтейін!.. деп, тамсанып-тамсанып қойды.
Сылдыр-сылдыр су ағады. Суға қараса, Ақбілекті бұлдыр-бұлдыр ой тербетеді. Тербеткен сайын көздері кішірейе түседі. Ұйықтап қап, масқара боп жүрмейін деп, сығырайып бара жатқан көзін ашып алады. Сонда да болмайды: бір жағынан күннің қызуы маужыратып, бір жағынан ағын су ойын тербетіп, түні бойы ұйқы көрмей сілесі құрып, жаяу жүріп шаршап келген сорлы қалғып кетеді...
Ақбілек ояна келгенде селк етіп, басын оқшита жұлып алды. Бөтен жерде, өзен бойында, жер түбінде жападан-жалғыз шошайып қалғанына өзінен-өзі қорқып кетті. Қара шаттан қашып келе жатқаны лезде есіне түсе қалды. Ұшып түрегелді. Күн еңкейіп, түс қаңғып кетіпті. Өзеннің о жақ, бұ жағына бойлап-бойлап қарады да, өткел іздеп, кебісі тырпылдап тағы жағалады. Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді. Өткел жоқ. Белшесінен суға бойлап, әр жерді бір көреді, бәрі де терең тәрізді.
Әлден уақытта бір жадағайлау жерге жетті. Екі жағы домалақ-домалақ қиыршық тас. Ағыны бұжырланып жатыр. Балағын тізеден асыра түріп, етегін жиыра көтеріп, кебіс-мәсісін қолтықтап, мамық табанын қия тасқа бұлтылдатып, судан өтті.
Жарты шақырымдай жерде бір дөңес көрінеді. Соған шығып ел көздемек.
Ол белеске шығып еді, ар жағы одан да биіктеу адырсымақ екен. Ақбілек жан-жағына барлап, жер болжады. Алды беті — ашық, арты — кенере тау. Ақбілектің ауылы осынау кенере таудың түбінде. Шығыста емес, құбыла жақта, өйткені артындағы таулар өз тауларына ұқсамай-ды, сонау бір көлденең таулармен тұтасып кетіпті. Ендеше, таудан онша алыстамай, құбыла жаққа қарай таумен жарыса жүру керек. Ақбілек соны ойлады да, белестен асып, жадағайлау, ылдимен аяңдай берді.
Адыр-адыр елсіз дала. Бозғыл көде, кербетеге, тобылғы беткей, төбешік, обашық, қызыл құмайт, шөптесін шүңейт. Қоңыр тышқан, ала сауысқан, ор қоян, бозторғай — осыдан басқа көзге түсер қара-құра жоқ. Даланың көркі ел екен-ау! Елсіз дала емсіз жарадай көрінеді. Малшы байғұстар не ғып іші пыспай жүреді екен?.. Ай, қу дала! Қу далаларда жалғыз жаяу бір мұңдық.
Сар далада сары уайым жамылып, Ақбілек келеді толарсағы бұлтылдап. Тышқан аулап күйкентай жүр қыранымсып шыңқылдап. Әне алыста безек қағып, бір бозторғай түр шырылдап, бейне әуеге шегелеулі тұрғандай, бір орнынан тапжылмайды қанаттары дірілдеп. Сол торғайдың шырылдағаны ащы тиді құлаққа, өзгелерден үні өзгеше, не болды екен бейбаққа? Сол торғайдың маңайында жаны ашыған арашашы жандарша, төрт-бес торғай айнала ұшып, таяу-таяу бара түсіп, ап кетуге тас қорғанды бұза алмаған ерлерше тиіп-қашып өтіп жатыр о жаққа бір, бұл жаққа.
Бір мезгілде әлгі торғай жансыз тастай ағып түсті топ етіп. Ақбілек те оқ бойы жер кеп еді. Ол торғайдың түскен жері калың шөп. Көз айырмай қарап келеді Ақбілек. Әлгі торғай қалың шөпке түсті де, қалбалаңдап, далбалаңдап, шөпке таман айналаңдап, шыр-шыр етіп, безек қағып, олай-бұлай шоршиды. Бұл байғұсқа не болды? — деп жетіп келсе қасына — қалың шөпте жатыр екен білектей бір сұр жылан. Сұр жыланның найза басы қақшиған, бейне ажал, алмас көзі бозторғайға шұқшиған, айыр тілін жалаң-жалаң еткізіп, ысқырғанда, өңменіңнен өткізіп, арбап, буып, уытын жиып, торғай сорды топылдатып, қылқ еткелі тұр екен. Сұр жыланның атып шыққан оқ көзінен көз айырар бозторғайда дәрмен жоқ, қарбалаңдап, далбалаңдап, ыршып түсіп, тұмсығына тиер-тимес елбелектеп жүр екен. Бір "ап!" десе біткені ғой жүмысы. Торғай қашан аузына кеп түскенше, оқты көзін қадап қойып, айыр тілін жалақтатып жатады екен сұм жылан.
Бозторғайды аяп кетті Ақбілек. Сұр жыланды сойылшамен салды келіп қақ бастан. Жауыз басы астына кеп, солаң ете дүрс етті. Торғай сорлы есеңгіреп қалған екен: жылжып тұрып, жер бауырлап, қырындап-қырындап барып жөндікті, шыр етіп, шыбын-шіркей боп аспанға бір-ақ ұшты. Тулап жатқан жыланды Ақбілек табандап тағы екі ұрды да, жөніне жүре берді.
"Жылан торғайды арбап жейді" дегенді Ақбілек бала кезінде естіген. Мынаны көрген соң, "құлақ естігенді көз көреді" деген осы-ау деп ойлады. "Бұл жауыздың көзінде не сиқыр бар?" деп ішінен таң қалды. Манадан бері уайым басып, жабығып келе жатқан кісі жүрегі қаттырақ соғып, тамырлары желпініп, шаршағанын ұмытып кетті. Торғайды ажалдан аман алып қалғанына қуанды. Жыланды өлтіргеніне ерленді. Әрі ырым көрді. Торғай бір бейбақ қой, о байғүста не зиян бар?
Торғай, торғай атым бар, Бір жапырак етім бар. Маған тиген балалар, Ата-анаң өліп жетім кал!'"— деп қарғайтын торғай емес пе? Ешкімге жазығы жоқ қой.
Соны ойлағанда Ақбілек: "Менің кімге жазығым бар еді?" деп тағы да ойлады. Өзін торғайға, өзіне қастық қылғандарды жыланға теңеді. Торғайдың жауын мен өлтірдім, менің жауымды да біреу өлтіреді екен деп, бұл оқиғаны өзінше жақсылыққа жорыды.
Соны ойлап келе жатқанда, бір дөңестің астынан ағарандаған бір шошақ нәрсе қылт ете түсті. Ақбілек са-сып қалды, бұғып отыра қойды. Отырып еді, көрінбей кетті. Түрегелуге орыс болар ма деп қорқып, отыруға тағы дәті шыдамай, не екенін білгісі кеп барады. "Орыс болса бәрі-бір құтыла алмайсың, жан-жағым жалтаң, неде болса көрейін" деп, әнтек отырған соң ептеп көтеріліп, сығалады. Шошақайдың үкі секілді бірдеңесі былғаңдап, өзі қимыл-қимыл етіп дөң астымен Ақбілекпен жарыса кетіп барады. Орыста мұндай нәрсе жоқ еді ғой деп ойлауы-ақ мұң екен — шошақай жуандады: бас болды, кәдімгі дуананың басы. Әнеки, қолындағы асасы да шошаң етті.
— Әй, дуана!— деген сөз аузынан қалай шығып, қалай қойғанын Ақбілек өзі де білмей қалды.
Дуана аяқ астынан үріккен жылкыша жалт беріп, лоқып, әнтек тұра қалды да, бұрылып Ақбілекке қарай жүрді. Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесін үкі сәндеген басында найза ақ тақия, қолында шәңгіші асасы, асасының он бойы шығыршық, кепшік, сылдырмақ, ұшы қозы жауырын, мойнында хұсыр тасбысы, танауы таңқиған, омырауы аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншігі сидиған, сау-сақтары сыпсиған, үркек малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті, жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын Іскендір екен кәдімгі.
Іскендірің кім? Ақбілекке зияны тимес пе? Ендеше, ол аяңдап Ақбілекке жеткенше, Іскендірдің қандай адам екенін айтып көрейін.
Бұл Іскендір дуананың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бұл Өскеменіңіз, Бурабайыңыз, бұл Семейіңіз, бұл Қарқаралыңыз — бәрін де Іскендір жалаң аяқ шарлаған. Ол отарбаны да, пароходты да көрген. "По-о-рахот-ау, по-о-рахот!.." деп, оған өлең де шығарған.
Іскендірде үй жоқ. Кез келген үй — оған үй. Тау-тас, сай-сала, ескі мола — бәрі де оған үй. Онда ел де жоқ. Оның елі — дүйім қазақ. Онда мал да жоқ. Тұрған күйі әлгі өзіңіз керген. Ол дүние жинамайды. Ақша берсең, кез келген ауылдың балаларын жарыстырады да, бәйге үлестіреді. Іскендір дорба салмайды, ірімшік, құртыңды алмайды, оған қолма-қол ішетін тамақ берсең болғаны. Төрдің алдына шарт жүгініп отырады да: "Алла хақ!" деп бір ақырып, қылқ еткізіп, қағып салып, асасын бір тіреп, тұрып кетеді. Тана моншағын, үкісін сұрасаң, Іскендір бере салады. Бірақ қыз, келіншектерден өзі де сұрап алады.
Іскендір өтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандық ойламайды. Үлкенді "әке", "аға" деп тұрады. Мейлі жаңа түскен келіншек болсын, қатын біткенді "шеше" дейді. Еркек, әйел деп айырмайды, бала біткенді "балақайым" дейді, кісіге өмірі қатты сөз айтпайды. Өзін ренжіткен адамға да түк демейді, тек басын шайқайды.
— Дуана, мына бір қияңқы баланы қорқытыңызшы!— десе:
— Қой, балақайым жақсы, қорқытпа, қорқытпа!— деп басынан сипайды.
Іскеңдір әсіресе балаларды жаксы көреді. Іскендір келсе, бала біткен шұбырып соның соңында болады. Ит біткен шулап артында жүреді. Іскендір асасын жайқап аяңдай береді, асасынан тістеп жатса да итті ұрмайды. Балалар оқу оқып жатса, Іскендір жетіп барып молдасына қол береді, балалар да қуанып дуанаға қол береді. Іскендір балаларды молдадан жалынып сұрап алып, азат қылады. Кейде қонған ауылда кешке таман Іскендір үй жанында жүгініп отырып, оң қолының білезігінен бір балаға ұстатады, олай-бұлай сілтеп, баланы жығады. Ол күрескені. Балалар қызық керіп, кезек-кезек күреседі. Бала жығылып қалса: "Ә, балуаным, жығылып қалдың" деп қолын қоя береді, жығылмаса: "Ә, балуаным, сен жықтың" деп басын сипайды.
Іскендір не десең, соған нанады. "Пәленше сені шақырыпты, қаладан көмір әкеп берсін" депті десе: "Ә, солай ма?" деп салып жүріп кетеді. Қыстың қызыл шұнақ аяздарында Іскендір елу шақырым жердегі қаладан Исақай ешенге бір қап көмір әкеп берген күндері болған. Сонда қарды бұрқыратып, жалаң аяқ жүреді, ол өмір бойы аяғына лыпа ілген жан емес.
Іскендір мақтағанды сүйеді. "Дуан-еке, пароходпен жарыстыңыз ба?" десе: "О, әке, жарыстық қой" дейді. Ол жүйрікпен де, жорғамен де, от арбамен де жарысқан болады. Бірінен қалдым деп айтпайды. Бар мақтанатыны — жүйріктігі, кейбір көрген адамдар бәйге атынан қалып қойған деседі. Ауыл маңында ерегістіріп, тай, байталмен жарыстырғанда, екі-үш шақырымға дейін оздырмайды. "Дуана, не ғып шаршамайсың?" десең: "О, құдай қуат береді де" дейді.
Іскендір бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Бір үйге кірсе, "хақ!" деп ақырып, бетін бір сипап, шығып жүре береді.
Ол құмалақ салмайды, бал ашпайды. "Обал" деп, басын бір-ақ шайқайды. Ол намазға да онша қүнтақты кісі емес. Кейде жүрт намаз оқып жатса, дәрет алмастан жалаң аяқ барып, қатарға отыра кетеді. Көбінесе оқымайды, бірақ аузы жыбырлап, ішінен ыңылдап бірдеңе айтып жүреді. Анда-санда "хақ"! деп, күңіреніп-ышқына бір ақырып қояды.
Іскендір көп сөйлемейді, жауапты қысқа-қысқа қайырады. Сөйлесе, кейде тақпақтап кетеді. "Дуана, союға қойымыз жоқ еді" десе:
Ө, қойыңыз болмаса, ойыңыз болды, ойыңыз болса, тойыңыз болды...— деп жыбырлатып әкетеді.
Іскендірдің қабақ шытқанын жан көрген емес, қашан көрсең де жайраңдап, жымиып отырғаны. Іскендірдің не ғып мұндай боп жаралғанын, оның кеудесінде не қылған жүрек, тамырында қандай қан, бойында неткен қайрат барлығын ойлайтын бір адам жоқ. Ел тек оны: "дуана, дуана" дейді, "бір алуан адам" дейді. Іскендірдің өмірі жұмбақ. Қалайда Іскендір — адам. Бұл неткен адам?..
Әлгі Ақбілекке кез келген Іскендіріңіздің жайы осы еді. Дуана Ақбілекке жетіп келіп:
— А, балақайым, алақайым, шырақайым... Қайдан келесің?— деп басын сипады. Ақбілек не дерін білмей күмілжіп, міңгірлеп қалды.
— Дуана-еке, мен... мен... Мамырбай ақсақалдың...— дей беріп еді. Орыстардың алып кеткенін айтуды ұят көрді, үндемеудің тағы жөні жоқ, қалайда бірдеңе айту керек болды. Маңдайын сипап, көзін жыпылықтатып, төмен қарап:— Мен Мамырбай ақсақалдың баласы едім... ауылымнан адасып... ауылымды таба алмай жүрмін...— деді.
Дуана қалай, неғып адасып жүргенін сұрамады:
— Е, балақайым, адасып қалдың ба?.. Мамырбай, Мамырбай, Тәуірбай, Сауырбай... білем, білем... алып барайын, бағып қарайын, жолға салайын,— деп қолынан жетелей бастады. Қайдан неғып келе жатқанын сұрамағанына Ақбілек қуанып еріп жүре берді. Дуана сол қолымен Ақбілекті жетелеп, оң қолындағы асасын жыбырлата тіреп, қара ағаштай қатқан аяқтары қаздандап қатты аяңға басты.
Анда-санда: "Ә, балақайым, ә балақайым! Көзі мөлдіреп, табаны үлбіреп, қарны ашып, қаны қашып қалған екен ғой..." деп жыбырлатып, тақпақтап қояды. Ақбілек не дерін білмей, біресе дуананың шошаңдаған бес тал сақалына, біресе күнге күйген қошқыл омырауына қарап қояды. Түрпідей сүйел саусақтары Ақбілектің білезігінен мықтап ұстап алыпты. Үйіне қазір алып бара қоятындай-ақ емпеңдей басып келеді. Ақбілек өзі шаршап, қолтаулап, әрең жүріп келе жатқан сорлы жетелеген жағына бос жағы ере алмай, шешесі қолынан сүйреген жас балаша қырындай береді. Бір мезгілде Ақбілек сүрініп кетті:
— Дуана-еке, кішкене жайырақ жүрсеңіз...— деді.
— Ә, шаршадың ба, балақайым?— деп қолын қоя беріп, жайырақ аяңдады. Әйтсе де сау аяңға дағдыланған дуана әупілдеген кешкі бұқаша кеудесі гуілдеп, әудем жерге бармай-ақ Ақбілекті тағы артына тастап кетті. Дуананы сөзбен тежегелі Ақбілек:
— Дуана-еке, ауыл алыс па?— деп сұрады. Дуана:
— А,— деп тоқтай қап,— жетеміз, жетеміз,— деді. Дуана тағы озып кетті. Ақбілек шаршауға айналды, бірақ шаршадым деуге ұялады. Тағы да сөзбен бөгейін деп:
— Дуана!— деп бір дауыстады.
Бұл жолы Ақбілек бұл маңайда әскер баржоғын сұрады. Дуана:
— Ә, әскер ме? Нән жауғырлар, бар ғой, бар ғой,— деп жыбырлатып жөнді жауап айтпады. Жауабына жарымай, Ақбілек өз ауылының қай түста екенін сұрады. Дуана:
— Анау көрінген тұмсықтың астында болады,— деп көгерген тауды нұсқады. Ақбілек аулына бүгін жете алмасына көзі жетті. Жақын арадағы елге қонаға әрең деп жетсе сол. Дуана желпілдеткенмен, Ақбілекке бәрі де алыс сияқты, өйткені аяғы жүруге жарамай мүлде салдырап қалып еді. Бірталай жер жүрді. Сонда да жете алар емес. Алыста, көз ұшында, адырдың бөктеріндегі әлде қарауытқан мал, әлде қарауытқан томар секілді бірдеңелер көрінеді. Күн еңкейіп, намаздыгер болды. Ақбілектің қарны ашты, қажыды. Аяғын кебіс соғып қажап тастады. Әлден уақытта жүруге мұршасы келмей, дымы құрып отыра кетті. Дуана жарты шақырымдай озып кеткен еді, дауыстаған соң жылдам аяңдап жетіп келді.
Ақбілек жүруге жарамайтынын білдірді.
— Ә, балақайым, көзің мөлдіреп, табаның үлдіреп... шаршап қалдың ба? А, балақайымды арқалап алайын. Кел, міне ғой!— деп, алдына келіп арқасын тосты.
Ақбілек мінерін де, мінбесін де білмей аз отырды. Үлкен еркектің мойнына дардай басымен мінуді ұят көрді. Қара мұртқа қатын болғаны, оның құшақтағаны, сүйгені... балаша көтеріп жүргені дереу есіне түсті. Дінсіз орыс еркелеткен арам денесін, қасиетті дуананың арқасына артуды обал көрді. Бірак дуана "міне ғой, міне ғой" деп күтіп отыр. Ел алыс, жүруге әлі жоқ. Амалсыздан орнынан түрып, бір тамсанып, күрсінді де, екі қолын ептеп дуананың мойнына апарды. Денесін тигізуге өзінен-өзі жиіркенді. Мойнына қолы баруы-ақ мұң екен, шелкес аттай адуын дуана: "Япырым!" деп көтеріп түрегелді. Ақбілектің салбырап түрған екі аяғын екі қолымен икемдеп, қысып алып, асасын Ақбілекке ұстатып, бір лықынып қалды да, әлуетті дуана адымдай жөнелді.
Ақбілек дуанаға аттай мініп келе жатқанына күлерін де, жыларын да білмеді. Әйтсе де көңілі жайланайын деді. Өйткені ол орыстың өңгеріп алып қашқанын да көрді ғой. Онда оның алды да, арты да қараңғы көр еді ғой. Онда адам болам деген үміт жоқ, қорлыққа да, зорлыққа да, өлімге де, ұятқа да басын байлаған еді. Енді оның мініп келе жатқаны — адам баласына қиянаты жоқ, әулие дуана. Оның келе жатқан беті — аулы, әкесі. Әкесін көреді, құшақтап көріседі, апасына құран оқытады, әкесін апасындай болып күтеді. Бірақ өзін-өзі қалай жұбатса да, жүрегінің басында түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол түйіртпектелген нәрсе арқандаған аттай, қуаныштың құлашын жаздырмайды, бер жағы бұған да шүкіршілік еткісі келсе де, ар жағы бұлт құрсаған күндей жадырамайды, езуі ғана жымиғандай болады. Бет-аузы, көзі күлмейді, ілгешектеніп жібермейді.
Дәл мінер кезде тайсалғаны болмаса, жүре-жүре Ақбілек бала кездегі апасының мойнына мініп келе жатқандай, астындағы дуана екенін де ұмытып, бала күні есіне түсті. Онда теңбіл ақ шыт көйлегі бар, балағының аузын қара ала батсайымен көмкерген қызыл сан дамбалы бар, айдары селтиген, жалаң аяқ жүгіріп жүретін сүйкімді қыз еді. Ақ қара бас ылақайына қызыл шашақ тағып, үкілеп, ат қып мініп, өзі құрбы балаларымен жарысар еді. Жатқан сар атанның үстіне бала біткен жабылғанда, атан ұшып түрегеліп, балалар өркешіне, мойнағына жабысып, "жығылдым, жығылдым!" деп шуласар еді... Түйенің, жардың, томардың, тастың арасына жасырынбақ ойнар еді... Үйдің сыртына мосыдан күрке тігіп, ішіне киім төсеп, шиден істеген қуыршақтарын отырғызып, күйеу келтіріп, келін түсіріп, шәлі салындырып, көрімдік сұрап, үлкен қатындарша тамсанысып, сыңқып сөйлесер еді... Апасының көйлек пішіп қойған шабуын қуыршағына киім қыламын деп қиып тастап, апасынан таяқ жер еді. Сонда да апасы жақсы көрер еді: "Ақ шұнақ қыздан айналдым!" деп бауырына қысып, бетінен шөпілдетіп сүйер еді... Сол апажаны қайда? Жасаған-ау, оның үңірейіп қалған орны немен толады? Үйіне барғанда маңдайынан кім иіскейді? Кіммен көрісіп, жылап, мауқын басады? Ақбілектің көңілі бұзылып, көзіне жас кеп қалды. Енді болмаса жылайтын еді, аяқ астынан бір дір етіп ұшқан бозторғай көңілін бөліп, жасын тоқтатуға себеп болды. Ол кезде күн де батып, сам жамырай бастап еді.
Манағыдай емес, дуананың аяңы қоюланайын депті. Бір-екі өрге келгенде дуана Ақбілекті арқасынан түсіріп, дем алды, құрысқан белін қайқайып жазып, қунақ жылқыша сілкінді. Ақбілек өзі жүрейін десе де, дуана болмай, тағы арқалап алды. Ымырт жабыла ит дауысы естілді. Ақбілек қуанып кетті.
— Ауылға жақындадық қой!— деді.
— Жақындадық, балақайым, жакындадық!— деп, дуана Ақбілекті тағы бір лықытып жауырынына таман шығарды.
Сүт пісіріп болған соң, тезек иісі жүпар иісіндей Ақбілектің мұрнын жарған кезде:
— Келдік, дуана-еке! Енді өзім жүрейін,— деді.
— Ә, балақайым, әлі бірталай жер бар,— деп дуана түсірмеді.
Ақбілектің мұрны қоңырсыған сүттің иісін сезгенде, дуана тоқтады.
— Осы төмпейдің астында ауыл бар,— деді. Ақбілек түсті. Дуананың сүйел қолы езіп, құрысып қалған тақылжырын уқалап жазып, шапанын сілкіп жамылып, дуанаға еріп қолтаулап тағы аяңдады.
Төмпейдің иығынан асқандай, адырдың бауырында ауыл көрінді. Не дөңгеленген алқа қотан емес, немесе қатар тізілген жалғас емес, о жерде, бұ жерде тырқырап қарауытқан бес-алты қыстау. Байқаған кісіге "бізді мекендеген иелеріміздің мінезі де тап біз тәрізді тырқыраған, берекесіз, ұйымсыз" деп тұрған тәрізді. Кейбір қоралардың қасында қарауытқан мал көрінеді. Мал қоралап, адам аяғы басылайын депті. Анау адырдың түбіндегі қомақтау қорадан түтін бұрқырап жатыр. Оның оң жағындағы кішірек қорадан бір көлеңке қараңдап сол үйге таман кетіп барады. Адырдың сол жағына таман, төмпейге тірей салынған бір ұзын қораның маңында қара-құра көбірек тәрізді.
Ақбілек қай үйге барарын білмеді, дағдарып келе жатыр еді, дуана:
— Анау үйге барайық!— деп адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады. Ақбілек:
— Ол кімдікі? Дуана:
— Мұса байдікі. Ақбілек:
— Мына жақын үйге барсақ қайтеді?— деді. Өйткені Мұсабай ауқаттырақ адам екенін білетін. Ақбілек тәуірлеу үйге барғысы келмеді. Тәуірлеу үйдің қатын-қалашы да таңырқайды, әркім көр-жерді сұрап мазасын алады, тәуірлеу үй сарылтып жуырда тамақ та бермейді, ондай үйде сыпайы отыру керек. Кім біледі, тәуірлеу үйдің қылжақбастары да болар, тәлкек етер... Одан да барысымен сусын ішіп, жантая кететін кедейдікі жақсы болар деп ойлады. Және осы күйсіз қалпында тәуір үйге бас сұғуға қорланды. "Не бетіммен барам" деген ой келді. Ақбілек:
Жақын үйге барсақ қайтеді?— дегенде дуана тұрып:
— Бұл үйлер жарлы ғой, қонақ асыға зарлы ғой, қарның ашып қалды ғой...— деп жыбырлатты.
— Жарлы боп неғысын... Бір сусын жұтып, жантая кеткендей жер табылса болад та,— деп Ақбілек тағы айтты. Әйел көңіліне бірдеңе алса, қарысып бола ма? Ақбілектің бетін білген соң дуана да таласқан жоқ:
— Ә, балақайым! Мейлің, мейлің,— деп жақын үйге бұрылды.
Дуана бұрылған кезде Ақбілек етегінен тартып:
— Сіз бұл үйге менің кім екенімді айтпай-ақ қойыңыз. Тезек теріп жүріп адасып кеткен екен, тауып алдым дей салыңыз,— деді. Дуана Ақбілекке оқшия қарап:
— Әй, балақайым! Өтірік айтқан жарай ма? Өтірікші алланың дұшпаны ғой,— деп аяңдай берді.
Сүмелек сары ит дуананың сылдыраған асасын естіп, одан барып қоқиған тақиясын көрген соң, "енді жатудың жөні болмас" дегендей, дауысы қарлығып, алды бір бөлек, арты бір бөлек қираңдап үрді. О кезде қара сиырдың астынан сауыс жыртық тері шалбары тылтиған қатын шелегімен қабат түрегеліп, қисайған кір кимешегінің милығына сұқ қолын жүгіртіп, көзін сығырайтып, бір аяғын ілгері салып:
— Кет былай, кет былай!— деді.
Дуана асасымен артын жайқап, таяна беріп:
— Әй, шеше, құдайы мейман боламыз,— деді. Қатын жауап бермей жатып, дуананың артын ала тоқ-таған Ақбілекке қарай мойнын созып, бір тамсанды да:
— Мынау неғылған бала?— деп сұрады. Дуана байыз тауып тұра алмай:
— Жата-жастана естірсіз. Рұқсат па?— деді.
— Ойбай-ау! Ана байдікі тұрғанда... Біздің қонақ күткендей не жайымыз бар...— дей бергенде, Ақбілек те ілгері таман бір аттап:
— Жеңгей, шалап берсеңіз де ырзамыз. Сіздікін қалап келдік,— деді.
— Ойбай, карағым-ау! Қалап келсеңіздер енді... ама-лым бар ма... айран-шалапты бөліп ұрттарсыңдар,— деп, қатын Ақбілектің нәуетек даусын естіген соң, әрі іші жылып, әрі таңырқанып, "қонамыз" дегенге әлдеқандай боп қалды.
— Ендеше, үйге кіріңіздер!— деп, көң-күлімсі сасыған тапал қорасына қарай бастады. "Қадаға бастарыңды соғып алмаңдар. Бері, бері!" деген дыбысымен қонағы соңынан еріп, шалжиған тапал есіктің орқаш табалдырығынан аттап, үйге кірді. Есіктің жіп тұтқасын Ақбілек бір-екі тартып еді, мұрны жырық тартыншақ түйеше кекжиіп келмеген соң, қоя берді.
Үй іші тастай қараңғы. Қатын: "Былайырақ, әр таман"— деп, дуананы итбектеп бір жерге таман апарды. Дуананың етегінен ұстап Ақбілек те барды. "Бұ кім, апа, бұ кім?" деген бір-екі жас баланың дауысы шықты. Ақбілектің аяғына шөп сыбдырлайды. Үйдің іші сасық. Әйнексымақ бір күңгірт тесік көрінеді. Жерде жатқан бір шоқпытқа сүріне-мүріне Ақбілек дуананың қасына таман келіп отырды. Отыра бергенде дуананың "хақ!" деген дауысы саңқ ете түсті. Ақбілек шошып қалды. Қатын: "көтек!"— деді. Бір бала шыр етіп жылап қоя берді, ересектеуі "апалап" апасына ұмтылды. Апасы жылаған баласына:
— Шығарма даусыңды! Ал, дуана! Құлақ кеседі!— деген соң, баласы қоя қойды.
— Ә, балақайым, жылама! Кеспеймін, кеспеймін,—деп дуана да уатты.
— Шырағданы түскір қайда кетті жоғалып?— деп, қатын сипалап, күңкілдеп жүріп тысқа шығып кетті. Аздан кейін қара құманның қақпағына істеген білте шырағданын пештің ернеуіне қисайтып қойып, тұмсығына сұқ қолымен май тигізіп қағып-қағып уқалады. Сөйтті де қолын көлеңкелеп, төр жаққа Ақбілекке қарады. Қатын бірдеңе сұрап қала ма дегендей, Ақбілек жалмажан:
— Жеңеше, суыңыз бар ма?— деді.
— Су жүрегіңді алар, салқын айран бар еді,— деді.
— Ендеше, айранға су қосып беріңіз, шөлдедім.
— Берейін, қарағым, берейін,— деп, қатын күйбеңдеп, қазаңдық жақтағы аяқ-табағын салдырлата бастады. Сол кезде пештің бұрышынан ертегінің қызындай кішкене қара қыздың дудыраған басы қылтиды.
Дуана асасын арт жағына сүйеп қойып, шарт жүгініп, ыңылдап отыр. Қара қыздың көзі бажырайып тұр. Ернеуі кетік-кетік, жайпақ қоңыр зеренмен қатын сусын әкеп беріп жатып, Ақбілектің бетіне үңіле қарап,
бір тамсанып қойды. Ақбілек сусын ішіп болғанша, қатын көйлегінің жыртық жерінен ышқырын тыр-тыр қасып, қарсы қарап тұрды. Қатын аяғын алып кетісімен Ақбілек арт жағын сипалап, бұрышта жатқан шекпен бе, шалбар ма, кім білсін, әйтеуір бір үйіндіге басын қойып, шапанын жамылып, жантая бастады. Ақбілек жантайған кезде дуана сырылып, орын беріп, қозғала-қозғала тысқа шығып кетті. Ақбілектің жатып қалғанын көрген соң, қатын да қораға шықты. Содан арғысын Ақбілек білген жоқ, әбден талығып келген сорлы сусын жұтып, басы жерге тиген соң, дамыл алып қата қапты.
Қатын даладағы дуананы айналдырып, "Мамырбайдың қызы" деген соң: "Ә!" деп іші сезе қойды. Дығырай Мамырбайдың қызын бір жұтым шалаппен жатқызуды жөн көрмей, "саулы бозінгеннен" бір қылым ұн сұрап алғалы және үйіне Мамырбайдың қызы қонып отырғанын айтқалы, дереу сол үй жаққа жөнелді.
"Саулы бозінген" дегенге түйе екен деп қалмаңыз. Түйеден кісі ұн сұрай ма? Бұ қазақтың да жыны бар ғой, әжептәуір кісіні Бозінген деп шығарып. "Бұт жимас" демегеніне де шүкіршілік! "Саулы бозінгеннің" кім екенін айта кетеміз бе? Неміз кетіп барады? Бос сөзге жанымыз құмар ғой, айтсақ айта кетейік.
Қулардың неліктен "Саулы інген" шығарып жүргенін ит біле ме? Бұл өзі Мұсабайдың қатыны еді. Аузы даладай боп қартайып қалса да, Бозінген жаулығына кір жуытпайтын, мақтаншақ, өзі кеппелеу кісі болатын. Тықпа сақал, бір мойын, жаман Мұсабай Бозінген бірдеңе айтса — "ыңға" дей алмайтын. О түгілі, саулы Бозінгеннің бір ауылға би болудан да дәмесі болатын, өзге қатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам десе де, Бірмағанның тымырсық қызыл қатыны әлденеше жерде аптығын басып, ауызын аштырмай жүретін. Әйел шіркін ұрысқанда қайдағы-жайдағыны қазатын әдеті емес пе... Қойшы, не болса о болсын! Әлгі кедейдің қатыны Бозінгенге жөнелді дедік қой. Ол өзі туыс, бір табан жақын қызыл қатынға неге бармады екен? Жоқ, қызыл қатынға бармай, Бозінгенге жөнелуі де қулық еді. Қызыл қатын екеуінің араздығымен пайдаланып, Бозінгенді тағы бір сауып алмақ еді. (Бұрын да талай сауған ғой.) "Жаман иттің атын Бөрібасар кояды" демекші, Бозінген әлгі бір "Шатасының" атын Әнуарбек қойған еді (Қызыл қатын ғой оны "Шата" деп жүрген. Бозінген құлағы түрік кісі ғой, түріктің Әнуарбегін естіп, баласын сондай қылмақ қой!).
Көрші қатын үйге кірген кезде, Бозінген ауызын қайыстай созып:
— Қойшы енді, Әнуаржан! Ұйықташы, қалқам!— деп, бір қолымен Әнуаржанды қағып, келіншегімсіп, қыпшасын қылмитып, бөксесін бұлтитып, өз денесіне өзі сүйсінгендей қылымсып жатыр еді. Көрші қатын сипаңдап босаға жақта тұрғанын көріп, Бозінген маңызданып, қасын бір керіп:
— Күмсінай, жай жүрсің бе?— деді.
— Жай емес... Бір жұмыспен...— деп, Күмсінай бір жамбастап сырғып, Бозінгеннің қасына келді. Бозінген әлдебір кызық өсек айтады екен деп, кимешегін желкесіне қарай бір тартып, жампаңдап, құлағын таяй берді. Күмсінай сыбыр етті. Бозінген:
— Ә, қойшы!— деп басын көтеріп алып:— Жалғыз отыр ма?— деп мылтық ататын кісіше бұғып, тағы күбірлесті. Сөйткенше болмады, "күйеу келді" дегеннен жаман Бозінген апыраңдап түрегеліп, жалма-жан ауыз үйге барып, Күмсінайға қайталатып бір аяқ ұн салып берді. Беріп жатып:
— Өзім де барам,— деді. Күмсінай:
— Барғанмен көре алмассыз, ұйықтап қалды,— деп еді, ол сөз Бозінгеннің құлағына бит шаққандай құрлы кірген жоқ, қол-аяғы жерге тимей, шошалада сүт пісіріп жатқан қара кемпірге барып, көзін ашып-жұмып, естіген хабарын айтты. Қара кемпір бір тамсанып, отын көсей берді. Оған жарымаған кісідей, Бозінген шудасы желкілдеп, байын іздеді. Байы тысқарыда дәрет сүртіп, бір қолы шалбарының ауында, бір қолы ішінде түр екен, Бозінген келіп:
— Өй, сен естідің бе?— деп жұлқып, шалбардағы қолын суырып алды.
Өз үйіне түгел естірген соң, бұл хабарды ішіне сыйғыза алмай, Бозінген бошалаған түйеше тайраңдай басып, екі қолын алды-артына құлаштай сермеп, Бірқұлақтікіне қарай жөнелді. Ауылды қыдырып жүріп, бірталай жанды құлақтандырған соң, қасына екі қыз, бір қатын ертіп, енді Бозінген Күмсінайдікіне тартты. Неге десеңіз, Бозінген от басының әйелі емес, бір болыс елдегі әңгімені үйде отырып біліп отыратын, еркектердің партиясына да, дау-шарына да кірісіп кететін, саққүлақ, еті тірі, көшелі кісі ғой. Елдің игі жақсылары да Бозінгеннің үйінен талай дәм татқан. Және біздің Бозінген еркектермен дойбы, карта, асық ойнайтын, насыбай ататын, қонаққа өлең айтқызбай жібермейтін, қызып кетсе, өзі де айтып салатын, бозбала келсе, екі езуі жиылмайтын сері кісі ғой. Тек Бозінгеннің қара бойында титтей ғана міні бар еді, өз басының киім-кешегі болмаса, өзге шаруаға әнтек қыры жоқ еді. Таза көрпелері салтақ-салтақ боп, төсек орны жуырда жиылмай, қоқып, ыбырсып жатар еді. Қызыл қатыны түскір Бозінгенді "көк инені ...тіне түртпейді" деп өсектеуші еді.
Бозінгеннің өзіне тартқан бір керім, сал қызы бар еді. Әлгі Айтжан ғой? Е, сол. Айтжанын мақтап, домбыра тартқызып, ән салғызып, бозбаламен әзілдессе, өзінің де жаны кіріп отырушы еді, қалжыңға боғауызсымақ сөз араласып бара жатса, Бозінген өзі кимелеп, Айтжанға жол бермеуші еді. Сол Айтжанын құтты жеріне қондырып, жалғыз өзі іші пысып, ұрынарға қара таба алмай жүргенде, мына хабар Бозінгенге құдайдың үйге айдап әкеп берген дәулетіндей көрінді.
— Құдай-ау, мына тұрған біздікіне келместен, есінен айрылған сорлы Күмсінайдікіне не алғалы қонып жүр екен?!— деп саңқылдап келеді. Ол әшейін сөз ғой. Бозінгеннің есі-дерті: орыстар қызыққан қыз қандай екен, Айтжаннан несі артық екен? Киімі қандай екен? Орыстың талқысына түскен соң, қандай боп қалды екен? Соны білу ғой. Орыстар өз аулына да келген, қыз-қатындар тау-тасқа тығылған, өзі де үш солдаттың қолына түсіп қап, бүйырғанын көрген, кіші үйдің қызы содан бері жіңішке ауруға шалдығып, от басында сұлап жататын болған. Сонда да қатын шіркіннің таңсыққойлығы басылған ба?
Бозінгендер Күмсінайдікіне кірсе, бұрышта домаланып біреу жатыр. Диуана далада болса керек. Сары ит қораның сыртында қыңқылдап қояды. Бозінген шырағданды бір қызға ұстатып, Ақбілектің қасына келіп, шапанын ашып қарады. Ақбілек аузы әнтек ашылып, сілекейі ағып, қорылдап ұйықтап жатыр еді.
— Е, байғұс-ай!— деді. Күмсінай арт жағынан келіп:
— Не қыласыз? Ұйықтасын,— деді. Бозінген шапанының өңірін қайырып, әдібін көрді,
көйлегінің сүйегін байқады, жеңсіз қамзолының жиегін, қалтасының қақпағын, кебіс, мәсісін — бәрін шұқылап көріп болған соң, маңдайына шашырай салбырап түрған шашын ақырын сырғытып:
— Өзі де қыз десе — қыз екен!— деп қорытынды шығарды.
Шапаны биқасап, әдібі батсайы, жеңсізі дүрия, көйлегі бөтес екенін айтысып, біреуі: "Айтжанның көйлегі тәрізді екен",— деп, енді біреуі: "Айтжандікі бұдан гөрі қаттылау",— деп тұрғанда, Бозінген Ақбілекті былай қойып, көйлек жайынан қыздармен айтысып кетті. Оның айтуынша, қыздар дым білмейтін боп шықты. Айтжандікі бес есе артық боп кетті. Айтжан қарағы ұзатылмағанда, орыстар "қырылып" қалатын екен, масқаралықтан құдай бір сақтапты, өйткені аманында бергенін "өзі" қалапты (екі қабат боп қалғаны есінде жоқ).
Қатындар, қыздар біраз дауласып, қарқындары басылған соң үйді-үйіне тарады.
Бозінген үйіне келгенде, Мұсабай бірталай ой ойлап, уысына еш нәрсе түсіре алмай, дал боп қисайып жатыр еді. Кеп былай: Мұсабай жаңадан байыған малжанды, қалтырауық адам болатын, (бұрын қаланың жатағы ғой, қатыны да жатақтың қызы ғой). Үйіндегі бас көтерер адам — қатыны, соның арқасымен кісі болып жүретін. Ана жылы жоғалған бір-екі биесі Мамырбай төңірегінен шығып, соған қолы жете алмай жүрген. Өйткені Мамырбайға да ел керек қой: төңірегінің ұрлық-қарлығына ара түспесе, адамдығы қайсы? Мына қызы қолға түсіп түрғанда, соның қаруын қайыруға болмас па екен деп, Мұсабай жаман ойға жүгіртіп еді. Қызды тығып қояйын десе, ауылы құрғыр түгел есітіп қойды. Өзге айтпағанмен Бірмаған барып жеткізеді ғой. Бірмағанмен оның малайын азғырып алғаны туралы жаздай араз болып, қатындарының шайырғал екені есінде. Қызды біреуге беріп жіберуге кім даяр тұр? Ол тағы білінбей қалмайды. Ақбілекке сұрау салып жүргені мәлім. Әлдебір епті жігітке масқаралатса қайтер еді? Бірақ онымен де не кегі бітеді? Мамырбайды шығындатқандай бірдеңе табу керек қой. Қалай шығындату керек? Міне, бұл мәселе — мәселенің қиыны болды. Қатыны келіп, қыздың сұлулығын мақтағанда, өзінің жаман делебесі де қозды. Бірақ Бозінгеннен асар қауқар қайда?
— Қайтейін, сұлу болса!— деп кейіді.
— Қайт дедім саған?— деп қатыны да тежеп тастады. Сонымен Мұсабай күшеніп, дөңбекшіп жатып қалды.
"Әрі жат!" деп қатыны да шынтағымен бір түртіп, теріс қарап, өткен дәуренін еске алып, есінеп: "Осы жаманға қайдан тидім?" деп тағы да өкінді.
* * *
Түнде шайға оятқанда, Ақбілек тұрмай, жатып қалған. Таңертең Ақбілек көзін ашса — үй толған кісі. Оң жағына қараса, немере ағасы Әмір отыр.
— Қарағым-ай!— деп Әмір кемсендеп, құшағын жайды.
— Ағажан-ай!— дегеннен басқа аузына сөз түспей, ағасын бас салып, солқылдап ағыл-тегіл жылады. Ауылынан келген екі жігіт бірінен соң бірі көрісіп, кеңкілдеп, Күмсінайдың жаман үйін басына көтерді.
Көріскен кісіні айырғанды парыз көріп алған қатындар тоқтау айтып, айқасқан қолдарын жазып, салиқалы Бозінген де пешке сүйеніп тұрып:
— Енді қайтсін!— деп есіркеген болды.
Алайда қатындардың көңілі бұл көріске жарымады, өйткені Ақбілек суырылып сөйлей алмады. Жайшылықта, қыз ұзатқанда, кісі өлгенде айтылатын жырлардың бірде-бірін айтпады, тұтқиылда тығылып қалған жүрек қызыл тілге құшырын төге алмады, ішке толған қалың шер кернеп келген бұлақтай қатты ышқынған жас болып, ыршып-ыршып кетті. Ақбілек жыр жаттап та көрген жоқ еді, қыз болып ұзатылуға әлі талай заман бар ғой деп, балалығы арылмай жүрген, 15 жасар бала ғой. Шешесі өлгеннен бері дауыс қып жоқтағандай болған жоқ, өз басына күн туып кетті. Қатындар онысын есеп қыла ма, сөйлемей көріскенін жас баланың жылағанындай көріп, айыздары қанбады.
Жыласып, көрісіп, үндемей төмен қарап, біраз отырысты. Әлден уақытта Әмір ағасы отырып:
— Түнде осы ауылдан хабаршы барған соң, жата алмай қолға түскен атпен жүріп кеттік,— деп, қалай келіп қалғанын білдірді.
Мұсабай жаман ойдың ұшығына шыға алмай жатқанда, Бірмаған жақсы атты кісі бола қалайын деп, түнде шапқызған екен. Бірмағанның қызыл қатыны өзгеден гөрі омыраусып, Ақбілектің қолын ұстап айырып жүрген сол екен. Қызыл қатын қарап тұрмай:
— Естігенде өз баламыздан жаман аядық... Қайтейік, не амал бар? — деді.
Әмірдің бір жолдасы:
— Ағайынның ағайындығы осындайда көрінеді де,— деп, Бозінгенге көзінің қыйығын жіберді. "Жайда көсемсіп жүруші ең, бүгін қайда қалдың?" дегендей қылды. Өйткені Мұсабайдың Мамырбайға қиғаштығын білуші еді. Және Мұсабайдың биесін ұрлаған кісімен бұл жігіт жегжат еді. Жігіт оны айтқанда, қызыл қатын мардамсып, иығын бір көтеріп:
— Е, о не дегенің... Біз анау-мынау қазақтай боқтан өзгені қылға тізбейміз,— деп келе жатыр еді, Бірмаған отырып:
— Керегі не сондай сөздің!— деп қатынын тоқтатты. Бұл сөздің бәрі Бозінгенге жарадай тиді. Ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жапалақ ернін жымыра берді. Түнде әлгі қорсылдаған шошқа бір атты қинағанда, бүгін Бозінген бұ сөзді естір ме еді? Шірік ит! Талай жерде өлтірді-ау!
Күмсінай шай даяр екенін білдірді. Ауыл кісілері тысқа шықты. Қызыл қатын Ақбілекті үйіне қонаққа шақырып еді, Әмір тәңір жарылқасын айтып, ауылға жеткенін мақұлдады. Бірмаған да жабысып көріп еді, қонақтар асыға берді.
— Ендеше, Ақбілекке кер жорғамды ерттеп, өзім апарып салып қайтайын,— деп Бірмаған тысқа жөнелді. Бозінгенге бұл жұмысы да қатты тиді. Үйіне келіп:
— Өмірі әбүйір байлаған, сұқым! Отыр енді албасты басып!— деп, байын тағы бір мұжыды.
Мұсабай үндемеді. Қатын шіркін бір жеңіп алған соң, таң атыра ма? Өзінен шығар өнері болмаған соң, Мұсабай қатынға қол тапсырып пір қылған ғой. Қатын болмаса, бұл Бірмағанның қолы емес пе? Бірмағанның әнтек қолы кеміп бара жатқаны, әйтпесе мұның қасында анағұрлым адам ғой. Бірмағанның қолы кемігеннен ғой
— ана жыл-ғы сайлауда ауылнай болып, кісі қатарына ілінгені. Одан бұрын бұл кісі ме еді? Бір безер ит еді. Сол Бірмаған кер жорғасына көрпе салып ерттеп, Ақбілекті мінгізді, бір байталға мініп өзі қасына ерді. Дуана өз жайына кете барды.
* * *
Жолда келе жатқанда Әмір ағалары дуананың кез болып алып келгені жақсы бопты десіп, дуананың да пайдасы тигендігін, оның жүрмейтін жері жоқ екенін, бірақ тіленшілік қылмайтынын, жазы-қысы жалаң аяқ жүретіні тегіннен-тегін еместігін айтысты. Одан кейін ұсталған ақтарды, Мұқашты сөз қылды.
Ақбілек орталарында жорғақтатып, төмен қарап келе жатып, әңгімелеріне құлақ салды. Ақтардың тұтылғанын сонда білді... Әнеугі апанда бұғып жатқандағы қасына келіп, "тоқтай тұр" деп кетіп қалған қазақ Мұқаш екенін де топшылады. Өткен күндерді бір-бірлеп есіне түсіріп, жағалап қара мұртқа да келді, оның түрлі қылықтары демде көз алдынан елестеп өтті. Енді мынау ағаларының ортасында ауылына келе жатқанына таңғалды, таңғалып қана қойған жоқ, өзін бейне бір арам сирақ ұрлық малындай, әкесіне арам жегізетіндей көрді. Енді бұрынғы нәрестедей уыз денесі былғанып, арамданып қалған тәрізді, бұрынғы кіршіксіз, аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді, күнә-сұмдықты білмейтін ақ жүрегі арамдықтың неше ата-сын біліп, бұрынғы қыз басы енді қатын болып қалған тәрізді, бұл былғанған дененің кірі, жанның күнәсі өмірі тазармайтын тәрізді. Өз ауылының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялып, атылып өліп кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ жармасқан екем деген өкініш пайда болды: ит жалап кеткен ыдыстай, өзінің денесін де, демін де арам деп білді...
Осы арам деміммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтіп оны да арамдармын? Құдайдан қорықпай, оның құтты қадам мешіттей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған аяғыммен жай-намаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? "Кәпірді" құшақтаған арам қолымды қайтіп әкемнің адал дастарқанына апарып, қайтіп бір табақтан ас ішермін? Мұны бұрын ойласамшы! Бұларды есіме алсамшы! Шыбын жаны құрғырды ойлай беріппін-ау, япыр-ау! Бұлар мен туралы не ойлады екен? Мені арамдалмай аман келе жатыр деп кім ойлады дейсің? Әлде менің тірі қалғанымнан да өлгенімді тіледі ме екен? Кім біледі, сөйткен де шығар. Мені көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызы" деп, кім көрінген ішінен ойлап тұрады-ау! Әлдебіреу әкеммен, не өзіммен егескен күні айтып та салады-ау!..
Ойбай-ау! Менің күйеуім ше? Ол енді менің маңыма жолар ма? Орыстан қалған салдамаңды ол неғылсын! Тым болмаса бұзылмаған қаймағым соған да бұйырмады-ау!.. Ол алмаса, онда мені кім алады? Мен бір ел-жұртқа әйгілі көзге шыққан сүйел болған екем ғой! Ақылымнан адасқан сорлы мұны білсемші! Кеше түнде арам денемді қасқыр боршалап, неге жеп қоймады екен?!
Мені көргенде ауыл-үйдің адамы үркіп тұрады-ау! Мен өзгердім ғой, қатын болдым ғой, қарайдым ғой. Көзімнің алды көк таңба шығар, етім сылқылдап, денем бос қалған шығар, белім бүкірейіп, бөксем жалпиған шығар, аяғым талтаңдап, жүрісімнен жаңылған шығармын. Менде не сын қалды дейсің? Ернім кезеріп, жағым суалған шығар. Орыстың айнасына қарағанда, ажарым тайған сықылды еді ғой. Жасыма жетпей кемпір қылдың-ау, жасаған! Мен енді әкеме құрт аурудан жаман бір масыл болдым ғой! Өлмей менен құтыла алар ма?..
Ей, тәңірім-ау! Осы келе жатқанда бір қазаға ұшырап кетсемші! Астымдағы ат омақасып, астында тіл қатпай қатсамшы! Немесе жер ойылып жұтып қойсайшы! Болмаса үстімізден қара бұлт төніп, нажағай соқсайшы! Әйтпесе албасты басып тұншықтырсайшы! Әнеугі қаңғып келген орыс енді келіп алып кетсейші! Ең болмаса, есімді біліп тірі барғанша, әкемнің алдына апарғанда, кірпігім қимылдап жатсамшы!
Ақбілек аспанға қарады — аспанды мезгілсіз бұлт құрсар емес; жерге қарады — жер баяғы жер, қозғалар емес, сүрінер ме екен деп, өкшесін тебінді — кер жорға сүрінер емес, өзге аттарды сау желдіріп, тепсенде теңселіп келеді. Ақбілек қасындағы ағаларына қарады. Ағалары Ақбілекке қарар емес, көздері алдында, сипай қамшылап, "ауылға қашан жетеміз?" дегендей тебінгілері сартылдап келеді.
Ақбілек алдына қарады. Қараса, ауылға кеп қалыпты. Ауылын көргенде, жылағысы кеп кетті. Әнеки, бұлардың қарасын көргеннен қатындар Ақбілектің үйіне қарай шұбырды. Әнеки, өз үйінің иттері де ұлыды. Әнеки, бұзаулар да Ақбілекке көрісетін кісіше бері қарап мөңіреді. Міне, кей дауыс қылған қатындардың ащы айғайы құлағына келді. Жер-дүние күңіреніп дауыс қып тұрғандай болды. Жан жарасы сол дауыспен жеңілетіндей, көп дауысқа қосылып, Ақбілек те егілді, екі көзі жасқа толып, жарық күн шымылдық құрғандай бұлдырап, тұман боп кетті. Сол тұманның ішінде басы ағарған адамдар қолтығынан ұстап, сүйемелеп, әлдебір жерге әкеліп, үп-үлкен бір адамның үстіне жалп еткізді. Ақбілек жылай берді, жылай берді...
Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айрылдың! Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айрылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас науетек жүрегің — соқпай жатып өрт болды. Жаңа шыққан жауқазын — піспей жатып жоқ болды. Шам-шырақтай жас жаның — жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық — аяққа құйған астайын шолтаң етті — тоқталды. Жыла, жасың бұла! Жасыңмен қайғың жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын! Теңізді дауыл толқынтсын! Құтырсын толқын, туласын! Зарлатқан сені мұндарлар тұншықсын — суың да улансын! Қатын-қызы тұл қалып, сендей болып шуласын!
Екінші бөлім
Бесатардың оғы шыққан жерін алақандай қып үңірейтіп, жұлып әкетеді. Емдеуі келіспей, асқынып кетсе, ол оқ тиген адам жуырда мал болмайды. Сол бесатардың оғы Бекболаттың иығын ала қарынан тиіп, сырт жағын үңірейтіп кетіп еді. "Бұған суырмақ та тарту керек... Малдың жыны да — мың да бір дәрі..." деп, өркім әр түрлі ем айтып жатқан үстіне қаладан келген бір "үністірік": "Дәрігерге көрсетпесе, өледі"— деген соң, Бекболатты дуанға апарып еді. Мамырбайдың Төлегені не дегенмен қайын ағасы ғой, барған соң, кеңседен кеңсеге жүгіріп жүріп, ауруханаға жатқызып емдетуге қағаз алған еді.
Бекболат ауруханаға жатқалы 20 күнге жуықтады. Дәрігердің қарауы күшті болғаны ғой, 15 күн дегенде қолы икемге келіп, жарасы бүріліп біте бастады. Алғашқы кезде аурухананың сары төсегіне, сасық дәрісіне, шөп тамағына үйрене алмай, мұрнын тыжырып, іші пысып, уайым басып жатса да, жүре-жүре аурухананың өз адамындай болып, бойы үйренейін деді.
Дәрігер күншуаққа шығып отыруға рұқсат еткен соң, Бекболат бір күні тысқа шықты.
Үсті-басына ақ киген, ақ орамалмен желкесінен бір түйген сары мәтүшкелер сыпсыңдап кіріп-шығып жүр, қолдарында бөтелке, шайнек, орамал, шылапшын. Мұртын тазының құйрығындай ширатқан, шашын енесі жалаған бұзаудай тарап, жылтыратқан ақ киімді дәрігер де мәтүшкелерге орысшалап, ауру жатқан үйлерді нұсқап, бірдеңе тапсырып тұр. Аурухананың қабырғалары да, төбесі де, табаны да сүргі тартқандай теп-тегіс, маса тайғандай тап-таза. Мыналарды көргенде өзі жазылған соң, Бекболат: "ауру қалай жазылмасын?"— деп ойлады.
Аяғында — көттік пен өкшеден ырай жоқ, сылпылдаған башмақ, үстінде березе жағалы ұзын сар шапан, басында ақ орамал — Бекболат судан шыққан тышқанша болбырайып, сенекпен ептеп аяңдап, алақтап, дәрігердің қасынан өтті. Дәрігер "неге кетіп барасың?" дегендей, Бекболаттың бетіне ажырая қарап, рұқсат бергені есіне түскен соң, "жүре бер" дегендей, кірпігін бір қақты. Бұрын ауыз сенекте олай-бұлай жүріп буынын бекіткен ғой, бойы тыңайған тәрізді.
Бекболат сыртқы есікті ашып тысқа шықты. Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, ашық ауасы саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі де шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап, елге қарай бет қойды... Еліне тезірек қайтқысы келді. Жар дегенде есіне Ақбілек түсті. "Мен, міне, құдайдың жарық күнін көрдім, жазылдым. Ол осы күнде не күйде екен? Әлде тұтқында екі көзі жаудырап, жасын бұлап жүр? Әлде орыстар өлтіріп тастады? Әлдебір сары орыспен құшақтасып отыр? Әлде бәрі жабылып..." деген ойға келгенде, шауып келе жатып, биік жардың ернеуіне төніп қалған кісіше, денесі шіміркеніп, жүрегінің астыңғы жағындағы бір нәзік қыл үзіліп кете жаздағандай болды. Бұл ойды Бекболат жараның беті қайтқан күні де, түні де ойлаған, жардың ернеуіне бір емес, жүз, мың қайтара таянған, жүрегінің нәзік қылы да сонша тырсылдаған, сонда да бұл жолғы жүрегінің қағысы бұрынғыға ұқсамады. Бұ жолы Ақбілекті ойламайын десе де, кең дала, еркін, сайран өмір еске түскенде, Ақбілек те еріксіз сол сұлу өмірдің гүліндей жылтырап, көзіне іліне береді.
Бекболат ауруханада жатқанда, Төлеген екі-үш рет келіп, көңілін сұрап кеткен. Төлеген бір сыпайы, жатық жігіт. Келгенде: "Жараң қалай? Бойың тәуір ме? Тамаққа көңілің шаба ма?"— деген тәрізді жарасының жайын ғана сұрайтын. Төлеген қайын ағасы болған соң, Бекболат Ақбілек жайын сұрауға ұялатын. Қарындасы жайынан о да сөз қылмайтын. Өзі бірдеңе айтып қалар ма екен деп, Бекболат елдің хабарын сұрап, жақауратқанда, Төлеген: "Жалпы аман болса керек... Бөтен хабар білінбейді..." деп, Ақбілек жаққа жуымайтын. "Шешесін өлтіріп, қарындасын алып кеткенде соларды барып бір көрмейтін, соларға бір жәрдем қылмайтын неткен жан? Әуелден көңілі қатты адам ба екен? Қалада жүріп қақайып кетті ме екен? Мұның пайдасын әкесі қашан көреді?"— деген сұраулар Бекболат ойына талай келсе де, өзіне бірдеңе деуге аузы бармайтын. Өйткені көңілі деуге Бекболатты жан тартып дәрігерге қаратып, көңілін сұрап, келіп-кетіп жүреді. Қарындасы болса да кетті. "Енді менен не үміт қылады" деген ойлар келгенде, Бекболат Төлегеннің неткен адам екеніне миы жетпей, дағдаратын. Бекболаттың имене беретіні де Төлегеннің жұмбақтығы еді.
Енді далаға шығысымен, Бекболат Ақбілектің не болғанын білуге көңілі кетті... Қалай, кімнен біледі? Мұнда қазақ бар ма екен? Кеше төсекте жатқанда бір қазақтың есік алдынан өткенін көзі шалып еді, со қазак жылт етіп, жоқ боп кетіп еді. Сол кім екен?.. Немесе дәрігерге келіп тұрған қазақтар жоқ па екен?— деп, қабырғаны жағалап, қақпа жақтағы бұрыштан асты. Асып еді, ауруханаға кіретін екінші есіктің тепкішегіне отырып, бір-екі тымақты қазақ сөйлесіп отыр екен. Бекболат іздегені табылғандай қуанып кетті:
— Ассалаумаликум!— деді.
Қырыңдап төмен қарап сөйлесіп отырған екі қазақ жалт қарады. Ел қазағы ұсқынды біреуі "әлік" алды. Аяғында орысша етігі бар, ықшам шапанды, жөкей қара тымақты, аузы-басы бияздай, қожаға айтқан нияздай қара сұр жігіт ойнақы көзі жалтаң етті де, ернін қыбырлатты. Бекболат амандасты. Ойнақы көз жігіт "сені кім шақырды" дегендей, жөнді амандаспады. Бекболат келген соң, сөздерін де қоя қойды. Онысы өздеріне қолайсыз көрінді білем: жуан етік қазақ Бекболаттың аты-жөнін сұрады. Бекболат жөнін айтқан соң, ойнақы көз жігіт:
— Ә, Бекболат сіз боласыз ба? Отырыңыз,— деп сырғып орын берді.— Әнеугі оққа ұшқан жігіт екенсіз ғой,— деп біле қойды.
Бекболат:
— Өзіңізді мен танымадым ба?— деп сұрады.
— Мен Тақырдың Жылтыры деген жігіт болам,— деп, Тақырдың Жылтырын білмейтін қазақ жоқ тәрізді, "Жылтыр" дегенде езуін кисайтып, басын бір шұлғып тастады, өз атын мардамсып атағаны көрініп тұрды — Мына кісі Мұсатай деген біздің ағайын,— деді.
"Тақырдың Жылтыры" дегенде, Бекболат:
— Ә, естуім бар,— деді.
Жылтыр жұлып алғандай, тікірейе қарап:
— Мені кім деп естідіңіз?— деп сұрады. Бекболат әнтек мүдіріп қалды да:
— Көзі ашық, пысық жігіт деп есітеміз,— деді. Бекболат әлгіндей дегенде:
— Әйтеуір халықтың көз жасы үшін Матайдың Әбенімен ұстасып жүрміз. Ақырын бір алла біледі,— деп қаз көрген қаршыға бастанып, мойнын қылқың еткізді.
Бекболат мақұлдағансып:
— Е,— деді,—.
"Е!" дегені; "Ажалы жеткен карға қаршығамен ойнайды" деген осы-ау! Әбен кім? Бұл кім? Ол — арыстан да, бұл — тышқан ғой. Ол сегіз болыс елді, бір дуанды аузына қаратқан Әбен емес пе? Ол Петрамборыңа да барған, патшаға да білікті болған Әбен емес пе? Онымен таласқандай мұның не айбыны, не күші бар? Шілтиген бір қораш жігіт... деген ой келіп еді. Бірақ Бекболат бұл ойын неге білдірсін, іші пысып қалған кісі ғой: оны-мұны сұрай бастады.
Жылтырдың білмейтін хабары, естімейтін өсегі жоқ, ағып тұрған сөз екен. Аузы аузына жұқпайды. Ол сөйлеген сайын Бекболаттың аузы аңқиып, жаны кіріп барады. Ол елдің партиясын, сайлауын, кімнің пара алғанын, кімнің бергенін, кім қызын сайлаушыға шырға қылғанын, кімнің үйі, малы таланғанын, кімнің қатыны, қызы кеткенін, кім мен кімнің керіскенін, төбелескенін, қызыл мен ақтың соғысқанын, кімнің басы сотты болып, кімнің үстінен арыз беріліп, газетке басылғанын, кім абақтыға түскенін, кім шығарып алғанын, кім кепіл іздеп жүргенін — бәрін саулатты. Оның таныс емес әкімі де, сөйлеспеген адамы да, білмейтін заңы да жоқ. Соның бәрін көзімен көріп, қолымен ұстағандай, су төгілгісіз қыла, нандыра, жанын бере, орысшаны ара-арасына қыстыра сөйледі. Манағыдай емес, Бекболат Жылтырдың сөзіне ұюға айналды, нанып емес, таңғалып ұйыды. Бір сәтте осынша хабарды, осынша сөзді, заңды үйіп-төгіп тастаған неткен тілмар, неткен білгіш деп, таң-тамаша қалды. Сөзінің арасына жік салмастан бірді айтып келе жатып, бірге кетіп судыратқанда, қалың тобылғыдан андағайлап қашқан қоянды көрген тазыдай, Бекболат қай сөзін ұстарын білмей, даң болды. Даң болса да, оның айтқан бір хабары құлағына майдай жағып кетті, ол хабар — Қарашаттағы ақтардың қолға түсуі еді оны естігенде, Бекболат:
— Е, бәрекелді!.. Япыр-ай! Түгел түсіп пе?— деді.
— Түгел. Бірін қалдырмай ұстап әкелді. "Ақбілек қайда екен?"— деген сұрау Бекболаттың
аузына келіп қап, бірақ ел қазағы отырған соң сұрауға қаймыға берді: "Орыс масқаралап кеткен қызды несіне сұрап отыр?"— деп, мазақ қылар ма деп ойлады. Бекболаттың сұраулары көбейіп, әңгіменің аяғы созылып жатқанын сезіп, ел қазағы "бір айналып соғармын,— шаруам бар еді" деп, тұрып кетті. Ол кетісімен Бекболат қабыржып, қобдиланып, Жылтырға қарай берді. Бір уақытта бір жасырын сөз айтатын кісіше көзін жыпылықтатып:
— Сізден менің бір сұрайын деген сөзім бар еді,— деді.
— Айтыңыз, айтыңыз,— деп Жылтыр жөпілдетті.
— Мамырбайдың қызы не болды екен? Оны естіген жоқсыз ба?— деді.
— Жоқ. Оны естімедім. Ақтардың өзін кеше кешке әкелді. Білуге болады. Ол айтпақшы сіздің қалындық екен ғой. Жалко, жалко!— деді.
— Япырым-ай! Білуге болса, соны маған біліп берсеңіз...
— Құп болады. Бүгін, ертең-ақ біліп беремін. Күнде елден кісі келіп жатады ғой... Бірақ оның енді не керегі бар?— деді.
"Не керегі бар?" деген сөз Бекболатқа ауыр тиді: жұрттың аңызы да осылай екен деп ойлап қалды. Бекбо-лат жабырқау тартып:
— Әйтсе де,— деді.
Жылтыр біліп бермек болды. Сөйтіп отырғаңда есіктен ақ киімді мәтүшке шығып:
— Әй, киргиз!.. Доктор...— деп Бекболатқа орысшалап саусағымен ымдап шақырды.
Бекболат орнынан тұрып жатқанда, Жылтыр мәтүшкеге түйіліп басын шайкап, орысшалап жіберді де, Бекболатқа қарап:
— "Киргиз" деп қорлағанын әлі қоймайды, жалаң бұт немелер! "Жолдас", "граждан" деп неге айтпайсың? деп жатырмын,— деді.
Бекболат жымиып, кепшіктеп:
— Бәсе! Бұларға да айғыр табылсыншы!— деп, ауруханаға кіріп кетті.
— Е, аты шулы Жылтыр осы екен ғой!— деді Бекболат сенекте келе жатып.
Бекболатты тамак ішуге шақырған екен. Қаңылтыр аяқтағы сылдыр сорпаны жерінген жылқыша тамсанып ұрттаған болды. Сорпа ішіп отырғанын да, су ішіп отырганын да аңдаған жоқ: ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.
Ақбілек орыстардан өлі қалды ма? Тірі қалды ма? Өлі қалса, сөз де жоқ. Тірі қалса, үйіне кеп отырса, онда не болмақ? Орыстардың талқысынан калған қызды бұл ала ма? Алмай ма? Дүйім елге әйгілі боп, абыройы кеткен Қызды қалай алады? Екі сөздің бірінде құрбы-құрдасы бетіне басады ғой. О бір сүйегіне басылған кетпес таңба ғой. Бірақ құдайшылыққа келгенде, Ақбілек сорлыда не жазық бар? Өз еркімен барған емес, тағдырдың кермесіне кез келді. Бұл алмаса, оны кім алады? Адам да алмайды, өтпей отырған бұл басқа біреуді алар. Онысы әлдеқандай болып шығады? Ақбілекті өзі көріп айттырып еді ғой. Ондай қыз бұл өңірде жоқ еді ғой.
Бұлар үш кісі құс салып жүріп алғаш барып көргендегі оның түрі қаңдай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып түр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, әнтек жымиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шыны-аяқ әпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны, мұның шыны-аяғына білдірмей бір қант тастап жібергені... бір жолдасы сөз қатқалы:
— Бұ жақтың сұқсырлары қалай сақ! Қаршығаны көш жерден көре қояды екен,— дегенде:
— Қаршығаларыңыздың қыраңдығы да,— деп күлімдеген апасы: "Ақбілекжан, қонақтарыңды аттандыр!"— дегенде, жеңгесімен екеуі бұлардың атын шешіп, нәп-нәзік торғын қолымен қолтықтан көтеріп аттандырғаны; "қош болыңыз!" дегенде көзін жалт еткізіп, басын әнтек изеп, артынан қарап қалғаны — бәрі, бәрі сондағыдай сайрап көз алдына келді.
Бұрын қыз көрмеген кісіше құлап кетпейін деп, өзіне-өзі осынша берік болайын десе де, Ақбілектің жүрісін, күлісін, көз қарасын көріп, естіген сайын есі кетіп, "осының жолына жаным құрбан болсын!" деп, өзіне-өзі серт қылғаны қайда? Ақбілек өзгеше еді ғой. Әсіресе оның дауысы, оның күлкісі адам баласында жоқ еді. Әлде әнтек күрмеліп, шіңгірлеген құлыншақтың, әлде түн ішінде көл жүзінде сыңқылдаған аққудың дауысы ма? Жоқ, оның біріне де ұқсамайды. Ақырын сөйлесе, жас ботаның дауысындай, қаттырақ сөйлесе, ол дауысқа күміс қоңырау таққандай ма, қалай әйтеуір көмейінен, көмей емес-ау, кеудесінен күңгірлей-сылдырлай шыққан бір сиқырлы жат дауыс дәл жүрегіне барып тиер еді. Сол кезде бойың балқып, жаның иер еді. Тағы да, тағы да осы дауысты естігің келіп, ынтығар едің. Ол күлсе, бұл жалғанның бәрі күліп жібергендей, қайда отырғаныңды ұмытып қалар едің. Өзге әйел оның бір тырнағына, басқан ізіне тұрмай қалар еді. Сол сияқты Ақбілекті Бекболат шынымен ұмытқаны ма? Елдің өсегінен қорқып, шынымен алмай кеткені ме? Қой, онсыз өмірде қызық болмас. Өзге қызды алса да, оның суреті көз алдынан кетпес. Өмір бойы өкінер де жүрер... Қалайда Ақбілектің хабарын тезірек білу керек.
Ол күні-түнімен, ертеңінде күнімен Бекболаттың ойынан Ақбілек кетпеді. Оны қандай жаман адамдарға араластырып, одан қандай жиренейін, жек көрейін, безейін десе де, оны алғаш көргені есіне түскенде, ол ойының бәрі жел қуған тұмандай серпіліп, баяғы періштесіндей, Ақбілек кезіне елестейді де тұрады. Оны осынша ойламайын деп, үйдегі атын, күсын, мылтығын, аң аулағанын есіне түсірейін дей ме, болмайды. Ат, құс, аң, сейіл-серуен, қызық-думан — бәрі де жалғыз соның басында тұрғандай, бәрі де соның айналасында жүргендей көрінеді де тұрады. Бәрін Ақбілек аударып әкеткен тәрізді. Қалай екенін өзі де түсінбейді.
Бекболат бір кіреді, бір шығады, тағат ете алмайды. Жылтырға әлденеше жолықты — хабар жоқ, бірер қабат сұрады. Сұрай беруге де ұялады. Дүниенің тетігі Жылтырдың қолында тұрғандай, Жылтырға жолыққысы келе береді. Бірақ Жылтыр көрінген қазақпен бір сөйлесіп, босанбайды. Жылтырға жаңадан біреу келіп сөйлескен сайын: "Е, мынау Ақбілектен бір хабар әкелген екен" деп, дәмеленеді. Ол үміті болмайды.
Бекболат есік алдында тепкішектің қадасына сүйеніп тұр еді. Қорадағы дөңбектер үстінде бір қазақпен аузы жабысып Жылтыр отыр еді. Бір мезгілде ана қазақты жөнелтіп, Жылтыр шапаны делегейленіп, басын сермеп тастап, қатты-қатты басып Бекболатқа келді. Келе:
— Вот жулик, вот машенник!— деп орысшалап, шұлғып қойды.
— О не? Не ғыпты?
— Шорты знат! Әкеле жатқан поштаны талатып, поштабай өзі қашып кетті деп, пәле сап отырғаны. Бекболат мәнісін сұраған соң, Жылтыр түсіндіріп айтты. Матайдың Әбені болыспен өш болады ғой...
Болыс Әбеннің үстінен приговор жасатып, он ауылнайдың мөрін бастырып поштамен қалаға жіберсе, оны естіп Әбен үш кісі аттандырады. Үш кісі жолда шабарманды қуып жетіп, поштасын тартып алып, езін жаяу тастап, поштаны алып қалаға келеді. Приговордың көзін жойып, өзге қағаздар-ды кеңсеге тапсырады. "Шабарман бізге пәле салар деп, астымдағы жалғыз атымды бере коймаған соң, поштасын шашып кетті, шашылған поштаны жинап тапсырғалы әкеліп түрмыз" дейді. Болыс Жылтыр жақтыкі. Приго-вор, қызыл деп үйреткен Жылтыр болу керек. Сол жүмыс орынға келмеген соң, Жылтырдың бүркырап, "шорт знат-ты" қағып келгені сол екен.
— Бәрібір, ішіне су қүйылған. Материалы губернеге өлдеқашан жіберілген. Бүгін болмаса, ертең жаптырам. Қүдай біледі-ау! Оны жаптырмасам, Жылтыр атым қүры-сын!— деп, Жылтыр күпсініп, "шорт знатын" қағып ба-рып басылды. Жылтыр басылған кезде, Бекболат езге ха-бар білгелі, сөзді басқа жаққа бүрғалы:
— Манағы бір орысша киінген қызметтегі жігіт пе?— деп сүрады.
Жылтыр жүлып алғандай:
— Ә, ол "шекенің" агенті,— деді.
"Шеке" мен "агентгі" білмейтін қазақ жоқ қой, Бекболат:
— Ол сізбен қалай жақын?— деп сүрады.
— Біздің кісілер қай кеңседе жоқ дейсің? "Шекенің" өзі біздің кісі ғой!— деді.
— Онда сізді қалай жапқызып жүр?— дегенде:
— Ой, шырағым-ай! Оның бір мәнісі бар ғой,— деп Жылтыр жымиды.— Мені жауып отыра алмайды. Мен ертең-ақ шығамын. Кәне менің абақтыда отырғаным?
Есебін таптық та бәлнеске келдік,— деп қолды бір сер-меп қойды. Бекболат тағы бір-екі сөз аралатып, қыздан хабар сүра-ды.
Жылтыр:
— Жоқ, әлі жоқ... Қыз демекші, ой қыз кәпірді қой-сайшы,— деді. Бекболат:
— Е, қыздың несі бар?
— Шорт знат!.. Әлгі агент бір қызық әңгіме айтып кетті.
— Не өңгіме?— дегенде, Жылтыр мынаны айтты:
— Осында Мадише деген бір мүғалім қыз болатын. Сен білмейтін шығарсың. Озі шала казақ. Баяғыда бір ша-дыр сары ноғай болды ғой... Лапке үстайтын. Соның каты-ны қазақ болатын. Үш қызы бар-ды: Қадиша, Мадише, Зағипа деген. Шетінен жел аяқ. Мадишесі жап-жас қыз еді.
Алдыңғы жылы Семейге барып оқып, мүғалім боп келген. Сол Мадише бір әтірет командирімен жүреді екен. Соның арғымағына мініп кататься қыла беруші еді. Түнде бақша-да бірдеңе серең-серең етеді депті. Бақша күзететін шал бү не деп жетіп барса, екеуі екі жаққа қаша женеледі. Бірдеңе ағараң етеді. Қараса — шолақ дамбал. Шал дамбалды "ше-кеге" тапсырады. "Шеке" Мадишені шақырып алып: "Мы-наны танисың ба?"— десе, біресе дамбалына үмтыльш, біресе жылайды дейді. Ой, масқаралық-ай!.. Әлгіде соны айтып күлгеніміз ғой... Бү қыз кәпірге дауа жоқ... Қазақ пен но-ғай жетпеді ме екен?..— деді.
Қызды бүлайша сөккеніне Бекболат кеңіліне ауыр-лап, Ақбілекті арашалағалы:
— Оз еркімен де сойтеді екен-ау!— деді.
— Е, бүл қаланың қыздарына қалтаң болса болғаны,— деп, Жылтыр басынан кешкен бір оқиғаны сейледі. Бекболат тыңдап отырып:
— Қала бір бүзылған жер ғой,— дей берді. Онысы Ақбілекке кір жуытқысы келмегені ғой.
Соны айтысып отырғанда, кішкене қақпаны ашып, бір қазақ кірді.
— Е, Жаңбырбай, мал-жан аман ба?— деп Жылтыр үшып түрегеліп, шүрқырай кетті. Елдің амандығын сүрап болған соң Жылтыр Жаңбырбайды ертіп, манағы дөңбек үстіне барды. Сейлесті, сөйлесті. Бекболаттың екі козі соларда. Бір мезетте Жылтырдың кезі Бекболатқа түсіп кетті де, Жаңбырбайды түртіп қап, бірдеңе сүрағандай болды. Жаңбырбай жауап беріп еді, Жылтыр ежіктеп тағы сүрады. Сөйтті де Бекболатқа жайраңдап қолын бүлғады.
— Шүйінші!— деді. Бекболат жымиып:
— Ал, ал,— дей берді.
— Қыз аман-есен үйіне келіпті,— деді.
— Япырм-ай, шын ба? Япырм-ай, шын ба?— дей берді.
— Отірік айтамыз ба?— деген соң:
— Япырм-ай, ә, япырм-ай, ө!— дегеннен басқа сөз айта алмады.
Бекболаттың қуанғаны сонша, Ақбілекті орыс алып кеткенін де, маскара болғанын да үмытып кетті. Ақбілек дөл бір боранда адасып кетіп, не жауында орманда қалып, жоғалып табылғандай керінді. Қуанған сайын Ақбілек таза, Ақбілек періштесіндей болды. "Жаным, сәулем! Көзі мөлдіреп қай жерде отыр екен? Құрмалдығы болайын!" дегендей Ақбілекке мүлде қүлап кетті. Әкесі базардан келген балаша қуанып, Бекболат тайраңдап ауруханаға кірді. Ойы — дәрігерден қашан босатуын сұрамақ еді.
Ертеңінде жолыққанда, Жылтыр тағы да Матайдың Әбенін жамандап келіп:
— Мен тағы бір арыз бергелі отырмын. Сенің атыңнан берсек, қалай болар еді?— дегені.
Бекболат шошып кетті. Бұрын мұндай хат-қаламға араласпаған, мылтық ату, құс салу, бозбалалық құрумен әуестеніп кеткен серілеу жігіт қой:
— Жаным, менің ретім келмес. Мұндай жұмысқа мен өзім жоқ едім,— деп абдырап қалды.
— Сен өзің бір жасық жігіт екенсің ғой! Одан қорқатын түк жоқ. Барлық фактісі, міне, менің қойнымда отыр,— деп омырау қалтасынан, көп қағаздың арасынан бір қағазды суырып алды. Алды да:— Міне, міне, мына қағаз оның әкесін танытады. Танытатын жерге әлдеқашан жіберілген. Мынау шорнобай,— деді. Сөйтті де ісіміс жоқ, қағазын судыратып оқи бастады.
Бекболат амалсыз тыңдады. Кім біледі, кейін бір керегі боп қалар, біз де тындайық.
"Семей губпробкомына. Копия "Қазақ тілі" басқармасына. Н. үйезі Сартау болысының қазағы Жамандай Тайқотұлынан мағлұмнама.
1. Сартау елінің барлық қанын сорған, байлығын жиып алған Матай балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай управитель болған. Сонан үшбу уақытқа шақты еліне әмірінің жүруі бөлек: автономиялы, ханлы ел сықылды.
Халыққа қарайтұғын алым-шығын, збор хәм қара шығын, поштауай ат хәм лау ат, ауылнай, старшин сай-лану хәм елу басы сайлану — баршасы жалғыз Матай балаларының ықтиярында болған. Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшиндер хәм нарядный судьяларының махырлары Әбен Матайұлының қолында болады да, өзі керек қылған кезінде баса береді".
— Рас па?
— Біз қайдан білейік?
— Тыңда, ендеше.
2."Және де елде ұрыларды көбейтіп, Әбен Матайұлы олардан жақсы аттар алатын. Сол алған аттардан осы уақытта қолында бар: бір шек кер ат — ұры Ақмет Сағынайұлынан япас қарагер ат — ұры Босаға Салықбайұлынан және де көк ат алған."
— Мен білмеймін.
3. "Және де біреуінің қатынын бұзып, босатып, басқа біреуге малға сататын. Сол ғадатын осы уақытта да істеп жүр. Бейсен Әбішұлының қатынын бұзып, Құлық Бұржықбайұлына сатып отыр.
Және де көп кісілері илан хәр ауылнайға барып, қонақ болып, ол барған үйінің малы аса семіз болмаса, оған өзі үкім қылады: пәлен атын, яки пәлен түйесін айыпқа әкеп бересің деп. Осы істен қорыкқаннан нашар ауылдар өздері шақырып семіз малын сойып беретін."
— Бұл да өтірік пе?
— Ел аралайтыны рас қой.
4. "Және де Әбен Матайұлының малайлары: алты жылқышы, төртеуі түнге, екеуі күндізге, үш қойшы, бірі түнге, екеуі күндізге, бір түйеші, бір сиыршы. Екі үйіне төрт биеші, екі тезекші және де екі үйінде малдарын сауатын алты қатын бар. Осының бәріне бір тиын ақы берген емес. Себебі: қайсыларының жесір дауы, қайсыларынын мал даулары бар, қайсылары қатын алғысы келеді, қайсыларын құлым деп жұмсайды. Осындай себеп илан қызмет істетіп келеді. Ғұмырынша "царь освободительден" кейін адамды құл қылып ұстайтын рәсім жоқ еді. 52 жыл болды. Мүсәпір Жайтуғанұлы құл есебінде болып, жылқысын бағып жүр. Оның балалары құл болып қойын бағып жүр".
— Бұған не дейсің?
— Бұларды бекер деуге бола ма? Бай болған соң малай алмай тұра ма?..
5. "Және де 1914 жылы "Көпкөл" деген завод болған. О заводтын тас көмір тартатын бедіретін Әбен Матайұлы алып, бұтына 11 тиыннан хәм барша кірекештерге бұтына 9 тиыннан хисап берген. Бір миллион пұт тас көмір тасылған. Сонда барша кірекештерден 20 мың сом пайда қылған. Ол уақытта орта қисап илан орта жылқы 20 сомнан болушы еді. Сонда барша кірекештерден бір мың жылқы пайда қылған болар. Сол заводтың управляющийіне екі яқшы ат беріп, тамыр болып, бір яқшы мылтығын алды, үш ауызды, алыстан тиетүғын. Ол бәдірет бітіп, управляющий қайтар уақытта тамыр болып берген екі атты өзі ұрлатып алды. Осындай досына опасыздығы бар."
— Осыларды да естімедің бе?
— Естідік қой, мұның бекері жоқ. Бөдіреттен қанша пайда қылғанын қайдан білейік? Атын қайта алуы рас
қой.
6."Және де 1916 жылы Сарадыр жәрмеңкесінде Петр Павловтың көпесі Патколланың 30 мың пұт жиған жүн-жабағысын бәдіретке алып, Ертіске түсіріп беруге бұтына бір сомнан алып, кірекешке 90 тиыннан беріп, халықтын үш мың сомын жеді. Ол уақытта қой 6 сом еді. Сонда 500 қой пайда қылған болады".
7."Және де 1916 жылы 25 июнь жарлығы болып, бүратана елден қара жұмысшы шақырғаңда, Қарабас заводынан Әбен Матайұлы қорғасын бәдірет алып, сол бәдіретке кіргізіп қара жұмыстан алып қалам деп, кіргізген кісілерінен 96 ат алды хәм ол тартқан қорғасынның кіре ақысын Әбен Матайұлы өзі пайда қылды және де 19 бен 31 арасында болған жігіттерінің орнына бала салып, хәм өтірік ауру болып, қалғандарынан кісі басына бір ат алды, бермесең, көрсетем деп қорқытып. Осылардан алғаны 140 ат. Төрт кісі пайда серік боп бөліп алды. Ақып Жамышбайұлы, Тәлемісұлы..."— деп келе жатып, Жылтыр міңгірлеп кетеді. Өйткені Сейіт Бекболаттың әкесі еді. Бекболат сасып:
— Жоқ, біздің әкей аман шығар...— дей берді.
— Аман болса, аман шығар,— деп Жылтыр тағы оқыды:
8."Және де 1919 жылы дуандағы комендант Алексеевпен тамыр болып, жек көрген адамдарын абақтыға салғызды. Оларды шығарам деп көп ақшасын алды. Комендант Матайұлын Земский собратьяға председатель сайлады. Бұдан кейін Әбен Матайұлы Шилі, Шеңгелді елдеріне барып, қорқытып 30 ат әкелді".
9."Және де осы биыл август айында Колчак үкіметі мен Земство бұйрық қылды деп, управитель Аббас Матайұғлы елге жариялады: 130 мың сом жиып налог салынсын деп, тез жинап салмасаңыз отряд шығарамыз деп, ауылнай поштабайларын шапқызып, барша аталмыш ақшаларын жиып алды. Сол ақшаның үштен бірін салып, өзгесін болыснай Аббас Матайұлы, Әбен Матайұғлы хәм... (міңгірлеп кетеді) хәм ауылнай Жүсіпұғлы пайда қылып отыр деп есептейміз."
— Бұған таласың жоқ шығар?
— Мен оған несіне таласайын? Ақша жиылып жүрді ғой. Бірақ кім-кім пайда қылғанын кім біледі...
— Білмесең, міне, тыңдай бер:
10. "Және де 1919 жылы август айында Семей барып, Колчак қазынасымен жақын болып, әскерге 300 ат беруге уағда кылып қайтты. Үйіне келіп, 70 ат жіберді. 70 мың сомның кездемесін, 30 мың сомның шай, былғарысын хәм бір жүз он мың сомның ақшасьш әкелген. Қалған 230 ат үшін Колчак өкіметі 500 сом переуат қылған. Бұдан соң қазынаға ат жиямыз деп, елдің жақсы аттарын Әбен Матайұғлының малына қоса берген, небе мәртебе атларын жібер деп телеграмма келсе де, жібермей, ақыры сол 230 ат Матайұғлының қолында хәм...
(міңгірлейді) ұғлы пайдаланып кетті..."
— О жолы біздің әкей тәлімнен құр калған шығар, араздығының басы осы ғой.
— Оған мен таласпаймын, әйтеуір бірге жүрген кісі ғой.
— Оны нетуге болмас па?
— Жоқ, оны артынан сөйлесерміз...
11."Және де Колчак өкіметі жығылып, ақтар қашқанда Әбен Матайұғлының атағына келген бір полковник, бір начальник қанша жолдастары илан, баршасын алғаш келген қызылдар ұстап алды. Бұдан бұрын Степанский полкының арты Сартау сыртындағы Жаманқала поселкасынан жүргелі тұрғанда, Матайұғлы, Ақбанұғлы, Ермекбай-ұғлы, Темірбайұғлы хәм... ұғлы басқа болыстан қанша жолдастары бар ақтардың 60 әскерін ұстап алған. Бір пулемет, қанша ат-арба, қанша киім, қанша ақша — баршаларын олжа қылған. Ұстап отырған үстіне қызылдар келіп, алған нәрселерді тап деп, және өзіне тән жылқыңнан бізге екі жүз ат даярла деп бұйрық салған. Сонан кейін Матайұғлы плендерінің нәрсесін жиылған ел таратып алып кетіпті. Кім алғанын білмеймін, бір кісі косып берейік, өздерің кісі жібер, солар жисын деп сұранған. Полк бастығы үш солдат қосып беріп, 4 кісіні нәрсе жинауға жіберген. Матайұғлы елден 200 ат жиғызып бергенде, бұлар арық ат, нашар елдікі, өзіңнен 200 семіз ат бер деп, каһарлы бұйрық қылған. Елден тағы да ат жинап жүргенде полктың жүретұғын уақыты болып, алдыңғы 200 арық атпен жүріп кеткен. Сол аттар баршасы кетті. 10 ат қайтқан еді, оларды Матайұғлы иесіне бермей алып қойды, себебі: жаушыны мен жібердім деп, плен нәрсесін жиған 3 кісіге 3 мың сом, бір пулемет беріп, қалған қанша қару-жарақ бұйымдарды жоғарыда айтылмыш 3-4 адам пайда серік болып, бөліп алды..."
— Бұған не айтасың?
— Ақтың нәрсесінен пайда қылды ғой жұрт.
12. "Мұнан кейін елге сайлаушы шықты. Сартау еліне келген Шәмен Айдарбекұғлы Матайұғлымен сөйлесіп, 20 жылдан бергі 3-нші ауылнай старшины боп жүрген Жүсіпұғлын болыснай ревком сайлады. Шара жоқ, ауызша сұрау жоқ, бір болыс елдің барша ауылнай ревкомларын да жалғыз Матайұғлы жаздырып жіберді. Бұдан кейін сайысқа 40 өгіз берсін деген бұйрық келді деп, өгізі бар 40 кісіге бөлдік деп, мелитсемен жиып алды..."
— Рас. Біздікінен де бір өгіз алды.
"Сол малдарға қазына ақша бергенін де білмейміз. Берсе де, өзіміздің жалмауыздар жеп қойғанын да білмейміз".
13. "Және де Матайұғлы екі жерге қыстау салып отыр. Біреуі Шақат бұлағындағы Әлкебай балаларының, Қорабай, Боқсарыұғлылардың... Жерін тартып алып, екінші көл басында, күнбатыс жағында Құрман балаларының, күншығыс жағында Топпазар балаларының жерін тартып алып, тамам нашарларды жылатып, каңғыртып отыр. Және де Әлкебай балаларының қорамүлкі бар еді. Екі бөлмелі үйінің, қаншама қоражайының есік-терезелерін өзіне бермей жылатып отыр".
— Бұ да өтірік пе?
— Қыстау салып, жер алып отырғаны рас қой.
14. "Және де бір қыстауынан бір қыстауын аударыстырып салатын ағаш үй, не түрлі жұмыстарын елден жігіттер жинап, ақысыз олар жұмыс істейді. Өз үйінен тамақ жоқ, маңайдағы ауылдарға бұйрык салады: бір қонамыз, қымызын жинап, семізін даярлап отырсын деп. Халыққа зияны тимеген күні бір топ кісімен бір семізін сойғызып жеп кетеді".
15. "Ақырында Сартау елінің қазағы — қой, Әбен Матайұғлы — қасқыр. Қой қанша көп болса да, қасқырға қарсы келе ала ма?
Осы аталмыш залымдарды елге жолықтырмай, бір орынға жиып қойып, бір ғаділ адам үй басынан жүріп жауап сұраса, баршалары басынан кешкен оқиғаларын айтар еді.
Мағлұм қылғандағы мақсұтым: ғадалатлы үкімет, ғадалат, марқымет етсе, көп халықтан тәңір жарылқасын алсын деген.
Мен мағлұм қылушы сіздерден тіленемін: Мені Әбен Матайұғлына білдірмесеңіз екен, Матайұғлының қаһары қатты еді, мені сау қоймайды ғой.
Да бұ мағлұм беруші. 1920 жыл, 20 май."
Жылтыр арызды оқып болды да, сұқ қолын ортан қолына теріп, тырнағымен арызды бір шертіп қалды:
— Міне, мынау 15 факт, 15 статья көтіне тас байласа да, сүркілдетпей ме?!— деді.
— Біз қайдан білейік. Қара кісіміз ғой,— деп Бекболат алақанын жайды. Өйткені мынау арыздан өзі де шошынайын деді.
Сонғы кезде Бекболаттың әкесі Әбенмен араз еді. Себебі Колчак тұсындағы жиылған ақшадан, 300 атқа алынған бұйымнан мәз тәлім бермеді деп өкпелеген. Сол өкпемен Әбеннің бір шақырғанына бармаған. Қорықса өзі тығылар деп, Әбен 40 өгіздің тұсында Бекболаттың әкесінен де бір өгіз алдырған. Сөйіт оған ығыспаған. Со-дан кейін Әбен Сейітпен ауылнайлас Дүрбеуіл дегенді қолына ұстап, адам қылған. Сейіт Дүрбеуілге ел билетпеймін деп, ауылнай ішінен партия ашқан. Дүрбеуілге Әбен ат салысқан. Дүрбеуіл жақтағы біреудің Сейітке тән біреуде ақысы бар деп, милиция жіберіп, бір сиырын қудырып алған. Сейіт баласын жіберсе де, сиырды қайырмаған. Содан былай Әбеннің Сейітке тізе көрсетуі көбейген. О жақтың қатындарын жасырын кетірткен, жер дауын туғызған, аласыларын бергізбеген, барымта кірістірген әйтеуір пәлені еккен. Сейіт Әбенге қарсы тұрған кармаулы сүйенер елі болмай, баталасуға алмай жүретін, жақын арада осы Жылтырлардың қуғынымен Әбеннің койған болысын түсіріп, онын орнына қаладағы Күреңбай деген коммунистті — етікшіні болыс кып сайлатқан еді. Жылтырлар "өзі қойған" Күреңбайын салғаннан Әбенге қарсы шығарып, бұрынғы ауылнайларды түсіртіп, өзіне тән адамдарынан қойғызып еді. Бұрын ел билеп көрмеген етікші калай үйретсе де. Әбенге төтеп бере алмай, елді меңгере алмай, есі шығып жүр еді. Кешегі пошта тартып алу да "жаман болысты" басынғандығы ғой. Бекболат Жылтырға жолыққаннан бері бұл әңгімелерге әбден қанған. Енді Жылтырды өзімсініп:
— Біздің отағасы да Әбенге наразы адамның бірі ғой. Әлгі арыздан о кісіні шығарып тастауға болмас па екен?— деп сұрады.
Бекболаттың аңқаулығын сезе қойды да. Жылтыр:
— Е, әбден болады,— деді. (Әлдеқашан жіберіліп қойған арыз екенімен жұмысы жоқ). Неге десең, Жылтырға ел керек қой.
Бірақ Жылтырдың жымиғанын Бекболат та сезді, әлгі сөзді байқамай айтқанын біліп:
— Бірақ ол арызыңыз жіберіліп қойған жоқ па?— деді.
— Е, ол арасы оңай. Ретін табамыз,— деді.
— Ретін тапсаңыз дұрыс,— деген болды. Ар жағы Жылтырға сенбеді.
Бекболаттың Жылтырға сенбейтін де жөні бар ғой. Қалай сенсін?
Жылтыр — аты шулы алаяқ. Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол әуелде Матайдың Әбеніне тілмәш болған. Әбенмен бірігіп елді қанаған. Әбенге шәкірт болған. Ол қазынаның ақшасында жеген. Талай адамдардан "қарызға" ақша алып, дәт дегізген. Төңкеріс кезінде елге сайлаушы боп шығып, параны өкірткен. Бір тайпа ауылға "ет ас" деп әмір қылып, "еттерінді өздерің же" деп жүріп кеткен күндері де болған: ұлықтығын көрсетпекші ғой. Ол шалқасынан жатып, жеті қызға аяғын жуғызған. "Кемесермін", "болдырушымын", "бұйрығым бар", "мандатым бар" деп, елден салық та жинап алған. О түгілі бұ Жылтыр кісі де өлтірген, ұрлық та қылған, подлог мөр, подлог документ жасап алу да мұның қолынан келген. Оның бүлдірмеген ісі, екпеген пәлесі жоқ. Ол абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан. Ол бір — сынап. Оның өтірігіне найза бойламайды. Ол бір су, орысшаға да, қазақшаға да бірдей. Ол талай қызды алып қашқан, талайды тастаған, қатын алу, тастау оған тымақ ауыстырып кигенмен бір есеп. Оның басына қаңдай тас тисе де, бір қайтпайды, ұрған сайын борсықша семіреді. Қашан көрсең де көзі ойнақтап, пұшықтау мұрнының жұқа танауы делдиіп, дөңес маңдайы жылтырап, қунак құланша атығырлып тұрғаны. Өзі де орта бойлы, арам еті жоқ, қағілез, сайтан секілді ұшып тұр. Жүріс-тұрысына, бет құбылысына, қол сермесіне көз ілеспейді, бір минутта жүз құбылады.
Бекболат бұрын Жылтырды алаяқ деп еститін, бірақ өзін көрген емес еді. Енді Жылтырмен таныс болған соң: "Мұндай да адам болады екен-ау! Бұларга өлім жоқ-ау!"— деп таңғалып жүрді. Әйтсе де "бұ кәпір әлде қай жерде аунатып кетеді?" дегендей қауіпсінді. Бет-аузы да, өзі де, сөзі де жып-жылмағай, қолға ілінерлік, табан тірерлік түк кедергісі жоқ, Жылтыр мұздың үстінде тұрған кісідей болды.
"Не де болса, ауруханадан кетсем екен, елге, кеңге шықсам екен, байсалды қазақты көрсем екен, мынауың құрып қалсын! Адамның басын айналдырып жіберді ғой" деген оймен Бекболат ауруханаға кірді. Кірсе, дәрігер киініп кеткелі жатыр екен.
— Мені қашан шығарасыз?— деп тағы сұрады. Дәрігер:
— Ертең, ертең,— деп басын шұлғыды. Бекболат көңілін бір демдеп, төсегіне келіп жантайып, Ақбілегін тағы ойлады.
Ертеңіне сәскеде дәрігер жарасын көріп, дәрі сеуіп, қайта байлап, шығуға рұқсат берді. Аурухананың киімдерін тастап, өз киімін киген соң, адам сияқтанып қалды. Тысқа шығып шапанының өңірін сілкіп, жауырынын қимылдатып, қапастан шыққан құстай қомданып алып, артына қарамастан, қаздаңдап жөнелді.
Күн бұлттау. Түнде жауын жауып, жер сабыр боп қалған екен.
Таныс қала, таныс көше. Олай-бұлай өтіп жатқан мәтүшке, солдат, уез кеңсесінің алды толған қазақтың аттары...
Бекболат екі-үш көшені айналып, салған бойымен Төлегеннің пәтеріне келді. Төлеген үйде жоқ, қызметінде екен. Қазаншы мәтүшке ас үйде тамак істеп жатыр екен.
— Аман, аман,— деп тани кетті...
— Е, етті көп асып жатырсыңдар ғой?
— Қонақ келеді.
— Қандай қонақ?
— Комиссар, көп комиссар...
— Мен де қонақ болам,— деді күліп.
— Жарайды. Арақ көп, шошқа бар,— деп мәтүшке қалжыңдады.
— Қой, шошқаң құрысын!
Мәтүшке күлді. Бекболат көр-жерді айтысып тұрып, арғы үйге қарай жүрді. Мәтүшке:
— Ей, аяғың сүрт!— деп жеңінен тартты. Өйткені тақтайды жаңа жуып қойған екен.
— О, құрып қал! Аяғым таза,— деп, босағада жатқан дымқыл кенепке аяғын сүйкеп, арғы бөлмеге кірді. Тап-таза екі бөлме. Ауыз бөлмеде ортада үлкен үстел. Жағалай орындық. Бұрышта Төлегеннің ілулі
киімдері: екі шалбар, бірі қара шұға, бірі көк диагональ, күзен ішік, брезент сулық, шолақ комзал, сырма шалбар. Соңғы екеуі Төлеген киюге лайық емес. "Мұны қайтеді екен?"— деп ойлады.
Бұл бөлмеде біраз отырып, киімдерді көтеріп көріп: "Осының бәрін бір өзі кие бере ме?" дегендей басын бір шайқады да, жоғарғы бөлмеге кірді.
Қос әйнектің арасында көк шұға жазу үстелі тұр: ортасында — төрт бұрышты, бұрыштары былғары қалың қызыл қағаз, жез қақпақты, төрт қырлы тас сауыт; оның екі жағында екі жез шамдал, қалам қыстыратын, шылым салатын тағы бірдеңелер; үстелдің ірге жағы — қаттаулы кітаптар, қарсы қабырғада, бұрышта жалтыраған солқылдақ кровать, ақ жастық, мауыт көрпе; кровать алдында, жерде кішірек қызыл масаты, қабырғаларда үлкен-үлкен 3-4 сурет, кроваттың аяқ жағында айналы шкаф, жұмсақ барқыт қаптаған 6 орындық.
Мұнша аспаптар қайдан келген? Осының бәрін Төлеген ақшасына сатып алған деп ойлайсыздар ма? Жоқ. Төлеген мұның бәрін кеңседен алған, кеңсе қаланың байларынан жинаған, өйткені қызылдар келісімен байлардың мүлкін қазынаға көшірген ғой. Төлеген сияқты есебін тапқан қызметшілер қазынадан пайда қылмай тұрсын ба? Төлегеннің алатын да жөні бар ғой: ол өзі продком (азық-түлік) деген кеңседе, комиссардың орынбасары, өйткені Төлеген жылы жерді біледі ғой. Жақсы киім, жақсы тамақ продкомшілерден табылады ғой.
Бұлардың қайдан келгенін Бекболат қайдан білсін? Төлеген қара басына құнақты жігіт екен деп ойлады. Анығында да Төлеген құнақты жігіт еді. Жақсы тұрғанды кім жек көреді? Сонда да Төлеген "ел пайдасы"деген сөзді ауызы айтқаны болмаса, ар жағы өз пайдасын көбірек қарастырушы еді. Ол қазаққа обал болар демеуші еді. Елден ылау, азық-түлік, салық жиналатын болса, комиссардың айтқанын екі қылмауға жанын салар еді. Жиылыста еш уақытта айтысып, тартыспаушы еді, өз ойын жарыққа салудан өлгенше сақтанар еді. Өзінен үлкен әкімге жағынудың ілімін әбден білген еді. Бірақ өте ақ жарқын, жайраңдаған жігіт еді. Анамен де, мынамен де: "Ә, товарищ!"— деп, өтірік күлгенсіп, иыққа қағып сөйлесер еді.
Өзіндей жастар партияға жазылып жатса да, Төлеген әлі жазылған жоқ. Жазылмауы да есеп еді: қызылдар құлап қалса, кім біледі... Одан да байқай тұрайын деп ойлаушы еді. Алайда партияға кірген жолдастарымен пікірі, қызметі, ымы-жымы бір еді. Пікір дерлік Төлегенде пәлендей пікір де жоқ. Көптің ауқымы — оған пікір, коммунистер айтса — құп, алайда Төлеген пікірсіз де жігіт емес. Онысы рушылдық пікір еді. Кызметке адам сайланса, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса, өз еліне, өз тұқымына бүйрегі бұрып отырар еді. Бірақ ол бұрғандығын өмірі сездірмей, еппен іс қылар еді.
Төлеген қолы ашық, мырзажігіт еді. Әсіресе оның мырзалығы жолдас арасында көрінер еді. Жолдастары Төлегенді "продком" деуші еді. Продкомнан табылмайтын нәрсе жоқ: киім, тамақ — бәрі сонда ғой. Төлегеннің "продком" болуы өзіне де, кейбір жолдастарына да теріс емес еді. Оны екі жағы да сезуші еді. Сондықтан Төлегеннің тұрмысы тәуір боп бара жатқанын көрген сайын олар жымиып:
— Әй, сен осы мыналарды қайдан тауып ала бересің?— дегенде, Төлеген де мырс етіп:
— Е, елді-күнді табылады ғой,— дей салушы еді. Міне, бүгінгі Төлегеннің қонақ шақыруы да сол жағынудың салдары еді. Жағынбай қайтсін! Шешесін өлтірткен, қарындасын масқаралатқан Мұқаш туралы партияда сөз болыпты, "Мұқаш еңбек сіңірді, оны бір жақсы орынға кою керек" десіпті. Қандай орын беруді ревкомға тапсырыпты: ревкомдағы Балташ, кім біледі, Балташ кедейшіл, бір беткей кісі, Мұқашты Сартауға болыс қып жібере ме? Және Әбен бай-болыспен ұстасып, шатақтасып жатқаны мәлім: Сартау болысын өзгертпей тұра ма?..
Мінеки, көк сұр кепе қалпағының астынан қара бұйра шашымен тышқан кезі бірдей көрініп, мұрты қырылған көз аяз еріні өтірік жымыңдап, жуан портфелін қолтықтап, әсем киімді Төлегеннің өзі де келді. Келе жатып, мәтүшкеден оны-мұны сұрап, үй ішін түгел шолып:
— Великолепно, великолепно! — деп сөйлеп кірді. Оның дауысы шығысымен Бекболат орнынан тұрып, алдынан қарсы шықты. Екі бөлменің арасындағы табалдырықта қарсы жолығып, Бекболат сәлем берді. Төлеген қолын созса да, табалдырықтан өтіп барып қол ұстап амандасты. Неліктен екені белгісіз: «Табалдырықта тұрып амандасқан кісі араз боп кетеді» деген орыс әйелдерінің ырымы сол арада ойына түсе қалып еді.
— Е, аман-есен шықтың ба?.. Жақсы болды... Қызметтен қол тимей, барып тұруға да болмады,— деп, соңғы кезде көңілін сұрай алмағанын жайып-шуды. Онысы да өзінше есебі ме, кім білсін...
Портфелін үстелге қойып, ауыз үй жаққа барып, мәтүшкесіне бірдеңе тапсырып, қайта келе жатып:
— Ел жақтан да хабар бар. Сіздің ауыл да аман дейді... Біздің отағасы да...— деп келе жатып, әнтек кідіріп: — Жақсы көңілді болса керек, — деді. Онысы қарындасың табылыпты деуге өзін қайын аға көріп, туралап айта алмап еді. Оны Бекболат та сезе қойды.
— Иә, естідім, жақсы болыпты,— деді.
Төлеген Бекболаттың Ақбілектен әлі көңілі айнымағанын сезіп, тәуір көріп кетті. Тәуір көргендігін немен білдірерін білмей:
— Шылым тартасыз ба?..— деп қалтасынан күміс табакеркесін шығарып, әдемі шылымын алдына жайып қойды.
Бекболат шылым тартып машық қылмаса да, алмауды қолайсыз көріп, екі бармағының ұшымен, қолы әнтек қалтырап, шылымдарын шашып-төгіп, бірін алды. Екеу-үшеуі үстелге түсіп қалып еді:
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ, — деп, Төлеген Бекболаттан бұрын жинап, сауытына сала қойды.
Мынадай құрақ ұшып тұрған «оқымысты» қайын ағасын көрген соң, Бекболаттың көңілі Ақбілекке бұрынғыдан да бекіген тәрізденді. «Мынадай қайын ағасы, анадай қалыңдығы бар жігіттің не арманы бар?» дегеңдей көңіліне әнтек мақтаныш кірді. Бір жағынан өзі қарапайым қазақ болғанына «оқымысты» қайын ағасының алдында көрінейін деді. Әлгі қолының әнтек қалтыраған себебі де сол еді.
Төлеген қоржын шалбарының қалтасынан жұпар иісі мүңкіген ақ орамалын алып, олай-бұлай аяңдап жүріп, мұрнын шұқылай сүртті. Бекболатқа оның бұ жұмысы да «үлкен төренің» қалпы тәрізді көрінді. Келген кісімен сөйлеспей отыруды тағылық деп білетін Төлеген күйеу баласымен тіл қатыспай отыруды қолайсыз көріп, аяңдап мұрнын сүртіп жүргенде, не тақырыпты сөйлеуді ойлап жүр еді. Сыпайы сөз осы болар деп:
— Бүгін бір қонақ шақыруға қам қып жатыр ек. Дер кезінде жақсы келдіңіз,— деді. Қазақтың дәм үстіне келген адамға «мақтап жүреді екенсіз» дейтін мәтелін айтқысы келсе де, оным тым қазақшылық, тым ақтарылғандық болар, қайын аға басыма лайық болмас деп өзін-өзі тоқтатты. «Жақсы келдіңіз» дегенде, Бекболат та бірдеңе айтқысы келіп, қозғала түсіп, орынды сөз таба алмаған соң, «ниетің түзу ғой» дегендей, ажарланып:
— Ә-ә,— дей салды.
— Губернядан бір азаматымыз келіп еді. Оны да шақырып едік,— деді. Оның айтқаны: бір есептен жақыңдықты білдіру үшін, өз әлемінен де хабар бергені еді, екінші — "губерня азаматтарымен де әріптеспіз" дегендей, күйеу баласына кішкене қоразданбақ еді. Әйтеуір сөз қатайын деп Бекболат қозғалыңқырап:
— О кім деген жігіт?— деп сұрады.
Төлеген ол келген Ақбала деген губревком мүшесі екенін білдірді.
Осындай сыпайы сөздермен біраз отырған соң, Төлеген: "Тамақты білейінші" деп, ауыз үй жаққа кетті. Жалғыз отыруды қолайсыз көріп, Бекболат та бой жазуға қораға шықты.
* * *
Қонаққа алдымен Ықаң мен Тыпаң келді. Төлеген алдынан шығып:
— Ә, Ықа, келіңіз,— деп қолын ұстап, орындық ұсынды. Бекболат та қолын көкірегіне басып сәлем беріп, қолын ұсынып еді, Ықаң көзілдірігі арқылы сүзе қарап, қу сүйек мықыр қолымен бостау ұстап:
— Аманбысың?— деді.
— Ә, Тыпа, келіңіз,— деп Төлеген шотпақ қара кісіге орындық ұсынды.
Бекболат Тыпаңды тани кетті. Екі қолымды бергенім қате болды ма деп, жеңін сыбанып, қалақтай алақанын Тыпаңның жып-жылы жұмсақ уысына қырынан сұға қойды.
Тыпаң көзінің астымен бір қарап:
— Аман ба, шырағым?— деп, иегін болар-болмас қозғалтып, Ықаңның қасынан орын алды. Төлеген екі қонағына жайраңдап:
— Қанша айтқанмен бұрынғының кісілері қамшы салдырмайды-ау! Жақсы келдіңіздер!— деп білезігіндегі көздей сағатына қарады.
Төлегеннің сүйдеуі-ақ мұң екен, Ықаң үлкен қылмысты болып қалған кісіше шошып кетті, көзін бажырайтып, ауызын үңірейтіп:
— Ерте кеп қалдық па?— деп басын қалтаң еткізді. Ықаңмен жарыса Тыпаң да:
— Белгілі қазекем баласы емеспіз бе? Ет дегенде бет бар ма?— деп, Ықаңа бір қарап қарынын бүлкілдетіп күлген болды.
— Жоқ, ерте емес. Алдымен келгендеріңізге қуанып айтам,— деп Төлеген жылмандап:— мінеки, тартыңыздар! — деп, манағы күміс сауытын ашып, алдарына қойды.
— Е, бәсе! — деп Ықаңның көңілі жайланды. Кенетоз шолақ қара бешпетінің қалтасынан ұзынша ақ қалбырын алып, ептеп ашып, алдына қойып жатып:— Рақмет!.. Мен өз темекімді тартпасам, қанбаймын,— деп орысша бір-екі сөз қыстырды.
Тыпаң шабындының түйірі бейнелес шашын бір сипап, маукіл басын бір шұлғып, быртық саусағымен бір шылым алып:
— Бізге табылғаны бола береді,— деп, борылдатып сора бастады.
Ықаң ақ қалбырынан төрт бұрыштап қиып, қаттап салған қағаздан бармағын жалап бірді алып, қиыршық темекісін баптап орауға кірісті. Шылымын жуантық қып орап, қайта-қайта жалап жабыстырды да, шүмекке шүметей орнатқан анашасы болған шолақ түтігіне нығарлап бұрай сұғып, жылқы тістеген "майлы аяқша" бір езуіне ырсита қысып отырды. Содан кейін қаттаған уақ қағаздарын темекінің үстіне салып, қақпағын мықтап жауып, манағы қалтасына қалбырын жайғастырды. Мына қалтасынан оттығын алып, қабын сол бармағымен мықтап ұстап, оң қолымен шырпының тұмсығын шарықтың қажалақ жеріне дәл тигізіп тұрып, сермеп кеп қалды, оттық пыс ете түсті.
Ықаңның шылым жасап тартқанына Бекболат қарай қалды. Өйткені Ықаңның шылым жасап тартқаны үлкен тақуалардың саптанып дәрет алып, намаз оқығанынан бір кейін болған жоқ. Мойындағы бір ауыр міндетті атқарғандай, өмірдің бір мақсаты сол шылымда тұрғандай сонша ықыласын қойғаны Бекболатқа жат көрінеді. Ықаң шылымын тұтатқанда, әуелі аузын толтырып, түтінді жүдемете будақтатып жіберді. Оны көргенде Бекболаттың көзіне кешке таман күл шашқан бұқа елестеді. Сөйткенше болмады, жел тұрып түтін азырақ серпілейін деді. Ықаң тұтатып алған соң ауызынан жел жіберіп, түтінді айдап, шылымын сұқ қолымен ортаң қолының арасына қысып рақаттанып отыр екен.
Әлдебіреу Ықаңның шылым тартқанын осынша сөз қылғаны несі десе, жетпегендігі де. Мұнда үлкен мән бар. Көңіліңді қына, көзіңді торта басса, күйінсең, өкінсең, қайғыңды ұғар, сөзінді тыңдар жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе, ішке толған қапырықты шылым, насыбай, апиын, арақ болмағанда, немен сейілтер едің? Дәрігерлер темекі, апиын, арақ та, апиын да у дейді, денеңді улайды, тамырыңды қуалайды, қаныңды бұзады, дертті қылады, жасыңа жетпей қартайтады, өлтіреді дейді. Әлде көңілдің шері у емес пе? Ол жаныңды жемей ме? Әлде мейірімсіз қорлық, зорлық, жауыз өмір у емес пе? "Зәрдің басын зәр алады" деп неге айтыпты? Өлім де, ілім де удың зиянын өзгелерге айта берсін, біз Ықаңның шылым құмарлығын сөге алмаймыз.
Сөге алмайтынымыз: Ықаң (шын аты Ыстықбай ғой) бұрын үлкен қалада тұрып, атбекеттік құрып, арғымақтың, арақтың игілігін көрген, орыстан қатын алған. "Керең" 1 тұсында құрылтай мүшелерінің тізіміне де ілінген, өзінше болған-толған кісі ғой. Қызылдар келген соң сол салтанатты тұрмыстан жұрдай боп, шаштың ағында, өлер шағында ел тауып, осы қалаға келсе де, пәтер, отын, үй-сайманға жарымай, қызына пальто, ұлына етік таба алмай, кәрі кемпірі құлағын күнде мүжуші еді. Өзі бір бөлімнің бөлімшесінде (подотделение) орынбасарлық қызметін атқарушы еді. Енді Ықаң қайдан оңсын? Ащы темекісін бипаздап тартпағанда, Ықаң енді не бітіреді? Қой, Ықаң байғұсты не қыласыз? Тыпаң болмаса?
Тыпаң, міне жаңа ботинкасын көлденендетіп, екі аяғын айқастырып отыр ғой. Қара шұға шалбары да (ескінің жұрнағы ғой), қоңыр пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты. Тыпаң деп отырғанымыз Тышқанбай деген кісі ғой. Ықаңдай үлкен оқулы болмағанмен, бұрын орын тепкен, беделді кісі болған соң, жұрт "Тыпаң" деп кеткен ғой.
Ықаң да, Тыпаң да дәулет құсы бастарынан ұшқан адамдар еді. Ықаң жаңа тәртіпті түгелімен жарата аушы еді. Өйткені омырау болылевик келді де — бағыдан бергі қызметтіде, абырой-атақты да, әдет-ғұрыпты да талқан қылды, оқығаның, білгенің де, сақалыңның ағы да бес тиынға тұрмай қалды. Одан да жаман пәлесі — пенсия. Бола ма, жоқ па — қараңғы. Оның үстіне бірдемесімен жасты бала-шағаның "ұлық" болып, "олай қыл, былай қыл" деп бұйырғаны-ақ батып барады. Төлеген сияқты "құдайға қараған біреуі болмаса, Балташтар, әне бір қилы кездер, кез келгенде сәлем де бермейді. Ал Тыпаң көржерден "безобразия", пәлен-түген... деп, қабағын түкситіп бұдырағаны болмаса, Совет өкіметіне пәлендей қарсылығы да жоқ, сығалап қызмет қылып, көңдігіп келе жатыр. Өйткені Тыпаң тесік табатын епті кісі ғой. Ал Ықаңда ондай еп жоқ, "ну!" деп бір-ақ өлетін кісі еді.
Айтпақшы, Ықаң мен Тыпаңның жасы туралы түк айтпаппыз-ау! Ықаңды елуде десек те, алпыста десек те үлкен қателескен кісі болмайсың, өйткені маңдай терісі қырысып, бет-аузы тырысып, көзіне торға байланып тұратын кісі ғой. Ал Тыпаңның жасын адам біліп болуы қиын, өте құбылмалы еді. Өйткені анкета толтырғанда Тыпаң 45-те болып шығушы еді, жасырақ әйел отырған жерде 30-35-терге түсіп қалушы еді.
Төлеген қазақшылығы ұстады ма немесе бір күніме керегі болар деді ме — жастардың қатарында бұл екеуін де қонаққа шақырған еді. Оған бұлар "біз де жас екенбіз" дегендей әлдеқандай боп, дардиып келіп отыр еді.
Тыпаң қыбыржып қарап отыра алмайтын кісі ғой.
— Қалай, Төлеген? Қызмет жақсы ма?.. Немене, әнеугі қалашылардың астығын қайтардыңдар ма?.. Бұлары тіпті безобразия ғой... — деп, қазаққа қабырғасы қайысатынын білдіріп, зорлық, зәбір көрген қазақтардың арызын сөз қып отырды. Тыпаң әлде бірдеңені көптіріп айтқанда, Ықаң көзін ежірейтіп:
— Е, разве?! Е, разве?! — деп, таңырқағанын білдірді. Ықаңның таңырқайтын да жөні бар, өйткені баяндама, отчет, анкета, нұсқау секілді есепсіз мол қағаздың ішіне кіріп кетіп, басы қатып, сыртқы дүниеде не болып, не қойып жатқаннан хабары кем еді. Дала қазағының не күйде жатқанын сұрап білейін деген пәлен ой да жоқ еді.
Әңгіменің көбі жалақы, пәтер, отын, темекі — қысқасы, күн көріс жайынан болды. Сөйтіп отырғанда, жуан портфельдерін қолтықтаған өңшең қылқан кескендей жас комиссарлар да келіп қалды.
Бұл келген төрт жігіттің бірі: қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді; енді бірі келбеті де, киімі де қоңырлау, жүріс-тұрысы да солапаттау Балташ деген жігіт еді; одан соңғы дүрдек ерін, жалпақ мұрын, бір көзін аса, бір көзін баса қарайтын Доға деген қара бұжыр жігіт еді. Төртіншісі — Доғаның жанында ершіктей, Балтаның жанында шапашоттай жымырайған Жорғабек деген кісі еді. Анау — губерниядан келген Ақбала, мынау — уездің бастығы Балташ, Доға —"әкбөлбас", Жорғабек жер бөлімінде қызмет етеді. Комиссарлар саусылдап кіріп келгенде Төлеген:
— Ә, келіңіздер, келіңіздер! — деп алдарынан жүгірді. Біздің Бекболат та ұшып түрегеліп, босағада қаздиып тұра қалды.
— Ә... — деп Тыпаң да қутыңдап түрегелді.
Ықаң тұрудың да, отырудың да есебін таба алмай: "Е!" — деп күшеніңкіреп, орындықтан бөксесін тиер-тимес көтеріп, бүкшиді.
Тыпаң бір-екеуінің қолын ұстап, қалған екеуіне:
— Бүгін біз көрістік қой? — деп, өтірік жымиған боп жатыр. Ақбалаға қарап Ықаң басын қылқың еткізді. Бір шетінде тұрып Бекболат та қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр.
Комиссарлар қалай болса солай портфельдерін лақтырып тастады. Балташ кроватьқа барып тыраң ете түсті. Жорғабек Тыпаңды сағалап орын алды... Ақбала отырмай, үстелден кітаптарды алып, аша бастады. Доға әйнек алдына жеке отырып, бір көзін қысып қойып, шылым тартты.
Өңшең жақсы киінген "төрелер" кие-жара келіп, үйді билеп кеткен соң, Бекболат қымтырылып, әрқайсысының бетіне бір қарап, босаға жақта тұрды да, орындықтың шетіне таман ептеп отыра қалды.
Төлеген бір кіріп, бір шығып, ауыз үйге барып, пышақ шанышқыларын сылдырлатып, тамақ дайындап
жүр.
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:
— Ей, мынада Каутский де бар ғой, — деді. Төлеген ауыз үй жақта жүріп:
— Бізде Энгельс те бар, маркеші болудан да дәмеміз бар, — деді.
— Уай, қойшы! Сен маркеші боп жарытпассың, — деп төсекте жатып Балташ көкей сөйледі.
Жорғабек пен Тыпаң ымы-жымы бір кісіше бастары тиісіп, күбірлесіп, күлісіп, бірдеңе айтысып отырды. Тегі, арақтың жайын сөйлесіп отырды білем, Жорғабек:
— Ішуге неге болмасың? — деп қалды.
Бұл мәжілісте адасқан қаздай ана шетте жалғыз қалған Ықаң, бұл жақта Бекболат еді. О кісі төмен қарап тағы да шылым жасауға кірісіп еді. Шылымын тұтатып алған соң, Ыкаң теріс қарап аяңдап жүрген Ақбаланы нұсқап, Тыпаңды ақырын түртіп:
— Бұ қай бала? — деп сұрады.
— Гүбревком члені — Ақбала деген жолдас, — деп Тыпаң аузын толтыра жауап берді.
Окезде губревком члені естімеген кісіше, өлең айтқан болып ыңылдады. Аяңдап жүріп әдемі кроватьқа, масаты кілемге, барқыт орындықтарға көзі түсті, қабырғадағы ілулі Ленин, Троцкий жолдастардың, олармен қатар Төлегеннің суретін де байқады, шкафты, үстелді, ана жақтағы киімдерді де шолып өтті. "Тұрмысың жарайды, жігітім! Қонақ шақыратын жөнің бар екен" деген мәнде аяңдап жүріп:
— Ым-ым... да деді.
Уездік жерде кім қызмет қылады? Кім қалай тұрады? Кімге сенуге, кіммен істесуге болады? Олар немен шұғылданады? Қандай кітап оқиды? Орыстармен арасы қандай? Кедейшіл, байшыл, адамы, арамы қайсы?.. Міне, мұндай нәрселерді білуге Ақбала құмар еді. Әлгі олай-бұлай аяңдап, әр нәрсеге көз салғанда, "ымда" дегені — "сенің жайыңды да білдік" дегендей бір қорытынды пайда болып еді. Ақбала тұтқиылда Балташтың қасына тоқтай қалып:
— Мұндағы байлар, тегі, жақсы тоналған ғой? — деді. Үйдің төбесіне қарап, шашын үрпите, уқалап, "сен коммунист болсаң, мен де коммунистпін" деген түрде шалжиып жатқан Балташ оқыс сұрауды естіген соң, еңсесін азырақ көтеріп, мойнын қыңырайтып, бір көзін сығырайтып:
— Е, сболыштарды өкіртті ғой! — деді. Онысы "бай итті қанша тонаса да, менің қыртыма келмейді" дегені еді. Өйткені Ақбаланың не оймен сұрағанын білмей, өзінше байшыл, кедейшілдігімді сынағалы сұрады ғой деп жорып қап еді.
Сұрауына Балташтың теріс мән бергенін Ақбала сезе қойды да, оған сенімін сездіргелі:
— Сол мүліктер орыстың қолында кетті ме? Қазақтардан да пайдаланушы болды ма? — деп сұрады. Бұл сұрауға бәрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. Балташ барқыт орыңдықтарға қарап:
— Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып, ұстап жүргені бар, — деді.
О кезде ана жақта жүріп, құлағы шала-шарпы шалып қалған Төлеген де жетіп келіп, Балташқа қарап:
— О не? — деді.
Балташ "саған келген пәле жоқ" деген кісіше, бетін тыржитып:
— Жай, әншейін, — дей салды. Төлеген әнтек қипалақтап тұрып:
— Кәне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер! — деді. Қонақтар керенау қозғалып, ауыз үйге қарай аяңдасты. Олардың арт жағынан келіп Бекболат та бір шеттен отырды. Жас "төрелер" Бекболатты жан екен деп елеп, кім деп сұраған да жоқ. Бекболат әнтек оған қорланып, ішінен оларды ұнатыңқырамай отырды. Тамақ мол болды.
Алдымен ортаға туралған ет қойылды. Оның артынан кеспе келді. Одан кейін домалақтап қуырған шапқан ет тартылды. Соңынан қарбыз сойылды.
Етті үстелге әкеліп қойысымен, Төлеген төргі үй жақтан ішіне тығып бірдеңе алып келіп еді, Тыпаң жымың ете түсіп, білмегенсіп:
— Сенің қолыңдағы не? — деп өңірінен тартты.
— Ештеңе емес... Кішкене әлгі не еді... — деп қолын үстелдің астына таман ұстап, қипалақтады.
— Немене, тазасы ма еді? — деп Тыпаң тағы қозғалды.
— Кішкене "боз жорға" еді, — деп Төлеген сыпайы қонағына қарап, жымиды.
— Ой, оның реті болмас, — деп Балташ түсін суытқансып, көзінің қырымен Ақбалаға қарады.
— Біздің құбыжығымыз жоқ, сендер болмасаң, — деп Тыпаң қарнын бүлкілдетті.
— Өзі де пәлен көп емес. Тек "аппетит" үшін, — деп Төлеген мөлдіреген бөтелкені суырып алып, үстелге қоюға ыңғайланды.
Бәрі де бөтелкеге қарай қалды.
— Құрғыр, сен мұны қайдан тауып жүрсің? — деп Жорғабек те бір тамсанды.
Төлеген:
— Елді-күнді бірдеңе болған да, — дегенде:
— Бұл табатын жерін біледі, — деп Доға да бір көзін сығырайтып тамсанды.
— Бүгін кешке заседания жоқ па екен? — деп Балташ Тыпаңа қарады.
— Бүгін жоқ қой... Өзі де бір шатынап тұрған нағызы білем, — деп, бөтелкеге қылмаңдады.
Бұлар солайша сөйлесіп жатқанда, Ықаңның екі көзі бөтелкені ішіп-жеп бара жатыр еді. Ықаң арақ татпағалы қашан. Мынау — бір дәулет қой! Әттең дүние, не бір тиер ме еді!?.. Жұрт олай-бұлай десіп, арақтың градусын санап, қипақтап отырғанына Ықаң шыдай алмады: алдында тұрған стақанды ұсынып:
— Бұ жарықтықты әуре қылмай құйшы, қарағым! — деді. Жұрт ду күлді. Манадан бері сыпайысып отырған Ақбала да:
— Ақсақал айтты ғой, құй енді! — деді. Төлеген жымыңдап:
— Жөні со ғой! — деп даяр тұрған суды қосып, стақандарға құя бастады. Балташ жан-жағына алақтап, Бекболатқа:
— Әне бір әйнектің шымылдығын түсіріп жіберші, — деді. Қонақтар стакандарын көтеріп:
— Кәне, мұны кімнің құрметіне ішеміз? — дегенде, мұндайда көсемсіп отыратын Тыпаң жыбырлап, Ақбалаға қарап:
— Жаңа келген қонақтың құрметіне ішу керек шығар, — деді.
Ақбала жұлып алғандай:
— Ол жарамайды. Басқа бірдеңе үшін... Әлеуметтік маңызы бар жұмыс үшін демесендер... — деп өзінің әлеуметшіл екенін, өзін көтермелегенді қаламайтынын білдірді.
Со кезде Балташ ұшып түрегеліп, стақанды көтеріп:
— Жасасын Совет өкіметі! — деп әркімнің стақанына бір шағылыстырды.
— Жасасын! — деп бәрі де шу ете түсті. Жалғыз-ақ Ықаң, Тыпандардың көз құйрықтары ұшырасып қалғаны болмаса, "жасасын" деген дауыстың кемдігі болған жоқ. Қайта Тыпаңның "жасасыны" басым шықты.
Екінші көтерісте — большевикті, үшіншіде — қазақ автономиясын, одан кейін — жаңа қонақты, ең аяғы үй иесін де жасатқызып, арақ бірте-бірте ішіле берді. Тек Бекболат бұл көтеріске қосыла алмай, көзі бажырайып, шанышқымен әлек боп отырды.
Бір бөтелке спирт бір жарым бөтелке арақ болды. Арақ ішілген сайын, күлкі көбейіп, мәжіліс қызуға айналды. Ақбала губерния жұмысын үш есе арттыра мақтап, өздері тындырып жатқан болды. Манадан бері салқындау отырған Доға мен Балташтар да Тыпаң мен Жорғабектердің қалжыңына құлақ қойып, кейде олармен бірге күлісіп те жіберді. Ықаң көбінесе араққа дәндеді. Ет жағына келгенде Доға мен Тыпаң битін салды. Манағыдай емес, қонақтар қызарып-қызып сөйлегенде бірін-бірі тізеге салып қалып, бірінің иығына бірі асылып, көздері кішірейіп, стақанды кейбірі түсіріп алып, шылымдар да қалай болса солай үстелде жатып қалатын күйге ұшырады. Орысшаласу, түтін салысу, күлісу... мидай араласты. Тамақтан кейін қонақтар төргі үйге кетті. Бұлардың сөзі де, өзі де Бекболатқа түсініксіз көріне бастады. Бұларды басқа дүниенің адамдарындай, өзі мен олардың арасын жер мен көктей көріп, оқымағанның кемдігін Бекболат сонда бір қатты сезді.
"Бұлар да өзіміздей жігіттер-ау! Оқысақ біз де осылардай боламыз-ау!" деп азырақ күндегендей боп отырды. Әйтсе де өзін елемегеніне қорланып, намысы келді. Оларды да кемітпек болды. Түтін бұрқыратып шылым тартқаны, арақ ішкені, қағаз шимайлағаны, орысшаласқаны болмаса, бұлардың өмірінде не қызық бар? Тар үй, тар көшеде, анау ұлан байтақ даланы, асқар Алатауды, жасыл орманды, ит жүгіртіп, құс салғанды көрмей неғып шыдап жүрді екен?! Неғып бойы жазылады екен? Япырау, бұлар мүлде осыған үйреніп алған-ау! Әке-шешесін, ел-жұртын бұлар да ойлай ма екен? Бұлар да бізге ұсап Ақбілек сынды қызды жақсы көре ме екен" деген ойлармен ауыз үйде отырып қалды.
Мәтүшке келіп, орындықтарды қозғап, үстелдегі ыдыс-саймандарды жия бастады. Бекболат мәтүшкеге оралғы бола берген соң, тысқа шығып, қолын жуып бой жазды. Өйткені шылымның түтінімен басы зеңіп қалған екен.
Есік алдындағы тепкішекте Бекболат бір қыдыру отырып қалды. Ауруханада ағып тұрған Жылтырдың сөзіне басы даң болып, Бекболат тезірек елге кетсем екен деп бір ойлап еді. Енді мынау өңшең орысша сөйлескен, шылым тартқан, арақ ішкен, пысық, бықысқан қазақ әкімдерін көрген соң, тағы да елі есіне түсті. Тағы да елге қайтқысы келді. "Бұлардың ішінде елеусіз бөтен кісі боп отырғанша, мен де өзімді ұғатын, өзіммен қалжыңдасып, өзімді қадірлейтін жолдастарымды көрсем екен деп ойлады. Ауылдан кісі қатынасатын кезі болса керек еді. Не ғып келмей жатыр? Әкей де сөзбен әулігіп кеткен бір түрлі заңбас адам ғой! Мені керек қылмағаны ма" деп, ішінен әкесіне ренжіді.
Бекболат ауыз үйге кіргенде, төргі үйдегі "төрелер" қызу-қызу айтысып жатыр еді. Бір мезетте Бекболаттың құлағы "Матайдың Әбені", "Мұкаш" деген сөздерді шалып қалды. Мұқаш — кәдімгі Ақбілекті шығарып беретін Мұқаш. Әбен — мұның әкесімен араз боп жүрген Әбен. Екеуі де Бекболатқа керекті кісілер ғой. Бекболат ептеп кіріп, босаға жақтағы бос орындыққа отырып, әңгімеге құлағын тікті.
Сөйлеп тұрған Балташ екен. Үстелде жаюлы жатқан бір қағазды алақанының сыртымен соғып қалып:
— Бұл арыздағы сөздің бәрі рас... Бай неліктен бай болады дейсің? Елді жеумен, нашардың қанын сорумен, солардың еңбегімен бай болады. Матайдың Әбені, меніңше, елді құртқан, барып тұрған сболыш кісі, ең зиянды элемент. Меніңше оның көзін жою керек. Мұқаштың үстінен мына материалды бергізіп отырған да сол сболыш!.. Рас, Мұқашты да мен тап-таза жігіт деп айта алмаймын. Елге зияны тиген де шығар, бірақ оның зияны байға тиді. Ол нағыз — коммунист, идейный коммунист. "Цель оправдывает средство" — деп орысшалап барып, кроватьқа отырады.
— Жолдастар, маған кішкене сөз беріңізші, — деп бір көзін қысып, Доға қолын шошайтты.
Ақбала тұмсығын көтеріп, Доғаның бетіне қарады да:
— Е, айта бер, — деді.
— Айтқанда былай, — деп Доға бір қолымен мықынын таянып, мардымды кісімсіп сөз бастады, — Матайдың Әбені бай екені рас, болыс болғаны да рас. Значить, ол елге беделсіз емес, беделі бар. Бірақ құр бай екен деп, байдың бәрін бір күнде жоқ қылуға бола ма? Болмайды ғой. Значить, мынау арыздағы сөздің көбі бекер... бекер. Мұны жазып отырған белгілі атчаянный Тақырдың Жылтыры, Жылтыры. Оның қазір қылмысы мойнына түсіп, арыстабайт етіліп отыр, етіліп отыр. Значить, бұл арызды қолданып іс қылуға болмайды, болмайды... Ал Мұқаш болатын болса, о да тонын партияға айналдырып жамылып жүрген бір қу, бір қу...
Значить, оның ойы — болыс болу, болыс болу... Осы күні партияға ұры-қарылар да кіріп кетіп отыр. Жаман ауыл ячейкесіне жеті ұры жазылғаны кеше секцияда мәлім боп отыр, мәлім боп отыр... Значить, Мұқаш сияқты жігіттерді таза коммунист деуге болмайды, болмайды. Оның қылмағаны жоқ: елді ақтарға шапқызған, талатқан, қыз, қатындарын бастырған, бастырған, шығарып берген... — деген кезде Төлегенге бір қарап қойды. Төлеген қызарып төмен қарады. Бекболат та жерге қарап кетті, — Иә, значить, оның материалы, міне, қолда отыр. Значить, ол материалды тексермей, оны қызметке сайлауға болмайды, болмайды... — деп Доға көбінесе қолымен, басымен сөйлеп барып сөзін бітірді.
Ол бітірген кезде "маған, маған..." — деп Балташ та, Тыпаң да көтеріліп, қозғалып қалды. Ақбала:
— Ана кісі айтсын, — деп Тыпаңды нұсқады. Доғаның Мұқашты жамандағаны Бекболатқа ұнаса да, Матайдың Әбенін жақтай сөйлегені ұнамады: "Мына кісі не дер екен" — деп Тыпаңның аузына қарай қалды.
— Ау, жігіттер, жолдастар! Бұл жұмысқа қызуламай қазақшалап қарайықшы... Жастар, жолдастар, сеңдер коммунист болсаңдар да, қазақсыңдар ғой. Қазаққа бәріміз де қызмет етеміз деп жүрміз... Қашаннан бері етіп те жүрміз... Сендерден гөрі бір көйлекті бұрын тоздырдық қой, қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек, мақтанған болар ма екеміз, — деп, "осы сөзім қалай шығып кетті?" дегендей Тыпаң бәрінің бетіне жағалай бір қарап қалды.
"Қазаққа қандай қызмет қылғаныңды білеміз" дегендей Балташ тыржиып, теріс қарады. Жорғабек "мынау бүлдірді-ау!" дегендей біресе Ақбалаға, біресе Тыпаңға қарап, қабағын түйді. Доға "айта бер!" — дегендей бас изеді. Ықаң шылымын орап, өзімен-өзі болып, жем шоқитын құс тұмсықтанып, үстелге төніп қарап, оттықты шыр көбелек айналдыра берді. Балташтың жаратпай отырғанын Тыпаң да байқады:
— Әншейін тек үлкендік... ағалық жөнінен неткеніміз болмаса, біз қатысатын да сөз емес еді, — деп манағыдай емес, жасып қалды.
Тыпаңның мұнысын естіген соң Ақбала:
— Жоқ, жоқ, айта беріңіз. Сіздің пікіріңіз де керек. Ел жайына сіздер қанық екендеріңіз рас, — деп қуат берді. Оныкі де қулық еді. Қулық екенін Тыпаң да түсінсе де, қызып алған кісі — ер келеді ғой, "қашанғы қорғалай береміз" дегендей, сөзін тағы бастады, манағы "қазақпыз ғой" деген сөзден енді қашайын деді.
— Сөздің шынына келейікші, — деп тамағын бір кенеп алды: — Бұл шатақ жұмыс. Сартау елі қып-қызыл партия... Партиялықпен екі жағы да арызды жаудырып жатыр. Пәле салу, өтірік шағым дегеніңіз құдай сақтасын... Айтпақшы "құдай" деген сөзді не қылмаңыздаршы, сөздің аялғысы ғой... — деп тағы бір сасқалақтап қалды. — Өзге толып жатқан қағазды қояйын, мысал үшін жақында ғана болған мына бір оқиғаны айтайын... — деп, әнеугі пошта талату туралы Жылтырдың айтқан хабарын сөйледі. Соны сөйлеп болып: — Міне, осының қайсысына сенуге болады? Қазақтың өтірігіне, жаласына адамның көзі жетпейді... — деп бір қойды. Жалпы қазақтың кемшілік мінездерін бұлдыратып суреттеп келіп, аяқ кезінде сөзінің бетін Әбен жаққа бұрды. Әбен газет-журнал оқитын көзі ашық адам екенін, мектеп ашып, бала оқытып жатқанын, елдің кедейлеріне кәсіп тауып беретінін, үй тұрмысын, шаруасын мәдениетті елдің қалпына түсіріп, елге үлгі болып тұрғанын, қазақ оқығандарына жәрдем беретінін, қашқан ақтардың шашыранды отрядтарын қырып, қазақты жауынгерлікке үйреткенін, елін шабыншылықтан қорғап қалғанын, игілік іске, алдымен халыққа басшы болатындығын, бір дуан елге беделі барлығын, онымен жауласса, ел бүлініп, көтеріліс боп кететінін — бәрін де сыпайы, майда тілмен айтып келіп, сөзін тоқтатты.
Тыпаңның сөзі недәуір әсерлі болғаны ғой, Балташ жүген көрмеген бас асау жылқыша басын жұлқып тастап, қабағын түйіп, сөз сұрап, өршіп отыра алмады. Доға "ақтан тигіздің, жарайсың, сабазым!" деген кісіше, масайрап, қыли көзін ашып-жұма берді. Балташ жұлқынса да Ақбала үлкен жерден келгендігін, тәртібін көрсеткелі сөзді Жорғабекке берді.
Жорғабек жорғалап алды да кетті. Ол Балташтың сөзін де теріс деген жоқ, Доғанікін да кеміткен жоқ, Тыпаңның кейбір сөзін де дұрысқа шығарды. Бұл әңгімені пәлендей үлкейткен де жоқ, қазақ арасының қашаннан келе жатқан шатағы, оған бола артық айтудың да қажеті жоқ, келешекте ел болуында, ел болуы үшін алдымен оқу керек, дұрыс сот керек, анау керек, мынау керек, оның бәрін істейтін қазақтың ендігі жастары, жастарда өзара бірлік болуы керек, ақылдасып іс қылу керек, бар үміт жастарда... деп жастарды мадақтай, бірлікке шақыра, дәнекер бола сөйледі. Қалайда Жорғабектің сөзінен белгілі бір қорытынды шығару қиын болды.
Бұл айтысты есітіп отырған Бекболаттың кімдікі дұрыс, кімдікі теріс екеніне ақылы жете алмады. Әйтеуір Мұқашты жамандағанды тәуір көре берді. Одан өзгесін артық керек қылмады.
Бұл қалай болды? Бір жағы Әбенді өлгенше жамандап, Мұқашты мақтады. Енді бір жағы Әбенді көтермелеп, Мұқашты іске алғысыз қып шығарды. Бұлардың бір ауыз бола алмаған себебі не? Ол себеп ашылмады ғой. Ашылмайтын жөні бар. "Қайсы?" десеңіз, ол мынау:
Балташ — уездің бастығы. Оның руы, атасы басқа, басқа уездің жігіті. Бұл елдің жайына жетік емес. Бірақ Балташ кедейдің баласы, қолынан келсе, өзі де кедейшіл болғысы келеді.
Ол мына Доғаларды, Төлегендерді жаратпайды, ел жүмысына араласқан, былғанған деп есептейді. Балташ жоқта Доға мен Тыпаң Сартаудың болысын түсіріп, әбеншіл біреуді қойған. Балташ келген соң оған ренжіп, үлкен кемесерлігін қылып, ол елге Күреңбай етікшіні болыс қойып жіберген. Күреңбай содан бері Балташтың кісісі болып, осы қаладағы бір тәуір келіншекпен тамыр қылған. Онымен де тұрмай, Күреңбай Балташқа пальто қылатын күзен жиып берген. Балташ ақша беріп сатып алса да, сол күзеннен өзі қауіптеніп жүретін. Күреңбаймен ымы-жымы бірігіп, Әбенді жамандаған сөздерін көп естіген. Оның Әбенді оңдырмай отырған мәні сол.
Ал Доға ше? Доға да шет жердің адамы, қаладағы жатақтың баласы. Бірақ Доғаның нағашылары Әбен руынан болатын. Доға Сартау еліне сайлануға шыққанда, Әбен оны "жиен" деп, қолын сүйіп күткен, көк жорғасының майын берген. Ол ол ма? Доға дүниені де теріс көрмейтін жігіт қой; қалтасына жүмсақ қағаз да салынған. О да аз ғой. Доғаның ойында бір сұлу қыз алу да бар еді. Сол кыздың реті Әбен жақтан келе ме деп дәмеленуші еді. Неліктен оның сұлу қызға құмар боп жүргенін кейін естірсіз. Әзір түсін ашпай түра түрайық.
Тыпаң ше? Ой, Тыпаңның өткен замандағы істерін санап бітіре алмаспыз. Тыпаң о баста Әбеннің тілмәші еді ғой. Кейін Меруайда тілмәш болып, бағы көтерілген ғой. Тыпаңның руы да сол ел, алып отырған қатыны да сол елдің қызы. Әбен тірі түрғанда, Тыпаңа не дарыр дейсіз? Қаза беріп не қылайык, осы да жетер.
Ал Жорғабекке жол болсын? Бұ кісі оқуды кешірек бітіріп, әлеумет жұмысына жаңа араласқан. Бұл озі бір атақты болыстың баласы. Гимназияда оқып жүргенде-ақ зирек, пысық, шешен бала болған. Содан әлі пысық, бірақ Колчак заманында корнекті орында кызмет етіп, козге түсіп қалып, қызыл келген кезде елде қашып жүруші еді. Қызметке қазақ оқығандары керек болып, өткен істерге кешірім жарияланғаннан бері Жорғабек жақында келіп, жер бөліміне кіріп еді. Онын бар мақсаты: жастарды еппен ұстап, беделін, ықпалын жүргізіп, айтқанын істету еді. Қаза берсек, түпкі ойы — бір үлкен орын еді. Ол ойы жүрегінің түпкірінде сары майдай сақталып жатушы еді. Сыртқы түрінде ептілік, шешендік, әлеуметшілдік, ісшілдік, бүтіншілдіктен баска оғаш мінез білінбеуші еді. Әркімнің бетіне қарай құбылып, өз пікірін әсте сездірмеуші еді. Ол кәрімен де, жаспен де, коммунистпен де, емеспен де жанасып кетер еді. Онда орыс та, қас та болмаушы еді. Сыртынан жамандап жүрген адамымен жолыққанда жақсы сөйлесіп кетер еді. Өзінше қумын, жүрттың бәрін алдап жүрмін деп ойлар еді. Төлегеннен гөрі бұл өтімді, тартымды, білімді, беделді, алғыр еді. Бір көрген, бір сөйлескен кісіні тез ұйытып ертіп әкетер еді. Топта сөйлесе, "Жорғабек — жігіт!" дегізер еді.
Жорғабек сөзін бітірген кезде манадан бері зорға шыдап отырған Ықаң Төлегеннен рүқсат сүрап, үйіне қайт-ты. Өйткені Ықаңа бүл айтыстар түсініксіз, жат нәрсе еді. Ықаң қашаннан орыс ішінде жүріп, елден қол үзіп, алыстап кеткен кісі еді, елдің дау-шары о кісінің миына бармаушы еді, ел сөзінен гөрі о кісіге бір рюмка арақ қадірлі еді. Және манағы арақтан жүрегі қобалжиын деді ме, әлде үйдегі кемпірі тықыртар деп қорықты ма, әйтеуір Ықаңа тысқа шығу керек болып еді.
Төлеген түк сөйлеген жоқ. Несіне бой көрсетсін? Доға мен Тыпаңнан калатын сөз бар ма? Оның сенгені де солар ғой.
Манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған Ақбала енді өзі сөйлеуге оңтайланды. Ақбала төңкеріс болғалы топ алдында сөз сөйлеп, көсемдік қылып, ауызға ілініп жүрген жастардың бірі еді. Ол газет-журналда сөз жазатын, баяндаманы да жақсы істейтін, жүртқа "ой, пәле-ай!" дегізгенді сүйетін жігіт еді. Кейінгі жастардың арасында беделі де бар еді. Коммунист партиясына алдыңғы қатарда кіріп, казақ жастарының партияға кіруіне де себепкер болып, шынымен коммунист болам деп жүрген пікірлі, білімді жігіт еді.
Ол бір жерде сарылып қызмет қылудан да жүргенді, сөйлегенді, думанды, топты тәуір көруші еді. Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап отырса, сонда оның жаны кіріп, жымың-жымың етер еді.
Ол съездің қаулысын, жаңа шыққан кітаптарды көп оқушы еді. Әсіресе Ленин, Троцкий, Бухарин, Сталин секілді атақты адамдардың съездердегі айтысқан сездерін қызығып оқып, кейбір әдемі жерлерін, әдемі создерін жаттап алушы еді, жаттап алмағанда да, солардың сөз сөйлеу оңтайын құлшынып оқығандықтан жадында қалушы еді. Білгіш адамдардың пікірін кейде өз пікірі кылып сөйлеп жіберетін де жерлері болушы еді. Естіген сөзін, хабарын ішіне сыйғызып тұра алмай, айтып салғанды тәуір көріп түрушы еді. Әсіресе өткен жиылыстарда оның не айтқанын, өзінің не дегенін қайта айтып беруге шебер еді.
Бірақ сонысына қарағанда, жеңілтек, ұшқалақ емес, жүріс-түрысы, бойы сабырлы, айтыс-тартысқа шыдамды табанды жігіт еді. Өзінің біліміне, өнеріне, шешендігіне өзі сенуші еді. Өзі жеңіліп, жығылып қалған жерлерде де көңілі көп жабыркамаушы еді, өзінше басқа план, басқа шара қарастырып, бір жұбаныш тауып алушы еді, келешектен үміті зор еді.
Ол казаққа шын пейілмен кызмет етпекші еді, бірақ көп нәрсені қиял қылушы еді. Кейде сондай бір қиялмен алданып жүріп, тұрмысқа жанаспайтын істерді де істемек болушы еді. Өз ойын, ез мақсатын жарыққа шығару үшін өмір иесі өзі болғанды қалаушы еді. Уезге келгендегі бір мақсаты да: жастарды өз соңынан ертіп, өзін бір танытып кету еді.
Уездегі қызметкерлердей ел жұмысына араласып, артық былықпаған, параға, беделге сатылудан аман, нағыз әлеумет қызметкері, нағыз майталман болуға өзін арнаған азамат еді.
Сондықтан Ақбала манадан бері айтылып жатқан сөздерге үлкен мән берді. Ол мән — осы Сартау елінің жұмысы жайлансын деген мән емес, үйездегі азаматтар арасындағы алалық жойылсын деген де мен емес, бірінікін мақұлдап, бірінікін теріске шығарып, бірін-біріне жығып берем деген де мән емес, сол айтыстан шығарып бір іргелі мәселені қозғап, енді өзіме қорытынды туғызуға болды деген мән еді. Ақбаланың бір жақсы жері: сөзді қазақша да, орысша да таза сөйлеуші еді. Ол қазақша сөйледі, Бекболатқа ұғымды болды.
— Иә, жолдастар! Мен енді өз пікірімді айтайын,— деп мұрнын орамалмен сүртіп, төмен қарап отырып сөз бастады.— Мәселе болыс, үйез масштабындағы мәселе болса да, жалпы қазақстандық мәселені қозғауға себеп болып отыр,— деп, кеудесін көтеріп, сұқ қолымен бас бармағын уқалап, басын әнтек шалқитып, қарсы алдында отырған Тыпаңның қарнына қадала қарады:
— Біз төңкеріске дайындалған ел емеспіз. Төңкеріс бізге кектен түсті. Біз орыс пролетариаты, орыс большевиктері қан төгіп алып берген даяр олжаға ортақ боп отырмыз,— деп бір нығыздап қойды. Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып, иі қанғандай ескі сөз болса да, Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты.
— Иә, өкімет жалшыныкі, кедейдікі. Жалшылар табы байлар табын жеңіп қашаннан иемденіп жүрген жер-суын, фабрик-заводын, мал-мүлкін астынан аударып алып отыр... Иә, иә, орыста тап күресі басталғалы жүздеп жылдар өтті. Бізде тап тартысы әлі басталған жок. Ол неліктен? Әлде бізде бай, кедей, жеуші, жегізуші жоқ па? Әлде біздің елімізде қой үстінде бозторғай жүмыртқалап тұр ма? Жоқ, жолдастар! Жеу, қанау, жаншу, зорлық, қиянат деген нәрселерден бізде көз тұнжырайды. Бірақ өкімет байлардікі, күштілердікі болғандықтан жылауқордың көз жасы көрілмей, тілегі берілмеді. Іштен тынып, қапа боп, итшілеп күнелте берді... Иә, иә... бай тегіннен-тегін бай болмайды. Елдің байлығын, қанын сорып, малайдың еңбегін жеп бай болады. Бүл талассыз шындық. Әлгі Әбендердің бай болу себебі сол. Оған дау жоқ. Иә, иә... бізде кедейлер табы деген тап болып, байларға, жауыздар-ға қарсы түра алмауы қалай? Олар да жан емес пе? Өз пайдасын, өлерін білмегені ме? Міне, бұған түрлі себеп бар. Бізде жалшылар, кедейлер бас қосарлық, үйымдасарлық, мұң-мұқтажын сөйлесерлік фабрик-заводтар сияқты ордалы дүкендер болмады. Езілген, жаншылған кедейдің басы бірікпей, әр төбенің түбінде бытырап жүрді. Шын мәнісінде бізде пролетариат болған жоқ, болса да олар әлі аз, енді бізден жалшылар шықпақ, өйткені фабрик-завод кәсібі бізге де орнамақ. Кен жұмыскерлері бізде бұрын да бар ғой... Иә, иә... біздің кедейлеріміз, жалшыларымыз ақтан қараны айыра алмайтын, көзі соқыр болды... Иә, онысын бізде ру таласы деген пәле бар. Ру басы ақсақал, атқа мінерлер өз пайдасына бола ру-рудың кедейлерін жауластырып, кедейді шоқпар қылды...
Иә, енді, міне, кедейдің өкіметі келіп отыр. Кедейді сүйе, кедейге теңдік әпер, кедейдің көзін аш, шаруасын түзет деп отыр. Кедейді сүйеу бізге керек пе? Керек. Тап жігін, тап тартысын ашуымыз керек пе? Керек. Қалай ашамыз? Қандай шаралар қолданамыз? Міне, мәселе осында,— деп қалтасынан шылым алып тұтатып, бір сорды да, сөзін тағы қозғады. Тыңдаушылар "тап тартысын қалай ашар екен?" дегендей, еңселерін сала қүлақ қойды:
— Бұл мәселе туралы губернияда екі түрлі ағым бар...
Жазаласа үш түрлі ағым бар деуге де болады. Бірақ мен үшінші ағымды ағым екен дегім келмейді. Өйткені олар бізде тап жоқ, тап тартысы деген орысқа еліктегендік. Бұл болмайтын әңгіме деседі,— деген кезде Жорғабекке көзінің қырын бір жіберіп қойды. Жорғабек "маған айтып отырсың ғой" дегендей, артынан мықтайтын кісіше көзін бір қысып қойды.
— Біздер, қазақтың коммунистері, ол пікірді қолдай алмаймыз... Біз төңкеріс жолына түсуіміз керек... Иә, сонымен екі ағым бар.
Бірінші ағымның айтатыны: қазаққа төңкеріс жасау керек, байдың жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына дейін кедейлерге тартып әперу керек, пышақ үстінен бөліп беру керек. Бай, кедей деген айырманы жойып, қолма-қол теңгеру керек. Әйтпесе бай қолында малы тұрғанда, жері-суы тұрғанда, өмірі кедейге теңдік бермейді деседі. Бүл ағымды бастаушы кейбір орыс жолдастар, оларға қосылатын біздің Жақсылық етікші тәрізді каланың да кедейлері және кейбір шолақ ойлы жолдастар...— деді. Соңғы сөздерінен Ақбаланың өзі бұл ағымға қарсы екені көрініп қалды. Өзіне қарсы кісілердің пікірін шолтитып; оңдырмай сөйлейтін, өз пікірін дәлелдеп, нығайта сөйлейтін айтысушылардың әдеті ғой. Ақбала да осы жолды тұтынып, анау ағымдарды кеміте сөйледі.
— Ал екінші ағым айтады: ондай төңкерістен мән шықпайды, онымен кедей теңелмейді дейді. Бұлардың дәлелі...— деп, көп сөздермен дәлелдерін санап, түсіндіріп өтті. Ол дәлелдері: осы күнде байдың малын тала десе, бұзақылар талап кететіні, кедейлер байлардың малын пайдаға асыра алмай, жау малыңдай ішіп-жеп қоюы, сөйтіп, жалпы мемлекеттің байлығы кемуі, сол кездегі дерт, жұт, ашаршылық, соғыс елдің шаруасын күйзелтуі, байды кедей қыламыз деп жүріп, кедейді бай қып алу қаупі, кедей оңай олжаға қызығып кетуі, еңбекке үйренбеуі, социализм, коммунизм жолына қайшылығы, кедей ақыл-ой, сана-саңылау жағынан теңелмей түрып, жалаң малмен теңеле алмайтыны... Тағы сондай көп сөздерді айтып келіп:— Кедейді оқытып, көзін ашу керек, ұйымдастыру керек, әкімшілік, сот кедейдің қолында болу керек, кооператив, артель ашып беру керек, кедейді отырықшы қылу керек, кәсіпке үйрету керек!— деп бір тоқтап, сеніп қалған шылымын тұтатып алды. Содан кейін:
— Бай, кедей, тап мәселесіне бізде осындай негізгі көзқарас болу керек. Әбен жалғыз емес, Әбендер көп. Олармен біз алысуымыз керек, мүмкін ұзақ алысармыз. Өйткені оларда амал-айла көп. Олар тесік таба біледі. Олардың агенті уез түгілі губерниялық жерде, кіндікте жоқ емесін қайдан білеміз? Алдымен жуандардың ықпалынан, рушылдықтан қазақ азаматтары, өздеріміз тазаруымыз керек. Өзіміз тазармасақ, еш нәрсе жасауға болмайды,— деп сөзін тоқтатты.
Ақбаланың сөзі күшті шықты. Күшті шықса да, бұл тыңдаушыларға үнамады. Алдымен "тап тартысын ашу керек" деген сөзі Жорғабек пен Тыпаңа ұнамады. Өйткені бұл екеуі әлгі кекетіп өткен үшінші ағымның адамдары еді. Бүлар қазақтың жауырын жаба тоқып, ел қылушылар еді. "Байдың жер-суын, малын тартып әперу керек емес" дегені Балташқа ұнамады. Өйткені Балташ шыны-мен кедейшіл жігіт еді. Бірақ Балташ айтысуды ойланса да, айтыспады. Өйткені манағы екі-үш рет сөз бермей, тоқтатып қойғанды ол кек қып отыр еді, оның үстіне "бірінші ағымдағы шолақ ойлы жастар" деген сөзі де бұған жайсыз келді. "Айтыса қалсам, мені де шолақ ойлы" деп санай ма деп қауіп қылды. "Өзіміз тазаруымыз керек" деген сөз де бізге тигелі айтылды ғой деп ұқты. Айтысуға өзі тығылып қалған кісі, толық дәлелдері де болмады. Балташтың білімі де Ақбаладан гөрі кем еді. Бүл жиылыстағы білімі тәуірлеу, кітапты көп қарастырғаны Жорғабек еді. Жорғабек бірнеше сұрау берді:
1) Саясат пен тап тартысын ашуға бола ма?
2) Өнерсіз жұртта социализм орнатуға бола ма?
3) Тарихта ондай тәжірибе болған ба? Маркс айтқан ба? 4) Біз (қазақ) капитал дәуірін аттап өтеміз бе?
5) Қазақтың келешегіне қалай қарайсыңдар?
6) Орысқа тұтынған жол қазаққа да жарай ма?
7) Жер жүзінде төңкеріс болмай түрып, бір жүртта социалзм орнай ма? 8) Тапшылдық туралы қазақтың өткенінде қандай негіз бар деген сияқты.
Жорғабектің сұрауларын Ақбала ішінен үнатқан жоқ. Көзінің қырымен қарап, қасын анда-санда көтеріп қойып, тыңдап өтті, бірақ сыртына сыр бергісі келмей:
— Сіздің бүл сұрауларыңыздың ішінде тереңірегі де бар көрінді. Мен бұларға қазір жауап беруіме де болады. Бірақ бүл арада жауап беруді артық көрем, өйткені бір жағынан, өзіміз ішкен, қызыңқырап алған кісіміз; екінші: мен Маркстен, Лениннен дәлел әкелуге қазір мүмкін де емес. Бүл мәселелерді біз тереңірек қарауымыз керек. Әйтсе де былайша айта кетуге болады.
Тегінде, біз орыс еңбекшілерінен бөлек ешбір жол таба алмаймыз. Біз солардың соңынан еріп, солармен қол ұстасып, тендікке жетеміз. Қазақтың өз алдына саясаты да, тарихы да бола алмайды. Сондықтан орыстан бөлініп іс қыламыз деп ойлаудың, терең мәселелерді тексерудің бізге бүл күнде пәлендей қажеті де жоқ. Біз практический жүмысты ойлауымыз керек. Мұжық арасында тап тартысын жүргізу мүмкін болса, қазақта да мүмкін: екеуінің кәсіп жөнінен пәлендей айырмасы жоқ. Мұжықтың пікірі, ой-өрісі, білімі қазақтан мәзкар озып кеткен жоқ. Біздің айырмамыз ру-шылдықта... Міне, бұ жағына біз көңіл бөлуіміз керек...— деген секілді бірталай үзын сонар жалпы сөздерді сөйлеп келіп, аяқ кезінде:— Сіз Марксті оқыған көрінесіз ғой, не ғып төңкерісшіл болмағансыз?— деп өтірік күлген болды.
— Біздің төңкерісшіл емес екенімізді қайдан білесіздер?— деп Жорғабек те күлген болды.
Соңғы Жорғабектің сұраулары, Ақбаланың жауаптары Бекболатқа құран сөзіндей түсініксіз болды. Бастапқы сөздерді де Бекболат әрең тыңдап отыр еді. Өйткені ол сөздердің ішінде Әбен, Мұқаштар бар еді. Сондықтан Бекболат "осылай деңдер" деген кісіше:
— Ым-ым!— деп орнынан түрды.
Тегінде, құсбегілер, аңшылар өз сөзінен басқаға топастау келеді ғой. Бекболат та осы жолы өзінің топастығын байқайын деді; қай жерде, қай дүниеде отырғанын өзі де білмеді. Сөз көбейген сайын басы қатып бара жатқан соң, тысқа жөнелді.
* * *
Тұңғыш көбік қар. Тынық қатқақ. Әуе шыныдай, аттың ізі баданадай. Қаладан шыға беріс тепсенде шерттіре аяндаған екі атты. Бергінің мінгені — екі таңасқан, ешкі бас, құлан сан тобылғы торы. Әсем басады, қарды уыстап лақтырады. Өйт шіркін! Шерттір! Шерттір! Құйысқан — қысқа, ер — ықшам, үзенгі — аяқтың ұшында. Такым жабысқан. Сұр күпілі ақ қүба жігіт қамшыны сипай түседі. Арғының астындағы — жадағай жирен. Жарау, бірақ торының аяңына ілесе алмай, бүлкіл қағады. Жігіт пәс. Киімі көне.
Желдей ескен аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең, білесің: ат үсті адамды аруақтандырады, көңілді көкке серпеді, аузыңмен құс тістейсің!
Торылы қамшыны екі бүктеп, анау тауды нүсқады.
— Уай, шіркін-ай! Деген қансонар екен! Әттеген-ай!— деп саптамасын сарт еткізді. Жолдасы:
— Несін айтасың,— деді.
— Бүркітті қайырғалы қанша болды?
— Жаңада, бір-ақ жүма...
— Бүгін шықпаған соң не керек!
— Сонар болмаушы ма еді?
— Құсты ұмытып кеткенсіңдер ғой...
Мұны айтып келе жатқан Бекболат қой. Хабар кеш тиіп, Ақберген ат әкелгенше сол болыпты. Ертеңгі шайдан кейін елге тартқан беті еді. Дәл жүрер күні қар жауып, қан сонар болып қалар ма!
Бекболатта бір бүркіт, бір қаршыға барды. Құстарын көрмегелі ай боп қалды. "Мал-жан аман ба?" дан кейінгі сөзінің көбі құстары болған. Ақберген құстарға жем іздеп, қоян атуға кеткенде, томағасы түсіп қалған бүркіт күшікке талпыньш, екі шалғысьш қиратып алған екен. Кешеден бергі "әттеген-ай!"— бәрі сол шалғыньң өкініші еді. Ол екі шалғыны жамап алуға да болады ғой. Сонда да Бекболат биыл бүркітін баптап түлетіп, қанат, құйрығын иір сымдай қып алдым ғой деп жүрген жылы еді. Бекболат құсына ренжігенде, Ақберген:
— Біз өзіңізді уайым қып жүрсек... Тәйірі, қолдан келетін нәрсе ғой,— деп жұбата беретін.
Ақберген — Бекболаттың жан жолдасы. Бала жасынан бірге өскен. Қашаннан бергі қоңсысы, жанынан екі елі қалмайтын серігі.
Ақбергенде кәрі шеше, екі сиыр, бір қатын, бір ат, содан басқа мал-жан жоқ. Оразасын өз үйінде ашқан, қысы-жазы үйде түрған жан емес. Ол әрі құсбегі, әрі мерген, әрі әнші, әрі жақсы жолдас. Бекболаттың әкеден де, туысқаннан да артық сенетін адамы — Ақберген. Өйткені ол білмейтін сыр жоқ. Балалық, жастық, аңшылық, жел бастық, аштық тоқтық, ойын-күлкі — екеуінің бірге тарт-қан тауқыметі. Бірге күйінген, бірге сүйінген.
Бес арқан бойы түйсіз құздардан Бекболат үшін Ақберген түлкінің күшігін алған. Аяғын әнтек жазатайым салса, ажал аузын ашып түрған тік жартастың бетімен шыбынша өрмелеп барып, бүркіттің балапандарын әкелген. Бүркіт қашқан қаралы күндерде үш күн, үш түн дым сызбай тау-тас кезіп, үңгірге түнеген. Сақырлаған сары аяздарда бүркітті жауратпаймын деп, ішкі тонына баласындай бөлеген. Әккі түлкіге бүркіттің аяғын шайнатпаймын деп өлерін білмей шауып, қия тастан ат-матымен домалап, бұғанасын қиратқан. Асау құсты үйретем деп арпалысып, қолына әлденеше сүңгі сұқтырған. Жастықтың талай кезеңінен асқанда үнсізде тіл болған, жолсызда жол тапқан, қасқыр боп торыған, мысық боп жорғалаған, ит боп ірге тырналаған, қазық боп ат ұстаған. Мұнан артық еңбекті, туған ана болмаса, кім сіңірер?
Онысына қарай Ақбергеннің аты да, асы да, киімі де Бекболаттан болатын. Қатын әперуге де Бекболат себеп болған. Бекболат үйленіп, бөлек отау тіксе, өз алдына саба орнатса, Ақберген қара лашығын жанына қондырса, Бекболаттың отауын емін-еркін билесе — міне, Ақбергеннің ендігі арманы.
Дүниеде дос деген болса, сондай шын дос Бекболат пен Ақберген еді. Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, әуесі — аңшылық еді; екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін "екі әуейі" деуші еді. Алайда екеуінің жаратылысы екі басқа еді.
Ақберген Бекболаттан гөрі қажырлырақ, шьдамдырақ, айлакерірек, киысырақ, кекшілірек еді. Бекболат одан гөрі әйлеңкесірек, қиялшылырақ, жасығырақ, мақтаншақтау, әуесқойлау еді.
Бекболат қысылған, сасқан, кейіген жерде Ақберген ақыл тауып, тоқтау айтып, демесін болушы еді. Жазаласа Бекболат оның тілін көбірек алушы еді. Қатты қайырым бейнеттің бәрін Ақберген көрген соң, Бекболат өзім істетіп жүрмін деп жұбанушы еді. Ақберген ондай ауыр бейнетті — қажырым, ерлігім артық болғаннан істеп жүрмін, менен басқаның қолынан келмейді деп ойлаушы еді. Ақбергеннің еңбегі болмаса, Бекболаттың аты, асы, киімі болмаса, Ақбергеннің күні де күн болмас еді. Бірінде жоғы бірінен табылып, екі жарты бір бүтін боп, тату-тәтті өмір сүруші еді.
"Есептескен дос болмайды" деп жұрт айтады. Есептеспеген досты көргеніміз жоқ. Сыртына шығармағанмен, екі достың есебі ішінде жүреді. Есепсіз кетсе, бірін-бірі алдаған, арбаған боп табылады. Оның түбі теңдік емес — зорлық. Міндетсіз, сілетсіз, мақтансыз, қаяусыз, айнымас дос болады дегенге нанбаңыздар, өйткені өзін ұмытып кететін адам табылмайды: әркімге алдымен тіршілік керек, тамақ керек. Әрі өз басының, әрі достың пайдасы бірдей табылған соң адам шын дос боп жүреді (әлде шын әлеуметшілдерде де сондай ма екен?). Бекболат пен Ақберген де сондай достар еді.
Кешеден үй ішінің көр-жер аманатын орындап және Төлегендікінде болған соң, Бекболат досымен емін-еркін сөйлесе алмап еді. Атқа мініп, оңаша шыққан соң әңгіме қозғауға айналды. Бекболаттың әңгімесі Ақбілек болу керек қой. Бірақ Бекболат салған жерден Ақбілектен бастауды қолайсыз көріп, құс жайынан қозғағаны соның беташары еді. Ақберген "о күнде жұрт құсты ойлағандай болды ма?" деген кезде, Бекболат "енді Ақбілекті сөз қылудың кезегі келді ғой" деп ойлап:
— Иә, ол күңдер естен қалмайтын күндер болды ғой. Нағыз жұлдыздың терісінен шыкқан екенбіз... Бұ қояны қүрғырдың жолы қатты болмай қоймайды... Со күні жолықпаймыз деген ойда бар ма еді?..— деп бір қойды.
— Е, қүдайдың әмірі десейші... О да бір сорлы бақытсыз екен,— деді Ақберген мырзасының ойын білгелі.
— Не сорын айтасың? Орыстың қолына түскенін бе, басқа ма?— деп сұрады Бекболат, жолдасын байқағалы.
— Соры бар емей немене? Ел-жұртқа әшкере болды... Әбиірі кетті,— дегенде Бекболат та оның ойын біле қойып:
— Кім өмірі әбиірлі боп өтер дейсің. Тағдыр да,— деді.
— Е, тағдыр гой... Ақбілектің пердесін өзіміз ашпаймыз деген кімнің ойында бар?— деді.
Бекболат Ақбергеннің арбасып келе жатқанын білді де, сөздің бетін ашқалы:
— Сен де қу боп кетіпсің-ау!— деп жымиды.
— Оны неліктен айттың?— деп түсіне қойып, Ақберген де жымиды.
Өйткені бұрын бұл екеуінің арасында пернелі, қалт-қылы сөз болмайтын. Ойлағандарын бүкпесіз айтып салатын ғой. Мынадай тұзсыз әңгіме екеуіне де үнамады. Не бірін-бірі тосаңсып, жатырқап қалғаны болмаса өзге бір себептің барлығы сезілер еді. Ол себеп: әбиірінен айрылған Ақбілекті қалай өмірлік жар қыларсыз деуге Ақбергеннің аузы бармай, "Ақбілекті әлі де болса аламын" дегенді Бекболат та ашып айта алмай келе жатуы еді. Бекболат елдің, досының аңысын андамақ еді. Ақберген мырзасын сынамақ еді. Неге десең, бұл озі зор мәселе ғой. Өмір серік жар табу бір қиын жүмыс. Тапқан жары Ақбілек еді. Ол мұндай күйге үшырып отыр. Ақбілек оқиғасы қазақ баласының басында болмаған, төтен оқиға ғой. Жалғыз Бекболат пен Ақберген емес, мұндай оқиғадан кейін не істеу, қалай болу керектігін бүкіл қазақ баласы ойлап көрген жоқ қой.
— Қу боп қапсың? Мені жатырқағаннан саумысың?— деп Бекболат жолдасына назын білдірді. Соны айтқанда Ақберген манағыдай емес, ажары сазарыңқы тартып:
— Сенен мен не жатырқайын? Сені жатырқағанда менің табарым да белгілі ғой. Бірақ не айтудың жөнін таба алмай келемін... Өзің не ойлайсың? Әуелі сонынды естіртші... Саған дегенде менде бөтен ниет болып көрген жоқ, қара басым қара жерге кіргенше ондай болар деп ойламаймын,— деп, достықтың нышанын корсетті.
Бүл сөзге Бекболаттың жүрегі еріп кетті. Жолдасын қүшақтап, сүйіп алғысы келді. Бірақ ондай дағды өмірі болып көрген жоқ қой. Сондықтан:
— Сенде бөтен ниет болады деп мен де ойлаған емен. Әуелі құдай, қүдайдан соңғы жақыным да, досым да сен деп білем. Сен білмейтін сыр жоқ. Сенен басқа ақылдасар кісім де жоқ. Әкей екеш әкей де ананы қоя беріп, Ақбілекті айттырғаныма іші ырза емес еді. Оны озің де білесің... Енді жүмыстың түрі мүндай болды,— деп Бекболат бала жасынан бері қарай қозғап, балалықты, жастықты, ойын-күлкіні, жолдастық-достықты, елдің партиясын, партиялық тақырыпты, әкесі бұған қыз айттырғанын, оны менсінбегенін, екеуі ақылдасып, Ақбілекті көріп келіп, ұнатқанын — бәрін жыр қылды. Аяғында келіп: "О болса ондай болды, бұл мұндай боп отыр. Маңдайымның соры бар ма? Қайдан білейін. Ендігі ойым: тағы да қыз іздеп, тағы да әкейді ренжітіп жүргенде өмірдің бірталайы өтіп кетер. Одан да не де болса тәңірінің жазуы шығар, жұрт не десе, о десін, тәуекел деп соның езін алғым келеді",— деп күрсініп тоқтады.
Бекболат сөйлеп келе жатқанда, Ақберген "айтқаныңның бәрі рас" деген кісіше: "Е, е"— деп басын изей берді. Бекболат тоқтаған соң, Ақберген де өзінің нашарлығын, жалғыздығын, қоңсылығын, достығын, тілеу бірлігін айтып шықты. Бекболаттай ұзартып сөйлеген жоқ, шағымды, тиімді жерлерін басып өтті. Ақырында:
— Өз індінің солай болса, оныңа мен де бөтен сөз айта алмаймын. Жалғыз-ақ дос бар еді, дұшпан бар еді, құрбы-қүрдас бар еді... Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса, бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп артын ойлағанымыз болмаса,— деген сөзге әкеп тіреді.
— Онысын енді құдайдан күттім. Менің жамандығымнан болып отырған нәрсе емес. Тұтқиылда кез келген тәңірінің бір апаты. Оған кім ара түра алады? Айта берсек, сол өңірде орыстан сау қалған әйел бар ма екен? Бірақ қайсысы безіп жатыр әйелінен? Ашылмаған қауіп, жарылмаған жұмыртқа іздейтін баяғы бейбітшілік шағымыз бар ма? Елдің не қымбаты, не асылы құрбан болмай жатыр?— деп, Бекболат жолдасын дәлелмен жеңбек болды.
"Артының намысы" дегеніне Ақберген де артық таласқан жоқ.
Жолдасын өзіне серік қып алған соң Бекболаттың көңілі бір дәмдегендей боп:
— Ел не дейді екен? Біздің үй іші қалай көреді екен?— деп сүрады.
— Ел деп енді, ел не демейді? Елдің сөзіне артық құлақ қойған да кісі жоқ... Жалғыз-жарым Сайлаубай, Аязбек секілді бықсыма күншілдер айызы қанады білем. Қарындастарын алмай қойған соң, сөйтпей қайтушы еді? Ал тілеулес ағайынның әзір суық сөзі естілмейді. Өз үйлерің болғанда, би әкесі пәлен тіс жарып, ештеңе айта қойған жоқ білем. "Ақбілек табылыпты" деген хабарды естігенде: "Е" депті де қойыпты. Ал Жанболат ағаң болса, ол енді аузы жеңіл кісі ғой. "Е, біздің Бекболат енді ол қызды алмайды: орыстың сарқытын неғылсын?"— деп, үйіне келген-кеткен кісіге соғып отыратын болса керек деді.
— Е, жігіт енді соға береді ғой. Елде жоқ, күнде жоқ перизатты тауып алған неме!— деп Бекболат күлді. Ақберген қошемет қылды.
Өйткені ағасының алып отырған қатыны да партия тақырыпты атастырған бір жетесіздеу адамның шажа байталы бейнелес кілбиген, маймақ, кәрі қызы еді. Қарны шермиіп, борбайы шыт-шыт боп, тек жыл сайын бір баладан қоздата беруді білуші еді. Жеңгесін Бекболат пен Ақберген дәйім мазақ қылып, ашуландыра беруші еді. Оны көргенде — екеуінің де жыны қозып кетуші еді. Бүл жолы да күлуге сол себеп болды.
Ауылға жеткенше екеуінің әңгімесі — әйел болды. Әйел деген жарықтық омірі таусылмайтын, адамды жалықтырмайтын қызық әңгіме ғой. Әсіресе біздің екі әуейі әйелдің әңгімесіне жалыққаны бар ма? Ауыздарынан сілекейі, көздерінен жасы аққанша күлісіп, мәз-мейрам болды.
Бекболат бір жасап қалды.
* * *
Балташ кабинетіне кіріп келді.
Қызыл шұғамен кежімделген емен үстел. Сұр ала тас дәуіт, қалам сауыт, шамдал, басқыштар. Былқылдақ барқыт орындық. Тақтай — айнадай. Үстел — шытырдай. Оңында — Ленин, солында — Сталин суреті. Үстелде
— телефон. Қолын созса — электр. Бір түймені басып шылдыр еткізсе — хатшы жетіп кеп, мойнын қылқың еткізеді.
Осы сынды кабинетіне Балташ кіріп келді.
Орындық та, үстел де, қаламдар да жегулі аттай жалаңдап "отыр да өкірте бер!" деп түр.
Балташ сары портфельді үстелге бір алып ұрып, бетті бір сипап, былқылдақ орнына алшая келіп отырды. Сол қолының түймелі жеңін ашты да уақытты білді. Тоғыздан қаңғып барады екен. Сол жағындағы қаттаулы қағаздарды алдына таман алып, қой қырқатын кісіше икемдей баурап, түйіліп қарай бастады. Біріне "анықталсын", біріне "тексерілсін", біріне "мәжіліске салынсын", енді біріне "қаржы жоқ", тағы біріне "тыңдалсын", "қайқайтылсын" деген тәрізді бұрыш-бұрышына қиғаштап "резолюция" тартып қап жатыр еді. Есік тырс етті.
— Можно?"— деді.
"Можно?" болса, "опинотделдің" 1 бастығы бірдеме "штейн" екен. Отыра қальш, қағаздарын будыратып, қолын сиқыршыларша тулатып, сықпыртып еді, Балташ ә дегенде "Мүмкін емес" деп басьш шайқаса да, әрі-беріден соң "ә, ол мүмкін" деп қолды қоя берді. Балташ ақша жүмысына онша жетік емес еді. "Параграф", "квартал", "декрет", "секрет" дегендер көбейіп кетіп, солардың кілтипанына миы жете алмай жүр еді. Жауапты қызметкер болған соң бір жерімнен мүлт кете ме деп сақтанушы еді, бірақ қай жерінен мүлт кетіп жүргенін өзі де білмеуші еді. Анығында пәлендей тіресетін де мәселелер емес еді. Алайда Балташ әуелі бір тіресіп, бетін қайырьш алуды әдет қыльп еді. Ісі фальш болса, алғашқы дүрсе қоя бергеңде беті қайтар, дүрыс болса безектер, дәлел табар деген өлшеуіші болушы еді. Бірдеме "штейн" кеткен соң, басын бір сипап:
— Шортан знает, сболыштар қайдағы жоқ бәлені тауып, ақша алады,— деді.
Балташ өкшесін тіреп, орнынан көтеріліңкіреп, орындығына ұмтыльш, орны беріктігін сезгендей қайта ыңғайлана отырып, келген адамдарға түйіле қарап, біріне қол сермеп, бірінің қағазына қолын орақтатып, аяғына бір тартып қалып жатты.
Бір мезетте Тыпаң кіріп кеп, жайраңдап бас изеп, жұп-жұмсақ қолымен комиссарының қолын ғашық жарының қолындай жақсылап қысып:
— Сәлемет пе?— деп ақырын жымың етті. Өйткені кеше қызу үстінде қаттырақ кеттім бе, бірдеңе деп қойдым ба деп, үйықтап тұрғалы зәресі жоқ еді. Мынау майда амандас соның майдалауы еді. Майдалап болған соң, "енді бір састырайын" деген кісіше:
— Бүгін сіздің баяндамаңыз болады екен,— деп бір жапырақ қағазды ұсынды.
Балташтың тоқ ішегі қылп ете түсті. Қорқақтықтан дейсіз бе? Жоқ. Өз жұмысын білетіндіктен дейсіз бе? Жоқ. Баяндаманы талай істеген, орны да берік, арты да мықты. Сонда да баяндамасы түскір кісіге бір қыпыл кіргізбей қоймады. Қашан соны істеп, жауап беріп, айтысып-тартысып аман-есен өткенше, көтіңе қыл батпайды. Қыл көпір тәрізденеді де тұрады.
Балташ:
— Барлық материалды жинап, реттеп беріңіз,— деді.
— Болады,— деп Тыпаң иек қақты да, шығып кетті. Әйтсе де манағыдай емес, Балташтың сүреңі келіңкіремейді. Сөйтіп отырғанда таңқы мүрын, бадырақ көз жігіт кіріп келді. Келе:
— Амансың ба, жолдас?— деп үстелден асыла қолын созды. Өзі сүреңі бұзылып отырған кісі, мына қыр қазағының омыраулап келіп қолын созғанын жаратпады:
— Аман,— деп көзінің қырын түсірді. Бұл келген Мұқаш еді. Мұқаштың неге келгенін Балташ та біліп отыр еді. Қанша жақсы көрген кісің болса да қайта-қайта келіп мазаңды ала берсе, ішің пәлен тәуір көрмейді ғой. Және Мұкаштың материалы тексерілсін, оған дейін қызмет берілмесін деп кеше Ақбала бар, бәрі қаулы қылысқан. Сондықтан Балташ "отыр" деп те айтқан жоқ, қараган да жоқ. Мұқаш озі барып, жақын орындыққа отырды. Балташ көз қырымен тағы бір қарап қойды. Мұқаштың кеудесі күпсиген, көзі ежірейген, тындырып келдім деп түрі айтып түр. Онымен де қойған жоқ, отырар-отырмаста:
— Кәне, жолдас! Мені не қылатын болдыңыздар?— деді. Не боларына көзі жеткендей-ақ. Өйткені ол бюрода да мақтау алған ғой, орынға қой деп, Балташқа тапсырған ғой.
— Сен немене? Қандай қызметке тұрғың келеді?!— деді Балташ не сұрарын білмей, көзін жұмыңқырап.
— Қандай қызмет болады? Жұрт істеп жатқан бір қызмет болады да,— деді.
— Елдегі қызметті калайсың ба? Қалада болғың келе ме?
— Қала қызметіне менің оқуым жоқ қой. Елде болғаным дүрыс қой.
— Елде қандай қызметті қалайсың?
— Осы күні кім болса сол болыс боп жатыр ғой. Біз де соның біріндей қызмет қылармыз.
— Ә, болыс болғың келе ме?
— Қолдан келсе, неге болмайық дейміз? Бұрын байлар да болыс болды... Өзіміздің өкімет келгенде біз де болайық та,— деп жымиды. Онысы Балташты өзімсінгені еді.
Балташқа бұл сөзі үнамады.
— Сен партияға не мақсатпен кірдің?— деп сүрады. Бұл сұрау Мұқашқа шәлкем-шалыс келді. "Мені тергеуші сен бе едің?" дегендей:
— Не мақсат болады? Кедейді жақтайды, қызметке кедейді қояды, байдың малын кедейге әпереді деген соң кірдік. Біз езілген таппыз. Малайлықта да жүргенбіз. Мойнымызға ершік салып, жүк те көтергенбіз. Енді біздің күніміз туған жоқ па?— деп, ажырайыңқырап, бірталай өзі білген сөздерді айтты.
Балташ Мұқаштың мақсаты болыс болып, мал табу екенін байыптады, ішінен "сен де бір сболыш екенсің, Доғанікі дүрыс екен" деп ойлады. Мұқаштың надандығын, одан басқа мақсат оның ойына кіріп шықпайтынын ескермеді. Мұқашты өзіне қоятын өлшеуішімен өлшеді. Сондықтан оған қызмет берудің орнына өзін бірталай сөгіп, тергеп, пікірі терістігін айтып келіп:
— Сенің бұл ойыңды білсе, партиядан дереу қуыласың... Елге сенің зәбірің көп тиген көрінеді,— деп, оны қорқытуға айналды. Мұқаш оған пәлендей ығысқан жоқ. "Сен қоймағанмен бюро қояды" деп ойлады да:
— Сонымен, маған орын жоқ па?— деп түрегелді. Балташ: "Мелитсе болсаң қайтеді?"— деп еді, Мұқаш
басын шайқап: "Болмаймын" деді. Балташтікі де ұстап кетті:
— Болмасаң, жүре бер!— деп қолды бір-ақ сілтеді.
— Көреміз,— деп Мұқаш есікті тарс қойып шыға жөнелді. Шыға беріп Балташтың әкесінен қозғай бір боқтап алды да атына мініп, бюроға тартты.
"Совет өкіметі кедейдікі дегені қайда? Кедейдікі болса, менен артық кедей бар ма? Менен артық Советке еңбек сіңірген кім бар? Әлгінің қыртып отырғаны не? Ол тұмсығын неге көтереді? Бұл бір боржой ғой! Оқыған неменің өстіп селтие қалатыны бар. Сен қоймасаң да қоятын кісіні табармын" деген оймен атын борбайға бір салып, жортып келіп, танымал мекеменің алдына түсе қалды.
Бюрода Иванов дейтін арық, қу жақ орыс бар еді. Ауызда әркімдер есік күтіп тұр екен. Мұқаш есікке таман келіп, кимелеп ашайын деп еді: "Кезекпен кіресің"— деп, балалау орыс иығынан тартып кіргізбеді. Амал жоқ, қамшысын екі бүктеп, қолын артына ұстап, іріленіп, ежірейіңкіреп тұрды. Алдында ноғайшалау киінген бір мұғалім тұр еді. Мұқаш биікте түрған кісіше жан құрлы көрмей, көзін кепиеттене бір салып қойды. "Болыс болатын мен кіремін! Жаман мұғалім, саған не бар" деген қарас екенін мүғалім қайдан білсін, жай түрмай:
— Жолдас, қай елдікі боласың?— деді.
— Не керек?— деді Мұқаш тұмсығын көтеріп.
— Тарбағатайлық болсаң, елге баруға серік бола ма деп едім.
Мұқаш сөз қатуға ерініп, таңдайын бір қағып, басын шайқады. Әлден уақытта Мұқашқа да кезек келді.
— Ә, Мукашка!— деп Иванов қол ұсынды.
Мұқаш бүктеулі қамшысын сермеп, балдыр-батпақ тілімен Балташтың қызмет бермегенін сөйледі.
— Не айтады?
— Тыңдамайды. Өзі бір буржой көрінеді,— деді. "Қасқырдың қара құлақ деген шамы" дегендей, "буржой" десең-ақ большевик шамданады деп ұғынушы еді, "буржой" деген сөзді боғауыздан кем көрмеуші еді.
— Как буржуй?— деп Иванов жымындап, телефон қақты. Мұқаш тыңдап түр.
"Қандай материал?" "Тастаңыз, тастаңыз", "білем", "бос сөз", "қалдыр", "пажалысты", "жарамайды" деген сездерін ұқты. "Қайда қалдыр" деп, неменеге "жарайды" деп жатқанына түсіне алмады. Бірақ Ивановтың қабақ түйісінен, қол сермесінен өзіне болысып сөйлеп жатқанын сезді.
Иванов телефонды шылдыратып қойды да:
— Күте тұр. Ертең мәжілісте қараймыз. Сені орналастырамыз,— деді.
Мұқаш "пажалыстыны" қағып, қол ұстап қоштасып, "қираттым ба?" дегендей апыраңдап тысқа шықты.
Көшеде келе жатыр еді, бұрыннан танымал Жақып деген жігіт жолықты. Жақып біресе агент, біресе милиционер, біресе инструктор боп жүретін. Орысшаға Мұқаштан гөрі жетік, пысық жігіт еді. Сөйлескен жерден:
— Қайырлы болсын! Болыс болды деді ме?— деді.
— Кім айтты?
— Сартау жігіттері айтып жүр.
— Жоқ әлі.
— Ойбай! Ендеше, сені болыс қоямыз деп сұранып жатқан кісілер бар.
— Кім, кім?— дегенде Мұқашты ертіп, ауруханадағы Жылтырға алып келді.
Жылтыр қашаннан күтіп отырған немеше асты-үстіне түсіп жылпылдап, бай біткенді оңдырмай, оның ішінде Матайдың Әбенін іске алғысыз қып, аяғында Мұқашты болыстыққа сұранып жатқандарын айтты:
— Болыстықтан басқа қызметке тұрма! Сені қайтсек те Сартауға болыс қоямыз. Бізге тек Әбеннің енесін ұрып берсең болғаны!— деп, Мүқашты әбден қүтыртты.
Мұқаш не іс қылса да мұнан былай Жылтырларға ақылдасып тұрмақшы болды. Жылтыр өзі "науқас себепті" ауруханадан шыға алмай жатқанын ескертіп, Жақыпқа: "Мұқашты апарып қонақ қыл, не керегін тауып бер"— деп тапсырды.
Жақып кешке таман қаланың шет жағындағы өзі сияқты жылмаңдаған бір қазақтың үйіне әкеліп ет асқызып, самогон ішкізіп, қонақ қылды, атын жемге көміп қойды. Қалтасына "жүмсақтан" да басты. Көңіл көтеретін бір әйел де табылды. Мұқаш мыршымға кірді. Мұқаш көңілді, "Болыс болмаймын" деген ой жоқ.
Ертеңіне салып отырып Ивановына барды.
Иванов кешегідей емес, "Мукашка!" деп қолын созған жоқ, салқын амандасып:
— Қандай қызметті қалайсың?— деді. Балташқа айтқан сөзін Мұқаш тағы айтты. Иванов басын шайқап:
— Агент боласың ба?— деп еді. Мұқаш болмайтынын білдірді. Кешеден бері қарадай болыс боп қойған кісі емес пе? Агент болам деп бүрын былғанғаны тағы есінде, Иванов:
— Олай болса, үйіңе қайт. Керек қылсақ, алдырармыз,— деді.
Мұқаштың салы суға кетті, не айтарын білмеді.
Әңгіме былай: Доға, Төлеген, Тыпаңдар бас болып, Мұқашты Сартауға болыс қылмаудың әрекетіне кіріскен еді. Өйткені олар Әбеннің кісілері ғой. Бұлардан басқа да Әбеннің тілектестері әр мекемеде бар еді. Қалайда Мұқашты қаралау үшін "шекенің" бір агентін соңына салып қой-ан еді. Мұқаштың қайда барып, қайда түрғаны, кіммен сөйлескені, қонақта болғаны, самогон ішкені, әйелмен жақындық қылғаны — бірі қалмай "шекенің" "лауқыл-мақпұзына" тіркеліп еді. Кеше Балташтың сөзіне сенбей, Мұқашты жақтап отырған Иванов бүгін сылқ ете түсуі сол "лауқылмақпұздағы" жазуды көріп еді. Мәжілісте ол көргенін айтпағанмен, Балташтардың Мұқаш туралы материалды тексерейік деген жобасына "қазақ жүмысына кіріспейтіндіктен" көнген еді.
Мұқаш Жылтырына барып, келте сөйледі. Ол таңғалды. "Иванов солай дедіні" естіген соң, о да кешегідей жылпылдамады.
— Мүңда бір машина бар екен. Сен енді өз шаруаңа жүре түр. Біз мұның ізіне шөп салып көрейік,— деді. Сонымен Мұқаш әрі елге жексұрын боп, әрі өкіметтен жақсы ат ала алмай, пұшайман болып, қалада бір-екі кеш сандалып жүріп, аулына қайтты.
Үшінші бөлім
ҚАЙҒЫ
Мінеки, Ақбілек үйіне келгелі он бес шақты күн болды. Алғашқы кездегі Ақбілектің ісі: басына қара салу, бата
қыла келген қатындарға көрісу-жылау, уһілеу, күрсіну, алдына тосқан құманға қолын тосып, көз жасын шаю, дастарқандағы дәмді шымқып аузына салу, түзге барып келу, қайта келіп, бір орыннан тапжылмай отырумен өтті. Бұрынғыдай емес:
"Жылқы ішінде Шұбарым, Жібектен таккан тұмарың. Әлпештеген жан анам, Тарқамай қалды-ау кұмарым.
Есіктің алды казған жар, Жар жағалай қаз қонар. Жан апамнан айрылып, Ішімде калың кайғым бар..."
деген тәрізді, жырынды жеңгелері үйреткен, құрама-сұрама жоқтауын, кісі келсе, сұңқылдатып қоя беретін болды. Жеңгелері солай деп жоқта деген соң, Ақбілек солай болуға тиіс екен деп айта берді. Әйтпесе ішіндегі қалың қайғысын білдіруге "Жылқы ішіндегі шұбар", есік алдындағы қазған жар" сияқты сөздердің түк лайығы жоқ, мәнсіз, жат сөздер еді. Қалай да сол мәнсіз, жат сөздер мен жүректегі қайғының арасына сөйлеген сайын, жылаған сайын бірте-бірте көпір салынып, жалғасқан, байланысқан тәрізденді.
Әуелгі кезде: "Алыр-ау, осы байы өлген, баласы өлген қатындар өлісімен қалай сұңқылдатып жоқтай алады екен? Неғып жүрегі аузына тығылып қалмайды екен?.." деп ішінен таңырқап жүрді. Өйткені Ақбілек әнеукүні Әмір ағасын тосын көргенде, одан кейін әкесіне, қатындарға, аулына көріскенде түк айта алмай, екі сөздің басьн ұйқастырып қоса алмай, тығылып қалды ғой. Кейін жеңгелерінен жоқтау үйреніп алған соң, сондағысы өзіне бір түрлі балалық, топастық, жерсіздік, ұят сияқты көрінді. "Бірақ ол күндегі менің жайы-күйімді жұрт ұғар: мен онда шұғылдан көрістім ғой, аузыма сөз түскендей болды ма?
Бұрын мен дауыс қып көрдім бе?" деген ойлармен өзін-өзі жұбатушы еді.
Аулына алғаш кеп түскенде қатындар қолтықтап, сүйрелеп әкеп, әкесіне көрістірді. Жабыла кергілесе, апасы тірілетіннен жаман, ауылдың біткен еркек, әйелі көкпарға тартқан серкедей созғылап, илеп, жұлқылап, керіп, әбден есеңгіретіп, әлсіретті. Бәріде: "Қарағым-ай!", "Шырағым-ай!..", "Көз жасым-ай!..", "Еркежан-ай...", "Шырайлым-ай..." деп, есіркеді, аяды, өзеуреді; беті-қолын жуғызып, алдына дәм қойып: "Іше ғой, жей ғой, қарағым!" деп үстіне түсіп, өліп-өшіп, күтті, сыйлады. Ақбілек бәріне де нанды, бәрі де бауырым екен, мені аяйды екен, әлі де мені жақсы көреді екен деп ойлады. Ауыл күткен сайын, "қарағым", "шырағым!" деген сайын, әнеугі аулына таянып келе жатқандағы өзінен-өзі именген, өзін ит тиген астай көріп жиренген, дүниенің қайғысын бір өзінің басына орнатқан, өмірге қол серметкен қалың ой, ауыр сезімдер бірте-бірте алыстап, үстін тот басып, үмытып бара жатқандай болды. "Басыма қара тұманды бекер орнатқан екем, жұрт маған онша өзгерген, тосырқаған, менен үріккен, жиренген көрінбейді ғой. Мен әлі де осы ауылдың, осы үйдің ардақты бір баласы екем ғой..." деп, өз ойына өзі үйренгендей, бауыр басқандай болды.
Күндерден күн өтті. Үнемі кірген, шыкқан танымал кісі, күңгірлеген біркелкі "құлқуалда", "күледіқұлла", "оллаһу ядғу...", жаттап алған "шұбар", "тұмар", "есіктің алды..." дауыс қылған сайын Ұмсынайдың қашанғы өлген Әбілдасын жоқтауы, өзі кім болса, соған көріскені, қатындардың айырғаны — бәрі де жапырақтың сыбдыры, судың ағыны, түйенің боздағаны тәрізді Ақбілекті тербетіп, әлдилеп, қалғытып, перде үстіне жапқандай, қайғысын бүркей берді. Бірақ қайғы ұмытылған жоқ, оның үстіне жаңа қайғылар жамалды.
Алғашқьгдай емес, бата қылушылар сиреді. Ет пен шай кеміді. Онымен бірге ауылдың қатындары да қатынасын сиретуге айналды. Жалғыз-ақ жақсы көретін Ұрқия жеңгесі жанынан кетпеді. Бәйбіше өлгеннен кейін осы үйдің шаруасына араласқан сол екен. Әлі де бас-көз болып жүр. Балалардың үсті-басын да сол қарастырып жүр.
Балалар дедің бе? Оларды айтпаппыз-ау. Ақбілектің 12 жасар Қажікен деген бауыры, 7 жасар Сара деген сіңлісі бар-ды. Ақбілек өзінен бетер сол екеуінің жетімдігіне қабырғасы қайысқан. Қажікен ойын баласы ғой, көбінесе балалармен ойнап, далада жүреді. Монтиған Саражан Ақбілектің жанынан екі елі айрылмайды; шашы жалбырап жабысып отырғаны. Ей, байғүс-ай! Әйелдер дауыс қылып жатқанда Қажікен үйге келмейді. Сара Ақбілектің дауысы шықса, көзінің жасын көреді де, бірге жылайды. Қажікен апасының жоқтығын артық елемейді, Сара жүдеп кетті. Ақбілек біраз есін жиған соң, Сараның кірін жуғызып, жыртылған көйлегін тепшіп, үзілген түймелерін қадап берді; білтеленіп, биттеп кеткен басын жуып, шашын тарап, оңашада тізесіне жатқызып, битін қарап отыратын болды.
Әкесі бүрын да үй ішімен көп сөйлесе бермеуші еді; енді мүлде тұнжырап кетіпті. Малшыларға: "Түйе келді ме?.. Көк ат суарылды ма?.. Қой қалай шықты?.. Ана жүгенді үйге апаршы!" деген тәрізді шаруаның бірдеңесін айтады. Кейде Қажікенді шақырып алып, атқа мінгізіп, бұзау қайтарып келуге жібереді. Бірак келгелі Ақбілекке әкесі сөз қатқан жоқ. Ақбілекке әуелі қарамайды да.
Бұрын көзіне көрінбесе: "Ақбілек қайда жүр?" деп сұрап отырушы еді. "Қарағым, ананы нетші!" деп оны-мұныға жүмсаушы еді; кейде Ақбілек еркелеп қасына таман келгенде: "Қарағым!" деп маңдайынан иіскеуші еді, "Жел қарысар, беліңді бусайшы, түймеңді салсайшы" деп жаны ашып отырушы еді. Енді оның бір де бірі жоқ, жатырқап қалған тәрізді, "Апамның қайғысы шығар... Үйде кісі болған соң именетін шығар..." деп ойласа да, Ақбілек әкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол түгілі әкесі Ақбілекпен оңаша қалудан қашатын тәрізді. Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді; әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жансыз аңдап та отырады. Бір қараса да қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. "Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді мен кімге сыямын?" деп қайғырды. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді.
Ақбілек бұл қайғысын тірі жанға сездірмей көп жүрді, көп күтті, көп дәмеленді. Далаға барса да, Сарамен екеуі оңаша қалса да, сіңлісін бауырына басып, көз жасы бұршақтай домалайды. Неге жылай беретінін сіңлісі білмейді, көзі жаутандап: "Тәте, қойшы, тәте, қойшы" дей берді. Ақбілек көзін сүрткен болады, бауырын уатып, басынан сипаған болады. Аз толас болып тұрады да, жаңбыр тағы тамшылайды.
Ақбілектің бұл дерті ұлғайды. Ұлғая-ұлғая ішіне сыймауға айналды. Кімге айтар? Кімге шағар? Кім болушы еді? Жасынан бергі сырласы Ұрқия жеңгесіне айтпаса.
Ұрқия — Әмірдің қатыны. Әмір Мамырбайдың немере інісі. (Әмірдің әкесі Тәуірбай Мамырбаймен бірге туысқан ғой). Әмір өзіндік ораза атары бар біртоға, момын жігіт. Үрқия түскелі 10 жылға айналып барады, жасы 27-ге келді. Бар айыбы — пұшпағы қанаған жоқ, әйтпесе жібі түзу әйел. Бәйбіше тірі күнінде Ақбілегін ойынға немесе бөтен ауылға жібергенде, жалғыз Ұрқияға сеніп, қасына соны қосып беруші еді. Туған шешесінен соңғы Ақбілектің жақсы көретін жақыны да, әдеп-әркен үйренген ұстазы да Ұрқия еді. Өз үйінде айналар бала-шағасы, қаусар шаруасы болмаған соң, Ұрқия бәйбіше өлгелі Мамырбай ақсақалдың туған келініндей болып үйін ұстап тұра қалып еді. Осы Ұрқияға бір күні Ақбілек дөң астында отырып, қайғысын сөйледі. Ұрқия тыңдады да:
— Шырағым-ау! О кісі апамның өліміне қайғыратын шығар. Сені неге жек көрсін?..— деді.
Десе де, ақсақалдың баласына салқындағанын Ұрқияның да іші сезуші еді. Ақбілектің көңілін аулағалы әлгідей дегені болмаса, о да төмен қарап, шөпті ширата берді. Онысы өз ойын айтарын да, айтпасын да білмей, ойланғаны ғой. Ұрқияның ойланғанын Ақбілек те сезді.
— Мен байқаймын ғой. Менен бойын қашықтата береді. Мені көрмеген кісі секілденеді. Неге сезбейсің? Сен де сезген шығарсың. Кеше Сара екеуміз оңаша отырғанда үйге басын сұға түсіп, бізді көрді де шығып кетті. Іле-шала сен де келдің. Сен сезсең де, маған айтпайсың ғой. Мені ренжір деп аяйсың ғой... Сенің оныңды мен білмеймін бе?.. Апамнан соңғы бар сырласатын кісім сен едің. Сен де ішіңе бүкпей сақтайтын болғаның ба?..— деп, Ақбілек жылап жіберді.
Ақбілек жылаған соң, Ұрқия да жылады. Жылап отырьш:
— Бауырым-ау! Сенен не бетіммен бүкпе сақтайын... Білген нәрсем болса, сенен жасырып.. Ойбай-ай! Енді қайтейін!.. О не дегенің, қалқам?.. Үлкен кісілердің не ойлайтынын кім біледі?.. Саған айта алмай жүрген бір сөзім бар екені шын, оны жасырмаймын. Қалқам, ия-ау! Жұрттың неге таңырқайтынын білмейсің. Осы үйге кім келсе де бар ғой, бәрінің көзі сенде болады (бір тамсанып қояды). Саған жүрттың таңырқап қарағанына ішімнен мен күйіп-пісіп отырамын... Сондағы ойлары не екен десейші?.. Дәу де болса, ішім айтады: "Орыстардан кейін қандай боп қалды екен? Өзгерді ме екен? Жоқ, бұрынгы қалпында ма екен? Орыстар оған не көрсетті екен?.." деп қарайды-ау деймін. Әйтпесе таңырқайтын несі бар?
"Жүрттың ойы" десе де, Ұрқияның өз ойы да осы еді. "Орыстар апарған соң, не істейді екен?" деген сүрау өз аузына да келіп қайтып тұрушы еді. Бірақ өзі мынадай сорлы боп отырған "шырайлымынан" қалай беті шімірікпей, аузы барып сұрасын.
Әлгі сөзді естігеннен кейін Ақбілек жасын тыйып, көзі мөлдіреп, қиялға түскенде, алдында түрған жеңешесіне қарап, бедірейе қалды. Қарашаттағы құйын соққандай астан-кестен күндер заматта көз алдынан шапқан аттай бүлдырап өтті.
Ақбілектің бедірейе қалғанын көрген соң, Ұрқия ойын білейін деп:
— Сені аман-есен келеді деген тірі жан болған жоқ... Өзіміз де күдер үзіп қойдық... Орыс шіркін өлтіріп тастады ғой деп ойладық: үлкен апамды көзіміз көрді ғой. Құдай сақтайын десе, қайда сақтамайды? Шыбын жаның қалған соң, не керек...— деді.
Ұрқияның "ернінің емеурінінен" оның ойын Ақбілек те біле қойды. Орыстардың неғып жібергенін бұ да естігісі келеді екен деп ойлады. Ұрқия сездірмесе де, ай-жай болған соң, Ақбілек сырын өзі де айтпақшы еді. Бірақ "мақтанған кісіше не айтам? О бір жақсы нәрсе болса екен..." деп, ішіне сақтап жүруші еді. Енді айтатын орын келді ғой деп, жеңгесіне бастан-аяқ көрген оқиғасын сөйледі. Жеңгесі тамсанып, тыңдай берді. Қара мұрттың атып тастай жаздаған жерін, қасқыр қамаған жерін айтқан кезде: "Ойпырым-ай, ойпырым-ай!.." деп үрейленіп, әңгіме біткен соң:
— Қалқам-а-ай! Қалқам-ай! Көрмегенді көрген екенсің ғой...— деп таңдайын қағып, басын шайқады.
Бұл сырды тірі жанға аузынан шығармасқа — Ақбілек жеңгесінен уәде алды. Содан кейін екеуі бұрынғыдай қалтқысыз дос боп кетті. Оңаша болса, жеңгесі Қарашат жайынан оны-мұны сұрап қояды. Ақбілек дүние көрген кісі боп, кейде қара мұрттың қылықтарын асырыңқырап айтатын да болды. Өткен күндер бір түрлі жиренішті болса да, айта-айта жиренішті жақтары ұмытылып, сұлу жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті. Сырын айтқаны Ақбілекке де тәуір болды, бірсыпыра қапырығы сейілген іспеттенді.
Алайда "әкем неге түзу қарамайды?" деген жүмбақты Ақбілек шеше алмады. Ол жүмбақтың шешуін Ұрқияның іші сезсе де, Ақбілекті аяп, айтпады. Ақбілек бұл тұрмысқа да жүре-жүре көндіккендей болды, апасының орнына үй шаруасын басқаруға кірісті. Жарылып өлсін бе, қайтсін?..
Мамырбай неліктен баласына салқындады екен? Не ойлағаны бар екен? Әңгіменің бетін солай қарай бұрайық. Сыртына шығармай, доң айбатпен жүретіні болмаса, Мамырбай ақсақал тегінде балажан кісі еді.
Кім баласын сүймейді? Сен туғанда, Нұралым, Төбел бие сойдырдым,
Төрт қырлап ошақ ойдырдым...
...................
Қара кеске бөлеттім, Ақ қара кес батад деп, Бала кеске бөлеттім.
Алтыннан шүмек ойдырттым, Күмістен түбек қойдырттым...—
деп, би Едіге — ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге орамайын демейді? Кім баласының арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Аплатондай ақылды, Жиреншедей ағынды болғанын, сақалының ағында, өлерінің шағында үйде ырыс, түзде өріс болғанын тілемейді? Мамырбай ақсақал да баласының жақсы болғанын бір кісідей тілеуші еді. Тілегені емей немене: заманындағы құрбы-құрдасынан кейін қалмасын, өнер үйренсін, адам болсын, жатқа жалындырмасын... деп, Төлегенін 12 жасында қалаға оқуға беріп еді. 6—7 жыл оқып, ол міне, адам болды. "Жат жүрттық бала ғой, бізбен қанша жолдастығы бар? Оң жақта аз күн тайтаңдап, дәурен сүрсін!" деген бәйбішесінің тілін екі қылмай, Ақбілегін маңдайға шерткен жан емес еді; оның тана-моншағына, сән-салтанатына дүние аяған жоқ еді. "Жыламайтын теңі ғой" деп, бәйбіше ұнатқан соң, Ақбілегін Бекболатка тәуелді қылып еді. Ана екі баланы қойшы — әлі жас қой. Бала қамын жесе де, ақсақал "баладан қол жалағам жоқ" деп ойлаушы еді. Неге десең, оқып, өзі адам болғаны не керек, қалада жатып, хат жазғаны, болмашы істен жан тартқаны не керек, Төлеген "қоқиып орыс боп кетті", жаз бір-екі ай елде тұра ма, тұрмай ма?.. Он ай көз көрмейді. Онысы да оқа емес қой. Төлеген айттырып қойған әжептәуір қалындығын қоя беріп, малын босқа шығын қылды. Оған да артық қынжылмас еді. Бірақ суық хабар естіді: Ресей жақтан қаңғып келген, атасын, жетесін білмейтін бір ноғайдың қызын алғалы жүр деседі. Мамырбай ақсақал "ноғай" десе, аза бойы қаза тұрушы еді; өйткені баяғыда Насырден деген бір бақалшы ноғай құла атының ақшасын жеп кеткен ғой. Ақсақалдың Төлегенге әсіресе ренжігені: кешегі бәйбішеден өлідей, Ақбілектен тірідей айрылып, басына қара күн туып, жалғыздық көргенде, сол шіркіннің бір көрініп кетуге жарамағаны еді. Келмейді деген кімнің ойында бар? Ағайын да, ауыл да күтті. Қолынан еш нәрсе келмесе де қарап, суалып отырған әкесін жүбатып кетсейші, о жаман туған шіркін!
Төлегені түз баласы болғалы, көзіне тоғанақ болып, өзін күтетін, сыйлайтын қарағы Ақбілек еді. Ажары да, мінезі де қүлағына жағушы еді. Қақ-соқпен жұмысы жоқ, әдепті, әркенді, салмақты болып өсіп еді. "Құдай бүйрығынан" құтыла алмай, атастырып қойғаны болмаса, Ақбілегін қолынан шығаруға қимаушы еді. "Ең болмағанда, 4—5 жылға дейін бермеспін" деп, құдасынан мал алуға да асықпаушы еді. Сөйткен Ақбілегі мүндай күйге үшырады...
Алғашқы кезде ақсақал Ақбілекті өлгенге санап жүрді. Бірақ "өлді" десе де, өлімге іші қимады. Кеше ғана күлкісі бұлбұлдай сайрап, сүйріктей боп өсіп келе жатқан көзінің құрты, алданышы, қуанышы емес пе! Бәйбішенің орны бір үңірейіп қалса, Ақбілектің орны одан да бетер үңірейіп, үйі мүлде қуарып, адыра қалған моладай көрінді. Анау екі жас бала бұралқы күшіктей сенделіп, кірлеп, биттеп, құрттап жүдеубасқа айналып бара жатқанын көргенде Ақбілек тіпті керексіді. О болса, апасының орнына балалардың үсті-басын қарастырар еді, үйді үңірейтпес, қуартпас еді; қашан бір қатын алып, үйлігін түзеткенше, шаруаға да бас-көз болар еді. Туған-туысқанға не сенім бар? Бәрінің көздегені өз пайдасы.
Бірақ Ақбілегі "барсакелмеске" кетті. Жай кеткен жоқ, сүйекке таңба салып, масқара болып кетті... "Пәленшенің қызы сондай бопты..." деген атақ мәңгі жойылар ма? Әкесін бүйтіп қорғып кеткенше алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді? Ақбілегін жақсы көргені, аяғаны, қызғанғаны, өкінгені, жиренгені, қорланғаны — бәрі араласып, ақсақалдың жүрегінде зіл қара тастай бір бітеу жара пайда болған еді. Әнеугі "ақтар ұсталыпты" деген хабарды естігенде, ақсақал қорлықты да, намысты да ұмытып, аталық мейірімі жеңіп: "Ақбілек қайда екен?" деген сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзі де байқамай қалып еді. Сол қызудың үстінде кісі аттандырып, сұрау салғызып еді.
Енді Ақбілек табылып, үйіне келген соң, оның сорлы болған түрін көрген соң, оның масқаралығын ойлаған соң, ақсақалдың намысы қайта қозғалды. Бұрынғы нәрестедей бала, ақ қағаздай таза көріп жүретін Ақбілегі, енді күйе жаққан қағаз, бала емес, қатын болып қалды. Ақсақал баласын құдай қосқан күйеуінен де қызғанатын іші тар кісі еді. Баласы кірсіз, таза болғанын қалаушы еді. Еңді — Ақбілек баласы емес, бөтен әйел іспетті. Кімнен қалған әйел десейші! Қазақ болса да бір сәрі ғой. Ол ол ма? Келген, кеткен кісінің көзі Ақбілекте болатынын алдымен әкесі сезді. Бәрі де: "Мамырбайдың орыс бүлдірген қызын қара!" деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілек әкесіне масыл болды. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалаушы маймыл үстап отырған кісі тәрізденді. Ақбілектің қырсығынан ақсақал өзін масқара болып абыройынан айрылғандай көрді. Міне, ақсақалдың өз баласына түзу қарай алмай, қашқақтап жүргені сол еді. Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап, зығырданар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Өз ішіне өзі пышақ ұрып, жарылып өлсін бе? У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді.
Кейде ақсақал оңаша отырып, терең ойға батар еді. "О пақырда не жазық бар?" деп баласын бір уақ аяр еді. "Оны да құса қылмайын" деп бір ойысып келсе де, оның басынан өткен күндер еске түскенде, Ақбілекті кеудесінен итеріп тұрғандай бірдеңе оның маңына жолатпаушы еді.
Бір уақ: "Тезірек құтылсам қайтер еді" деп те ойлар еді. Бірақ қалай құтылар? Бекболат жуырда ала қояр ма? Үйі болса иесіз түр. Әуелі өзі бір шүйкебас тауып алып, оның қамын содан кейін ойлаған дүрыс қой. Соңғы кезде ақсақалдың ойлап-ойлап тапқан түйіні осы еді.
Бірақ ақсақалға еңді қатын ала қою да оңай жүмыс емес. Жасы жер ортасынан асып, міне, елудің бесеуіне шықты. Енді қартайғанда мал шығарып, біреудің жас қызын алып, баулып адам қыла ала ма? Ол алғаны қандай адам болып жолығар? Бала-шағаны ол күте алар ма? Кәрі кісіге қанағат қылып отырар ма? Үяты бар біреу кез келсе — құба-құп, жеңіл саяқ біреу килігіп, бозбаламен жыртандағанын көрсе, одан да өлгені артық қой. Соны ойлайды да "бесік көргеннен" қолды қуады, "есік көргенді" салмақтайды. Қайтып келген қатын, тегінде, жеңіл ойлы-ұятсыз болады деп жаратпайды. Байы өлген қатынның не баласы, не әмеңгері болмай тұрмайды. Сыбай-салтаң, ар-ұяты бар, шаруаға ұқыпты әйел қайдан табылар екен? Ой тәңірім-ай! Дүниеде қартайғанда қатының өлмесін! Одан үлкен қырсық болады деймісің? Бабы табыла ма? Пәле-дағы! Сол пәле Мамырбай ақсақалдың басына орнаған еді.
Мамырбай ақсақал артық бай болған да кісі емес, жоқшылық зарын тартқан да кісі емес. Өзі өз болғалы жаз саумалы мен бір тоқтысын, қыс бір табақ етін қонағына беріп, әңгімелесіп, күліп-ойнап отырып жегенді — өмірдің бір кызығы деп білген кісі еді. Ауылнай ортасында, болыс ішіне де содырынан қадірі басым, салмақты, тартымды, табанды кісі еді. Ертеде бірер сайлауда би болып, кейінгі уақытта оны тастап, қалаған адамын қарақшы қылып қойып жүруші еді. Әйтсе де ағайын арасының сөзі ақса-қалдың алдынан тараушы еді. Жалаң сөз қуып кетпей, бір жағынан шаруасын да қарап, аттан түспеуші еді. Бата қылған, "қайырлы болсын" айтқан ағайынның аяғы сиреген соң, үйге ие табылған соң, ақсақал бір беткей шаруа жұмысына кірісті. Қыс болса түсіп қалды, Қарашаның қары жауды. Алмағы, бермегі, соғымы, қаласы, даласы дегендей, орда-шарқы үйдің жабдығы аз ба?
Ақсақал сөйтіп шаруасына айналып жүргенде, бір күні үйіне бір жолдасымен Әлдекей деген тұрғыласы келіп қонды. Пісекем үйінің қамшылар жағы тілік, мінер жағы солақ, сол жақ танауының шегі бар, торс таңбалы жалпақ торы биесі, Ысқақ үйінің мінер жақ құлағы опық, ақ айыл, ақ жал, бөдес сары биесі жоғалып, соған сұрау салып жүр екен. Әлдекей жолыққан кісіге осыны саулатып жүріп, замандасына "сәлем беріп бата қыла кетейін" деп түскен екен. Қоналқаның кезіне келіп қалды ма, кім білсін, әйтеуір Әлдекейдің айтысы солай.
"Әлдекей түсіп жатыр" дегеңде ақсақал: "Осы да қаңғи береді екен" деген. Өйткені Әлдекей жоқ қуып, дау сеуіп, ел кезе беретін, өзі кедей болса да, еті тірі кісі еді. Ақсақалдың әлгідей дегені болмаса, Әлдекейден пәлендей жиренген де жоқ. Өйткені әрі замандас, әрі әңгімелесіп, көңіл көтергісі де келді. Сондай біреу болмаса, өзінен именетін ауыл-отанның кісілерімен көсіліп сөйлесе ала ма? Үнемі ауыл-үйдің адамы кісіні жабыландырьш, тынышыңды, өрісіңді тарылтып, қатын басшы, үй күшік қып жібереді ғой.
Әлдекей "әліп-ләмді", "құлқуалданы" үш еселеп қосып, құран оқып, амандасып болған соң, өткендегі бір ханның қайғылы боп басын көтермей жатқанда, бір бидің көңіл айтқанын айтып, басын көтерткенін мысалдап, замандасына баптап көңіл айтты. "Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме!" деген Абай сөзінен де бір ауызды айтып жіберді. Бұл Әлдекей ескіше бірталай сауаты бар, ескі сөзді көп білетін, "Мың бір түн", "Қырық уәзір", "Тотының тоқсан тарауы", "Алты бармақ", "Қысасыл әнбиелерді" жатқа соғатын шежіре кісі еді. Жасында Байшуақтан бір жаман жығылғаны болмаса, балуан, домбырашы, әнші, тасбапшы, сылқылдаған бозбала болған, қалжыңға да ұста кісі еді. Бұл күнде насыбайы, қалжыңы, ескі сөзі, "ондай қыл, мұндай қыл" деген ойыны болмаса, өзге өнерінен жұрдай болып дау қуып, ет аңдыған, екі күрек тісінен айрылған, саптамасының қонышы салпылдаңқырап кеткен сұқымдау шал еді.
Отырысымен-ақ Әлдекей әңгімені шерте бастады. "Арон Рашидтен" қозғады. "Әз Жәнібек" те, "Жиренше шешен" де, "Лұқман әкім" де кіріп кетті. Сол елдегі пәлен "жақсы", түген билердің сөздері де еске алынды. Қалайда Әлдекей отағасының сөзі желге кеткен жоқ. Төңірегін қапырық басып жүрген біздің ақсақал әңгімені тыңдаған сайын ауыл-қотаннан қиялы алыстап, басқа бір дүниеге кіргендей, көңілі жадырайын деді. Жадырағаны ғой:
— Уай, әлгі қойшыны шақыршы! Мына кісіге бір тоқты әкеп сойсын. Кәрі саулықтың еті бар еді, оған тісі өтпес,— деді.
О кезде Әлдекей қаз мойын қара шақшасын жаман қоныштан суырып, бас бармағын сұқ қолымен қаусырмалап, тырнағына насыбайын нашына келтіре сілке басады. Манадан бергі тіл мен жақты безеп отырғандағы қарасы да
— бір тіске жүмсақ еді. Енді қара шақшаны қалай құтыртып сермесең де жарасты, қақ, шіркінді, қақ!
— Сен осы үйден бір күл жағып, насыбай уқалап алшы, — деп балалау жолдасына әмір қылды. Бағылан сойғызған соң Әлдекейден әмірінен күшті кім бар? Әлдекейдің серпетін де жөні бар: мылтығы бар милиция, агент, немесе болыс болмаса, елдің кім көрінгенге мал соя беруі де сиреуге айналған, баяғьгдай мол дәулет жоқ, шығын көп. Және соғым соймаған бір жаман мезгіл ғой. Кешегі қонып шыққан үйі бір сүрі жегізіп, Әлдекей түйіліп, өліп қала жаздап, жолшыбай боқтап келген ғой.
Әлдекей отағасы жеңінің аузын қоңыр тібенмен ұштаған сұр күпісін желбегейленіп, қызыл елтірі тымағының мінер жақ құлағын айқыш-ұйқыштай жымырып, шалқайып отырып шайды да жақсы ішті. "Әйел баласы бір аяулы бала екен? Әттең, орыс үйтіп тастағаны болмаса!" деп ішінеп ойлап қояды. Өйткені әкесі тоқты сойғызған соң, бұл бір сый кісі екен деп, Ақбілек қара шай салғызып еді. Шайға қанып, құрыс-тырысы жазылып алған соң, Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі қулық тауып алып, бәйбішесі өлгелі езу тартпаған ақсақалды күлдірді: тоқтының етін ақтап жеу керек қой. Қашан ет піскенше Әлдекейдің аузында дамыл болған жоқ. Бір сөздің кезегінде:
— Балаларды жүдетпей бір шүйкебас алуыңыз екен,— деп басып өтті. Ақсақал Ақбілек жаққа көзінің қырын бір салып:
— Ой, Әлдеке-ау! Енді қартайғанда, қатын алып не мәз боламыз?— деді. Онысы арғы жағы — қатын алуға бел байлап қойса да, өзі қатын іздеген кісі болмай, жұрт ұйғарып әпергенді қалағаны еді. Және бала-шағаның көзінше "қатын алам" деп қалай айтсын!
— Е, о не дегеніңіз? Әлі тұғырдан түсетін кезіңіз болған жоқ қой. Екі күрек тісім жоқ, мен де Сәлиманды құшақтап жатырмын. Қатын алмаған соң ретіңіз келмейді ғой,— деген тәрізді бірталай "наштакат" айтты. Сөйтіп отырып:— Сізге лайықты кім бар екен, ә? Қыз алуға сіздің әптіңіз келмейді ғой. Қыз енді ұстатпайды. Шаруаға ұқып¬ты, байы өлген тұл қатын болса, ой, сізге сол марш келер еді,— деп, елдегі тұл қатындарды бір-бірлеп екшей бастады. Ақсақалдың өз ойына мұныкі де дөп келді.
Ертеңінде шайдан кейін аксақал қораның бұрышында Әлдекей екеуі отырып, бірқыдыру сөйлесті. Не сөйлескенін қайдам? Әлдекейдің аты ерттеулі тұр еді, есік алдында түұған Әмірлерге ақсақал:
— Уай, мына кісіні аттандыршы!— деді.
Әлдекей келіп кеткеннен былай, не ғажап екені белгісіз, ақсақалдың Ақбілекке бұрынғы қарасы өзгерді. Баласын жылы тартып: "Қарағым, ананы өйтсейші, мынаны бүйтсейші!" деп шаруаның, балалардың жайын сөйлесуге айналды. Ақбілек тірілді, әкесін жаңа тауып алғандай болды. Содан кейін ішкен асы бойына тарап, ажары кіре бастады.
* * *
Әйнектің тарам-тарам қырауы табандығына тырс-тырс тамады. Іркінді суда тоңазыған шыбындар жүзеді. Күзгі күн төрдегі сары жайнамазға аппақ сәулесін төгеді. Әйнек алдында бастары түйісе жаздап, шүңкілдесіп екі жас әйел іс тігеді. Келіншек көк суыртпақты ерніне тістеп, суылдата суырып, жіп ширатады. Сұлу қыз кішкене көк кемзалды тізесіне салып, омырауына ойған тана, күміс қадайды. Олардың артында, бұрышта қара шашы жалбырап мандайына түскен томпиған бала бақайын жыбырлатып, ақ қайшымен қуыршағына көйлек пішеді. Сұлу қыз артына бұрылып: "Келші, қалқам!" дейді. Қалқасы алдына келіп селтиіп тұра қалады. Әпкесі жаңа бітірген көк кемзалын кигізіп, шабуын төмен басып, омырауынан сипайды. Жаңа кемзалына бала мәз. Тігіп кигізгенге әпкесі мәз. Екеуі де жымың қағады. Жаңа кемзал киген бала қуанғаннан ыршып түсіп, әпкесінің мойнын қүшады. "Қалқам, енді былғамай ки!" деп әпкесі бетінен сүйеді. Қандай жарасып түр. Жалғыз-ақ келіншектің ажары келмейді. Ауыр күрсінеді.
Бүл күрсінген — Ұрқия еді. Жаңа кемзал киген кішкене Сараның гүл-гүл жайнаған ажарын көргенде, ішкі дерті тағы бір қозғалып еді. "Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің? Қуарған қу бас өмір — бейне жапыраксыз ағаш. Онда не көрік, не дән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай кемзал тігіп кигізбес пе еді? О да тана-моншаққа омырауын саусылдатпас па еді? Балапанын бауырына басып, еміреніп, еркелетіп, жеп қойғандай құшырлана сүймес пе еді? Көңілдің бар кірбіңі демде жойылып, мауқы басылмас па еді? Ой, бала шіркін-ай! Неден мұндай ыстық болды екен?"
Бала десе Ұрқия ішкен асын жерге қояды. Балалы қатындарды көргенде іші жарылып кете жаздайды. "Осылардың да арманы бар ма екен?" деп ойлайды. Кедейлік, жоқшылық, аштық, дерт, қайғы — бәрі де бір баланың қасында түк емес тәрізді. Қандай ғана қатын аузы барып баласын карғайды екен, жылатады, ұрады екен? Сараның сәнденгенін көргенде, баласыздық Ұрқияға тағы қатты батты. Баланы өмірі мүндай тілеп көрмегендей болды. Баланы аңсап, шөлдеп, үш жүз алпыс екі тамыры түгел кеуіп, суалып бара жатқандай, емешесі құрыды. Неше күн шөлде жүрген адам да мұндай шөлдемес.
Ұрқия күйеуім қатын алады-ау, мені шетке қағады-ау деп қорықпайды, күйеуіне сенімді ғой, қайта "тоқал ал" дегенді зарыққан кезде өзі айтып жүретін ғой. Десе де, кім біледі, жасаған иіп, бойына бала бітіп қала ма деп, екеуі де дәмеленетін. Ұрқия жатса да, тұрса да құдайдан бала сұрайды, бақсы-балгерге қаратқан, қожа-молдаға үшкірткен, әулие тасқа әлем байлап-түнеген, құдайы садақасын да талай берген, мойнына бұршақ салып тілеген, сонда да әлі бала жоқ.
— Еркежан, бері келші! Сен маған бала болсаң қайтеді?— деп, Ұрқия Сараны алдына алып, қысып-қысып сүйді.
— Боласың ба?— деп Ақбілек жымиды.
Сара "шын айтып отыр ма?" дегендей, әпкесіне қарады.
— Ой, жасаған-ай! Біз де бала сүйетін күн болар ма екен?— деп тағы бір уһілеп қойды Ұрқия.
— Басың жас, қүдайдың қазынасы кең ғой, сүйерсің.
— Қайдан білейін! Айтқаның келсін-ау! Шырайлым-ау, саған жорытайыншы. Бүгін мен бір түс көрдім. Түсімде біздің ауыл көшкен екен деймін. Сенімен екеуміз көштен адасып қалған екеміз дейім. Бір асудан ассақ, алдымыз екі таудың қуысындай, бір құдайдың уысындай құлама құз екен дейім. Құздың үстінде қалықтап жүрген бір қара бүркіт бір мезетте бізге таман төніп келді де, сені көтеріп алып кетті. "Ой-бай-ай! Өлтіреді-ау!" деп қайтерімді білмей безектеп тұрмын. Бүркіттің бауырында көйлегің желпілдеп, тура күн шығысқа қарай кетіп барасың. Алыстаған сайын қара бүркіт ақ бауыр торғайдай боп көрінеді. Бүркіт сорғалап, төмен құлдилады. "Енді жейді-ау, енді жейді-ау!" деп тастан-тасқа секіріп, жүгіріп келем... Қарасам, сен бір ақ үрпік балапан болыпсың. Бүркіт жоқ. Жартастың басында көзің бақырайып отырсың. Қайдан келгенін білмеймін, ар жағынан әнеугі өзің айтқан Іскендір дуана шыға келді. Балапанды қолына қондырып келе жатыр. "Дуана-ау! Балапанды маған берші!" деп едім, дуана ұстата берді. Балапанды бір қолтығыма қысып келе жатырмын...
— Ойпырым-ай! Тамаша түс екен! Мен қалай жориын? Құдай-ай! Мен тағы бірдеңеге ұшырайтын болармын ба?— деп Ақбілек көзі бажырайып қалды.
Олай жориды, бұлай жориды. Екеуі де жори алмады, қорықты. Ақырында "түс түлкінің боғы" да десіп, бірін-бірі жұбатты.
Сара байғазы сұрап ауыл қыдырып кетті. Ақбілек пен Ұрқия шәугім алып, түзге жөнелді.
Күнгейдің қырбық қары кебірленіп, өкшеге жабысады. Желкем. Қоңыр салқын. Ақ киімді алып таулар ауылдың үстіне төніп түр. Ақ шымылдықтың бетіндегі қара шыбындай, анау беткейде қой жайылып жатыр. Тау басындағы бүркіттей болып қойшы көрінеді. Сырттағы терең сайда аттардың жоны қылтылдайды. Бауырдан артына таяғын көлденең ұстап, талтаңдап біреу келеді.
Ұрқия мен Ақбілек шапандарын бүркеніп, күнгей жақ төмпейден асып барады.
— ... Сондағы баспа ғып келгені осы төмпей ғой?— деді Ақбілек, төмпейге шыға беріп:
— Осы төмпей,— деді Үрқия жан-жағына қарап.
— Оқтың қиюындай, ей жасаған-ай дейім-ау, тап со күні сап ете түсуі қалай?
— Апырым-ай десейші...
Осындай әңгімелерді сөйлескелі төрт-бес күн болды. Әкесінің қабағы түзелгеннен бері Ақбілек күйеуін есіне ала бастап еді. Бекболаттың жараланғанын, қалада жатып емдетіл жазылғанын Ұрқия әнеукүні естірткен ғой. Бірақ ол кезде Ақбілек егжей-тегжейін сұрағандай болған жоқ. Жатса-тұрса әкесінің өзгеруін уайымдады ғой. Енді көңілі бір жайлы болды. Келімді-кетімді кісі азайды. Оңаша үйде Ұрқиямен отыруы көбейді. Ұрқиядан бүгетін сыр бар ма? Күйеуін сөз қылғанды сүйетінін сезіп, оңаша болса Ұрқия да әңгіменің бетін солай бұра беруші еді. "Бекболаттың көңілі бұрынғыдай ма екен, жоқ өзгерді ме екен?" Екеуінің шеше алмай жүрген жұмбағы сол еді. О жігіт қатынамағалы бірсыпыра болып барады. Түзге шықса, екеуі төңірекке көз салар еді. Кісі қара көрінер ме екен дейді ғой.
Соңғы күндері неге екенін қайдам, Ақбілек күйеуін көп ойлайтын күйге үшырады. Бұрын бозбалаға да онша телміре қарамаушы еді. Еркекті аға, өзін қарындас деп санаушы еді. Күйеуінен өзге бозбаланы — берісі әзілдесуге, орамал тастасып, беттен сүюге болады, бірақ қойнына жатқызуға болмайды деп ойлаушы еді. Енді еркек көрсе, қойынға жатқаны, қүшақтағаны қаңдай екен деп ойлайтын болды. Киімшең еркекті жалаңаш түрінде көзіне елестеткісі келеді. Ол ойынан өзі үялып, безейін десе, безе алмады. "Япыр-ау, мұным қалай? Ұят-ау! Шынымен бұзылып кеткенім бе?! Қатын болғаным ба?! деп таңданар еді. Әйел біткеннің бәрі осылай ойлай ма екен? Жалғыз мен бе екем деген сұрау келсе де Ұрқия бұзылған екен деп ойлар деп, сақтанушы еді. Өйткені Ұрқияның көзінде әлі бала ғой, кеше ғана қолында өсті ғой.
Күндерден күн асқан сайын Ақбілектің күйеуін көксеуі толғақша жиілене берді. Күйеуін ойламаса отыра алмайды, ойлау тұрсын, тілейді, тілеу түрсын, ынтық болады. Үй оңаша болса, Ақбілек керіліп-созылып, шалқасынан жатып, көзін жұмып, қиялына күйеуін әкеледі. Құшақтаса, сүйсе... Сонда құмары тарқайтын тәрізді. Енді Ұрқияны көрсе:
— Ана жақтан хабар жоқ па? Жасаған-ау, неге кешігіп жатыр?— деп, серт байласқаннан жаман Бекболаттың келуін күтті.
— Хабар жоқ... Кім біледі, о жақтағы елдің не деп жатқанын,— деп Ұрқия күдік айтады. Ақбілек ол ишараға түсінбей:
— Неге хабар бермейді екен?.. Неге кісіні әуре қылады екен?.. Қыздың күні де бар болсын!— деп өз ойын сөйлей берді.
Бір күні апақ-сапақта Ұрқия келді. Шам жағудан гөрі ерте, алайда үй жарық емес. Ақбілек бұрыштағы кішкене кілемнің үстінде жастық шынтақтап жалғыз жатыр еді.
— Шырайлым-ау! Бейуақытта неғып жатырсың? Шам жағатын уақ болды ғой?— деп еді, Ақбілек енжарлана есінеп, еркелі, назды, майда үнін созып:
— Жағылар,— деді.
— Шам қайда еді? Мен жағайын...
— Жеңеше, несіне асығасың... Ерте ғой,— деп Ақбілек бөксесін бұраңдатты.
— Жақпағаныңды көрермін!— дегендей, Ұрқия қасына таянып, қолын созып:
— Мынау қолымда не бар? Тапшы,— деді.
— Қолыңда ма? Құрт.
— Жоқ.
— Қант.
— Жоқ.
— Күміс.
— Жоқ.
— Енді не? Түрі қандай?
— Ақ.
— Ақ... ақ... Жұмсақ па? Қатты ма?
— Онысын айтпаймын. Әйтеуір өзі тәтті нөрсе.
— Өзі ақ, тәтті — қант тағы.
— Қант емес, бірақ ең керек нөрсе.
— О немене, жеңеше?
— Бұл сондай қымбат нәрсе, өмірдің бар қызығы осында.
— Ойпырым-ай! Бұ немене екен?! Мүдуар қылмай айтшы, жеңеше!
— Әуелі сенің бағың да осында.
— Өй, алақай-ай! Хат екен ғой!
— Таптьщ, таптың... Бермеймін деп едім,— деп Ұрқия қалжындап, тұмарша бүктелген кішкене қағазды алақанына басты.
Манадан бері шам жақпай, енжарланып жатқан Ақбілек дереу атып тұрып шам жағып, жерге қойды да, қағазды жеп қоятындай қадала қарады.
Хаттағы сөз мынау:
"Ғызетләу, о құрметлеу ғазырдан көргуші мағшуқым Ақбілекжанға көптен көп егзу сәлемлерімізні ырсал айладік. Бағдында бізден хал-ахуал сұрасаңыз, алқамдай селле сағ-сәләмәт деп білесіз, қайын ағамыз Төлегеннің ярдемі арқасында жарақатымыз жазылды. Бұл күнде атқа мініп, құс салуға жарадық.
О бағдында сіз ол тарапта кәпірдің қолынан аман-есен қалас болғаныңызды есітіп, үкірана еттік...
Тағдырда язмыш илан дәріл-панадан дәліл-бақая рақылат еткен шапқатлы анамыздың иманы саламат болғайды. Қазаға разы, бәлеге сабыр етіңіз.
Үшбу Ақберген жолдасымны сізге көңіл айтып, аманлық білу үшін жіберіп отырмын, һәрнешік болсын, біздің көңілімізде бөтен ниет жоқ. Сіз де көңіліңізге бөтен нәрсе алмағаныңызды тілеймін. Аз күнгі қайғы-жапаға сабырлық қылыңыз. Не нәрсе болса, қайырын тілейік. Онда сізлер, мұнда бізлер аман болғай едік.
Дәю қалам тебіреткуші бырадарыңыз Бекболат деп білесіз".
Бүл хатты анау-мынау әйел оқыса, қуанғаннан секіріп түсер еді. Ақбілек мырс етіп күліп жіберді.
— Жеңешетай-ай! Жақсы болды ғой!— деп, хатты қал-тасына салуға қимай, қайта-қайта ашып, айналдырып көре берді.
— Айтқам жоқ па?
— Ақберген қайда?
— Біздікінде отыр.
— Маған жолықпай ма?— деді де:— Жоқ, ол болмайды екен,— деп, өзін-өзі тоқтатты. Ақберген бір түрлі жылы көрініп кетті, өйткені ол жарынан хат екелді ғой. Көргісі келсе де, басы қаралы екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады.
— Енді қайтеміз?— деді.
— Қайтесің? Сен де хат жаз.
— Не деп жазам?
— Өзің білесің, көңілдегі сөзіңді сен де жаз. Ұяласың ба?
— Апырым-ай! Енді не деп жазам?
— Таңертең ерте жүреді. Қазір дайындап қой. Мен бір айналып келем,— деп Ұрқия кетіп қалды.
Ақбілек қол сандықтан кестесіз атон қызыл қарындашы мен бір парақ қағаз алып "Қыз Жібектің" астына салып, етпетінен жатып, қарындашын жалап қояды.
"Ғазіз көргушіні", "бағдында хал-ахуал сұрасыңызды" бұл да жазды. Содан кейін аузына сөз түспеді. Сөз самсап-ақ тұр, бірақ қайсысын жазарын білмеді. Біресе бәрін айтқысы, көп жазғысы келеді, біресе әдепті ойлайды. Қанша жазса да, ойдағының мыңнан бірін жеткізе алар емес. Қарындашты жалай түсіп, біреу келіп қала ма деп, сасқалақтап отырып:
"Бізде де бөтен ниет жоқ. Үшбу хатты алғаннан кейін бір келіп кетпегіңізді тілеймін. Асығыс жазылды. Ғайып етпеңіз... Дәю Ақбілек" деп жазды.
Аздан соң Ұрқия келіп, хатты алып кетті.
Ел жатса да, Ақбілек ояу. Оның қиялында — келешектегі сұлу өмір. Өзін ұзатқан екен дейді. Басында — жібек желек, кигені — үлде мен бүлде. Жанында Ұрқия мен Сара, ауылға таяу жасыл сайда тамылжып, сызылып түрғанда, алдынан самаладай болып қызылды-жасылды қыз-келіншектер келеді. Олардың көйлегі де, көк шалғын да, күлкісі де судырлап, сыңғырлап кетеді. Шекесіне тырс-тырс еткізіп, қатындар шашу шашып, балалар аяғының астынан таласа-тармаса алып жатады...
Құлпырған шайы шымылдықты алдынан ұстап, қаз қатар қыз-келіншектің қақ ортасында желегінен екі көзін жылтыратып, Ақбілек келе жатыр. Жұрт мәре-сәре, у-шу...
Жасауын жайнатып жиып, кілем, көрпе-төсегін оюлы ақ отауға әкеліп кіргізеді. Құрулы шымылдық ішінде бықырлаған қыз-келіншектердің ортасында Ақбілек отырады. "Келінді көреміз" деп үлкен қатындар келгенде, Ақбілек сызылып түрегеледі. "Ашшы бетін!" деген бір өктем дауыс шыққанда, желегін бір қыз ашады. Ақбілектің келбеті ай мен күндей. Қатындар таңғалады. "Көп жаса! Отыра ғой, шырағым!" дегенде, Ақбілек жібек көйлегін судыратып отырады...
Той өтеді. Ел тарайды. Ақбілек ақ отауында... Ол — келіншек. Басына жаулық салындырыпты, сыртында — желегі. Төсекағаш алдында ақ саусағы майысып, күйеуіне ақ көйлек қиып отыр. Жанында домбыра шертіп, Бекболат жантайып жатыр. Ақбілек ол әдемі күй шерткенде, жаны сүйсініп, күйеуінің бетіне жымия, жылы қарайды, ішінен: "Жаным-ау!" дейді. Бекболат та жымиып, қолын созады. Ісін қойып, Ақбілек шынтақтап, күйеуіне таман жақыңдайды. Күйеуі мойнынан құшақтап, үлбіреген аузынан, мамық тамағынан тәтті сүйеді. Бірінің көзіне бірі қарайды. Қараса да тоймайды...
Үлкен үйдің самаурыны қайнағанша Ақбілек отауының түндігі ашылмайды, жібек шымылдық күлімдеп күн сәулесі жабықтан түскенде Ақбілек тұрайын десе де күйеуі қыпшасынан қысып, қытықтап, күліп, жібермейді. "Болар енді, сәулем!" деп Ақбілек тұрып киініп, жез құман алып, майысып, дөң астына түзге кетеді.
Ілек-ілек болып жүгіріскен, ойнақтаған бота, желі басында құлын ұстаған, бие қуған бала-шаға, тезек терген, ән салған қыз-келіншек... Соларға қарап Ақбілек ақырын аяндап келіп отауға кіреді. Өзі дәрет алып болған соң, күйеуінің қолына су құйып, шымылдықтың бауындағы кестелі орамалын әпереді...
Кешке таман канжығаларына қатарлап қаз-үйрек байланып, бедеу мініп, қаршыға үстаған күйеулері келе жат-қанда, Ақбілек ақ отаудың жанында қарап түрады.
Көшкенде, Ақбілек желегін қайырып, беліне қыстырып, отауын жығысып, жүк артысады. Көш жөнеліп кеткен соң, артта қалған өңшең қыз-келіншек көк жорға мінген Ақбілекті орталарына алып, көшке жеткенше жарыс салады. Бұлар көш қасында топтанысып келе жатқаңда, қолдарында қаршығасы, бір топ болып күйеулері де сыпылдатып өте шығады...
Ақбілек бала көтереді. Күйеуіне тартқан бір жақсы ұл табады. Күйеуі Ақберген екеуі ана жақта қаршығаларын айналдырып жатқанда Ақбілек бесіктегі бөбегін тырбиған саусақайынан сүйіп, арқалығына асылып, еміреніп, емізіп отырады. Ағасы атқа мініп кеткенде, басына үкілі тақия кигізіп, бөпесін алып алдынан шығады.
"Ағаңды қарашы, шыбыным!" дегенде, бөбегі ұмтылады. Ағасы бөбегін жоғары көтеріп, насыбайын иіскейді...
Бұдан да сұлу, бұдан да тәтті қиялдарда жатып, Ақбілектің көзі ілінеді...
Таңертең Ұрқия келгенде, Ақбілек:
— Кетіп қалды ма?— деп сұрады.
— Кетіп қалды,— деді Ұрқия.
Өйткені кешегі хатта күйеуін шақырғаны ұят болғандығы артынан есіне түсіп еді.
* * *
Арада төрт-бес күн өтті ме, қалай.
Ақсақал үйде жоқ еді, Ақбілек Сарасын қолынан ұстап, әйнек алдында тұр еді. Малшылар мал қоралатып, малшы қатын сиыр сауып жатыр еді, қораның жоғарғы бұрышынан әйелдің жаулығы ағараң етті. Ұрқия екен.
— Қалқам, құлағынды әкелші,— деді...
— Шын ба?
— Шын емей.
Ақбілек Қажікенді шақырып кел деп сіңлісін жіберді де, ауызы жабыса қалды.
— Енді қайтеміз?
— Біздікіне түседі де...
— Ағайдан ұят емес пе?
— Жоқ, ойбай! Екеуіңнен бөлек онда не ой бар дейсің.
— Біздікінен бір тоқты сойыңдар.
— Шырайлым-ау! О не дегенің? Оған бір күн қонақ асы бере алмағанымыз ба?
Ақбілектің жүрегі алып-ұшып барады. Үйге кірді. Шам жақты. Шай жасады. Алашаның қайрылған жерін жазды. Жайнамазды дұрыстап ілді. Әйтеуір бір жерде байыз тауып отыра алмай, оған да, бұған да алаңдай берді. Ол бейне бір осы үйдің ішін көруге, сынауға, мінеуге келген кісі тәрізді. Бәрі де жинақы, таза, ретті болса екен дейді. Самауырын да, Қажікеннің жеңі де, малшы қатынның бет-аузы да, дастарқан, орамал да кір тәрізді.
— Қарағым-ау! Жеңің салтақ-салтақ боп кетіпті ғой! Мұрныңды жеңіңмен сүртпесейші, әлдекімнің баласына ұсап,— деп, Қажікенді иегінен қақты.
Қажікен Сараның қолындағы бауырсағын түсіріп, Сара ыңылдап жылағалы келе жатыр еді:
— Айналайын, күнім! Қоя қой енді. Бауырыңа тимесейші! Сенің есің бар ғой!— деп екі бауырын уатып, басалқы айтты.
— Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші!— деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ тастады. Жаулығы тозып кеткенін жаңа көргендей, апасының ескі кимешегін бермек болды.
— Күн ұзақ далада жүргенде іштерің пыспай ма?— деп, қойшыға да тіл қатты.
"Бү қай сөзі" дегендей қойшы таңырқап:
— Неге пысады?— деді.
Ақбілек бәрінің қамқор анасы өзіндей, бәрін де қанаты астындағы балапанындай бауырына басып, жьільггқьісы келеді. Бәрін де өзіндей қуаньплтьі, бақьпты болса екен дейді. Еіикімді ренжітетін, ешкімге жамандық ойлайтын түрі жоқ. "Неге пысады?" деп, қойшының қоңырайғанын да жарастықты көреді. "Қайтсін, бақыр! Шаршап келеді ғой" деп ойлады.
Шай күндегіден ұзақ ішілген тәрізді. Сараньщ ұйқысы келмейтін тәрізді. Қарадан қарап отырып асыға береді. Шай жиылысымен балалардьщ төсегін салды, тысқа шықты. Ас үйдегі Үрбиеге барьш: "Қазанды тезірек қайнат, ертерек жатамыз, ұйқымыз кеп отыр",— деді. Қайтьш кеп, жұпар сабынын бұрқыратып, бетін, мойнын, білегін әбден тазалап жуды. Әбдірені ашып, мәре көйлегін алып, балаларға көрсетпей апасының ескі жаулығына орап, көрпенің арасын қойды.
Ет піскенше Сара ұйықтап қалды. Қажікен қойшының қасында отырып, "Жалмауыз кемпір" деген ертегісін айтқызды. Ет түсірілді. Ақбілектің ет жегісі келмейді. Малшыларға "жеңдер" дей береді. Етті жеп болып келе жатқанда Ұрқия келді.
— Жеңеше, ет же! Ұрқия:
— Ауыз тиейін,— деп бір жапырақ салды.
Ет жеп болғаннан соң, Қажікенді жатқызып, Ұрқиямен екеуі тысқа шықты, әйнек алдында тұрып, екеуінің күбірлескендегі әңгімесі — қалай жолығу, қай жерде жолығу еді. Ұрқияның ойы Ақбілекті өз үйіне апарып, екеуіне бір табақтан дәм жегізу еді. Ақбілек Әмір ағасынан ұялып, әрі үйдегі балаларды жалғыз тастап кетудің есебін таба алмай, бармауды қалап еді. Қаласа да Ұрқияның ойы дүрыс, шамның жарығында оны көріп отырып, бір табақтан ас жеген қандай жарастықты! Бұл тұңғыш жолығуы ғой, әрі сөйлесіп, бері сөйлесіп Ақбілек балаларды ұйықтатып, баруға бел байлады.
Балалар ұйықтаған кезде Ақбілек мәре көйлегін, таза кемзалын киіп, жұпар иісін аңқытып, биқасап шапанын жамылып, аяғын ептеп басып, есікті ептеп ашып, буыны дірілдеп, табалдырықтан аттады. Ай жарық. Қар күмістей жылт-жылт етеді. Жұлдыздар жайнап түр. Екі үйдің арасындағы жалғыз аяқ жол қарауытып жатыр. Бұл жол — жұмаққа апаратын жол секілді. Осы жолмен барып қызықты, тәтті, сұлу өмірдің есігін ашатын секілді. Басқан сайын бақ есігі жақындайды. Жүрегі дүрсіл қағады. Ұрқия алдынан шықты.
— Әмір ағам қайда?
— Ауыз үйде. Сендер оңаша боласыңдар.
Ой, алла-ай! Ақбілек шын сонымен бірге отырганы ма?
Ұрқия есік ашты. Қатты ұйықтап оянғандай, қараңғы үй кенет жарқырап кетсе, көзің қандай үялады. Бақ есігі ашылғанда, Ақбілектің беті де ұялып, кіруге жүрексініп, әнтек кідіріп қалды.
— Кір, қарағым, кір!
Олар көрінбейді. Бірақ осы үй толған олар. Көйлегін судыр еткізіп Ақбілек кіріп келді. Бекболатқа отырған үйі нүрға толып кеткендей болды. Ақбілек жеңгесінің артынан еріп, сызылып келіп, төменірек отырды. Тура қарауға дәті шыдамай, төмен қарады.
— Есен бе, қарағым?— деп әуелі Ақберген амандасты. Бекболат қалай амандасудың есебін таба алмай:
— Есен бе, қарағым?— деп жоддасының сөзін айта садды. Ақбілек:
— Шү-шүкір,— деп ернінің ұшын қимылдатты. Тым-тырыс.
— Анаңның артқы жақсылығын берсін! Құдай әмірі, бәрі мақүл. Тек өз мандайларың ашылсын!— деп, үнсіздікті Ақберген сейілтті. Бекболат үндеген жоқ.
Ақбілек уысындағы торғын орамалымен көзін сүртті. Бекболат төмен қарады.
Ол екі арада Ұрқия етін түсірді. Қонақтарының қолына су құйып, дастарқан жайды. Төсін салып, семіз тоқтыньщ жарты етін түгел асқан екен. Он шақты тоқтының маңдайы ғой.
Ақбілек күйеуіне онша таянбай, арасына бір кісі сыйғандай қылып, табаққа таман отырды. Ақберген пышағын алып: "Тураймыз ба?" дегендей Бекболатқа қарады. Бекболат ым қақты.
— Құдағи, мұнда келіңіз!— деп Ақберген астың алдын ана жақтағы қайын ағасына жіберу керектігін білдірді.
"Ойбай, жей беріңдер, қарақтарым! Күйеу кәдесін соң істерсіңдер",— деп еді, Бекболат сақау кісіше ымдап болмаған соң, Ұрқия табақты ауыз үйге апарып, бір жапырақ кесіп беріп, қайта әкелді. Күйеулер Ұрқияны шақырып, төртеу болып, табақты жағалай отырып, ет жеуге кірісті. Ұрқия отырарда Ақбілекке қарап:
— Қарағым, жақын отыр! Бекболаттан несіне үяласың. Екеуіңнен жақын кісі жоқ. Бұ да бір мереке емес пе?— деп түртіп еді, Ақбілек әнтек қозғалды. Әйтсе де табаққа да, Бекболатқа да қашығырақ еді.
— Иә, сөйтіңдер, тізелесіп отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой,— деп Ақберген де айтты. Екеуі бірдей қоймаған соң, Ақбілек қозғалып, Бекболаттың оң тізесіне шапанын сүйкей отырды.
"Жеңдер, алыңдардан" басқа дастарқан үстінде пәлен сөз бола ма? Жасырын келген күйеу түгілі, етке бас қой¬ғанда, Әлдекей ағайлардың да аузына құм қүйылып қалады. Бәрі де әдепті, сыпайы, бірін-бірі қалтқысыз сыйлап, шын көңілімен жақсы көріп, өліп-өшіп отыр. Ет жеп отыр деймісің? Бұлар ырыс жеп отыр ғой.
Бекболат көз қырымен жарының бетіне қарап қояды. Ақбілек бұрынғыдан да сұлу, әдепті, салмақты, сәулім болған екен деп ойлайды. Мұндай жары болғанына ішінен мақтанып, мұртынан жымыңдайды.
Ақбілек әнтек именіп, бетінің ұшы ойып алғандай қызара береді. Бекболаттың бетіне қарауға шыдамайды. Оның салалы саусақтарына көзі түскенде "қара мұрттың" саусағы есіне түсіп, өз ойынан өзі ұялып отыр еді. Күздігүнгі беймаза қара шыбындай, дәл осы арада есіне түсіп мазасын алғанға ішінен қынжылып еді. Бірақ Бекболат оны сезбеді. "Сезді ме" екен деп Ақбілек шашын сипаған боп шалқайыңқырап Бекболаттың бетіне бір қарады да, көзіне көзі түсіп кетті. Оның көзі "сүйгенім бір сен" деп түрған тәрізді. Талмау, буалдыр көрінді. Ақбілек: "Мен де сенің жолыңа жаным құрбан" дегендей салалы, оқ кірпігін салмақпен қағып, жылтыраған қара көзін бір төңкерді. Екеуі де біріне-бірі көңілі тойды...
Тамақтан кейін Ұрқия күйеу мен қалыңдықты ертіп, шығарып салды.
Екі жар қораның сыртына жеткенде, аяқтары қоюлады. Әнеки, тоқтады. Жар қолы жардың белін қысты. Ақбілек назданып жоғары қарағанда: Ай жүзін аспанда от керді. "Сүйсең сүй!" дегендей, жұлдыздар жымың қақты. Қылыш мұрт бал ерінге тигенде:
"Демалыс ысынып, Саусағы суынып, Белгісіз қысылып, Пішіні кұбылып, Иығы тиісіп,
Үндемей сүйісіп, мас болып..."
жатқанын ақын Абай болмаса, біз суреттей алмаймыз...
Аңсап жолыққан екі ғашық тар төсекте не айтысып, не қойысады? Таң атқанша пыш-пыш деп көп сыбырласты, ол сыбырды жазуға роман — қалам, аспан — қағаз, теңіз — сия болу керек... Және қараңғы үйдегі күйеу, қалыңдықтың сыбырын тыңдайтын жеңгесі біз емес, оны жеңгелерінен сұрай жатасыз; әйтеуір ел тұрмай, Бекболат атқа қонды. Ақбілек шапанын бүркеніп қасында түрып, жеңгесі қолтықтап аттандырып, саулық тілесті. Бекболат келіп кеткеннен былай, Ақбілек анасының қайғысын аз-аздап ұмыта бастады. Өйткені өз тілегі, өмірі, өз бағы қызықтырып, басымырақ бола бастап еді. Бекболаттың жиі келіп жүргенін тіледі, онсыз өмірде қызық жоқ тәрізді көрінді. Алайда ол тілегін күйеуіне білдіруге ұялып еді.
Бір күні жүрегі айньп құсқаны... Жүрегі бейжай болады да тұрады. Жұмыртқаға зауқы шабады. Танданады. Жерік болғаны ма? Бекболат келіп кеткелі бес күн аралаған жоқ қой. Онымен де тұрмады, Ақбілек толғақ науқасқа ұшырады. Ұрқия өзі бала көтермесе де, бала көтерген әйелдердің жерік болғанда қайтетінін біледі ғой. Ақбілектің жата беретіні, жұмыртқа іздегені, талғағы — аумаған бала біткен әйелдің белгісі. Ақбілек жеңгесінен дертінің мәнісін сұрай берген соң;
— Қалқам-ау, бойыңа бірдеңе бітті ме деп шошимын,— деді.
— Қойшы, жеңеше? Қайдан бітеді?
— Кім біледі.
— Жаңада емес пе еді?
— Қайдам...
— Тез білінуші ме еді?
— Біраз ай өткенде білінсе керек еді.
— Ендеше бұрын болды ғой.
— Сөйтіп масқара болмаса...
Айтқандай-ақ екі қабат болғаны күн асқан сайын мәлім болуға айналды. Етегі де көптен бері сынбапты, іші томпайған іспетті... Ақбілекке бұл — жаңа дерт болды. Ұзатқалы отырған қыз емес. Күйеуінің келгенін жұрт білмейді. Және күйеуінен екені де екі талай, дерт болмай қайтсін... Жеңгесімен сыбыры тағы молайды. Баланы қалай түсірудің амалын кеңесті.
Ұрқия жансыздан, кәрі қатындардан бала түсірудің ем-домын сұрастырды. Бала бірдеңеден шошығанда, жығылғанда, оқыста түсетінін білді. Ұрқия қараңғы бұрышта тығылып тұрып, Ақбілек келе жатқанда, «ап!» деп шошытып байқады, ойнағансып, ішке түртіп байқады. Оған түсетін бала көрінбеді. Ақбілектің ішкені ас болмады. Жатуды, күрсінуді көбейтті. Сөйтіп жүргенде, бір күні отырьш, Ұрқия:
— Шырайлым-ау! Мен де екі қабат болдым білем, сарымсаққа зауқым шабады, менің де жүрегім лоблып, құсатын болдым...— деді.
— Сенікін қойшы! Сенің тілегің бала ғой... Құдай көз жасыңды игені де,— деді Ақбілек.
Ұрқиянікі рас екен. Бір күні ауылдың бір-екі қатыны қабу қабып отыр еді, Ұрқия ауыз үйге барып, лоқсып, құсып келді. Қатындарға келіп, жерік боп жүргенін, бала біткенін айтып:
— Өсітуші ме еді?— деп сұрады. Қатындар:
— Құдай берейін десе, қиын ба?— деп тамсанысты. «Құтты болсын» айтты. «Ұрқия екі қабат» деген хабар кешікпей-ақ ауыл арасына жайылды. Тілеулес қатындар: «Байғүсқа болсын» деп, Мамырбайдікіне араласқанын күндейтіндер: «Әй, қойшы! Ол бала тапса, біздің сүр төбет те күшіктер» десті. Дегенмен Ұрқияның екі қабаттығы анық болуға айналды. Бір-екі айдан кейін іші де білініп қалды.
* * *
Аздан бері ақсақал аттан түспейтін болып кетті. Ағайын арасының дау-шары, кемпір назы дегендейін ақсақалдың алдына келмей тұрмайды. Біреуге о деп, біреуге бұ деп сөзге кіріспесе, ептеп-септеп өз құлқынан да ойламаса — ел адамының адамдығы, айбыны бола ма? Әйтпесе «ақсақал» атана ма? Мамекең де «ақсақалдық» қалпын құрып, атқа мініп жүреді.
Не жұмыс барын кім білсін, бұ күн қасына Ұлтарақты ертіп, Әбен ауылына кетті. Ел адамдары ол ауылға осал-оңтағай жұмыспен бармаса керек қой. Ақсақалдың барысы да, сірә, тегін емес қой. Жүрерінде ауылдағы Өрміш Тайкөтті шақырып, сақал-мұртын тұнжыртып, кеңірдек жүнін қырдырды. Ақбілектен жуылған көйлегін сұрап киді. Төс қалтасына сегіз бүктеп, таза орамал салды. Етігін де түкіріктетіп сүрттірді. Көптен бері бүйтіп түзелгенін Ақбілек көрген жоқ еді, бір сый жерге баратынын іші сезді.
Әбен ауылы отыз шақырымдай еді. Біздің Қырекеңдер болса, жолда бір ауылға қонып, бір ауылға түстеніп отырып, алтыншы күні қоналқаға әрең жетер еді. Мамекең ондай қолы тиіп жүрген азбан ақсақал емес қой. Жолда атын бір шалдырып, қонаға Әбен ауылына келді. Жайлауда болмаса, қыстауында отырғанда Әбен ауылына бармағалы екі-үш жыл аралап кетіп еді.
Әбен ауылы Алтайдың бір шорай қойнауында. Былқылдақ бұлақ. Бұлақ бойы — тал. Сырты — орманды, ақбарлы заңғар тау, алды — бұйрат. Бұйрат ішіңде — қамысты көл. Бұлақтан өте берістегі ұзын қора Әбендікі. Анау — таудың ет бауырындағы жеке қора әкесімен туысқан Сатай қажыныкі.
Мамырбай ақсақал бұлақтан өтіп, қораның ығындағы тармақ діңгекке таман келе жатыр.
Арты тұтас, алды ашық, жарыса созылған екі ұзын қора. Ортасы — беті ашық аран. Бұл аранға 5—6 жүз жылқы сыйып кетеді. Теріскейдегі ұзын қораның күнгей беті жағалай есік. Мұның бәрі қойға, тайыншаға арналып соғылған бөлек-бөлек мал қора. Анау артқы көлденең өңшең ат қора. Күнгейдегі ұзын қора байдың үйлері. Өзі отыратыны бір басқа, екі қатынның үйі екі басқа, баласының отауы, қонақ үй, малшылардың үйі, шошала, еттік, астықхана...
Қораның төңірегі тап-таза. Аранның түкпірінде буы бүрқырап, екі ат суып түр.
Ақсақал аттарын діңгекке байлатып, етегін қамшымен бір қағып, қақырынып, теріскей жақтағы кішкене есіктен байдың қорасына кірді. Қадалары бір-бір кісідей көш құлаш дөңбекпен, сыбысы шырышпен жабылған бүп-бүтін оқтай заңғар қораға кіріп келгенде недәуір-ақ денелі ақсақал баладай боп кетті. Өмірі мұндай қораға кіріп көрмеген Ұлтарақтың көзі бақырайып, ауызы аңқиып қалды. Толып жатқан есіктің қайсысына кірерін білмей, аңырып түрғанда, бір есіктен оңтайлы аттай даяршы жігіт шыға келіп, сәлем беріп, қонақ үйге бастады. Сыңғырлаған жаңа есіктің табалдырығын аттап, қонақтар үйге кірді. Ақсақал сәкі тақтайға отырар-отырмаста даяршы жып етіп, етігін тартты. Ұлтарақ қолбаңдап, жете алмай қалды. Етік қоятын жері де бөлме тақтайлы қабырғадан шығарған шкаф екен. Үйдің асты тақтай, төбесі қолдың саласындай мүсін шыршамен итарқалау қыла жауып, ақпен сырлап тастапты. Кіре беріс жер аласа, құр тақтай, одан арғы жер төрдегі үлкен әйнектерге шейін киіз, алаша, көрпе, бөстек төсеулі биіктеу сәкі. Екі әйнектің арасында жоғарыда желдеткіш шырылдап ән салып тұр. Ұлтарақ диірмен бе деп ойлады. Бұрыштағы карнезді нар пештің қуысында — қаз мойын жез шәугім, пештің алдында — үлкен жез шылапшын. Төрдегі көлденең сырықта — қызыл ала тек жайнамаз, екі сүлгі. Осы секілді үш қонақ үйдің ортадағысына Мамырбай ақсақал келіп отырды. Оң жақтағы үйде де қонактар бар екен. Күбірлеген дауыс естіледі.
Қас қарайған кез еді. Даяршы жігіт жетілік лампаны жағып, қайыңның безінен нақыштап істеген үш сирақты күрсіге орнатып, ортаға қойды. Біраздан кейін даяршы кіріп:
— Бай келе жатыр,— деді.
Ақсақал өңірін жиып, қобдиланып, тамағын кенеп, ұлық келе жатқандай шалқайыңқырап, сіресіп қалды. Бай келді. Ақсақал ұшып түрегеліп, қол қусырып сәлем берді. Бай дауысын әрең шығарып, әлік алды.
«Жарықтық әлі қартайған жоқ екен. Без белді қара бүркіттей, айыр сақал, қылыш мүрт, қабақты, қасты, мұрынды, айбынды, арғымақ, ақ сары кісі. Келбеті бұрынғының батырындай. Байдың қасында Мамырбай — ақсақал емес, қарын тоғыршық тәрізденіп кетті.
Бай түрегеліп тұрып, даяршыға аяғын ұсынды. Даяршы мысықша жып етіп, етігін еппен суырып, тері шалбарының құрысқан балағын жазды. Мамырбай ақсақал екі қолын ұсынғанда, бай бір-ақ қолын берді, тіп-тік болып, қара ешкі терісі бөстегіне келіп отырды.
— Шаруалар амаңдық па?— деп келте ғана амандасты. Ақсақал байдың күйі-жайын, ауыл-аймағын да қазып, амандық сұрағанда, бай:
— Аман,— деп бір-ақ рет жауап берді. Аз тым-тырыстан кейін:— Сапар оңғарылсын!— деді.
— Әлей болсын!— деп ақсақал қаутаңдады.
— Анау үйдегі кісілерді мұнда келтірші!— деп бай даяршыны жүмсады.
Деді-ақ мұң — төрт-бес кісі жетіп келді. Байдың:
— Сіз берірек,— деген сөзінен ақсақал қадірлі қонақ өзі екенін сезіп, мардамсып қалды.
Ол келген қонақтардың ішіндегі сорпаға шығары: Имамбай би, Әлдекей, Мүсірәлі екен. Қалған екеуі — солардың жолдасы. Бүлар сол ретімен ақсақалға таяу жер-ден орын алды.
Қонақтар амандасып, жайланған кезде, үлкен көк дас-тарқан жайылып, бауырсақ шөмеле боп төгіліп, ақ тәрел-кемен екі жерден сары май қойылып, сары бие самаурын күжілдеп үйге кірді. Самаурынның екі жағындағы екі епті даяршы қара подносқа қызыл көрлен шыны аяқтарды қатарлап тізіп, шай құюға кірісті. Шай құюы да тәртіп: бір де бірінің аяғын ауыстырмайды, ілгерілі-кейінді құймайды, ернеуінен асырмайды, біріне-бірін соғыстырмайды, әккі дүкеншілердей қолы-қолына жұқпайды. Төрдегілердің шайы күрең, қаймағы кесек болып құйылады. Мүсірәліден төмен кеткен соң, шай көгілдірленіп, ар жағынан Семей көріне бастайды. Май да, бауырсақ ұйтқысы да ақсақал алдында, төменгі жаққа шашырандысы барып жатыр. Біздің Ұлтарақтар шетке шыққан бауырсақты қасқырша қақши берген соң, бай:
— Ана жаққа бауырсақ жіберші,— деді. Мамырбай ақсақал: «Бауырсақты үркітіп отырған сен бе?» дегеңдей, жолдасына зілді көзімен бір қарап қойды. Бытырап жайылған тоқтыларға содан кейін азырақ құт қонайын деді. Шай үстінде пәлендей сөз бола қойған жоқ. Ақсақал сегіз бүктеулі орамалын суырып, мандайын сипай түсіп отырғанда, бай шыны аяғын төңкерді. Кейін қалса, айып төлейтінінен жаман, өзгелері де төңкере бастады.
Шай жиылды. Байдың малдасын құрып отырғанын көріп, бар адам аяғын көсілген жоқ. Әлдекей өзіне-өзі келіп, қара шақшасын суырды. Бай ым қақты — топырақ салған, қалақшасы кішкене шылапшын Әлдекейдің алдына жетіп келді. Сондай бір шылапшынды өз алдына қойып түкіріп отырды. Оны көрген Ұлтарақтар қалай болса солай былш еткізуді доғарып, қақырғысы келсе, тысқа шығатын болды.
Әлдекей қаз мойынды баяғы қағысына салды. Мүсірәлі құс көрген қаршығаша қобдиланып, алақанын жайып еді, Әлдекей бетіне ажырая қарап, басын шайқап, шақшасын тұтамдап отырып алды. Алақаны жаюлы қалған соң, Мүсірәлі үялыңқырап:
— Кішкене, кішкене,— деді.
— Өзіндікін атсайшы,— деп Әлдекей қырын қарады.
— Әкел бері!— деп Мүсірәлі омыраулап, тізеден тартты.
— Болмайды,— деп Әлдекей оны елең қылмай, жайымен түкіріне берді. Сол кезде бай жымиып, Әлдекейге қарап:
— Мүсірәлі саған неге жабыса береді?— деуі-ақ мұң екен, Әлдекей қоқиланып:
— Білмеймін, осы иттің маған не ғып үйір боп жүргенін!— деп, бір жымиып алды.
Мүсірәлі Әлдекеймен құрдас еді, әзілге доғал болған соң, Әлдекей оның иығынан түспеуші еді. Бай сонысын біліп, әлгі бишараны «тағы бір қолға ал» дегені еді. Байдың мұнсын сезген соң, Әлдекей ұзын кеңірдегін созып:
— Баяғыда осы Мүсірәлі Шаян ноғайдың бақалын қыдырып жүр еді,— деген кезде-ақ отырған жұрт жымыңдап, күлуге ыңғайлана бастады.
— Бұл онда Бөкетпен құда ғой. Бөкет бір тілді адам еді. Сонда Мүсірәлі қалмақшы Исабаймен оңаша сөйлесе беріпті. «Құдаңыз сізді керек қылмай кетті-ау!» деп, жұрт Бөкетке қалжыңдаса керек. Сонда насыбайын атып болып, Бөкет айтқан екен: батыр мен батыр маңдайласқан жауда бас қосады; шешен мен шешен таңдайласқан дауда бас қосады; молда мен молда жайнамазда бас қосады; ит пен ит жер ошақта бас қосады. Анау — қалмақшының иті, мынау — қасқыр тымақтың иті. Екі иттің бас қосқан жері осы болды ғой,— деген екен.
Жұрт ду күлді. Мүсірәлі қызараңдап:
— Уа, шіркін-ай, уа, шіркін-ай! Қашан сүй деп... Өзің кім едің?..— деп келе жатқанда, Әлдекей тағы киіп әкетті:
— Тәнті мырзаның аузынан жалыны шығып тұрған кезі. Біздің Сәрсекеңе қырындап жүрсе керек. Қозыкеге келіп түсіпті. Қозыке: «Сәрсекең алдына жай, Сәрсекең алдына жай» дей берсе керек. Сонда Тәнті мырза дастарқанды серпіп жіберіпті. Жұрт аңтарылып отырып қапты. Омарәлі ділмар адам екен, сөзді со кісі бастапты:
— Ертеде бір хан жаман хандікіне қонаққа келген екен. Жаман хан салған жерден: «Е, хан, еліңіздің қатыны буаз ба? Малы жуан тыша ма?»— деп келе жатқаңда, ана бөлмеде отырған қатыны шыжымды тартып қапты. Жаман хан борбайын ұстай-мұстай түра жөнеліпті. Жаман ханның данышпан уәзірі бар екен. Жақсы хан уәзірден: «Ханың неге кетіп қалды? Қатыны буаз ба? Малы жуан тыша ма» дегені қай сөзі?»— деп сұрайды. Сонда уәзір отырып: «Қатыны буаз ба?» дегені — «еліңіздің есімі қалай?» дегені еді; «малы жуан тыша ма?» дегені — «шаруасы берекелі ме?» дегені еді. Сіз сол сөзіне түсінбеген соң, кетіп қалды депті. Жақсы хан аттанған соң: «Мені не деп кетті?» деп, жаман хан уәзірінен сұрағанда, уәзір манағы жауабын айтып: «Сізді мақтап кетті»,— депті. Сонда жаман хан: «Уай, әттеген-ай! Шыжымды ерте тартпағанда, одан да дәмді сөздерім бар еді»,— деген екен.
Сол тәрізді бұ кісінің шыжым тартып отыратын бәйбішесі еді. Қозыкенің сөзінде нарық жоқ,— деген соң, Тәнті мырза мырс етіпті, жұрт та күліп, қошемет қып, тамақ жеуге кіріскен екен.— Біздің Мүсірәлі де жаман хан секілді. Өзінен қатыны тәуір адам,— дегенде, жұрт тағы күлісті.
Манағы — манағы ма, Мүсірәлі одан жаман қызараңдап, дабырлап:
— Сен бір надансың!— деп келе жатыр еді, Әлдекей тағы бір мысал сөйледі:
— Әкімбек мырзанікіне Алшыбайдың Сламбегі келіп отыр екен. Жанабіл қожа, осы Асекеңдер де бар екен. Бір сөздің кезегінен Сламбек Жанабілдің қожалығына тиіп сөйлесе керек. Сонда Жанабіл отырып:
— Имам... Таптазани мен Қожан Баһаудден бір мәжілісте отырса, біреу: «Язилжалал!» депті. Таптазани ғалым кісі екен: «Зұлжалал емес, залжалал деген дұрыс» десе, Қожан Баһаудден қызып кетеді: «Лауқылмақпұздың өзінен қарайық» дейді. Қараса, «Зұлжалал» екен. Сонда Таптазани назаланып: «Ей, тәңірі! Залжалал еді ғой! Мынау үтірді сызып тастайын ба?» дегенде, құдай тағала: «Сенікі де дұрыс: «залжалал» еді, бірақ мына Баһаудден кереметті құлым еді, осыны ұялтпайын деп, «Зұлжалал» қып түзетіп қойып едім» деген екен,— депті. Құдай өтірік айта ма?— деп, Сламбек Жанабілді ұялтты.
Жанабіл Сламбекті тоқтатқалы: «Қаз дауысты Қазыбек өлгенде Бегі Мысық әулие өлікті асасымен үш салып, төртінші сала бергенде: «Жындымысың?» деп, біреу қолын ұстай алған екен. Сонда Бегі Мысық әулие: «Өй, қолымды бекер ұстадың-ау! Енді бақ-дәулет үш атасына шейін-ақ барар» деген екен дейді. Сламбек Қазекеме үш атадан соң келеді екен: сөзден жығылыпты.
— Бұл Мүсірәлі, рас, Таптазани сияқты ғалым адам. Одан-бұдан жинастырған сөз болмаса, бізде мұныкіндей ілім жоқ,— деп, Әлдекей «надансың» дегенге тағы оңдырмай кекетті. Жұрт тағы қарық болысты.
Жақсылардың бұл қаңқулап отырған Мүсірәлісі — құдасы келінін бермейтін болған соң, байдан жәрдем сұрай кеп отырған кісі еді. Партияда бес түндікті артынан ерте алмайтын, ағайынға сүйкімсіз, малжанды, қарау адам еді.
Мүсірәлінің иін қандырған соң, қызыңқыраған бай бір жігітіне ым қағып, домбыра алдырды. Жынды Қара деген жігіті қазақ пен сарттың айтысқанын айтып, қонақтарды ду күлдірді. Өлеңнен жалыққан кезде, байдың бір ым қағуымен Жынды Қара ұртын қушитып, ернін шүртитіп, екі қолын артына жіберіп, шапанын көтеріп қанат қылып, еңбектеп, секектеп, бүркіт болып, төменгі жақтағыларға төніп, екі аяғының арасынан насыбайын саңғыды. Оның қызығы басыла бергенде, Жынды Қара кетіп қалып белдемше байлап, басын ақ орамалмен тартып, буаз мәтүшке болды. Мәтүшке былдырлап, орысшалап, әрқайсысына бір шарылдап, артымен еңкейе беріп, бұтының арасындағы қуыққа құйған суын қонақтардың үстіне шашты. Онысы буаз мәтүшкенің түзге отырғанын салғаны еді. Көбінесе буаз мәтүшкенің құты Мүсірәліге түсті. Төрдегі Мамырбай, Иманбай, Әлдекей ақсақалдар «мәтүшкенің сыйынан» қағыстау қалды.
Әңгіме, ойын-күлкімен отырғанда, тамақ та пісті білем, даяршы сыбыр еткен соң, бай өз үйіне кетті. Қонақтар да бір қабат желпініп: «Ойбай, қызық-ай!» десіп, күн райын, тоғабын сөз қылысып үйге кірді.
Ет мейлінше мол болды, тең жартысы жеусіз қапты. Ет асауға бір адам келген жоқ. Байдың тәртібі солай ғой. Семіз тай сойған екен, жылы-жұмсағын салған екен. Табақ жайылған кезде Әлдекей көңілденіп: «Тоқтар ишанның айтатын қазы-ю, қозы-ю, қызы-ю, қымызы-юы бол-ған екен!» деді. Десе де, оптығып отырған кісі қомағайланып, үлпершектен басыңқырып жіберіп, қараған қуған түйеше қолы қыдырыңқырап, қара кесегін іздеп кетті, өзгелері де мелдігінен атып, майды саусақтың саласынан ағызып, жаласып, саусақпен бірге бойы да балқьгды. Әлдекей жұрттың көңілдегі сөзін біле қояды ғой: «Шіркін, бай десе, бай ғой!» дегенде, өзгелері де: «Есеп бар ма?», «Құдай берген кісі ғой!» десті.
Ия... Құдай берген кісі ғой!
* * *
Торы шолақта бес тал құйрық бар, оның жарымы да тал сияғы жоқ бірдеңе. Жол дегеніңіз — өртеңдегі қараған. Сондықтан ба екен, үйтетін бастай, мойны қылқиып түрғаны. Бүтін арқаны торы шолаққа тағдыр жазған емес. Қолыңды арқасына таман апарсаң, құлағын жымитып, артын қиқаң еткізіп, тізгіннің ар жақ тілін тартып тұрмасаң, қоң етіңнен қыршып алады. Торы шолақтың жоны сида, қарыны қабақтай, бұты таяқтай. Сонда да шолақ тоймыш, өмірі арық та, семіз де боп көрген жоқ. Торы шолақ ыстық боп көрген мал емес, аузын жерден екі елі айырмайды. Жұрт торы шолақ тоймыш болған соң, арқасынан ер түспейді деп ойлайды. Ер түспесін білген соң, торы шолақ тоймыш болғанын қайдан білсін. Торы шолақ көзіне көрінгенін күйедей соға бермегенде, не бітірсін, үйірі иесіз қап бара ма? Тігетін кестесі қалып бара ма? Көп жылқыдан, бос жүрістен күдер үзгелі қашан. Құнан болғалы торы шолақ қойшының астынан арылған жоқ, бұ күнде торы шолақтың қаншаға келгенін жұрт ұмытып та кетті, тек торы шолақты біледі.
Торы шолақ беріктіктен қойшыға ат болды ма, ол арасы мәлім емес; әйтеуір торы шолақ берік. Торы шолаққа қамшы дегеніңіз — жалақтың тілімен бір есеп, өйткені борбай жақты қойшыға тапсырып, ауызбен ауыл-үй қонған болатын. Торы шолақтың жаны сүйетін жүрісі — аяң. Бүлкектен де оған налог төлегені оңай. (Желіс, шабыс түске кірмеген нәрсе ғой). Өйткені кішкене бүлкектесе, қарыны қорық-қорық етіп, шорттасы үзіліп кете жаздайды. Оның бүлкегі мінген кісіге де пәлен бапты емес. Оны бүлкектетем дегенше, томарлы жерде қоқай арбаға мін. Қойға мінген мал құл болып кетеді ғой. Қалайда торы шолақ үштің біріне қосылған мал. Ол үшіміз: жаман қатын, шабан ат, өтпес пышақ қой.
Торы шолақты неге сөз ғып отыр деп қоңыраймаңыз. Оның кішкене кілтипаны бар. Мана Әбен байдың үйінде құрметті қонақтар көк дастарқанды жағалай отырып, шайға бас қояды ғой. Дәл сол кезде осы торы шолаққа мініп, Қойтеке түйеге кеткен еді.
Малшылар да торы шолаққа ұқсап, жоқтан өзгеге ерініп, біріне-бірі иек сүйеп кететін әдеті ғой. Түйеші қойшыға сеніп, ауа жайылған бес түйесін қайырмаған екен. Өзі қайырып алар деп, қой ұзап бара жатқан соң, қойшы да айдап келмепті. Күн кешкіріп бара жатқан соң, қойшы мен түйеші әңгімеде жүріп, атқа жеңіл Телпекбайды тауып алмасын ба? «Сен барып, айдап келе ғой?!» деп, торы шолақпен Қойтекені жіберді.
Әкесі осы қойдың соңында жүрумен басы көрге кірген, шешесі байдың сиырын сауатын жетім бала кім десеңіз, ол — Қойтеке. 9-дан 12-ге дейін Қойтеке козы бағып, 13-ке шыққан жылы қойдың соңына түсіп еді. Тіс қақпаған бала қойшыны ана қойшылар «қолды-аяқты бала» көріп, оған-бүған жүмсай беруші еді. Қойтеке де жасынан көп жүмсалған кежір бала ғой, әйтпесе тіл алмаса, үлкен қойшылар «тоқмаш» сыйлап қоятынын білген соң, жазған Қойтеке тепеңдей түйеге тартты.
Қойтекенің астында желқом, оның асты торы шолақ, қолында шығыршықты кендір қамшы, кигені шолақ қаудыр тон, аяғында шана бас шоқай. Көз барында түйенің қарасын көрейін деп аяғын тыпырлатып, шолтаң еткізіп торы шолақты борбайға салып-салып қалады. Торы шолақ қырсаудың қырсауы, бит шаққан құрлы қабарына келмейді. Торы шолақтың көрген қоқайы осы-ау!
«Өй, жамандат! Ойсыл келгір!.. Құлағыңды... Иттің малы!» деп Қойтеке тістеніп, шапқа да, басқа да, мойынға да ұрады. Сол кезде торы шолақ басын бір изеп, екі адымдай ғана бүлк-бүлк борсаңдайды да, жорғасынан жаңылып кеткен немеше, жалмажан қыбыр аяңына түседі. Қойтеке тағы ұрады, боқтайды, қарғайды, сілейді, жұлқынады, тыпырлайды. Торы шолақ міз бақпайды. Жұлқы-ып-жұлқынып Қойтеке әбден терледі, қол-аяғы да талды. Сонда да тыпырлауын қоймайды. Әлден уақытта бір дөңге шығып, көз ұшында бұлдыраған 4—5 қараны көрді. Қас қарайып барады. Енді тезірек жетейін деп торы шолақты тағы да басқа, көзге төпей бастады. Сол төпеудің үстінде кендір қамшының басы ұшып кетіп, сабы шолтаң ете түсті. Олай іздеді, бұлай іздеді. Шөптен айырғысыз кендір не табылсын.
Кендір қамшы адыра қалған соң-ақ, Қойтеке мен торы шолақтың басына бір алуан жаңа дәуір туды. Бұл дәуір туысымен-ақ торы шолақтың мерейі үстем бола бастады. Қу шекесіне, жұқа шабына жылтындап маза бермейтін шыбын-ан құтылды. Шолақ саптың сіреу теріге былп еткенін бұйым көрсін бе? Бірақ бұл дәуір Қойтекеге жайсыз келді. Қажып қалған қары қатты ұруға жарамады, ұрғаны өтпеді. Торы шолақ аянды азайтуға айналды. Мына қыбырмен анау бес қараға жете алмасын сезді. Қарғап, зарлап, боқтап, кейіп, ақтық күшін жия, қос тепекке салып, тыпырлап көріп еді, торы шолақтан қайран болмады. Қойтекенің жүрегі өртеніп, күйіп, долданып, кейіп, жылап, домалаң етті де, торы шолақты басқа бір салып қоя берді.
Қара түн жан-жағын қамап жұтып қоятындай ұмтылып келе жатыр. Таулар бұлдырап барады. Айдалада жермен-жексен қыбыр-қыбыр етіп, домалаңдап Қойтеке келеді. Жүрісі өнбейді. Қай бір борбайы ұзын кісі. Тойталаңдаған шоқай етік кегжиіп кейін тартады, томаршағы бұлтылдап тайғанай береді. Сонда да ентелеп, ентігіп, жан ұшырып, тырбаңдауын қоймайды. Тер пұшпағынан ақты. Жыртық милық, жалбыр тымағын қолына алды, жаман тонның белін шешті. Ә дегенде бойы әнтек сейілген тәрізденді, аздан соң шекесіне қыл бұрау салған адамдай басы тарыла бастады. Тер қатқанын біліп, жаман тымағын жалп еткізіп қайта киді.
Не дегенмен жанды қарға ғой, борбайы тызыңдап, жер кенеше қыбырлап келеді. Бір игі жері — алыс-жақынды көп кезіп, тырбық борбайы жер мөлшерін алған ғой; алғашқы бетінен адасқан жоқ. Әлден уақытта серейген мойнақтарды көзі шалды. Келе-ақ: «Шөк, былай, ақ шелек!» деп, шырылдап айғайды салды. Түйелер: «Сен қайдан келіп қалдың?» дегендей әуелі аңтарылып, бір қарады да, жаяу Қойтеке екенін көрген соң «ыж-ыж!» деп мазақтаған немеше мойындарын қақырайтып, көрмегенсіп, қырындап жайыла берді. Әйткенмен тырбаңдаған Қойтекенің шо-ақ ағашы тірсектеріне тықылдай бастаған соң, түйелер елейін деді, айдаған жағына ығыса берді. Бір жаман жері — ішінде бас білгі түйе жоқ екен. Мойнақ ит қайбір жөнге жүрген, бірін қайырса, бірі теріс лағып, сілесін әбден қатырды. Қайырған сайын қарғайды: «Жау алғыр, иттің малы» деп қояды. Түйелерге «қарағым!» дегенмен бір есеп.
Тайталаңдап алас ұрып жүргенде, өкшесі даладай боп қажалып қалған екен, қаны сорғалап, майы шығып, ауырып жүргізбейді. Жерде қырбық қар, түн. Амал жоқ, шоқай етігін қолтығына қысып, жаяу жүгірді. Әудем жерге бармай-ақ, мұзға тыққаңдай аяғы ағаш боп қатып қалды. Аяғы мұздаған соң, бойы да жаурады...
Тісі тісіне сақылдап, дірілдеп, өлдім-талдым дегенде түйелерді айдап, ауылға келді. Келе мұрттай ұшып, ас үйдегі жаман жабдық ортасына кірді.
Мана біздің «жақсылар» Әлдекейдің Мүсірәліні мазақтағанына, Жынды Қараның буаз мәтүшке болғанына мәре-сәре болып, жылы үйде майға тойып, «құдай берген кісі ғой» деп байды мадақтасып жатқанда, Қойтеке: «Иттің малы... ақ шелек!» деп егіле еңіреп, үсіп өлгелі келе жатыр еді.
Қойтеке жаурап келіп, үсіп жығылғанда, «тоңып қал-ды-ау» деп аяудың орнына, манағы қойшы:
— Торы шолақ қайда?— деп сұрады.
Өзі ыңқылдап, күрсілдеп, беті албырап жатқан Қойтеке:
— Қалды далада..— деуге мұршасы келді.
— Жұрымың құрғыр-ау! Оны неге тастап кеттің? Қасқыр жеп қойса, қайтесің?— деп қойшы қоңқылдап, жер-жебіріне жетті.
Қойтеке не жауап қайырсын, өзі бойын жылыта алмай, танауы тарс бітіп, төңбекшіп жатқан кісі. Тек бәйбішенің «қаттысын қайырып, жұмсағын жұмырып» жаңа ғана болып келген шешесі:
— Қойтекемісің? Ас жедің бе? Не ғып жатырсың?— деп сұрады.
Баласының ыңыранып, тісін шықырлатқанын есітіп, шешесі:
— Ой, жасаған, не болды?— деп қасына келіп, үңіліп еді, баласы ышқынып, солқылдап жылап қоя берді. «Соры қайнаған шіркін, сорың қайнаған екен ғой!» деп шешесі де кемсеңдеді.
Сол жатқаннан Қойтеке түрған жоқ.
Бір жүмадан кейін таң сәріде төрт қүлақты ескі бейіттің түбінен үш-төрт малай жер ошақ қазып, жазған сорлының кішкене денесін қара жерге тапсырды.
* * *
Мамырбай ақсақал таңертең тысқа шыққанда, сеңсең ішігін күміс кісемен шарт буынған Әбен бай екі қолын ұстап, үш жігітімен қара атты айналдырып жатыр екен. Тықай тағасы түсіп қалыпты, соған жаңа таға таққызбақшы екен. Мамырбай ақсақал байға сәлем беріп, қасына таман келіп түрды. Байға сөз қатқалы:
— Тағасы түскен бе?— деді.
Бай «не көріп тұрсың» дегендей, аттың аяғынан көзін айырмай:
— Е!..— деді.
Бір жігіт аттың қүлағы мен шаужайынан ұстап, енді бірі бүкпеген аяғын сүйеп, үшінші мініскер жігіт шегенің тұқылын суырып жатыр екен. Мініскер бір шегені балғамен шегіндіргелі жатқанда, бай тұрып:
— Оған болмайды. Кемпірауызбен суыр,— деді. Дуалы ауыз ғой, кемпірауызбен оп-оңай суырылды.
— Үлкен үйде, шкафтың астыңғы тартпасында, кішкене ақ жәшікте тағаның шегесі бар, бәйбішеге айтып, одан алты шеге әкел!— деп бір жігітті жұмсады. Көз ілескен жоқ, жігіт барды да алып келді.
Жаңа шегені қаға бастағанда ат шапшып, айнала берді. Бай бар ынтасын салып, еңкейіп сығалап:
— Шынтағың соқтыма! Түрасына кетпесін, шалқайта қақ!— деп, жігіттеріне қадағалады. Байға кім сөз қайырсын, бірі аттың қолтығын, бірі мойнын сипап: «Құр, жануарым, құр!» деп атқа еңсесін салысты. Қаққан сайын ат шапшып, секіріп тұрмады. «Байқа, байқаны» бай да көбейтті. Сөйтіп жүргенде, бүкпелі аяғы босанып кетті.
— Неге босатасың, дурак!— деп, бай аяғын ұстағанға ұрысты.
Жігіт тандайын қағып, аяққа жармасып жатып:
— Шылбыр үзіліп кетті,— деді.
— Андағың қай шылбыр? Бері көрсетші! Жігіт көрсетті. Бай шылбырды көріп:
— Кімдікі бұ жаман шылбыр? Біздің шылбыр емес қой!— деп ақырды.
Ат басын ұстаған жігіт бұл аттың шылбыры кеше құрыққа тағылғанын, мына шылбыр қойшыныкі екенін айтты. Бай:
— Құрықтың өз бауы қайда? Құрықтан ол шылбыр неге алынбаған? Өз жүгеніне неге тағылмаған?— деп сұрады.
Жігіт құрықтың бауы үзіліп қалғанын, құрық жылқышыда кеткенін білдірді. Бай кейіді.
— Шылбырды құрыққа таққан кім?— деп сұрады. Жігіт таққан кісіні атағанда, бай:
— Иттің баласы!— деді.
Бай «иттің баласы» деген кісіге бапты болмайтынын жігіттер де біліп, тым-тырыс болды. Өйткені ол зорын тапқанда, байдың аузынан шығатын сөз ғой.
Бай ашулана бастаған кезде, тұруды қолайсыз көріп, Мамекең үйге жөнелді. Бір дуан елді аузына қаратқан атақты байдың шылбырға бола ренжігені Мамекеңе уақ мінез секілді көрінді. Шегенің қай жерде тұрғанына дейін білгеніне —«неткен ұмытпайтын шаруақор адам!» деп таң қалды. Бірақ Матайдың Әбеніне мін тағуға болмайды. Ол біліп істейді, оның ірі мінездері толып жатыр.
Әбен өзінен жоғарыға шәкірт, өз теңдесіне кекірт, өзінен төменге ұстаз бола біледі. Берем десе де, алам десе де, қылам десе де қолынан келеді. Бай білмейтін ақыл жоқ, ол — ішті кісі. Орыстың, қазақтың ұлығы байды аттап өтіп көрген емес. Бай ұлықты күтсе, есінен тандырады. Бірақ бай еш уақытта: «Мынаны былай қылып беріңіз!» деп айтқан емес, тек сый-қүрметті басына асыра береді. Уақ-түйекті айтса, байдың нөкерлері айтады. Олар да байдың сөзі қылып айтады: «Елдің қамы үшін... пәлен-түген» деп жақауратып, майдалап келтіреді. Ол түгілі елдің уақ-түйек сөзіне де бай өзі кіріспейді. Ол тек: «Ананы үйтіңдер, мынаны бүйтіңдер» деп, қысқаша бұйрық қылады. Сырдан сығанақ өткен құла ауыз билері, нөкерлері тілдің майын ағызып, қанын тамызып, әңгіменің иін қандырып, пісіріп, түсіріп әкеліп, «тоқ етерін» байға естіртеді. Бай не мақұлдайды, не өз қалпына келтіреді.
Шайдан кейін байдың нөкер-билері бірі Мамырбаймен, бірі Иманбаймен, бірі Мүсірәлімен оңаша шығып, сөзге кірісті. Екі-үш сағаттан кейінгі әңгіменің тоқ етері мынау боп шықты:
1)Мүсірәлінің құдасьш көндіріп, келінін бергізуге бай міңдетті. Соның үшін Мүсірәлі байға бір жақсы ат сый қылады.
2)Мамырбай ақсақал құдай дескен құдасынан айрылады, өйткені ол байдың дұшпаны. Малын да, жесірін де кетіру керек. Ақбілекке орын тауып береді.
3)Имамбай би қол астындағы Өрік деген жесір қатынды екі баласынан айрып, іргеден шығарып, алты қараға Мамырбайға сатады. Қалыңмалдың бір қарасы — байдың сыбағасы болады.
4) Өрік қатынның малы бөліске түседі. Малдың жарымы мен екі баланы бір жамағайынның қолына беріп, қалған жарымын жақсылар үлестіріп алады.
5) Мамырбай ақсақалдың бір мүддесі — Мұқашты мұқату болса, оны жайғастыруды бай мойнына алады (Қалай жайғастырғанын кейін естірсіз).
Сөйтіп кешеден бергі сый-құрмет босқа кеткен жок, есесі толды. Бай — құдай берген кісі ғой! «Құдай бергенге құлай береді!» деген осы да.
Етке тойғанда, «құда мың жылдық» деп қазақ босқа шатады. «Мың жыллдық» болса, Мамекең құдасынан неге айрылды?
Күштілер өз тамағына бірдеңе түсірерде: «Жетім-жесірдің көз жасы... Әділдік керек... Обал бар... Құдай бар...» деп көлгірсінеді. Олай болса, Өрік неге жаза тартады? Екі баласы неге зарлайды? Қойтеке неге жасын жерге шыра етеді? Сүттей ұйып отырған, шын сүйіскен асық жарлар — Ақбілек пен Бекболат неге айрылады?
Қайда шындық? Қайда әділдік? Қайда адамгершілік? Қайда құдай? Қайда қиямет? Сайланыңдар, бейуаздар! Қасқыр өзі де ойланбайды.
Әбен аулына барғандағы Мамырбай ақсақалдың ат-қосшысы Итаяқтың Ұлтарағы еді. Итаяқтың әкесі — Бақыраш. Бақыраштың әкесін адам да білмейді. Сондықтан Ұлтарақтарды жұрт «тобы жоқ, шұнақ құл» деуші еді. Ұлтарақ қол-аяғы бақандай, қара жон, солапат, көсе жігіт еді. Ат баққан, шеп шапқан, самаурын қойған, ет асағаннан басқа «жақсылардың» сөзіне араласпаған жігіт еді. Жасы қырыққа келсе де, әлі қатын алған жоқ.
Өйткені озінен үлкен екі ағасы Байпақ пен Шұлғау, сол «жеңгесімен тамыр» деп, ауыл-үйдің қатындары өсек қылар еді. Өйткені ағасы Байпақ «шірік неме» болған соң, Ұлтарақ «жақсылардың» жанына еріп, ет жегенге буланып, жеңгесін қатынынан жаман сабаушы еді.
Ақсақал Әбен ауылынан келген соң, Ұрқиялар:
— Үлкен кісі не бітіріп қайтты? Не сөз болды?..— дегенде, Ұлтарақ тайдың семіз болғанын, майдың сол қалпыменен қайтқанын, қандай мүшелерін салғаньш тәптіштеп сөйлей берді. Одан соңғы бір үлкен әңгімесі «буаз мәтүшке» болды. Ұлтарақтан жарымаған соң қатындар:
— Ой, солапат! Ой, сұңқарым! Сені буаз мәтүшкені көріп келуге жіберіп пе едік?— деп келемеж қылды.
— Енді қайт дейсіңдер? Мен көргенімді айттым...— деп Ұлтарақ күмілжи берді.
Ақсақалдың дауысы ашығырақ шыққанына қарағанда, үлкен жұмыс бітіріп, көңілденіп қайтқаны байқалады. Ертеңіне ақсақал Әмір сияқты ауылдың кейбір еркектерін шақырып алып, қатын алмақ болып қайтқанын естіртті. Ағайындары қуанысқан болып, «қайырлы болсын» айтысты. Өздері де осыны ойлап жүрсе де, айтуға бата алмай жүргенін білдірісті.
Еркектер білген сөзді әйелдер естімей түрған ба? Бүл әңгіме Ақбілектің де құлағына тиді. Ақбілек сыртына шығармаса да, тым болмаса апасының жылын күтпегеніне ренжиін деді. Бірақ әкесіне не десін! Балалардың, шаруаның қамын ойлап асыққан шығар деп өзін-озі жұбатты, тек тәуір адам боп жолыққай еді деп тіледі. Апасы өлген соң енді бәрібір ғой, несіне күйіп-піссін? Және өз қайғысы өзінде, әкесінің қатын алғанын тексергендей боп жүр ме?
Бұл хабардан кейін бір жұма өтер-өтпесте, мал алуға 5 кісі құдалар да келіп қалды. Бастығы әнеугі Иманбай би, езгесі жамағайындары. Бір қой сойылып, құйрық-бауыр желініп, ертеңіне құдалар үш сиыр, бір ат, бір тай, бір түйе алып, ауылына қайтты. Қатынды әкелуге ақсақал Әмірді, Қажікенді, тағы бір-екі жолдас қосып жіберді. Екі күн өтіп, үшінші күні кешке Ақбілектің жаңа шешесін алып келді.
Ауылдың қатындары үй ішін дұрыстап жиып, сыпырып, тазалап, шашуларын да әзірлеп қойған екен, алдынан шығып жаяулатып әкеліп, тер үйге кіргізіп: «Ірі жолың қүтты болсын!» деп, кексе қатындар шашу шашты.
Жаңа шешесін Ақбілектің қасына таман отырғызған еді. Сара Ақбілектің алдында, әкесі еркектермен төрде отыр еді. Қатындар қамалап, балалар анталап, үй іші кісіге лық толды.
Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. Көзі тікшиген, жұқа қабақ, қайқақ ерін, таңқы мұрын, тымырайған, тымпиған, қайқаңдау қара сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей, Ақбілектің жүрегі су ете түсті. Сара Ақбілекке карай тығылып, көзі бажырайып, үріккен тайлақша ожырая қалды. Қажікен көзі үйреніп келген ғой, еш нәрседен хабарсыз — киімін шешініп, әкесінің алдына барып жантайды. Ақсақал көзінің құйрығын бірер жіберді. Не ойлағанын кім білсін, балаларға:
— Топырламай, шығыңдар!— деді.
Мұндайда қатындар жыбырламай жай отыра ма? Кішкене Сараға:
— Мынау апаң, қарағым! Саған ана болам деп келді... Бара ғой!— десті. Соны айтқанда, жаңа апасы:
— Келе ғой,— деп алақанын жайып еді, Сара онан жаман үрейленіп, Ақбілекке тығыла түсті.
— Енді қайтсін? Тосырқап жатыр... бала ғой... Әлі-ақ бауыр басып кетеді ғой,— деп қатындар жайластырды. Көркембай деген кемпір жаңа шешесін қомсынды ма, Сараны аяды ма, бәйбішені жоқтады ма:
— Е-е-й, жасағанның әмірі-ай!— деп тамсанып, көзін сүртті.
Өмірі көрмеген, ойда жоқ, жат адам үйір болғанша не заман. Мінезі үйлесе ме, жоқ па, оны айтуға да болмайды. Оған қараған жоқ, қатындар жаңа шешесіне Сараны оп-оңай тели қоямыз деп ойлады. Сара отығып, есейіп қалған бұзаудай бөтен енеге жуымады. Енесі де қасына таянса, аяғын серіппегенмен, иігендей, мекіренердей түрі жоқ еді.
«Мені екі баламнан, малымнан, неше жылдай үйренген, бауыр басқан жерімнен айырып неге сатып алдың? Сондағы түрің мына бурыл сақалың ба?» дегендей, Өрік оқты көзімен ақсақалға бір-екі қарап қойды. Ол қарасы қасындағы қатындарға ұнамады: «Шіркіннің көз қарасы қалай жаман еді! Кісі отырғанда қарамай-ақ, иба қылса қайтетін еді?»— деп ойласты.
Қарқындары басылған соң қатындар тарай бастады. Төрт-бес еркек, бірді-екілі қатын қалды. Үйлеріне қайтқан қатын да жаңа бәйбішені сынай сөйлесіп бара жатты.
Біреуі:
— Кәпірдің тікірейген көзі жаман екен, оңдырмас,— деді. Енді бірі:
— Еріні қаймыжықтай екен, сөзге сойқан шығар,— деп. Тағы бірі:
— Қабағы қайрақтай боп, танауы делдиіп түр екен, дәу де болса көкайыл, долы шығар,— десті. Бәйбіше марқұмға салыстырғанда:
— Қайдағы... Басқан ізінен садаға кетсін,— десті. «Балаларға қалай болар екен?» деген сұрауға:
— Әй, мынау шеше болып жарытпас, катыгез тұсақша бедірейіп тұр екен,— десті.
Өрікті қадірлеп, ешкім еріп келмегені де катындарға сөкетті көрінді.
— Соқа басын сопитып қоя бергені несі?— деп тамсанысты.
Ұрқия тоқалға шай әперіп отырып, байқастады. Өрік түк қымсынбастан, тізесін шошайтып, жұртқа қарсы қарап, шалқайьш отырып шай ішті. Ұрқияға онысы ұнамады. «Жаңа түскен кісі, тым болмаса қырындап отырсайшы!» деген ой келді. Өріктің байы өлген жесір қатын екенін, екі баласы оңда қалғанын үмытып кетті. Жаңа түскен әйел баяғы өзіне ұқсап, сызылып, ұялып тұру керек деп шамалады.
Ас ішіп жұрт тараган соң, қатындар төрге төсек салуға кірісті. Кекселеу қатын бәйбішенің құс төсегін көпіртіп, 220 алақанымен шартылдатып, байдың орнына салды. Оны көргенде Ақбілектің іші қазандай қайнады. «Есіл апасының орнына әлдекімнің жаман қатыны шынымен жатқаны ма?! Апасының аруағын қорлады ғой, апасын аяқсытты ғой!» Мана алғаш көргенде-ақ денесі жиіркеніп еді. Енді апасының төсегіне жататынын көргенде, бұл бөтен қатын Ақбілектің асыл нәрсесіне озбырлық қылғалы, бірдеңесін ұрлағалы келгендей көрінді. Өзіне де, осы үйге де жау деп түсіңді. Бұрын төргі үйге жататын Ақбілек, бөтен қатын келген соң, екі бауырын алып, ауыз үйге жатты. Бөтен қатын келе-ақ бәрін айдап шығып, әкесін жеке иемденіп кеткені де Ақбілекке ауыр тиді. Әкесінен біржола айрылғандай көрді.
Көпке дейін Ақбілектің көзі ілінбеді. Төргі үйдегі әкесінің сыбыры тоң жермен жүрген аттың дүбіріндей естіліп жатыр. Үлкен кісінің ебі де кетіп қалады екен. Әкесінің дем алғаны, жөтелгені... Қатынның шылапшын салдыратқаны, судың сарылдағаны — бәрі сайрап түр. Естімейін деп, көрпемен басын тұйықтап оранып біраз жатып еді, оған да болмады. Бұрын апасы барда мұның бір де бірін құлағы естімеуші еді. Еңді өзі де қатын болып қалғандікі ме, немене, әйтеуір құлағын салмайын десе де еріксіз сала берді. Бұрын әкесін әке деп ойлаушы еді. Енді әкесі жұрт көзінше биеге шапқан айғыр тәрізді көрінді, әкесін ұятсыз, жаман адам көріп, жиренді... Сөйтіп жатқанда, қарамұртпен, Бекболатпен бірге жатқан, құшақтасқан күндер көзіне елестеп, өз көңілі де еркекті тіледі. Әкесін мына бөтен қатынға қызғанған тәрізденді. Адамның есіне келмейтін жаман-жаман, былғаныш ойлар басына келіп, енді өзінен-өзі жиреніп, дөңбекшіп, қайтерін білмеді. Мұңдай жаман ойларды ойлауға кім, не себеп болғанын да біле алмады. Қалайда жүрегі лүпілдеп, басы айналып, тұншығып, көп азап тартып жатып, әбден талғанда көзі іліңді.
Ертеңінде түндегі бөтен қатын әлдеқашанғы осы үйдің байырғы қатынынан жаман ерте түрып, төсек жиып, байға дәрет алғызып, орамал әперіп, шылапшынды шығартып, сымпыңдап, қужаңдап, ажарланып, құлпырып түрегелді. Шай ішкенде кешегідей Ақбілектің қасына отырмай дастарқанның ана басына, апасының орнына, ақсақалдың қасына отырды. Астына төрт қабаттап көрпе де салып алыпты. Ақбілек екі бауырымен дастарқанның бұ жақ шетінде қалды. Үш бала бір жақ, ана қатын бір жақ секілді көрінді. Қақ ортада — төрде әкесі отыр. Әкесі бұлар жақтыкі бола ма, оныкі бола ма, белгісіз. Мына қатынның отырысы, тұрысы, лезде «бәйбіше» бола қалғаны, дастарқанның басына, әкесіне жақын отырғаны...— бәрі де Ақбілекке ұнамай отыр. Бұл қатынды «апа» деп атауға ындыны қаламай, енді не деп атарын тағы біле алмай отыр. Бірақ «апа» демеске тағы болмайды, әкесіне қатын болды. Ол қатынға бола емес, әкесінің көңілі үшін «апа» деу керек. Қатын алу әкесіне лайық болды. Әкесіне лайық болған іске Ақбілек қарсы тұруға жол жоқ. Осылай болуға тиіс. Міне, Ақбілектің жұбанышы.
Өрік шаруақор қатын боп шықты. Шаруақорлығы ғой: белдемшесін байланып, жеңін сыбанып, соғымның ішек-қарнын аршыған қатындарға қолғабыс қылып ішекке жылтаң қарақ май жібермей, бір табаққа бөлек жинады. Ішек-қарыншы қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да:
— Бері әкел, бермен!— деп, танауын жетбектеп, астауға сала берді. Өрік қырындаған кезіңде қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып:
—Мынау бір ындыны жарымаған шіркін ғой!— деп күңкілдесті.
Қазы тілгенде, шұжық, бүйен қарта қылғанда, мүше бұзғанда Өрік өзі қақайып қарап отыратын болды. Неғұрлым Өрік қытымыр, қүнтақты болған сайын, соғұрлым қатындар да ерегісіп, ұрламайтынды үрлауға айналды.
Бұрынғыдай емес, малшы, құлшы да шөміштен қысым көрді. Есепке кірмей, емін-еркін тиетін ішек-қарын, өкпе, көтен, мойындар да қылға тізілді. Өрік ас салуға да шеберлік көрсетті. Бұрын соғым сойған күні бәйбіше марқұм ауылдың кісілерін шақырып, жылы-жүмсағын асып, бір тойғызушы еді, биыл ол да болмады. Сөйтіп, Өрік бір жақ, ауыл бір жақ болуға айналды. Өрікке наразы болғандар Ақбілекке келіп шақты. Ақбілек бір-екі көрші қатынның сөзіне кірісіп:
— Апа, не қыласыз? Бұрын алып жүрген нәрсесі ғой,— деп еді.
— Ас-суда жұмысың болмасын! Бар, ісіңді қыл!— деп, бетін қайырып тастады.
«Осы үйді тез байытуға келген ғой» деп, ауыл-үй Өрікті жарадай көрді.
Оның бәрін де Ақбілек елең қылмас еді, Ақбілектің жанына бататын қылықтары да көріне бастады. Бір күні Сара бауырсақ сұраса, бере қоймайды. Бірдеңеге алданып жатты ма, кім білсін. Мазасын алып қоймаған соң, Өрік ашуланып:
— Сенің-ақ жыланшығың құрып тұра ма? Неткен бала өзі!— деп, Сараны төбеге бір қояды. Сара жылап әпкесіне келеді. Ақбілек ол жолы үндемейді. Тағы бір ретте: «Аяғыңмен алашаны былғайсың» деп Сараны итеріп тастайды. Сара тағы жылайды. Ақбілек тағы үндемейді. Енді бір күні Қажікен байқамай қағып кетіп, лампының шынысын қиратып алады. Өрік оны желкеге бір түйеді. Онымен де қоймайды:
— Өй, қағынды! Өй, түйнеме келсін! Добалдай боп, көзің шығып кетті ме? Көк шешек!— деп, жаман-жаман қарғысты соғып жатқанда, Ақбілек кіріп келеді. Мұндай қарғысты бұрын естіп көрген жоқ қой, шыдай алмай күйіп кетіп:
— Не қылды? Ненді бүлдірді. Баланы сонша қарғап... Ауыл-үйден ұят емес пе?— деп келе жатқанда Өрік кимелеп:
— Тәйт әрі, албасты қатын қар! Сенікі не? Сен неге қыстырыла қалдың! Менен тумады дейтін шығарсың...
Қарғамақ түгілі отқа тастап жіберсем де, менің қолымнан алатын кісі жоқ. Балаларға ара түскенді көрсетпе! Паһ! Бауырың екен, көрдік!— деп шаптығып, жерден алып, жерден салды.
— Ойбай-ау! Ұят қой! Пәленшенің қатыны дейді ғой,— деп, тағы бірдеңе айтпақ еді, Өрік одан жаман дәуірлеп:
— Қатыны болсам, не қыппын? Ойнас қыппын ба? Өтірік айтыппын ба? Құдайға шүкір, оң қолым таза, аузым оймақтай! Келсем, құдайдың жазуымен келіп отырмын. Аяғынан келген дейтін шығарсың. Құдай сендей әбиірі кеткеннен, орысқа салдақы болғаннан сақтасын!— деп, бастырмалатып, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шыққанын білмей бұрқырап жатқанда, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнелді.
Сараны жетелей-жетелей, Ақбілек ағыл-тегіл боп Ұрқияныкіне барды. Солығын баса алмай, ышқына кеңкілдеп отырып, естіген сөзін айтты. Ұрқия Ақбілекті алдына жатқызып, шашын сипап, аялап:
— Қойшы енді, қалқам! Қоя ғой енді. Сол шіркінмен қайдан тіресіп қалдың? Ол бір көргенсіз адам ғой,— деп уатып еді, Ақбілек уанбады, апасының жоқтығын, жетімдігін, қорғансыздығын, өзі масқара болып, ел-жұртқа қарар беті қалмағанын, бойына арылмас пәле тағы жабысқанын айтып:
— ...Мен бір сорлы ғой! Менен сорлы кім бар дейсің? Бұдан да өлгенім артық еді ғой!— деп солқылдады. Ақбілектің жылағанына көңілі босап, Ұрқия да жылады. Екеуі жылап-жылап, әбден сілесі құрып, мауқы басылды.
Кешке таман: «Әкең біліп қойса, ұят болар» деп, көзі қып-қызыл боп ісіп кеткен Ақбілек пен Сараны Ұрқия ертіп үйіне апарып салды.
* * *
Балаларының мүндай күйге үшырағанын әкесі көрмеп пе? Көрсе, оларға бүйрегі бұрмап па дерсіз. Ия, дейтін жөніңіз бар.
Еркек үйде отыра ма? Малға, шаруаға бас-көз боп, көбінесе далада жүреді ғой. Және біздің Мамекең секілді ел адамы төбенің басын, қораның бұрышын, қидың түбін босатпайтын әдеті ғой. Үйдегі қатынның не деп жатқаны, баланың неғып жүргені олардың ойын пәлендей бөлмейді. Үйде басы ағарып отырған қатыны бар. Түзде малай бар. Ендеше, шаруа түгел деп есеп қылады. Үй ішіндегі мерездей шіріп жатқан бітеу жараға олар көзін салмайды. Зәуде көзі түсіп қалса да, көрмеген, білмеген боп жүре береді. Неге десең, қатын-баланың сөзін олар уақ, бос сөз көреді. «Катын ит оттайды да қояды, бала шіркін жыламай жүрмейді» деп, өздерін үй ішінің шыршуынан жоғары, ірі санайды. Еркек ұлы кеуде келеді ғой.
Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың! Өзіңді өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай түрып, туған анаң өлмесін! Жас жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай! Көкірегіңдегі жылы жүректі бауырмалдықты кім берді саған? Әлдилеп, аялаған, аяған, бәйек болып, бағып-қаққан кім сені? Ана... Ана... Мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-үятты, көргенді бала болсақ, әкемізге бір есе, анамызға он есе борыштымыз. Тәжім еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Көп жасасын аналар! Көсегесін көгертсін балалар!..
Өріктің бір-екі балаларға ұрысқан дауысы шығып жатқанын есітіп ақсақал:
— Қатын, қойсайшы! Не керек балаларға ұрса беріп,— деген болды. Ақсақалдың көзінше бәсеңдегенмен, оңашада қатын өзінікін қылып жүрді.
«Не дер екен?» деп, Ақбілек өгей шешесі жылатқан бауырларын әкесіне жіберіп байқады. Әкесі:
— Әй, қатын-ай! Сені ме!?— деп әңгімесіне айнала берді. Ақсақалдың қатынға бата сөйлей алмайтын да мәнісі бар.
Жасы болса келіп қалды, қатыны мүшел жарым жас. Қатыны көзіне шөп салса немесе ұрам деп кетіріп алса — өлім ғой. Енді қартайғанда қатын сабап не барқадар табады. Бәрінен бұрын бұл қатын шаруасын тап-тұйнақтай ұқсатып отыр, қылғаны қолайына жағады. Мұндай қатын болмаса, үйі үй бола ма? Қатын ала беру — оңай емес. Қатынмен шатақтасып жату — елден-жұрттан тағы ұят. «Менің осы ойымды білмей ме екен? Маған жаны ашымай ма екен? Балаларды қойғызса болмай ма? Шыршу шығара бермей» деп, ақсақал бір қабат Ақбілекке де ренжіп қоюшы еді.
Әнеугі ұрыстан кейін Өрік Ақбілекті иықтатып алуға бел байлады. Шам сөнсе Өрік сыбыр-сыбыр етіп, ақсақал «е, е, е» дей беруші еді. Сол сыбырдың көбі Ақбілек болады екен. «Қызың мені кісі құрлы көрмейді. Ас-судың билігін маған беретін емес. Балаларды азғырып, маған жау қып қойды. Пәлен жерде пәлен етті деп, өтірікті шындай ғып, құлағына тоқи береді екен. Алғашқы кезде ақсақал: «Қой! Бала боп па? Өйтпес, есі бар ғой» десе де, күнде тоқи берген соң сенбек қой: «Осы қатын неге айта береді? Әлде рас та шығар» деген күдік бірте-бірте пайда болды.
Дала меңіреу ақ кебін. Біресе жел ысқырып боран соғады; біресе сақылдаған сары аяз болады; біресе шашағы салбыраған бозғыл тұман басады. Қорадан шыкқан сиырдың бақайы сылдыр-сылдыр етеді. Етіктің сықырына есік үн қосады. Есік ашылса екі арба аяз үйге кіреді. Тысқа шыққан қара сақал демде қартайып, сақал-мұрты аппақ болады. Қатын-бала жылы үйден шықпайды, қатынас сирейді. Еркек малмен әлек. Қарлы қыс қара албастыдай басып, адамның қырыс-тырысын жаздырмайды. Адам бірінен-бірі қыстың кегін алатындай, қырғи қабақ боп, тоңырайысьш отырады.
Қыстың сондай тар қамашау, тымырсық күндерінде әйелдер бірін-бірі андысып, қылп еткенді қылға тізіп, өсектеп, ұрыс-қағыспен өткізді. Өрік өсекші қатындарды бау¬ырына тартып, береген кісі болып алды. Жар дегенде Өрік Ұрқиямен ұстасты. Ақбілекті азғырып, өзіне қаршыға қылып салатын Ұрқия деп ұқты. Ұрқия келсе, бас терісі аузына түсіп, кірпідей жиырылды. Пәле іздеген адамға сылтау табылмай тұра ма? Бір күні Ұрқияға: «Қу бас, қаншық, келме үйіме, маңымнан көш жер аулақ жүр!» деп, ит терісін басына қаптап айдап шықты. Ұрқия да тоқалдың мінездерін ауыл-үйге даттап, өзіне тілеулестер тапты. Сөйтіп, Мамырбай ауылы — екі ұдай партия болды. Бір жағы — Өрік бастатқан көршілердің қатыны, екінші жағы — Ұрқия, Ақбілек бастатқан ауылдың көпшілігі. Ақсақалдікінен ұрттап, жалайтыны бар кедей қатындары тамаққа сатылып, Өрікке ауды. Өз ауыз ашары өзінде, кісіге жалынышты еместері Ұрқия мен Ақбілек жаққа шықты. Партия болған соң біреуді аяй ма, бірін-бірі мұқатуға тырысып өтірікті, өсекті өрбіте берді. Кімнің не міні, не жамандығы бар — бәрі де терілді, қазылды. Талай бит астындағы жасырын сырлар жарыққа шықты. Осы қазбалаудың, аңдысудың салдарынан Ақбілектің екі қабат екені де мәлім болды.
Бүл хабарды естігенде Өрік өлген байы тіріліп, екі баласы қолына тигендей қуанды. Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді, ар-ұятты, адамгершілікті ұмытады, қай-қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді андиды, қай-қайдағы жан шошырлық былық іске кіріседі. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді.
«Ақбілек екі қабат» деген сөзді құлағы шалғанда Өрік:
— Ә! Шешесінің күйігі екен десем, уһілеп, жата беретіні... кемзалының түймесін салмайтыны... шапанын арқасынан тастамайтыны сол екен ғой,— деді.
Содан кейін Өрік бірталайға дейін Ақбілекпен араздығын ұмытқан кісідей сөйлесіп, жылы ұшырап, жылмаңдай қалды. Неге бүйтіп жүргеніне Ақбілек түсіне алмай тамсаңды да жүрді.
Бір күні Ақбілек тысқа шыққалы түрегеп еді. Өрік қамқорсып:
— Ішіңе жел қарысар, түймеңді салып шықсайшы!— деді.
Шын екенін, аярлық екенін біле алмай, Ақбілек күдіктеніп, кірпігін мұңая бір қағып, үндемей шығып кетті. Тағы бір күні Өрік әбдіре ақтарып, төрт көз сантоп тауып алып, Ақбілекпен ақылдасқан болып, өзіне қынама пішті. Өз кемзалын ұнатпай, Ақбілектің кемзалына салып пішуді қалап:
— Қарағым, сенің кемзалың маған құйып қойғандай шығар. Белінің қиғанын көрейін, түймеңді салшы!— деді. Енді аярлық екенін Ақбілек сезді:
— Мен киюші ме ем? Өлшесең, өз бойыңа өлшей бер!— деп, кемзалын шешіп, лақтырып жіберді.
Өрік әлі де көзі жетпегендей, таңертең, Ақбілек ұйықтап жатқанда, ақырын барып, көрпесін ашып қарады. Ішіне суық қол тигенде, Ақбілек шошып оянып:
— Ә, ә... Немене... бұл кім?— деп, үрпиіп түрегеліп еді, Өрік:
— Көрпең ашылып қалғанға жауып жатырмын,— деп жұбатқан болды. Өрік өз көзін жеткізді. Қапысы жоқ, дәл өзі!
Бейшара құны қалғандай, неге сонша қудырлады екен? Ақбілек бірдеңесін алды ма? Тегі, құны қалған ғой. Құны емей, немене? Екі баласынан айырып, Ақбілектің әкесі сатьш алды. Мынау шалдың екі кішкене баласын көргенде, өз балалары есіне түсіп, «олар не боп жүр екен?» деп, ішін жарып жібергендей болушы еді. «Ит ашуын тырнадан аладының» кері ғой, көзіне көрінгені, әлі жеткен — Ақбілек еді. Бірақ Өрік байға бауыр басқандай, дүниені бала қылғандай, өз балаларын, өткен күнін ұмытуға да айналып бара жатыр еді. Оның күйттегені, көбінесе жаңа өмірдің қызық-шыжығы еді. Ақбілекпен өштігі әуелде өткен күнін көксеуден туса да, жүре-жүре ол себеп ұмытыльш, енді тек өштіктің қызығына түскендіктен өшігуші еді. Жығылғаңды жұдырықтау оған — өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Өйткені адам — айуанның айуаны гой. Кімнің басына зобалаң туса соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады. Табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе ел мақтаған, кірсіз адамды — кірлеуге жаны өш болады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді, оны да өзімен бастас, өзіндей қылуға тырысады.
Қыстың аяқ кезінде, Өрік ақсақалды әбден өзіме қараттым ғой деп, сенімі күшейген кезде, Ақбілектен ақтық көңілін шығаруға, екі қабат екенін естіртті. Ақсақал аяғының астынан аю шыға келгендей, шошып кетті:
— Аһ! Оһ!.. Қой... Қой!.. Өй... Өй...— дей берді. Қатын жанын беріп сендірді. «Оны азсынсаң» дегендей, босанатын мезгілі де таяу екенін білдірді.
Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті. Бұл қыз қасиетінен айрылды деп өкініп, қызғанып, жиреніп жүрген үстіне мына хабар төбесінен жай түскендей болды. Түнеугүні Әбен ауылына барғанда, Ақбілекті басқа жерге бермек боп, сөз байласып қайтқан еді. Ол беретін жерден хабар болмай кетіп еді. Әбеннің тіліне сеніп: «Қызымды Бекболатқа бермеймін» деп, сүттей ұйып отырған құдасына сәлем айтып жіберіп еді.
«Не оңда жоқ, не мұнда жоқ, бұл қыз бір масыл болды ғой. Өтпей қалып, әбиірімді алмаса игі еді» деп жүргенде, мына хабарды естіген соң, қызынан біржола көңілі суыды. «Бүйтіп масқара болғанша, неге баласын түсіртіп тастамайды екен? Бұл — орыстың баласы ғой. Орыс түгілі, өз күйеуінің баласын оң жақта тапқан қызды кім естіген? Одан масқара нәрсе бар ма?» деп, аузын шайнады. Ақбілекті тауып әкелген кездегі жиренгені, қынжылғаны, мынаған астар болмай қалды. Япыр-ай! Бұл қызды енді қайтсе екен? Көзін қайтіп жойса екен? Буындырып өлтірер ме еді? Таспен атып өлтірсе — қайтер еді! Қол-аяғын байлап, суға тастап жіберсе не етер еді!
Осындай ауыр ойлар жанын жеп, жігері құм боп, ішкені ас болмай, бітеу жара асқынып жүргенде, бір күні қораның ішінде қасына қатыны келіп:
— Қызың толғатып жатыр!— деді.
Ақсақалдың көзі қанға толып кетті, дауысы қырылдап:
— Кетір, кетір... бәлекетті! Жоғалт кәпірдің көзін! Көрсетпе, көрсетпе!— деуге ғана тілі келді. Өрік үкідей ұшып, Ақбілекке келіп:
— Әкең бұл үйден кетсін деп жатыр! Тұр жылдам! Кет! Бар ана сырласыңа. Келімді-кетімді кісі бар. Сені жайратып отыра алмаймыз?.. Сенің қағанағыңды жуатын мұнда кісі жоқ,— деді.
Өзі қиналып, құр жаны отырған Ақбілекке мына сөз қалай тигенін сөзбен жеткізіп болмайды. Ақбілек еңсесін сүйретіп, бүйірін таянып, бір басып, екі басып, әрең дегенде Ұрқиянікіне жетті.
Көктемнің алтын күрегі қарды бордай тоздырып, жер көксоқта болып жатқан лайсаң кез еді. Кешкі төлді алып, қой-қозы шулап, ауыл азан-қазан еді. Сол көп шуылдың ішінде Ақбілек те еріген қардай ағыл-тегіл боп, қозы алып жүрген Ұрқияға жолықты.
— ...Ойбай-ай! Енді қайтесің? Біздікінде бір-екі кісі отыр еді.
— Ендеше, мені бір жерге апарып буындырып өлтір, өлтір, жеңешетай! Бәрібір өлген кісімін ғой!— деп зарланып жалынды.
— Қой, қарағым, жаман сөз айтпа!— деп, Ұрқия қолтығынан сүйемелеп, өз үйіне таяу Көркембай кемпірдікіне алып келді.
Бүл бір — баланы көп тауып, жалғызынан басқасының бәрі ұзатылып, өліп таусылған, ауыл-үйдің жібін иіріп, жабуын, сырмағын сырып, тігіп күн керіп отыратын, көңілшек, тәуір кемпір еді. Жас қатындар оны «көке» деуші еді. Жалғыз баласы Мамырбайдың жылқысын бағушы еді. Кемпірдің жапырайған жаман тас қорасы, көр секілді сығырайған кішкене құжырасы болушы еді. Құжырасында жөнді төсеніш те жоқ, тәйтері, шоқпыт, ши, салам секілді бірдеңелер жатушы еді. Ұрқия осы құжыраға Ақбілекті кіргізіп, «көкеңе» мән-жайын сыбырлап айтты.
— Ойбай-и! Енді қай жаққа барайын?!— деп, кемпір байғұс бүкшеңдеп, жаман пешінің түбіне, бұрышқа ескі текеметтің тамтығын, шоқпыт, көрпесін төсеп, қорасынан құр әкеліп, жіп қүра бастады. Ол кезде Ақбілектің толғағы бір ұстап, бір қайтып, толғақ қысқаңда не отыра алмай, не жата алмай, не құрулы құрға асыла алмай, шытынап, ыңырсып отыр еді.
— Е-ей, қарағым-ай. Сабыр қыл, сабыр қыл! Сабыр түбі — сары алтын, бипатпаға сиын, бибатпа піріңе,— деп кемпір байғүс күбірлеп, үшкірген боп, күл мен ұшықтаған болып, ішін сипап дамыл көрмей жүр.
Толғақ қысса Ақбілек құрға асылып: - Бибитпа, пірім, бибатпа! Жанымды менің қинатпа! - деп, дауысын әрең шығарып, тістеніп ышқынады.
Ақбілек құрға асыларда, Ұрқия артынан құшақтап, сүйемелеп еді, кемпір:
— Ойбай, сен былай тұр! Өзің шермеңдеп жүріп, жазым боларсың!— деп, оны жолатпады.— Сені іздеп біреу-міреу келіп қалар,— деп, Ұрқияны болмай үйіне қайтарды.
Шаруаға көп айналыспай, өзі тұмса байғұс қой, Ақбілек көп толғатты, жаны жаман қиналды. Толғақ қысқанда, тұла бойы күл-талқан боп қирап бара жатқандай, қарыны мен белдемесінің арасынан түйте арамен біреу біресе жұлқып, біресе изеңдете созып тартып, егелеп, тіліп жатқандай болады. Сол кезде барлық сүйегі үгіліп, күйреп, барлық еті, тамыры жыртылып жатқандай қиналады. Өзге қиналудың бәрі оның қасында ойыншық тәрізді. Бала тауып көрмеген еркек оның қандай қиналу екенін қайдан білсін? Әйелдің жаны көзіне көрініп, өлі мен тірінің арасында болатын, «бұдан да тезірек өлсем екен» деп тілейтін шағы ғой. Жүкті әйелдер: «Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде» деп неге айтады дейсің? Ақбілек те өлі мен тірінің арасында, қасыңда жалғыз кемпір, жатқан жері көр, алдында ала көлеңке, сықсиған жалаң бас лампы, дарға асылған адамдай жіпке асылып, «бибатпасын» көп қақты-ау!..
Түн ортасы ауды-ау деген кезде кемпір де, Ақбілек те әбден жан терге түсіп, қиналып, әлсіреп, талықсыған кезде, «сәтін салып» баланың дауысы шыр етгі. Ақбілек талып кетті...
...Әлден уақытта есін жиса, кемпір кіндігін кесіп, баланы орап, астын құрғатып, бетіне су бүркіп, тірілтіп отыр екен. Ақбілек көзін аларта бір төңкеріп, ауыр күрсінді де:
— Бала қайда?— деп сұрады: Кемпір:
— Міне, қарағым! Өзі бір бағлан еркек бала екен!— деп, жаман тонға ораулы жатқан баланы қолына алды.
— Көзін жоғалт, шеше!— деді.
— Жоғалтайын, қарағым, жоғалтайын! Міне біреуді жұтшы!— деп, бір қолында бала, бір қолымен кетік, ескі, сары тостағанды ұсынды. Шалап сусынды жұтқан соң, Ақбілек әнтек әлденейін деді.
Кемпір бүкшеңдеп баланы бауырына қысып, көзін жоғалтқалы шығып кетті.
Әлден уақытта кемпір «жоғалттым» деп қайтып келді. Кемпір байғұс «өлің кірсін» деп, орта тостағандай сары май ерітіп ішкізді. Майды ішкен соң Ақбілек тыныс алып, көзі ілінді.
Со күні түнде Ұрқия да босанып, көптен зарығып жүрген кісі, еркек бала туып, көзайым болды.
Көркембай кемпірдің жаман үйшігінде белуарға шейін оранып, Ұрқияның жіберген тамағын қорек қып, анда-санда келген Сара бауырын құшақтай жылап, Ақбілек мұңдық жарық сәуле көрмей көп жатты. Өйткені бала емізбеген соң, емшегін сүт кернеп, ұлғайып, жарылып кете жаздап, тастай боп тырсылдап, сыздап, ауырып, денесі күйіп-жанып, көп бейнет шекті. Көркембай көпті көрген ене, жырынды байғұс қой, суық суға шоқиып, майлық орамалын малып, әлсін-әлсін тарта берді. Содан барып сүті қайтып, тәуір болды.
Ақбілек кернеген сүттен қүтыла алмай, азапта жатқанда, Ұрқияның емшегінен сүт шықпай, баласын аштан өлтіріп ала жаздап, ақырында жас балалы көрші қатынға емізетін бопты. Бұрын бала таппаған әйелден сүт шықпайтыны да болады екен...
Бір күні Ақбілектің көңілін сұрағалы Ұрқия келді. Келмегелі бір жұма боп қалған ғой. Ақбілек емшегі қайтып келе жатқан кезі еді. Өзі бүйтіп жатса да, жеңешесіне «құтты болсын» айтты.
— Тәуір болған соң бергелі жүр едім,— деп, Ұрқия көйлегінің жеңіне шиыршықтап ораған бір қағазды алып берді.
Ақбілек ашып оқыса, Бекболаттың хаты екен. Ақбілек оқып болды да жылап қоя берді. Ұрқия сасып қалды:
— Ойбай-ау! О немене екен? Мен білмедім ғой,— деді. Ақбілек:
— Жай, әншейін — деді, жылап отырып.
Әңгіме былай: Мамырбай ақсақал қызын Бекболатқа бермеймін дегенін есітіп, құдасы айрылуға бет түзеген болатын. Бірақ әкесінің ол ойына Бекболат разы болмай, Ақбілекке: «Қайтсем де сені аламын» деп, бір-екі рет хат жазған. Ақбілек те бөтен ойы жоқ екенін білдіріп «тағдырдың не жазатынын қайдан білейін?»— деп, ішіндегі дертін уайымдап, екі ұштылау қып жауап қайырған. Соңғы кезде Бекболат Ақбілектің екі қабаттығын естіген екен. Ауыл-үй білген хабар елге жайылмай тұра ма? Соған нанарын да, нанбасын да білмей, Бекболат Ақбілекке хат жазып: «Жұрттың сол өсегі рас па? Рас болса, біржола түңілейін, әйтпесе...» деп сұраған екен.
Енді Ақбілек жыламай қайтсін? «Екі қабат болғам жоқ, бала тапқам жоқ» деп, не бетімен айтсын? Көркембай кемпірдің үйінде жатқанын жұрт естімей тұрады дейсің бе? Өзге айтпаса да, Өрік шешесі елге жаяды ғой. Бір қайғының үстіне бір қайғы жамалып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты. Кешегі «өлгенім жақсы еді» деген ой тағы келді. Өзін бүл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы, жұрын күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі аузына тығылып, көзінің жасы көл болып аға берді, аға берді...
Төртінші бөлім
МАХАББАТ
Арада бес жыл өтті.
Ертіс үлкен өзен. Өре басы Қытайдан келеді. Екі қабағы ызғындай ел. Ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің, сауда-кәсіптің от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі, қара шаңырағы — Семей. Семей — бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың табысы семейде. Семей — бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді.
Ертістің оң қабағында — Семей, солында — Алаш қаласы. Алаш пен Семей арасынан өткенде, Ертіс саулы інгендей талтаяды. Талтайған жерінде арал пайда болады. Аралдың өнбойы сыңсыған орман. Жаз болса, орман жасарады, астына шалғын кілем төсенеді. Арал сәнденеді, арал жанданады. Екі қаланың еті тірі еркек-әйелі қызылды-жасылды киім киіп, түрленіп, қайыққа мініп, сол жеке аралға, көкке шығады. Арал толған ағаш. Ағаш арасы — жол. Жол жиегі — түрлі шөп пен түрлі гүл. Гүл әліпті жасыл жолда иін тіресіп, ерсілі-қарсылы жүріп жатқан жан. Ағаш-ағаштьщ саясы топ-топ адам. Ол топта пәреміш кәрзеңкелеп, таукеншік самаурынын бықсытқан татар әйелдері де бар, орталарына қымыз қойып, қой сойып, жер ошаққа еттерін асып, шымырлатьш жатқан қазақ та бар. Қыз қолтықтаған, гүл терген орыс та бар, арақ ішкен, мас болған, сырнай тартқан, өлең айтқан орыс-татар да бар. Ән-күй де, қызық сый да, сұлу қыз да, бал қымыз да, махаббат та, сыра да, арақ та, карта ойыны да, төбелес те, айқай-ұйқай да, ойын-күлкі де — бәрі содан табылады.
Күн жұма. Ақша бар ма? Әйда аралға! Ес қайықты! Әпкел домбыраны! Әміре қайда? Шақыр мұнда! Салсын «Ардақты!» Саңғыратсын аралды! Көтерсін Семейді басына! Ай-хай, жасыл аралым! Қызық еді-ау бір күнде, әлі де солай ма екенсің? Біз аралдан кеткелі көп айлар, көп жылдар өтіп барады. Сағындық-ау аралды. Сағындық-ау Семей, Алматы!...
Сол аралда, Алаш жақта, үлкен қара ағаштың түбінде, Ертістің шымырлап аққан суына көз салып, көк теңбіл желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек, апыр-ау, өзге жұрт арал кезіп, арақ, қымыз ішіп, қызыкқа батып жатқаңда, жападан-жалғыз отырған неткен келіншек екен? Тегі, жай емес қой.
Аузы жыбырлап, жынды кісіше өзінен-өзі сөйлеп отыр. Шіркін-ай! Біздің ауылдың жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей жатушы еді! Ауыл келіп қонғанда, жұпар иісі мұрынды жарушы еді! Тау аясындағы айдын көлінің айнадай суы қандай еді. Өңшең ұсақ бала шолпылдатып, суға шомылып, жұмыртқа іздеп, жылан бас, тана теріп кетуші ек. Есіл қызық күндер-ай! Есіл оң жақтағы дәурен-ай! Елім-ай! Жерім-ай! Сағындым-ау, қайтейін,— деп отыр еді ол.
Сол кезде ағаштың ар жағындағы жолмен орысша киімі бар бір жас әйел келе жатып, келіншектің сөзіне құлақ салып тұра қалды. «Сағындым-ау, қайтейін» деген кезде, келіншектің қарсы алдынан өте беріп, бетіне қадала қарады да, тамсанып тоқтады:
— Япыр-ау! Жаңылмасам... Таныдым ғой. Сен Кәмилә емессің бе?— деп жаза басам ба дегендей, аяғын бір басты.
— Иә,— деді келіншек көзі бажырайып, көсілген аяғын жиып алып, қарай қалды.
Орысша киінген әйел таныған сайын келіншек тесірейе қарап, дәл қасына келе бергенде:
— Бауырым, жиен-ау, сені де көретін күн бар екен!— деп, ұшып түрегеліп, мойнынан құшақтай алды. Келіншектің көзінен жасы ыршып-ыршып кетті. Көріп, мауқын басқан соң, екі жас әйел біріне-бірі таянысып, аяқтарын айқастырып, телмеңдеп отырып әңгімеге кірісті.
— Сен мұнда қайдан келдің?
— Сен қайдан келдің?— деп екеуі де сасқалақтап қатар сұрасты.
— Әуелі өзің айтшы!
— Әуелі сен айтшы!— деп орысша киінген әйел келіншектің қолынан ұстап, өз алдына тартты.
— Жарайды ендеше,— деп келіншек бастады.— Жасаған-ау! Енді қайтейін!— деп тамсанып, қояды.— Сені көрем деген титтей ойымда босайшы... Ана жылы, жайлауда отырғанда, апам екеуің келіп, жатып кеттіңдер ғой... Онда екеуміз де бала едік қой... Япыр-ау! Содан қайтып көріскеміз жоқ-ау?
Көріскендей болды ма жұрт, балапан басына, тұрымтай тұсына...
— Ия десейші! Жаман болды ғой! Өткен күннің белгісі жоқ. Ту баста бүлдірген Рақымжан деген ғой...
Қазақтардан солдат алып, қызылдармен соғыспақ болып... Әй, дүние-ау десейші?! Соғыспаса қайтіп барады екен? Орыс шіркіңді жеңем деп ойлай ма екен... Сонда елдің кісілерін жинап алып, Рақымжан айтьшты ғой: «Балшабай келді. Малдарынды талап алады, әйелдеріңе билік қоймайды. Аман күндерінде Қытайға ауындар» депті ғой. Әкемдер қалаға барып келді де, «ал ауамыз!» деп, елді бөріктіріп, аласапыран болмасын ба? Тігулі үй тігуімен қалды. Толып жатқан әбдіре, сандық бәрін тастап, жеңіл-желпі киім-кешек, төсек-орынды алуға ғана мұршамыз келді. Малды айдап, күні-түні шұбырып, аудық қой. Қанша күн жүргенін де білмеймін, сол көшкеннен көшіп, Қытай қазақтарына бардық.
— Иә, ауып кетті деп естігенбіз.
— Естісең — сол. Ол бір бейбастақ, нашар ел болады екен. Кім көрінгені би болып, малымызды талап ала берді. Әсіресе бір үкірдай дегені жаман болады. Әкемнің бар малын сол айдатып алып, сымпидық та қалдық. Не мал жоқ, не үй жоқ, не тамыр-таныс жоқ, жаппаның астында жаттық. Көрген күнімізді құдай итке бермесін. Мені тартып алады деген сөз шықты. Әйтеуір құдай сақтады. Не керек, сонда бір қыс тұрып, аштан өле жаздап, жаз шыққан соң, жаяу-жалпылы шұбырып, елімізге қайттық.
Елге келсек — қора-мүлкімізді, жерімізді бір кедей көршілеріміз иемденіп отырып алыпты. Өз үйімізге өзімізді жолатпайды. Әкем ел азаматтарына барды, болысқа барды, түк болмады. Қайдан болсын! Болыстың өзі екен қондырған. Әкем ізденіп, болыстың үстінен арыз беріпті. Қайдан білсін, бұрынғы заманы бар деп жүр ғой.
Бір күні ауылға мылтықты екі мелисе келіп, әкемді алды да кетті.
— Не жазығым бар?— десе:
— Сен қашқынсың, боржайсың,— дейді. Боржайы не екенін қайдан білейік. Әкемді қалаға апарып, абақтыға жауып қойыпты. Әкем жатып алды, шығармайды. Өзің көрген Ақан деген ағатайым бар еді ғой. Сол олай шапты, бұлай шапты. Әкемді босата алмады. Жалғыз әкем ондай болды. Туған шешең болмаған соң, немене...
— Ой, дүние-ай десейші! Нағашым сені жақсы көруші ме еді?
— Е, жақсы көрмей. Қытай қазақтарына бермей, алып келді ғой. Менің де балалау күнім емес пе, он беске жаңа шыққам ғой. Әкемнің абақтыда жатқаны жаныма жаман батып жүрді. Айға жуық жатты.
Ақан ағам қалаға кетіп еді. Бір күні әкемді босатып алып келді. Қуанып қалдық. Әкем келген соң, қора-мүлкімізді де, жерімізді де өзімізге қайтарып берді.
— Онысы тәуір болған екен!
— Тәуір болғаны қүрысын! Тәуір болмады. Арада бір жүма өтті ме, өтпеді ме, бір күні кешке таман қаладан үш кісі сау ете түсті. Жоғарғы үйге кіргізіп, көрпе салып, қой сойып, әкем шала бүлініп жатыр. «Мұнысы кім?» деп отырмын. Қатындар жиылып келе бастады. Біріне-бірі «Күйеуді көрдің бе?» дейді. Жүрегім су ете түсті.
— Кімнің күйеуі?— дедім.
— Ойбай-ау! Күйеуің келгенін білмей отырсың ба?— десті.
Не дерімді білмедім. Көзімнен жасым тимей-тимей кетті. Мен жылап отырғанда, өгей шешем келіп:
— Жылағаны несі? Бала емессің. Күйеуге тимей отырушы ма ең? Дәнеңе жоқ. Өз теңің, оқыған төре жігіт. Қой, жылағанды! — деді.
Оған да болғам жоқ. Теріс қарап, домаланып жылай бердім. Енді қайтейін. Әрі жаспын, әрі күйеуге тием деген ойым бар ма... Және бір ауыз сөз айтпастан, дәнеңе етпестен, бір-ақ күнде «күйеуің келді» деген соң...
— Ой, алла-ай десейші!
— Асқа да тұрмай бұлан-талан болып жатыр едім. Қасыма ағатайым келді. Қамығып, басымды сипап отырып: «Сені берейік деп отырғамыз жоқ. Әкеңнің жаны қала ма деп уәде қылып едік. Енді уәдемізді жұта алмай отырмыз. Заман жаман: осындай қызметтегі бір адамға сүйенбесек, жазым боп кететін көрінеміз. Бізді қашқын деп кім көрінген сұқтанатын көрінеді» деп бірталай ақыл айтты. Ағатайым сөзі кішкене құлағыма кірейін деді. Әйткенмен ар жағым болатын емес, көңілім соқпайды. Жоқ жерден күйеуге тиеді деген не деген сұмдық! Әкемнің шыққанына қуанып жүрсем, сорлы басым, мені бермек боп босанған екен.
— Ал сонсын?
— Сонсын немене? Тамақтан кейін, әл-еркіме қоймай, жеңгелерім «қол ұстатамыз» деп мені сүйрелеп алып барды. Есіктен кіргізді. Үй ала көлеңке еді. Әйнектің түбінде қап-қара аюдай бірдеңе отыр. Өзі тіпті үлкен. Аузынан түтіні бүрқырайды.
— Ойпырым-ай!
— Манағы манағы ма, зәрем одан жаман кетті. Мынау өңкиген қара аю жеп қоятындай көрдім. Жеңгелерім мені қасына таман әкеліп:
— Өзіңдей бұл да адамның баласы. Балалық қылма. Әлі-ақ үйреніп кетесің,— деп қасына отырғызды да, шамды алып, шығып кетті. Төмен қарап, бұғып отырмын, дір-дір етем. Түтінін бұрқыратып болды да әлгі қара аю сырғып келіп, қолымнан ұстады. Денем шым ете түсті. Қолы темірдей тиді.
— Неғып отырсың? Бері таман кел!— деп қолымнан тартты. Жүрегім дүрсілдеп барады. Бауырына таман тартып, қолаңса иісі қолқамды атып, тікен мүртын бетіме қадап, жап-жалпақ аузын жапсырды. Белімнен қысып, икемдеп әкетіп барады. Ағатайладым, жалындым, жыладым. Керек қылмады. Темірдей қолдарымен денемді бүріп, күйретіп барады. Не керек, тамұқ азабын тартқандай жан терге түсіп, қиналып, тұла бойым дал-дүл болып, көрер таңды көзіммен атқыздым.
— Сөйтпей, қайтуші еді? Сонсын?
— Сонсын ертеңінде ол кетіп қалды. Он шақты күннен соң ағатайым мен апам екеуі төсек-орныммен арбаға салып, мені қалаға алып келді. Бір катын, үш-төрт сыпиған еркек алдымыздан шығып, үйге кіргізді. Ауыз үйі кішкене, төргі үйі үлкендеу екі бөлмелі үй екен. Төсеніші жоқ. Қу тақтай. Бір бұрышта темір кровать тұр. Шешем екеуіміз соның үстіне отырдық. Еркектер ортадағы орыс үстелді жағалай, орындыққа отырды. Өңшең бір шүлдірлеген бөтен адам, тартқандары — шылым. Қайда отырғаныңды білмейсің.
— Е, оның рас, алғашқы кезде кісі сөйтеді екен. Сонсын?
— Сонсын кешке таман қонақ шақырды. Кровать жаққа маған шымылдық құрып қойды. Апам басы ауырып, ауыз үйде жатып қалды. Қонақтары келді сауылдап. Орталарына ет қойып: «Келіншегің құтты болсын!» деп айғайласып, стақанды салдырлатып, арақ ішті. Ақан ағам ішпеп еді, бәрі жабылып, қояр да қоймай, оған да ішкізді. Мен шымылдық ішінде жалғыз шошайып отырмын. Ағатайымды аяп отырмын...
Шетінен мас. Бір жігіт арақты азырақ ішті білем, бәрі соған жабылды. Менің күйеуім: «Іш, сен неге ішпейсің?» деп күжілдеп, әлгімен ұстасты. Содан үшқынып, екеуі керілдесіп, боқтасты. «Қой, қойлағанды» тыңдамай әлгі менің күйеуім тілі күрметіліп, боқтап «атам» деп мылтығын ала ұмтылғаны ғой.
— Құдай-ай! Сақтай гөр!
— Зәрем зәр түбіне кетті. Бәрі дүрлігіп, ыдыс-аяқты қиратып, үстелді, тақтайды тарсылдатып, үйді басына көтеріп барады. Қорқып, мен де ұшып түрегелдім. Шымылдықтан сығалап қарасам — күйеуімді екі жігіт ұстап жүр екен. Көзі қисайып, ақшиып кетіпті. Қыли екенін сонда көрдім. Қолында мылтығы, тұра-тұра ұмтылады. Күйеуімнен қорықтым, көңілім қалды. Мінезі жаман екен. Әлден уақытта екеуін де қойғызып, қонағы түскірлер тарады.
Ыдыс шашылып, стақан, бөтелкелер қирап, арақ төгіліп, үйдің ойран-ботқасы шығып қалды. Ағатайлап, мана төбелестен бұрын лоқсып, шиқылдап, ауыз үйге шығып кетіп едім. Күйеуім қонақтарын шығарып салып, тәлтіректеп келіп, мені тағы қүшақтап, сүйді. Өне бойы арақ сасиды. Шешінбестен төсекке келіп қылжиып, әлгі төбелескен жігітті боқтап жатып ұйықтап қалды.
— Ойпырым-ай! Күйеуіңнің мінезі қалай жаман еді?
— Мінезі жаман дейсің! Жамандығын қазір айтам...
— Сонсын қайттің?
— Сонсын жылап-жылап, сілем қүрып, кроваттың алдына бір көрпе тастай беріп, жантайып таң ата көзім ілінді. Не керек, бір сау күні болған жоқ, қызметтен келсе арақ ішумен, мас болумен, боқтаумен күні етті. Мені жан екен деп сөйлесу жоқ. Тек қойныма жатуды біледі. Күндіз-түні бүк түсіп жатқаннан басқа, жарық сәуле көрмедім.
Бір жұмадан кейін күйеуім қызметтен түсіп қадды. Партиясы дей ме, бірдеңесінен шығарып тастапты. Пара алып, жолдастарымен ұстасып, әйтеуір жамандығы білініп калса керек. Содан кейін ол мені алып өз еліне қайтатын болды.
Келіп-кетіп жүретін бір қазақ қатыны бар еді. Өзі бір сумаңдаған сөзі көп қатын еді. Бір күні сол келді. «Күйеуіңді қызметтен түсірді! Бүл қаладан қуып отыр. Жаман жұмыстары көп, енді абақтыға түседі. Өзі кедей дейді. Сен оған ерме! Мұнда қал! Саған жақсы күйеу тауып береміз...»— деп мені азғырды. Не сөз екенін де білгем жоқ. Келген соң күйеуіме айттым. Кеше ғана тие сала қалай айрылайын? Күйеуім:
— Олар менің дұшпаным. Өтірік айтады. Әуре болма!— деді. Содан мені осында алып келді.
— Семейдікі екен ғой?
— Иө, осында бір жаман үйі бар екен. Мені өз үйіне әкелген жоқ, бір жолдастарының үйіне түсірді. Ноғай қатыны, екі ақ үрпек баласы бар екен. Шай қайнатты. Күйеуім кетіп қалып еді. Әлгі үйдің иесі бар, бір-екі балалау жігіт бар, шайды жаңа ішіп отыр едік. Бір мезгілде бір шұбар мәтүшке келіп, ентігіп, сұрланып, ерні дірілдеп, есік көзінде тұра қалып еді. Бәрі де үн-түн жоқ, төмен қарады. Сөйткенше болмады, әлгі мәтүшке:
— Оныкі жаңа қатын сен бе?— деп мені көрсетіп,— мені де оныкі қатын,— деді.— Мені тастады. Менікі одан бір кішкене бала қалды. Баланы асырауға ақша жоқ. Баланы саған тапсырдым,— деп маған қарап жылап қоя берді. Мен аң-таң болдым. Үй иесі жігіт отырып маған мәнісін айтты. Бақсам, күйеуімнің орыс қатыны бар екен. Маған оны айтпастан алып кепті.
— Ойбай, масқара!
— Масқара болғанда қандай! Сол жерде не болғанымды білмедім. Өңім екенін, түсім екенін айыра алмадым. Мен жылап отырғанда күйеуім келді. Мәтүшке кетіп қап еді. Күйеуім шай ішіп отырып:
— Баланы да жібергелі отырмын,— деді. Жолдастары:
— Өзің білесің. Пәлен-түген,— деп жөнді ештеңе айтпады! Ішінен жақтырғандары көрініп түр. Мен күйіп кеттім:
— Балаңды неге жібересің? Орыс боп кетпей ме? Алып қал!- дедім.
— Енді қайтейін... алдым. Тіпті намысым келді. Кім де болса, күйеуімнің баласы ғой. Айтқаныма бола ма, баласын бірге тастады.
Қатыны кеткен соң, мені өз үйіне әкелді. Жаман, тоқал үй екен. Бір ағасы мен жеңгесі бар екен. Ағасы жаяу жүріп сауда қылады екен.
Әлгі күйеуімнің тастаған баласы анда-санда келіп-кетіп жүрді. Бес-алтыға келіп қалған жап-жақсы бала. Менің күйеуімнің баласы дейтін емес. Қазақша тіл біледі. Бейшараны аяймын.
— Маған бала боласың ба?— деймін.
— Болам,— дейді. Әкесі келсе:
— Келме, үйіңе бар,— деп қуып жібереді. Сол бала артынан көшеден қайыр сүрайтын болыпты. Әкесі жолыққанда, бала қолын жайса, керек десе садақасын да бермепті. Не деген қатты адам екенін білмеймін,— деп, келіншек сөзін бітірді.
— Осы күні күйеуің қайда?
— Қызметпен басқа қалаға кетіп еді. Екі ай болды. Хабар жоқ.
— Бала көтердің бе?
— Бір бала түсік түсті. Біреуін қолдан өлтірдік.
— Күйеуіңнің аты кім?
— Обал ғой, қалай атайын?
— Оның обалы жоқ, бауырым. Жай соз. Атай бер.
— Ана аттың мойнына салатын имек ағаш?
— Қамыт па?
— Жоқ, одан жоғарылауы.
— Доға ма?
— Е, сол, сол.
— Аты да бір түрлі екен. Өзің немене жүдеусің ғой?
— Жүдеу болмай, қайтейін? Адасқан қаздай... Жападан-жалғыз... Науқасқа шалдықтым. Азырақ жөтелім бар.
— Ей, қалқам, Кәмилә-ай! Сенің де көрмеген қорлығың жоқ екен ғой...
* * *
— Ал енді өзіңдікін айтшы!— дегенде, орысша киінген әйел бастан кешкен күндерін бір-бірлеп ағыта бастады. Бірінің аузына бірі қарап, киімдерін шұқыласып, екеуі ағаш түбінде кеп отырды. Күн де еңкейді. Кәмиләның қыдырып кеткен қайын аға, абысындары да келді. Сонымен ол күні әңгіме аяқталмай қалды. Орысша киінген әйел Кәмиләның тұрған үйін сұрап алып, ертең келмек боп, қош айтысты.
Ертеңінде Кашти жырасымен ағып, екі әйел Ертіс шетіндегі «Маған кел, маған кел!» деген көп қайықтың бір бүтіндеуіне отырып аралға тартты. Ана жерге, мына жерге барса да орыс, ноғайдың қыз-қатыны, қолтықтасып жылт етіп шыға келеді. Оларды көргенде келіншек:
— Осылар-ақ үйінде отырмайды!— деп қалды. Оңаша орын іздеп, екі әйел аралды өрлеп барып, Алаш жақтағы орманның бір алаңқайына алдын бере отырып, әңгімесін қайта қозғады.
— Иә, сонымен?
— Сонымен жазға салым ауылға ағатайым келді. Мен әлі әкеме көріне алмай, Ұрқияның үйінде жүруші едім. Әңгіменің бәрін ағатайым естіпті. Әкемді көндіріп, ағатайым үйге алып келді. Бетімнен отым шығып, әрең бардым-ау! Елде бір жарым ай тұрған соң, ағатайым мені қалаға алып кетті. Әкем үндеген жоқ. Өзі де құтыла алмай жүрген кісі ғой. Қайта кеткенімді тәуір көрген шығар,— деп әңгімеші әйел қалтасынан орамалын алып, мұрнын сүртті.
Сөз әлпетінен оқушылар өзі де сезген болар, бұл әңгіме айтып отырған Ақбілек еді. Анау Кәмилә деген келіншек Ақбілектің шешесімен бірге туысқан, бұрын болыс болған Бояубайдың қызы еді. Ақбілектің туған нағашысы болды ғой. Ендеше, Ақбілектің әңгімесіне құлақ салайық.
— Ағатайым, қаладағы бір Мағиша деген оқыған қызды алғалы жүр екен. Орал тауынан ауып келген естек қызы. Бір мұғалім ағасы бар. Үйелмелі-сүйелмелі екі қыз екен. Біз құсап дем айдап келген ғой. Көргенді жердің балалары болса керек.
Бір жұмадан кейін сол жеңгемізді алды. Оқығандардың үйленгендері де бір түрлі «құда түсер, қол ұстатар, шаш сипар, ілу жыртыс, кит-сит, кәде-сәде» дегеннің бір де бірі жоқ. Томаға-тұйық үйге алып келіп, қонақ шақырады екен. Қыз ибасы да, қынамендесі де, тойы да — сол. Бір соғар.
Жаңа жеңгей де ұялған жоқ. Ағатайыммен тізерлесіп отырып, қонақ күтіп, өзі жүгіріп жүрді. Естек болғанымен өзіміздің қазақ сияқты, қытығы жоқ, кең пейіл тәуір адам екен. Көзі қап-қара, денелі, келбетті кісі.
Жеңешемді сөз қып кеттім-ау. Оны айтатын да жөнім бар. Ағатайымнан да маған оның қызметі асты. Мені адам қылған сол ғой...
Оң қолынан өнері төгіледі. Шаруаға да көріпкел. Тамақты қандай ғып пісіреді! Неше түрлісін істейді! Ішпегенді ішкізеді.
Өзі бір саудыраған ақ көңіл бала сияқты адам. Не десең, соған нанады. Ағатайымның бар-жоғын білдірмейді. Келген кісімен ерекше сөйлеседі. Менің көзімді ашқан сол жеңгем ғой, ейтпесе...
— Ал содан кейін қайда бардың?
— Содан кейін ағатайым сол жылы Семейге барды. Қызметке. Мені де ала барды. Пәтер-тұрмысымыз жайлы болды.
Сол кезде бір курс ашылып, ағатайым мені сол курсқа түсірді.
— Курысың немене?
— Ондайды әлі білмейді екенсің. Бала оқытатын сондай мектеп болады.
— Үйден шықпаймын, қайдам...
— Оның да рас қой. Курста менен басқа да төрт-бес қыз оқыды. Көбі ересек. Қазақша хат танығаным болмаса, үлкен оқуды кім көрген. Әуелде түк түсінбей жүрдім. Өзіміз оқитын ескі молдалар тәрізді емес. Орысша киінген жігіттер түрегеп жүріп оқытады. Жазу жазатын, отыратын жерің — бәрі үстел. Мүғалімдеріміз қара тақтайға бормен жазып-жазып, сөйлеп түсіндіреді.
Есеп дей ме, жағырапия дей ме, сен білмейсің ғой... Көп нәрселер үйретеді. Мүғалімнің үйреткенін дәптерімізге жазып ала береміз. Үйге келген соң білмеген жерімді жеңе-шемнен, ағатайымнан сұрап алам. Екеуі де айтып береді.
Не керек, сол курстан алты айдай оқып, әжептәуір нәрсе біліп қалдым.
Үйге келгенде жеңешеме қолқабыс қылам. Омырауыма алжапқыш байлап алып, картоп тазалаймын, кеспе кесем. Пәреміш, самсы, түшпара, кәтлет дейтіндері болады екен. Олардың істеуін де үйреніп алдым. Киімім де ыңғайлы. Семейге келген соң ағатайым мен жеңешем маған да орысша киім тіктіріп, мені қылтитып сәндеп қойды.
Кейде ағатайыма, не жеңешеме еріп, театрға, суретке барамыз. Сен оларға барып көрдің бе?
— Әлгі қозғалып тұратын ба?
— Иө.
— Әлгі жоқта бір таныс шәкірт апарған еді. Не екенін ұға алмадым.
— Әуелде мен де таң-тамаша қап: «Бұл қалай қимылдап түр? Жаны бар ма?»— деп жеңешемнен сұрай бергем. Сөйтсем жаны жоқ екен. Қозғалып тұратын бір тетігі бар екен. Спектакльге бардың ба?
— Онысы немене?
— Кісілер бет-аузын бояп, сақал жапсырып алып, сөйлесіп ойнайды ғой.
— Әне біреу... әлгі бір қойшы болып, қатынын ұратынды айтады екенсің ғой.
— Е, сол, сол. Семейге сені қай жылы әкелді?
— Қай жылы екенін қайдам, әйтеуір төрт-бес жыл боп барады ғой.
— Бізге де, міне, бес жыл боп барады. Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік. Сені мен неғып естімедім екен?
— Е, келген жылы біз Қарқаралыға кеткенбіз.
— Бәсе... Келесі жылы тағы көре алмайтын жөнім бар. Ол жылы мені ағатайым Орынбордағы оқуға жіберген ғой.
— Ендеше, ол жылы біз қайтадан Семейге келгеміз. Менің алғашқы бала көтерген жылым ғой...
— Ол жылы мен Орынбордамын. Ағатайым: «Көбірек оқымасаң, адам болмайсың» деп оқу бөлімінен қағаз әперіп, Орынбордьщ рабфагына жіберген. Екі қыз барғанбыз. Ажар екеуміз... Жеңілтек қыз еді. Қалалы жердікі ғой. Есі-дерті бозбала. Бет-аузын бояп, әлектенеді де жатады.
Менің отарбаға алғашқы мінгенім сонда ғой. Атын естігенім болмаса, кім көрген. Түн ішінде ағатайым мен жеңешем екеуі бержебаймен апарып салды. Жыбырлаған кісі. Отарба өкіріп жүр. Ағатайым күні бұрын қағаз алып қойған екен, кезек күтпей билет алдық. Апарып бір ұзын үйлерге, үй емес, дөңгелегі бар, үлкен бітеу күймелерге (вагон дейді екен, артынан білдік) әкеп кіргізді.
Жеңешем мен ағатайымды қимай көп жыладым. Бұрын көрмеген алыс жер ғой, қорқып жүрмін. Енді қайтейін. Бір жағынан оқығанымды да жақсы көремін. Бір қыс оқып, оқудың дәмін алып қалдым ғой. Оқыған жеңешемнің түрі анау, бәрін біліп түрғаны.
Ағатайымды қандай сыйлайды! Ағатайым да оны ренжітпейді. Жеңешемнің тілі де бір түрлі қызық қой! Ол сөйлегенде ағатайым екеуміз күлеміз де отырамыз. Әуелде тіліне түсіне алмай жүруші ем. Жүре-жүре құлағым үйренейін деді. Жеңешем де қазақша сөйлеуге айналды. Әйткенмен кейде бірдеңені қойып қалады.
Ойбай-ау! Бірді айтып, бірге түсіп кеттім-ау! Жеңешемді ойласам, айтып отырған сөзімді ұмытам да қалам. Тіпті сағынып жүрмін.
— Олар қайда?
— Зайсанға кетіпті. Көрем ғой деп келсем... Жеңешетайым-ай, менің көзімді ашқан сол ғой...
— Иә, қимай жыладым дедің ғой.
— Жыламай қайтейін! Сол екеуінен басқа кімім бар? Әке-шешемнің түрі анау болды. Екі бауырым болса, онда өгей шешенің қолында қалды. Ол байғұстардың көрген күні әлдеқандай деп бір ойлаймын...
Не керек, екеуі бетімнен сүйіп, төрт көздері жаудырап қала берді. Өкірген отарбаға мініп, мен кете бардым. Ажардың ойына да келмейді. Сол екі арада бір жігіт тауып алып, әйнек алдында аузы жабыса қапты. Екі күнге дейін көзімнен жас кетпеді.
Жолда төрт қалаға тоқтап, вокзалда жатып, басқа отарбаға мініп отырдық. Ажардың жігітпен таныс болғанының бір пайдасы тиді. Ажар екеумізге кезекке тұрып, билет әперіп отырды.
Неше түрлі тамашаны көрдік. Талай өзеннен, көпірден өттік. Тауды да, орманды да тіліп өтеміз. Бір жерге барып тіреліп қала ма деп қорқып келе жатасың. Тірелмейді де, соқтықпайды да, арасынан жылпылдап, жыланша бұраңдап өте шығады. Жүрісі қандай! Құйындай ұшады!
Орынборға келіп, бержебайға мініп, Ажардың танымалына барып түстік. Орынбор қаласы Семейден ретті. Көшесі тас, бержебайы да оңды екен. Солқылдаған кішкене пәуеске.
Ертеңіне қағазымызды алып, үшкөлге бардық. Адам айтқысыз бір үлкен үй. Ығы-жығы бала. Біз де кіріп, кеңсесін тауып алып, қағазымызды керсеттік. Қағазымызға қарап, бізді тыңдамастан, дәнеңе етпестен алды. Қыздар жататын бөлме басқа екен. Солардың арасынан бізге де екі кровать берді. Төсек-орнымызды әкеп, сонда орналастық. Қыздардың бәрі орыс. Қазақтан бес-алты-ақ қыз болды.
Семейдегідей болмады, оқуы қиын тиді. Семейде мұғалімдеріміз қазақ — оқуымыз да казақша еді. Орыс тілін азырақ оқып едік. Мұнда оқу орысша. Оқытатын ылғи орыстар. Қазақтан бір-екі-ақ мұғалім бар. Ағатайымнан, жеңешемнен орысша оны-мүны үйренген болғам. Ол білгенім аз екен. Көпке дейін түсіне алмай, босқа отыратын болдым. Бір тәуір жері орыс қыздары көп, тіл үйренуге оқудан да солар жақсы болды. Әйтсе де сабақты мәз оқи алмай жүрдім.
Ешкіге ұқсаған қызы түскірлер секектеп, отырмайды екен. Сабақтан босанса, жігіттермен жыртындасьш, хат жазысып, қолтықтасып, құшақтасып жүргені. Орыс қыздары тіпті үят дегенді білмейді екен ғой. Еркектің мойнына мініп алады, жас балаша алдына отырады. Тіпті үят! Оларға еліктеп, біздің қазақ қыздары да жігітпен жүреді. Әсіресе біздің Ажар мен Кәмилә деген қыз. Түні бойы жоғалып кетеді. Қараңғы жерге барып, әркіммен бір құшақтасып отырғаны. Кәмилә деген қыз сабағын оқи алмай, қыс ортасына жетпей, шығьш кетті. Екі қабат екен десіп жүрді. Кім білсін?
Жігіттер мені де айналдырды. Мен олардың ортасына көп түспей шеттеп жүретінмін. Өзім сияқты жуастау орыс қызымен жолдас боп, сонымен сөйлесетінмін. Жігіттер: «Қыдырайық, ойынға барайық, сөйлесейік» деп маза бермейтін болды. Мен олардың ыңғайына көнбедім. Бозбалаға несіне қызығайын? Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Және жеңешем ылғи құлағыма құйып отыратын. «Жігіттердің азғырғанына ерме! Ерсең, бұзыласың. Әбиірің кетеді. Адам болмайсың. Әуелі оқу оқы. Күйеуге тиетін кезде жігітке көз саларсың» дейтін. Қазақтың оқыған қыздарын ағатайым да жамандайтын, ыртаң-жыртаңнан басқаны білмейді дейтін. Сол сөздері есімде.
Айтқанына жүрмегенсін, жігіттер менің соңыма түсті. Мені «ұлы кеуде» деді, «байдың қызы» деді, «қуыршақ» деді, «кісі киік» деді. Айтпағаны жоқ. Тоғыз саққа жүгіртті. Өтіріктен өтірік «пәлен жігітке хат жазыпсың, пәленмен жақынсың» деп жала жапты. Маған хат жазып, ғашық болды. Домалақ қағаз түсіріп, неше түрлі былғаныш сөздерді айтты. Сонда да болмадым. Ең болмаған соң, қараңғыда аяғымнан қағып-жығып кететін, ұрып кететін болды. Қағаз-кітаптарымды, тарағымды, орамалымды ұрлайтын болды. Еркек бала бір түрлі бейбастақ келеді ғой.
Екі күнде, үш күнде бір жиналыс болады. Айғай-ұйғай боп сөйлесіп жатқаны. Жиылысқа бармай қалсаң, біреуі барып жеткізе қояды. Бірін-бірі мүйіздеп, жамандап, үшкелден шығартып жатқаны. Әсіресе біздің қазақ балалары. Не жетпейтінін білмеймін.
Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жүмасына бір жаға ма, жақпай ма. Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай тұра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді — ауырып қаласың. Ашпасаң тұншығып кете жаз-дайсың. Оның үстіне тамақ та жайсыз. Ашаршылық жылы ғой. Таласып-тармасып, күніне жарты қадақ нан, бұлдыры жоқ картоп салған сорпа ішесің. Кешке бір қайнаған су. Оқу оқып жетілгеннен бұрын аштан өле жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті.Өлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым. Семейге баратын үш-төрт баламен мен де қайттым.
— Сен де бейнетті тәуір-ақ көрген екенсің.
— Атама. Жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді екен. Жуырда икемге келмейді екен. Есейген соң оқығанның бір тәуірі есің болса: артық бүзылмайды екенсің. Өңшең өгіздің ортасында аман қалғаныма өзім де таңданам...
Жеңешем мен келгенге қуанып қалды. Оған да серік керек. Екеуміз бір туған кісідей боп кеткеміз ғой. Ағатайым губкомда қызмет қып, тәуір боп тұр екен.
Келген соң «босқа жүргенше, тіл үйрен» деп бір үшкелге учитель қатынды жалдап төрт ай оқытты. Бұрын қазақ баласын көп оқытып, ысылған кәрі қатын екен. Баласы жоқ. Табысымен күн көреді. Сол қатыннан оқығаным көп пайда болды. Орысша жазуға да, сөйлеуге де сол кісі сауатымды ашты. Орыстың тілі қиын болады екен, тіпті?
— Осы күні орысша біліп алдың ба?
— Онша жетік білмесек те, түсінетін болдық. Аса бір қиын сөз болмаса, ойлағанымды айта алам.
— Біз сияқты аузын буған өгіз емессің ғой.
— Оқысаң сен де үйренер едің. Оқи алмай қалдың ғой. Заман оқығандікі көрінеді. Өмірдің қызығы соларда. Бар тапқанын тамағы мен киіміне салады. Мал жиям деп әуре болмайды. Тұратын үйлері қандай! Саңғырлаған бір сарай. Әй, біздің қазақтың көрген күні құрысын! Бықсып, сасып, биттеп, құрттап жатқаны...
— Құрттаса да мен сол елді сағынып өліп жүрмін. Қуарған қаласы бар болсын. Бәрі бөтен, бәрі жат. Ішім пысып, санамен сарғайып, дертті боп отырмын.
— Қалқам-ау, ол сенің оқымағандығың. Оқысаң бәріне де үйір боп кетесің.
— Енді бізге оқу қайда? Елімді бір көрсем, арманым болмас еді,— деп қатты күрсінді.
Қаланы оқығанды мақтағаны болмаса Ақбілектің арғы ойы: оқымаған Кәмиләнің алдында озінің оқығандығымен, орысша киімімен азырақ мақтанбақ еді. Әйтпесе даланы, елді өзі де сағынып еді. Кәмилә елін бір көруді арман қып, күрсінгенде Ақбілек ұялып, «өтірік мақтанып отырмын-ау» деп ойлады. Сондықтан:
— Сенің оның рас. Кісі кейде елді бір түрлі сағынады,— деді. Кішкенеден соң Кәмилә:
— Сонсоң не болды? Бітті ме?— дегенде Ақбілек:
— Жоқ әлі. Әңгіменің қызығы ілгері деді.
— Е, соныңды айтсайшы.
— Соны айтсам... Немене... Қай жерге кеп ем?
— Семейге келіп, орыс қатыннан оқыдың ғой.
— Е-е... Содан кейін қысқа қарсы Орынборға тағы бардым. Оқуға. Қайта-қайта айта бермейінші. Орынборда тағы үш жыл оқыдым. Тұрмыс та, оқу да бұрынғыдан жөнделейін деді. Тіл біліп қалдым ғой.
Қалаға әбден таныс болдым. Оқушылар ойын қойып, мен ойынға да араластым. «Бәйбіше — тоқалды» ойнағанда мен Мәмеш болдым. Свердлов клубына қойдық. Оқыған азаматтарға қыдырып жүріп, билет саттық. Ойынымыз жақсы боп өтті. Мен де тәуір ойнадым білем. Ойын басқарушы «жақсы шығардың» деп, гуілдесіп жатыр.
Бетімнің бояуын сүртіп, ауызға шығып едім: «Ақбілек, сен жақсы ойнадың!» деп өзіміздің қазақ учитель жолыға кетті. Көтеріліп қалдым. «Жүр, шай ішейік» деп үстелге алып келді.
Ол үстелде үш жігіт отыр екен. Мені таныстырды. Кемесерлеріміз екен.
— Мынау — Ақбала жолдас, мынау — Балташ жолдас,..— деп жатыр.
«Отырыңыз!» десті. Отырдым. Сыра ұсынды. Ішпедім. Ақбала деген жігіт отырып:
— Ішпесе, зорламаңыз. Әйел балалардың ішпегені де жақсы. Біздің әйелдеріміз де кісі боп қапты. Ойындарыңыз тәуір шықты,— деп бірталай сөз қылды. Мен шай ішіп отырдым.
Ақбаланы бұрын да көшеде бірнеше рет көргенмін. Балалар шешен деп, білгіш деп мақтайтын. Орта бойлы, маңдайлы, ақ құба жігіт еді. Көзқарасы, сөйлесі сабырлы жігітке ұсайды.
Сол отырғанда Ақбаладан көп сөйлегені жоқ. Әдемілеп, баптап, әр түрлі сөздер айтты. Өзгелері тыңдап, қошемет қып, күлісіп отырды. Ақбала менен оқуымызды, тұрмысымызды сұрады. Көбінесе маған қарап сөйлеп отырған тәрізді. Мен қарсы отырармын ба?..
Маған таяу Балташ деген жігіт отырды. Ол маған «алыңыз, ішіңіз» деп тамақты алдыма тартып, сыйлаған болды. Білімі де Ақбаладан төменірек пе деп ойладым.
Тарарда Ақбала өзгелерінен оңашалана беріп:
— Жұмысыңыз болса, келіп тұрыңыз. Сіздей қарын¬дастарымызға жәрдем беруді борыш көреміз,— деп қолымды майда қысты.
Кемесерлігіне қызыққан кісіше несіне барайын. Қайтып оны іздеп барғам да жоқ. Оқуымда жүре бердім.
Бір күні газеттен «Ақбаланың баяндамасы болады» деген хабарды оқьгдым. Не себеп екенін білмеймін, соның сөйлегенін естігім кеп кетті. Бармайын деп бір ойлап тұрдым. Бір уақытта қолым шашыма, аяғым айнаға барып қалғанын, пәлтемді киіп, үшкелден қалай шығып кеткенімді білмей қалыппын.
Бір үлкен жиылыс екен. Арт жағына таман келіп мен де отырдым. Мен отырған кезде бір орыс сөйлеп түр екен. Ол бітірген соң үстел басындағы қара шұбар кісі: «Енді Ақбала жолдас, баяндама қылады»,— деді. Жүрегім бүлк ете түсті.
Сахнаның ар жағынан жайымен аяңдап, жылмиып Ақбала шықты. Портфелін үстелге қойып, отырған жұртты бір шолып өтті. Маған да көзі түсер ме екен деп отырмын. Білмеймін көрген-көрмегенін.
Ақбала сөзін бастады. Асықпай-саспай, қоңырлау, әдемі дауыспен бастады. Мен қадалып қаппын. Бір үлкен мекеменің істеген жүмысы жайынан екен. Не айтқанын ұққам жоқ. Көзім оның аузында: құлағым оның дауысында болды. Алақанын әнтек бүгіп, құлаштап темір соққан ұсталарша, оң қолын нығыздай сермеп, сөйлеп түр. Сөйлеген сайын өзінен-өзі қызған секілденіп, даусы ашылып, қимылы көбейіп келеді. Оның қыза сөйлегеніне мен де қызып отырмын. Сөзді түйдек-түйдегімен тастап-тастап жіберіп, қарақшыдан ағып өткен жүйрікше, басын әнтек еңкейтіп шүлғьщы. Жұрт шапалақтап алды да кетті. Мен де соғып жатырмын.
Оның артынан әлдекімдер қарсы сөйледі. Ақбаланың баяндамасын мінеді, сынады. Мен оларға оқты көзіммен қарап қоям. Жаратпай отырмын. «Жаман болса, неге шапалақтады?» деп ойлаймын. Ақбала қағазына түртіп жатты. Олар сөйлеп болған соң, Ақбала шығып, бәріне жауап берді. Біреуін мысқылдап, біреуін кекеп, бірін түк білмейтін қып, неше түрлі дәлелдер келтіріп, сыбағасын берді-ау.
Түн боп кеткен екен. Ақбала сөзін бітірген соң тысқа шықты. Үшкелге бірге қайтатын серік іздеп, тепкішекте жан-жаққа көз салып тұр едім. Артымнан біреу келіп, білегімнен ұстады. Қарасам — Ақбала. Жымиып:
— Сәлеметсіз бе?— деді.
Сасып қалдым. Қызарып кетсем керек. Қызарғанымды көріп қоя ма екен деп, тағы састым.
— Үшкелге қайтқалы тұр едім,— дедім.
— Ә, жүріңіз, апарып салайын,— деді.
Ұялдым. Бұрын кемесердің арбасына мінгенім жоқ қой. Ұялсам да ештеңе дей алмадым. Маған да кішкене мақтан пайда болды.
Арбасына мінгізіп, қасыма отырып, үшкеліме әкеп салды. Жолда:
— Менің баяндамамды естідіңіз бе?— деп сүрады.
— Естідім.
— Қалай боп шықты?— деді.
— Жақсы,— дедім.
Баяндамасын сұрағаны, менің ойымды білгісі келгені, қолтығымнан ұстап, таянып отырғаны, көшенің жарық жерінде бетіме жылы қарағаны — бәрі де өзімсініп айтқандай, қарағандай жылы көрініп келеді. Қоштасарда:
— Ертең театрға барсақ қайтеді?— деді.
— Барайын,— деп қаппын.
Сол күні неге екені белгісіз, Ақбала түсіме кіріп шықты.
— Е, көңілің кетіп қалған дағы.
— Қайдан білейін, кетсе кеткені ғой... Ертең кешке уәделі сағатта театрға келсем, есік алдында аяңдап мені күтіп жүр екен. Ойынға кірдік. Бірге отырдық. Көп сөйлестік. Оқыған әйелді, махаббатты сөз қылды. Бірдеңе айтып келе жатып:
— Сізге оған қалай қарайсыз деп менен сұрап қояды. Оған не десем ұнар екен деп қулықпен жауап бергім келеді, бірақ бүге алмай, өз ойымды айтып қоя берем. «Сіздің пікіріңіз маған ұнайды» деп қояды. Біздің елді, туған-туы-қандарымды сұрады. Тағы да бержебаймен апарып салды. Қолымды жұмсақ ұстап, қайта-қайта қысып айырылды.
Жақсы көрген адамның тілі айта алмаған нәрсені көбінесе, қолы айтады ғой. Сен соны байқадың ба, Кәмилә?
— Ол рас,— деп Кәмилә бір күрсінді.
— Айтпақшы, ұмытып барады екем. Театрда әнеугі Балташ деген жігіт те болды. Орны бізден бөлек еді. Антракт кезінде біздің қасымызға келіп, екеуі екі жағымнан телмеңдеп сөйлеп жүрді. Екеуі екі қанатым тәрізді. Екеуін сермеп ұшып кететін тәріздімін. Көңілім көтерілгені сон¬ша, Балташ мен ойлағандай емес, недәуір білетін, артық желігі жоқ, сыпайы, есті жігіт көрінді. Өзім, әйтеуір солай ойладым.
—Сіз ойынға келетін болыпсыз ғой. Қалай... ойын ұнай ма?— деген сықылды ол да сөз қатып қояды.
Екеуі бірдей өліп-өшіп жүрген соң, маған да азырақ желік пайда болды. Азырақ емес-ау, үлкен желік. Маған желігіп, таласып жүрген секілді көрінеді, өзім солай жорып қойдым.
Бір күні көшеде Балташ жолығып, қасыма еріп жүріп, бірқыдыру сөйлесті. Ақбала сияқты әдемі сөйлемеді, кідіріп, кібіртіктеп ыңылдап қойды. Оның сөзі, кобінесе, оқу, тұрмыс, көктем жайынан боп келеді. Қыз жайынан сөйлеуге қыры жоқ секілді. Айрыларда қолымды ұстап тұрып қызарыңқырап:
— Сізбен бір сөйлесейін деп едім. Уақытыңыз болар ма екен?— деді.
— Болар,— дедім. Әлгінің ұялғаны ұнап кетті. Не айтар екен деп ойладым. Әйелдің сондай жеңсігі қала ма?
Үш күннен кейін бір баладан хат жіберіпті: «Ақбілек жолдас! Уақытыңыз болса сағат алтыда Марс бақшасына келуіңізді сүраймын. Жауабын осы баладан қайырарсыз. Балташ» депті.
— Міне, қызық!
— Қызық деймін өзі! Ақбалаға көңілім кетіп қалғаны ғой. Оның үстіне Балташтың көлденеңнен киліккені қызық болды. Бармайын десем көңілі қала ма деп ойлаймын. Әйелдің сондай жерде көрсе қызарланып кететін бір жыны бар ғой. Өзі жазғытұрым кез еді. Сабағымызды тыңдатып өтіп, көңілім де көтеріңкі еді. Айтқан уағында бардым. Барсам — жоқ. Әлі келеді — жоқ; әлі келеді — жоқ. Енді қайтайын деп ренжіңкіреп отыр едім. Жайықтың жиегімен жалаң бастанып, апыраңдап келе жатыр екен. Күттім. Келіп амандасты.
— Көп күттірдім бе?— деп кешірім сұрады. Бір жұмысқа алданған екен. Тағы да көпке дейін сөз бастай алмай, қипақтай берді. Бір уақытта жұлып алғандай:
— Кісіге осы үйленген теріс болмайтын көрінеді. Мен өзім бір жолдас іздеп жүр едім,— деді.
— Жоғыңыздың оралғысы болсын,— деп мен жымидым. Тағы да оны-мұны айтып отырып:
— Сізді менің көңілім ұнатып жүр,— деді.
— Менің күйеуім секілді бір топас екен ғой!
— Топас деймін өзі. Әлгі бізді оқытатын мүғалім мені оған мақтаса керек. Мен ашып жауап бере алмадым!
— Ағатайым, жеңешем бар еді. Солардан хабар алған соң, жауап берейін,— дедім.
Оны дұрыс көрді. Тағы да жолығып жүрмек боп, шығарып салды. Ақбала секілді қолтықтап ұстауды білмейді. Ебі жоқ еді өзінің.
Ертеңіне Ақбаладан хат алдым. Недәуір сөз жазыпты. Маған көптен бері ынтық боп жүргенін айтыпты.
— «Енді бүл хатты көңілім сізге әбден кеткен соң жазып отырмын. Сізді өзіме тең көремін, сүйемін. Сізсіз өмір маған қызық емес. Жауабын беріңіз,»— депті.
— Міне, қызық!
— Қызық енді болды. Мына хатты алған соң, әрі қуандым. Ол мені ала қояды деген ойым бар ма? Әншейін ермек екен деп, ар жағым сене алмай жүретін. Әрі өзім састым. Көңілім — Ақбалада. Балташты оның қасында қораш көрем. Ақбалаға жауап қайырдым.
— «Сөзіңді дұрыс көрдім. Мен де сізді ұнатушы едім. Бірақ ақылдасатын кісім бар еді. Аз күннен соң ақтық жауабын айтармын. Шыдаңыз, ренжімеңіз,»— дедім.
Енді Балташ байғұсты әуре қылмай, көңілін суытайын деп ойладым.
Керуен сарай дейтін бауда Балташ тағы бір күні сөйлесті. Сол күні Балташқа:
— Менің уәде беріп қойған кісім бар еді, өкпелемеңіз,— дедім.
Десем де аяп отырмын. Балташ сазарып кетті.
— Ол кім?— деп сұрады.
Айтпадым. Қоймады. Қоймаған соң, айттым.
— Өзім де сол ғой деп ойлап едім,— деді. Бірақ ол жігіт әйел таңдағыш еді. Оқыған қызды ұнатпаушы еді. Баянды болмаса, неғылсын,— деді.
Менің көңілімді шығарғалы, оны күндегендіктен айтып отыр ғой деп ойладым. Балташ өкпелеп кетті. Көпке дейін жолыққан жоқ.
— Енді қайтсін.
— Екі жігіт таласқанның сондай жаманы. Әуелде қызьық көрсең де, артынан кісіге ауыр тиеді. «Сен одан жамансың, сені сүймеймін» десе, өзіміз жақсы көрер ме едік? Әркімнің көңілі сол да.
Оның артынан Ақбалаға екі-үш жолығып сөйлестім. Менің «ақылдасатын кісім бар еді, шыдаңыз» дегеніме азырақ ренжіген екен. «Оқыған әйел өз жүрегіне өзі би емес пе?» деп, кішкене наз қылайын деді. Әйтсе де: «Сізден басқаға коңілімді бұрмаспын. Сізді ағатайым мен жеңешем де ұнатады» деген соң тағы сенді, өкпесін тастады. Мені: «Жаным», «жарым», «күнім» деп кәдімгідей сүйісетін болдық. Ол — күйеу, мен — қалыңдық, несіне ұялайық? Ақбаладай жары бар кісінің арманы бар ма? Қуанышым ішіме сыймай жүр. Бір жерде отыра алмаймын. Кім көрінгенмен сөйлесіп, күлмейтін сөзге де күле берем. Ол күндер естен қалмайтын қызықты күн еді.
— Сонсын?
— Сонсын, сөйтіп жүргенде, айға жақындап қалды. Біздің елге қайтатын уағымыз да таянды. Үйден хат алдым. Ақбаланы ағатайым да біледі ғой: «Алатыны рас болса, ти» депті.
Қуанып кеттім. Жалма-жан Ақбаланың кеңсесіне бардым. Әнеугіден кейін барып жүретін болғам ғой. Ағатайымның хатын көрсеттім. Жазып отырған қағазын қоя салып, есікті жауып келіп, құшақтап сүйіп алды. Екеуміз де бақытты болдық. Кешке суретке барып, ең арттағы ложаға отырып, электр сөнгенде, құшақтасып сүйісіп отырдық. Суретті көргеміз жоқ. Бір жұмадан кейін оны-мұнысын қомдап, той қылып, мені пәтеріне біржола апармақ болды.
Ертеңіне Балташтан тағы хат алдым. Хаттағы созі:
«Сізге жолығатын үлкен жұмысым бар. Ол — сіздің келешек өміріңізге де керекті жұмыс. Қайтсе де бір жолығуыңызды сұраймын» депті.
«Менің өміріме керек неткен жүмыс екен?!» деп таң-тамаша қалдым. Бармайын десем де, тағы көрсе кызарлығы түскір шыдатпады. Ыза болыңқырап бардым.
Барғаннан кейін амандасып отырып:
— Ақбала сізге жолдас бола алмайды,— деді.
— Неге?— дедім жұлып алғандай.
— Ол өткен уақытта сіз сияқты талай қызға құмар болған. Аяғында жаратпаған, алмаған,— деді.
— Өткеннің маған керегі жоқ,— дедім. Азғырғалы келе жатқанын білдім.
— Нанбасаңыз, міне, оның күнделік дәптері,— деп омырау қалтасынан бір кішкене кітапшаны суырып алды.
— Сіз мұны қайдан алдыңыз?— дедім.
— Жолдаспыз ғой, алдым,— деді.
— Жолдасыңыздың дәптерін ұрлағаныңыз ұят емес пе?— деп, мен қызарып, ашуланып кеттім.
— Оның ұятын мойынға алдым. Осы дәптерде оның бір қызбен жүргені бар, соны сізге көрсеткім келіп әкеп отырмын. Күйеуіңіздің қандай адам екені әлде сізге керек емес пе?— деді.
— Керек емес,— десем де қызбен жүргені дегені қызықтырайын деді.
— Тыңдасаңыз, оқиын,— деді.
— Оқи қойыңыз,— дедім.
Оқыды. Сол дәптер осы күнге дейін менде жүр. Кәмилә, сен тыңдайсың ба? Оқиын. Кәмилә:
— Қарап отырғанша, оқысаң оқы. Естиік,— деді.
— Оқыған жігіттердің бұл бір сыры ғой. Әйел туралы олардың ойын білу қызық емес пе? Еркек туралы біз де ойлаймыз ғой.
— Өзі не жазыпты?
— Бір қызбен жүргенін жазыпты.
— Ал оқы,— дегенде Ақбілек ақ кенеп пальтосының омырау қалтасынан кішкене кітапшаны суырып алды.
— Өзім де саған оқығалы ала келіп едім,— деді.
— Кәмилә-ау, дәптерді оқымай тұрып, саған айта кетейінші. Ақбала өзі әуелден Семейде қызмет қылған ғой.
— Семейдікі ме еді өзі?
— Иә, семейлік. Балташ та семейдік қой. Семейде түрғанда Ақбала үлкен орында болған. Неліктен екенін білмеймін, бір жұмысынан қата тапты ма, Ақбаланы бір жылы қыстыгүні үлкен орнынан түсіріп, бір үйездік қаладағы үшкілге жіберіпті. Қызметтегі жігіттерді бірден бірге ауыстырып отыратыны бар ғой. Сол кішкене қалада түрғанда, Ақбала осы дәптерге күндегі көрген-білгенін жазып жүреді екен. Өзі толып жатыр. Мен саған мына қызыл қарындашпен белгілеп қойған жерлерін оқимын.
— Ал, иә.
5 Февраль. Дүйсенбі.
«...Үшкелден қайтып келе жатқанда Күлән қасымнан өтті. Мен оған жолығудан қашып жүрмін. Бірдеңе айтқысы келді ме деп ойладым. Әбікен қатын алу жайынан сөз қозғады. Осы бір өсек естіген екен деп жорыдым. Мен оқыған қыз туралы пікірімді айттым. Ол күліп, өз ойын білдірмей кетті».
— Күләні КІМ?
— Күлән Ақбаланың құмар болатын қызы. Тыңдай бер.
— Қыздан қашқаны несі?
— Кім білсін? Араларында бірдеңе болған ғой. 6 Февраль.
«Мен қайтып келе жатқанда Күлән мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп келе жатты. Күләнді кеше де бір жігіт алдынан шығып, ертіп апарып салып еді. Сол тағы кездесіп, соңынан еріп кетті».
7 Февраль.
«Исполкомге барып қайттым. Қапай баяндама жазып отыр екен. Тұяқ, тағы бір оқыған жігіт келді. Қаратау елінде партия тақырыпты кедей ауылнайларға еңбек-көлік салығы аудара салынса керек».— Мұның керегі жоқ. Мұны неге белгіледі екен. Мына жерін оқиық:
9 Февраль.
«Қапай келді. Көшеге шығып жүрдік. Садық жолықты. Әңгімелестік. Тергеуші Жақып ұлы пара алып, Сексембаевты залогтан шығарыпты».
— Ойбай, бұл да емес. Тұра тұр. Міне біреуін оқиық. 11 Февраль.
Осы күні өміріме керекті нәрсе — өмірлік жар сықылды.
— Е, осы екен.
«Жанымда сүйген жарым болса, қызметке бір беткей, алаңсыз қарар едім деймін. Көңіл алаң боп жүргенде, іске құлқым соқпайды. Бір нәрсем жоғалған, бір мүшем жетпеген кісідей, сыңаржақ боламын да түрамын...
Кешке Ақымдікінде қонақта болдық. Күлән да келді. Еркектер оны-мұны сөйлесіп отырды. Мен әңгімеге кіріспей, солғын отырдым. Күлән шашын бұйралап, жақсы қызыл кофтасын киіп келіпті».
— Кофтасы немене?
— Мынадай, омырауша көйлек,— деп Ақбілек өз көйлегін көрсетеді.
«...Бұрын ондай киім кимегендікі ме, ұялған, сезіктенген кісіше, қызарып отырды». Ол бұрын шығып кетіп еді. Біраздан соң мен де шығып артынан келе жатқам. Ілбіп келеді екен. Мен де ақырын жүрдім. Мені күтпек болса, тоқтар деп ойладым. Ойлағанымдай тоқтады».
— Қарашы, еркектер ылғи сынап жүреді-ау.
— Е, өзіміз де сынамаймыз ба? Ар жағын қарайық:
«Ол сөзді бұрын бастады. Мен қысқа, салқын жауап бердім. Хаттарымды сұрадым. Оған жат көрінді ме, күлген, білдірмеген болып, басқа сөзге бұра берді. Менің хаттарымды қайтаруды сұрағанымды X. қаласының өсегінен болды ма деп мойындағысы келді. Мен X. адамдарымен танысқым келмейді дедім. Ол «қыздармен де ме?» деді. «Қыздармен де» дедім. Ол мұны күткен жоқ еді, танданды. Көшеде біреу келе жатыр екен. «Қош» деп айырылысып кеттік».
— «Қ» қаласы дедің бе? Онысы немене?
— Онысы қаланың атын қысқартып бір қарыппен айтқаны ғой. 12 Февраль.
«Күлән күнде екі-үш серіктесімен сенекте қолтықтасып, сөйлесіп, сұңқылдасьш жүруші еді. Бүгін көрінбеді. Класынан шыққан жоқ. «Сабақпен шұғылданса» керек. Көңілі күңдегідей емес қой. Әйтсе де іштегісін біддірмейтін әйел».
14 Фввраль.
«Екінші басқыштың балалары үйірме ашып, іс қылмақ екен. Іс қылмаған соң бұрынғы басқармасын түсіріп, жаңадан сайлаған екен. Бұрынғылар орыс балаларын самогон беріп, азғырып алып, жаңа басқарманың жиылысын жауып, таратыпты. Төбелесе жаздапты. Бұрынғы басқармадағы бай балалары болса керек. Бұлардан қандай жақсы адам шығар екен?»
— Мынау басқа нәрсе боп кетті.
— Мұны неге белгілеп қойды екен?
16 Февраль.
«X. қазақтары әрқайсысы келіп, оны-мұны айтады. Маған сөзін сөйлетпек, мені керегіне жаратпақ, өздеріне кісі қып алмақ. Қапай менің жолдасым болғанша, көңілдегісін істетіп береді деп дәмеленеді. Қазақтың талай былық жүмысы бар. Кімдікі дұрыс, кімдікі теріс екеніне көз жетпейді. Кімнің сөзін сөйлерсің? Келіп отырған соң, тыңдайсың, шық деуге ұяласың».
— Мұнысы керекті сөз екен. Оқып шығайық... «Және елдің сырын білгім келеді. Сондықтан ғана тыңдаймын. Әйтпесе ел қазағының толып жатқан шатақ жұмысына кірісе берсем, тұтынған мақсұттарым далада қалады ғой. Бірақ қазақтың кіріп-шыққаны да зиян ба деп ойлаймын. Сырттан кім көрінген иемденіп, арқаланып, бұтып-шатады. Жолатпайын десең, жаман да болса, бұзық та болса өз елің ғой деп ойлайсың. Елден безген соң бір орыс болғаның».
— Онысы да рас қой.
17 Февраль.
«X. қаласындағы азаматтардың бір өзгеше мінезі — саты арқылы болмайтын нәрсе жоқ деп біледі. Ісінің ақтығына сенетін кісі жоқ, сатыға сенеді. Жауыздықтың тыйылмауына бұл да бір себеп.
Әжептәуір бір оқыған жігіт абақтыдағы пәленшелерді кепілге шығарып алыңыз деп, маған хат жазыпты. Міне, қызық!» 27 Февраль.
«Қадиша жеңгей (Күләннің жеңгесі, күйеуі Семейде қызметте ғой) шақырыпты. Қапай екеуміз бардық. Көр-жерді сөйлесіп, отырып, сағат он бірде қайттық. Күлән бізге самса істеп, ас үйде жүрді...»
— Е, мұнда Күлән бар екен.
«Шай жасап, құйып берді. Беті қызарыңқырап, қолын сүртініп, шашын түзеп қымталыңқырап отырды. Үстел ортасыңдағы лампы екеуміздің арамызда еді. Лампыны іргеге таяп қойды. Лампы олай қойылғанда, ол самауырдың көлеңкесіне түсуші еді, мен жарықта қалушы едім. Лампыны алып, оның орнына жент салған кішкене тарелканы қойды. Бізге жақындатпақ болды. Бұдан мен үш түрлі мән шығардым: 1) Ұзын самауырдың көлеңкесіне түсу үшін. 2) Жентті бізге жақындату үшін, әйтпесе... 3) Арамызда лампы қалтқы болмас үшін қойылу керек. Бастапқысы болмаса, теріс емес, от басынан қызарып, сыны бұзылып келген түрін жасыру да — бізге жақсы көріну, жентті кім болса, соған жақындатады ғой. Соңғысы болса, одан да жақсы».
— Түу-у-у! Бір лампыны қозғағанның өзін сонша сөз қылғанын!
— Еркек тіпті уақ нәрсені де аңдиды ғой. Жақсы көрген дағы.
— Иә, тағы.
— Міне. 10 Март.
«Таңертең төсекте жатқанда бір ой келді. Күләннің маған көзқарасын білу керек. Бұл күйде жүре беру мүмкін емес. Бірдеңе іздеу керек, істеу керек. Әйтпесе іштен тынып өлетінмін. Қапайға ақылдастым. Ол жеңгесі арқылы сөйлесуді қолайсыз көрді. Арамызда жүретін бала арқылы білуге, болмаса өзімен сөйлесуге бел байладық».
— Өзі әлі сөз байласпаған ғой.
— Солай ғой. 12 Март.
«Қапай кеше кешке барған еді. Ойлағанымдай түк бітіре алмай келді. Жакім болыпты, сөйлесе алмапты. Сәскеде, 11 жарымда, тауға аңға шықтық. Сейілге десек те болады. Бізбен бірге Қадиша жеңгей, Күлән, Жакім, бір орыс фельдшер және Қасен болды. Қыздармен жарыстық, сөйлестік. Қапай Күләнмен сөйлесіп келе жатты. Мен Жакіммен біраз жүрдім. Түсіріп алған қамшысын алып бердім. Бүлдіргелі қамшымды айырбас қылдым...
Қайтарда Күләнмен біраз сөйлестім. Бұрынғы қалжыңы, күлкісі... Оқимын: пәлен-түген... деп, жарытып жауап бермеді. Ойлаймын: сезімі күшті әйел емес, әулікпейді, қызбайды. Қанша ақылды, әдепті, білімді, есті болғанмен, әйелге жарастықты сипат-сезім ғой. Сезімсіз әйел — иісі жоқ гүл. «Оқимын», «Күйеуге тисем, оқи алмаймын» дегені не деген сөз. Оқу — ақыл тілегі. Сүю — сезім тілегі. Онда не сүю жоқ, не сезім кем, немесе ақылы басым. «Сүймеймін» деуге аузы бармайды. Көңіл жыртқысы келмейді. Оқуды сылтау қып, аяқсытып, сүйретпек шығар. (Сезім) сүю өзгенің бәрін жеңу керек емес пе? Ұға алмадым. Хат жазып, ақтық сөзді айту керек.
Кешке бір кекселеу қазақ қатыны келді. «Бәйке деген мелисенердің шешесімін» деді. Отырған соң, «жаушы боп кеп отырмын» деді. Менімен жақын болғысы кеп (маған тигісі кеп) пәленше деген байдың қызы жіберіпті. Күйеуін менсінбей қаладағы Әбікен деген учитель ағасының үйіне келіп жатқан. Жасырақ ақ шұнақ қыз еді...
Лақ секілді. Әлде Әбікеннің маған қатын алу туралы сөйлей беретіні өз қарындасын бергісі келді ме екен? Әлгі қатынның сөзіне сенер-сенбесімді білмедім. Х-ның бір қулығы ма деп, сақтандым. «Қыздан белгі хат әкеліңіз» дедім.
— Қыз да жігітке сөз салады екен-ау?
— Күйеу керек болғасын қайтсін? Әлде Ақбаланы сүйген шығар. Өмірдің өзі де қызық қой! Ақбаланы әлдебір қыз жақсы көреді. Ақбала Күләнді жақсы көреді. Күлән әлдекімді сүйеді? Мен де сөйттім ғой. Басқа сөзді қойьш, мынаны оқиық.
13 Март.
«Бүгін Күләнға хат жаздым. Аткез алмасам нағылсын...
Аңға шығу сырт жағынан қарағанда, онша қызық болмаса да көңілде недәуір әдемі сурет қалдырыпты. Таңертең төсекте жатып, көзіме елестеттім.
...Тау. Тау ішіңде бір белден бір белге созылып бұраңдап жатқан шананың ізі. Бір ой, бір қыр. Тау беті. Жолдың екі жағы — орман. Аппақ сіреу қар. Аңшы бастанып киген брезент сулығымыз, мойында — қосауыз, астымызда қылаң ұрған, ағылшын ер-тоқымды аттарымыз, артымызда — сыңқылдап күлген қыздар. Мыжырайған Жакімнің бөксесі ерге сыймай, қорбиып, пәлтесі тырсиып, үрген местей қоқиып, аяғының басын аттың қолтығына тығып, атқа отырысы, қолындағы қамшыға, тізгінге ие болмай, қолғабын кие алмай келе жатқаны; Күләннің қазақша ықшам күпі, түлкі тымақ киіп, атқа еркекше қаздиып отырып, атын шаужай қақтырып аяңдатқаны; жарысқанда тақымы қозғалмай, етегі шашырамай, артымыздан жетіп, басып озып, бірдеңе деп тісі ақсиып, күліп еткені; Қадиша жеңгейдің барлық көмейін көрсете қарқылдағаны; фершіл атынан айрылып, атты мен қуып, шұқанақтағы қалың қарға омбылып, ат-матыммен жығылғаным; үсті-басым қар боп аунап түрегелгенде, Күләннің күліп, қашқан атты қайырмалап, ұстасқаны; қайтарда екеуміз тізе қағысып келе жатып сөйлескеніміз; Күлән жеңгесіне: «Жорға салыстырыңдар» деп, Жакім екеуін оздырып жіберіл, менімен оңаша қалғаны; біз Жакімнің атын, отырысын қожалар сияқты деп мысқылдағанымыз; Қадиша жеңгейлерді қуып жетіп: «Келіңіз, аударысайық» деп, қолымыздан тартысқаны; жеңгейдің еңсеріліп түсіп қала жаздағаны — бәрі-бәрі қазақтың еркіндігі, қыз-бозбаласының ойын-күлкісін көзге елестеткендей. Көңілге бір түрлі тәтті, жүрекке бір түрлі жылы әсер қалдырыпты.
Кешке Қапай екеуміз ойынға бардық. Құлдық дәуірінен бір бөлімді драма қойылды. Қадиша жеңгей, Күлән, Жакімдер де келіпті. Күләнға анда-санда қарап қойып отырдым. Ол да ойланған кісідей, кірпігін салмақпен қағып, қарай берді. Бізді шығарып сала ма деп ойлады білем, жеңгесімен екеуі жұрт шығып жатқанда есік аузында аялдап тұр екен. Қапай үйіне қайтатын болған соң олар кешегі орыс фершілмен еріп кетті.
Орыс фершілдің Қадиша жеңгеймен қалжыңы, көз қарасы жаман. Күйеуі жоқта бірдеңе қып жүре ме екен? Әйелге сенім де жоқ».
— Қойшы, орыспен неге өйтсін! Еркектер де өсектей береді екен.
— Қадиша оқыған әйел болса керек. Кім біледі, Балташ рас дейді. Оны қоя тұрайық.
15 Март.
«Тыныс кезінде тысқа шығып ем, қатар есіктен Күлән жымың етіп, жылт етті. Ымдап мені шақырды. Жолықтым. «Хат жазсам да әкеле алмадым. Және жазумен айта алатын емеспін. Ауызша сөйлессек екен деді. Қашан, қай жерде сөйлесуді айтыстық. Мен: «Жеңгең біле ме?» деп едім, «білмейді» деді. Уақытын өзі айтпақ болды».
16 Март.
Бүгін түсімде Күләнді көріп, сөйлесіп, сүйісіп жүрмін. Ғылымда: «Адам түсінде өңінде көп ойлаған нәрсесін көреді» дейді. Ендеше, мен ойымды, еркімді ол билеп, аударып жүр екен. Мен өзімді талай ауыздамақ болдым.
Өзіме өзім ұрыстым. Өзімді сөктім, сынадым. «Сүйгенің бекер, алдап, алданып жүрсің, құмар болатын не бар?» деп өзімді тоқтатпақ болдым. Оның да мінін көрейін, жек көрейін, безейін деп ойландым, талпындым. Өзімді түзетпек болып, өткендегі жаман істерімді еске түсірдім. Оқыған қызды алғанмен, бақытты болмаймын деген пікірді ойыма келтіріп көрдім. Қалай талпынсам да болмады. Талпынған сайын торға түскен қаршығадай, шырматылып, орала беріппін. Менің қол-аяғымды байлап, ұстап алыпты. Ол тор — Күләнға ауып кеткен көңілім екен.
Оны мен түсімде көргенім бүгін бе? Биыл ма? Есімде бар, өткен жаз осы қалаға келерде де көрдім. Ол онда үстінде күпісі бар, күжірейіп, қырындап өте беріп еді. Биыл Орынборға жүрерде тағы көрдім. Онда тағы түзу қарап сөйлеспеді. Адам әйелді аңсағандықтан кіре беретін шығар деп, өзімді жұбаттым. Оның бәрі бос жұбаныш екенін енді біліп отырмын.
Онымен жолығамын, сөйлесемін дегені, бақ-үміт көзге елестегенде, келешектегі жақсы өмірдің суреті қиялыма келіп, өзімді әлдеқайда сүйреп әкетті. Қазір жүрегімде қан қайнай бастады. Көңілім алып-ұшып бір жаққа кететін тәрізді. Тәубе, тәубе! Асатпай жатып, құлдық демейінші!»
— Байғұс-ай! Қайтсін! Құмар болған екен!
— Кәмилә-ау! Тіршіліктің сәні де құмарлықта ғой. Құр атқа мінгендей, көңілің бір серпіліп кетеді ғой. 17 Март.
Үшкелге бардым. Жакім екеуі тұр екен. Басымды идім. «Мен сенің құлыңмын» дедім ішімнен. Ол көзін жаутаң еткізді. Неткен сүйікті, жылы көз! Оның көзінен шыққан сиқырлы жіптің бір ұшы менің жүрегіме жалғаулы. Көзіне көзім түссе, сиқырлы жібін шертіп, жүрегім селт еткендей болады. Сиқыр жібін шерткені қобыздың нәзік шегінен шыққан майда күй секілді жүрекке жылы тиеді, жанға ләззат береді. Әттең, өкініш! Жанға жайлы, майда күйін ұзақ шертіп тұрмайды. Бір қағып қалады да ғайып болады. Күйлі қобызға бір шерткен де қанағат. Ол шертісте күйлі қобызға үн (тон) беріледі, қобыз үн шығаруы-ақ мұң екен, мұңды тәтті күйін қозғай ала жөнеледі, талай қиялға соғады, тербетеді. Әлдилейді жүректі. Күй дәуірлейді, баяулайды. Бейне қүйын жүрген су жүзіндей толқындап, жыбырлап, сыбырлап барып басылады...
Бүгін ол сағат алтыда жолықпақ. Мен сағатқа қарай беремін. Бір баланы кешеге жіберіп, аңдытып қойдым. Минут өткен сайын жүректің соғуы жиілене түседі. Енді жарты сағат қалды. Уақыт қалай ұзақ! Не істерімді білмей, күнделігімді алып, жазып отырмын. Енді бір жиырма бес минуттен кейін ол көрінсе, келсе, жолықса, жымиып қараса, «сәлеметсіз бе?» деп қолымды ақырын ғана қысса, содан әрі не болмақ! Қазір басыма ешбір ой тоқырап тұрмайды... Бірден бірге көшіп отыр. Не жазарымды білмей отырмын. Ол келер, ә! Бір бөгет болмаса, келер... Әлде келмей қала ма? Ол да мүмкін. Қазір ол не істеп жатыр екен? Әлде сағатқа ол да қарады? Әлде киініп жатыр? Әлде айнаға қарап түр? Әлде, әлде... сағатқа тағы қарау керек! 18 минут қапты. Қой, уақыт өтіп кетер, тысқа шығу керек, әлде оның сағаты ілгері шығар...
Сагат түнгі 12.
Мана тысқа шығып, бұрышта күтіп тұрмын. Бала келе жатыр екен. Баланың жүрісіне қарап, бал ашып тұрмын. Шыдай алмай, оған қарсы барып, білдім. «Үйінен шықты» деді. Жөнелдім. Ар жағынан наркомға ол да келді, мен де келдім. Алдымыздан бір орыс шығып, билет сұрады. Ертең ойын болмақ қой. Біраз тұрдық. Көшеде үш-төрт шәкірт көрінді. Ол наркомның ішіне кірді. Сахна жаққа жасырынды, састы... Бірге оқитын жолдастары ғой, өсектен қорқады. Біз басқа есіктен көшеге шығып кеттік.
Көбінесе жай сөз сөйлестік. X. қаласының өсегі, әркімнің біз туралы сөзі, менің оқыған қыз туралы пікірім. Мұнда келгендегі бір мақсатым, тағы сондай жанама сөздер. Аяғында «пердені ашу керек» дестік. Көбірек сөйлеу үшін бір жер керек болды. Ол бір күні біздің пәтерге келмекші болды. Бірақ үйлеріңіздегі балалардан сыр шашылып кетпесін деді. Екеуміз де көп сөйлесетін кісідей болсақ та сөйлесе алмадық, үйлестіре алмадық. Керекті сөз аузымыздан шықпады. Жүрек сырын көзбен ғана білістік. Мен «қайтам-қайтам» деп келе жатъш, қас қарайғанда үйіне жеткенше еріп барыппьш».
18 Март.
«Ойыңда болдық. Ол келді. Бұрынғы орныңда отырды. Мен қарай бердім білем, жеңгесі маған: «Кейінгі қатарға отырасыз ба?»— деді. Ол кейінгі қатарда еді. Орын ауыстырдым. Сондай құмартыппын, ол қараса менде тағат қалмайды. Сондай құмартып отырған кезде, антракт кезінде үш-төрт шәкірт бұзды. Олар оны жібермей қамалап, сөйлесіп тұрып алды. Біреуі баяғы шығарып сала беретін жігіт. Не сөйлескенін білмедім, бірақ оған жағымды сөз емес-ау, деп жорыдым.
Ойын басталған кезде ол келіп жеңгесіне сыбырласты, жеңгесі ренжіп отырды. X. қаласында тұру керек емес, кету керек деп маған да айтты. Мен де бұл қаланың адамдары бұзық деп жамандадым.
Жеңгесімен екеуміз орын ауыстырдық. Мен оның қасына отырдым...
Қапай екеуміз оларды үйіне апарып салдық.
«Баяғы шығарып сала беретін сары бала біресе алдымыздан, біресе артымыздан шығып, қасқырша торыды да, бізді сақ күзетші деп ұқты білем, бір уақытта шылымының отын алдымыздан жарқыратып шашып, жанап өте шықты. Мен: «Мына кісі өртей ме?» дедім. Ол: «Сонша аямай неғыпты? Кісі аяушыл болу керек емес пе?» деді. Мен ол мейірімсіз екен деп ойладым.
Манағы сөйлесіп тұрғанда, Күләнді біздің пәтерге барасың деп, сөгіпті! (Онысы өсек.) Және олар (шәкірттер) наурыз жасамақ екен, Күләнді соған шақырыпты.
Күлән олармен қатынасын үзгісі келмеді. «Бірге оқып жүрген жолдас қой, өсектей береді» дейді. Олар онсыз да өсектемей жүр ме? «Япыр-ай! Сіздікіне енді қалай барам?» деді. Мен оларды елеме десем де болмайды. Не ғажап?! Солармен не қатынасы бар екен?!
19 Март.
Мұнда қаланшаның сағаты бір дұрыс соғылмайды. Қасынан өтіп бара жатқан кісіден «қай уақыт болды?» деп сұрап соғады екен.
Мұндағы оқушылар неткен көргенсіз, екі бала сөйлескенде: «Спектакль бола ма? Болса, ойнасшылармен (бегдармен депті) жүреміз бе?— деп ойлап едік» депті (онысы жолдас қыздары, ішінде Күлән да бар).
21 Март.
«Әбікеңде қонақта болдық. Қымыз іштік. Аса қызық болмады. Екі қыз (Күлән мен Жакім) жолдастарының наурызына кетіпті. Күлән оларды жамандайтьш, жек көретін. Жек көре тұра олардың сауығына кеткенін не деп білу керек? Оларды сыйласа, жамандамаса еді. Бұл қызда бет болмағаны ма? Қайратсыздығы ма? Өсектен қорыққаны ма? Жақсыны жақсы деп, жаманды жаман деп жиренбеген кісі — еш нәрсені талғамайтын тұтынған жолы жоқ адам болу керек қой. Менің әспеттеп жүрген періштем осындай болды ма? Қайғы... Бұдан үлкен қайғы жоқ. Өзі не дәлел айтар екен? Көрерміз».
22 Март.
«Кешке сол үйде болдық. Қыздардың наурызы туралы сөйледік. Жеңгесі бізге қосылып, олардың барғанын теріс қылды. Күлән өз ісінің қате екенін мойнына алды. Жеңгесі әдейі Қапаймен сөйлескен боп отырды. Біз пештің қасында түрегеп тұрып, азырақ сөйлестік. Мен біздің пәтерге келуін сұрадым. Ол өсектен қорқа береді. «Осы қаладан кеткен соң...» дей береді.
24 Март.
«Сағат алты жарымда үшкілге жиылысқа бардым. Жиылған жұрт жоқ екен. Есік алдында біраз тұрдым. Қасында бір кішірек бала бар, бұрыштан Жакім шықты. Қолында шиыршықтап ұстаған қағазы бар. Жасы 19—20-ға келіп қалған қыз ғой. Ол туралы өсек аттың қара қапталынан. Бозбаламен жүрем деп, сабаққа ере алмай, бір орыс учителінен даярланып жүр деп естігем.
Мені көріп қасындағы баласын бір жаққа жұмсады. Баласы кетіп бара жатқанда дауыстап: «Күлән да, Мәдине де келеді деп айт!»— деді. Ол — маған естірткені.
Орыс қыздары қасынан бозбала өтіп бара жатса, өлгенше қызық саңқылдап сөйлесіп, қаңқылдап күлетін еді. Жакімнің мына саңқылдауы — аумаған солардың мінезі. Бұзылған қыздардың барлық сыртқы мінезін жаттаған да қойған. Саудагер әйелдер еркекке жұғысқысы келсе не тамағын кенейді, не көзін қысады, немесе соңдай бір айқын белгі береді. Мына қыздардың өтірік күлуі, саңқылдауы да — соның ағайыны ғой. Япыр-ау! Оқыған қыздың бәрі осылай боп кеткені ме? Сызылған қыз қылығы бола ма?»
— Онысы рас-ау! Оқыған қыздар тіпті еркекті өзі шақырып тұрады ғой.
— Бұл енді орыс қыздарының мінезі. Біздің қыздар да содан тәлім алады ғой. Сынық екеш сынық та жұғады дейді.
— Сөйткенмен кішкене иба керек қой.
— Әрине.
26 Март.
«Кешке сағат алтыда Күлән біздікіне келді. Есікті жауып алып, көп сөйлестік. Өткен өмірді, өсекті, мінезді, махаббатты, келешек планды — бәрін айтыстық. Аяғында сүйісіп айрылыстық. Ол сөзінің аяғын ағасына сілтей берді: «Мені оқытқан сол еді. Оның еңбегін зая қылғандай болам ғой» деді. Және «оқи түсемін» деді. Мен екеуін де «себеп емес» дедім. «Шын жүрегіңнен шыққан бір ауыз сөзің керек» дедім. Оған келесі жылы жауап бермек болды. Өзі үялып, қысылған іспетті қызарды, терледі. Мен де құшақтап қысып, терлеттім білем. Көңілде тәтті әсер қалдырды.
«Еңбекші қазақ» келді. Бернияз бір қызбен екеуі атылып өліпті. Қайғылы хабар. Жігерлі жас ақын еді. Аяныш!...
Қандай себеп болды екен! Қазақта өзін өлтіру сирек болушы еді. Мынау бір таңданарлық іс! Әлде мастық, әлде махаббат, әлде алдану, әлде жауыз, тұрмыс... Әйтеуір бір ауыр күйік биледі ғой. Өмір шіркін, қалай шолақ?!» 28 Март.
«Белинский айтқан екен: «Қиялдан шыққан махаббат таза жүректен шыққан махаббаттан ауыр, жаман болады. Қиял махаббаты жүрекке түссе, ауыр тас түскен секілді, қозғалтпайды, жанышады, улайды» деп. Сол рас па деймін. Сарғаю, күйіну, жүрек қатты ауырды».
29 Март.
«Кешке Қадиша жеңгейде болдық. Ай жарық, күн жылы еді. Көшеде қыдырдық. Күләнмен сөйлестім. Өз пікірі жоқ. «Мария Алексейқызы не айтар екен?» деген секілді, аға-жеңгем не айтар екен, қалай қарар екен дей береді. Жарым адам. Оқыған қыздың оқымағаннан айырмасы болмағанына кейідім. Бір қыс ораза ұстап, босқа әуре болған екем деп қынжылдым...» 4 апрель.
«Қапай хат жазып, ғашық боп жүретін Мариям деген қыз Күләнға: «Ақбала маған хат жазды» деп мақтаныпты.
Мен жазбағанымды, жазбайтынымды дәлелдедім. Қапай менің сырлас жолдасым. Ол Мариямды алам деп жүретін.
Қапаймен оның жүргенін Күлән өзі де көрген. Мен: «Ол өсек болар, сенімен екі арамызға жік салмақ ойы бар шығар, әйел күншіл келеді ғой. Маған нанбасаң, менің оған жазған хатымды көр, сұрап ал» дедім. Әйтсе де нанбағандай болды. Күлән өтірікке, өсекке нанғыш көп қыздың бірі екен деген күдік пайда болды».
6 Апрелъ.
«Ыбырай мұғалімде қонақта болдық. Әйелдерді де шақырыпты. Әйелдер бөлек бөлмеде отырды. Ойын басталмақ болды. Орыстың «белбеу соқ» деген ойынын ойнадық. Әйелдердің белгілегенін тауып қоя бердік. Олардың кімі кім болғанын уақ балалар бізге жеткізіп тұрып еді. Таба алмағанды ескен белбеумен ұратын ойын еді. Қыздар белбеу жеген соң, ашуланып, ойнамады. Ойынды бұзған Күлән болды.
Әбікен маған сыбырлап сыр айтты. Әнеугі ойында Күлән Сарбаламен оңаша жерде сөйлесіп тұрғанын Мақан деген бала көріпті. (Мақан өтірік айтпайтын бір таза бала). Сарбала жай сөйлесіпті, қолы бір жұмсақ жерде түрыпты. Жакімнің түнде бозбаламен ағаш ішін қыдырып кететінін айтты. Жакім мен Күлән қосақтаулы тайыншадай бірінен-бірі айрылмайды. Күләнға: «Онымен неге жүресің?» дегенде: «Сабақтас жолдас болғасын...» дейтін. «Сарбаламен неге жүресің?» дегенде үндей алмай қап еді, безерленбеп еді, ұялмап еді.
Марттың 27-де Сарбаламен екеумізге кезек қарап, қызарақтап отырғанын ішім жек көріп еді. Екеумізді салыстырғандай немесе екеумізді де алдағандай көрініп еді.
Енді соның бәрін қорытқанда, Күләннің таза қыз еместігі анық боп шықты.
Мақанға Сарбала мақтаныпты: «21-жылы Күлән Жакімдікінде түрғанда, оған бозбала көз салушы еді. Сол кезде мен жақын болып едім. Содан бері жақынбыз... Ерлі-байлы кісідейміз. Оқуын бітірген соң, екеуміз қашпақпыз, басқа қалаға кетпекпіз. Мен қатынымды тастамақпын» депті.
Оған да нанбас едім, менің Күләнға жазған хаттарымды Мақан Сарбаланың қолынан көріпті.
Ол да аз болғандай, саяси бөлімнің бір агенті Күлән мен Сарбаланы базардың қасыңдағы әйнегі жоқ ескі үйден ұстап алғанын Қапайға айтыпты. Қапай — исполком бастығы. Анау агент оған сырын айтып жүретін.
Сорлы басым! Мұнша алданармын ба! Арып, шаршап, шөлдеп жүргенде табылған бір жұтым суыңа ит сарып кет¬се, қандай болар едің? Мен де соңдай күйге түстім. Сүйген адамның мінін көрмейді деген рас екен. Япырым-ай! Мұнша адасқаным қалай?! Еңді оқыған әйелден үмітім кесілді. Есіл таза жүрек, есіл жігер, есіл уақыт қор болған!
8 Апрелъ.
«Күләнға хат жаздым. «Құрметті Күлән! Кететін болғандықтан хаттарымды тағы сұраймын. Бұл тілегімді берерсіз деп үміт етем, Қош болыңыз».
Ол жауап қайырыпты.
«Сіздің барлық хаттарыңызды жыртып тастағам. Наныңыз». Күлән.
— Міне, Кәмилә, сен айтшы, кінә кімде? Ақбалада ма? Күләнда ма?
— Күләнда ғой деп ойлаймын.
— Мен де сонда ғой деп ойлаймын: Балташ бұл әңгімені менің көңілімді Ақбаладан шығарғалы оқып отыр ғой деп. «Мұның несі бар? Ақбалада жазық жоқ. Ондай жұмыс кімнің басынан өтпейді?»— дедім. Балташ оған да болмады. Ақбаланың тағы бір жаман істерін айта бастады. Мен күйіп кеттім. Не болғанымды білмеймін. Балташты өзімнен бір жолата түңілтейін деп, ертеде басымнан өткен уақиғаны айтып салдым: «Несі бар? Мен де қыз емеспін. Мені орыс та алып қашқан. Ол түгілі мен бала да тапқам!» дедім. Балташ таңданып, ежіктеп сұрады. Тыңдап болды да: «Мұны айтқаның жақсы болды ғой» деп, қош айтысып кетіп қалды.
— Әй, бекер айтқан екенсің. Еркекке сенім бар ма?
— Артынан өзім де ойладым.
— Ал, сонымен?
— Сонымен арада бір күн өтті ме, білмеймін. Ақбала мені шақырып, хат жазыпты. Марс бауына тағы бардым. Бұрынғыдай емес, Ақбаланың қабағы келмейді. Көп бөгелмей-ақ: «Бұрын сен басыңнан еш нәрсе кештің бе?»— деп сұрады. Сасып қалдым: «Жоқ» дедім. Кешегі сөзді Балташ жеткізгенін сезе қойдым. «Танба, Балташқа айтыпсың ғой. Ондай іс әркімнің басынан өтеді. Маған сенің шын айтқаның керек. Бүгін жасырғанмен, түбінде ашылмай тұра ма? Сонда маған не бетіңмен қарайсьщ?» деп түсіңдіріп, бірталай сөз айтты. Ойланып отырдым да: «Рас еді» дедім. «Олай болса, сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен сізді қьгз екен деп жүр едім» деп, Ақбала тұрып кетіп қалды. Өз бармағымды өзім шайнап қала бердім. Аң-таң боп сіресіп отырьш қаппын.
Мен аңырып жын соғып кеткен кісіше мелшиіп отырғанда, қайдан аңдып түрғанын білмеймін, Балташ жетіп келді. Мен теріс қарап кеттім. Отырып, маған көп сөз айтты. Сөзін тыңдағым келмеді. Ит етінен жек көріп отырмын. Аяғында өзінің мені тәуір көретіндігін сөйлеп келіп:
— Сенің өткен күндегің маған керек емес, адамшылығың керек. Өткенге сен жазалы емессің. Сен тисең, мен сені аламын,— деді.
Көзімнен жасым қалай шығып кеткенін білмеймін, жылап Балташтың мойнынан құшақтай алыппын. Сөйтсем, Балташым шын ақылды жігіт екен.
Ертеңіне барып ЗАГС-ке жазылдық.
— Апырым-ау! Жақсы болған екен!
— Несін айтасың? Айтпақшы, «ЗАГС» дегеннен шыға-ды-ау. Жазылуға барсақ, баяғы менің бетімді ашатын қара мұрт орыс сонда қызмет қылады екен.
— Ой, жасаған-ай!
— Менің атымды естігенде бетіме қарай қалды. Балташ көріп қоя ма деп қырындай бердім. Көзі ішіп-жеп барады.
Шыққан соң қарасам, қара мұртым аңқиып, мойны қисайып, артымнан қарап тұр.
— Не ғып мүндай боп қалды деп ойлады ма екен?
— Кім білсін... Көзіме жылы ұшырап кетті. Мен «кеттім» дегендей, әнтек басымды изедім. Ол шашын ұстай алды, өкінді ме, кім білсін...
— Адам көре береді екен-ау!— деп Кәмилә тамсанды.
— Тірі кісі не көрмейді дейсің,— деп, Ақбілек те күрсіңді.
— Күйеуің қайда?— дегенде:
— Күйеуім осында. Бірге келдік. Демалысқа елге бара жатырмыз,— деді. Содан кейін екеуі тамсанып, қайыққа қарай тартты.
***
«Нұрзайсан» екі өкірді.
Сәнді киімді әйелдер пароходтан жүгірісіп шыға бастады.
Басында жіңішке жібек ақ пике панама, бойына киімі құйып қойғандай ақ құба, қаракөз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр еді.
Пароход өкіргенде бірінші кластың әйнегіне барып, бірдеңе деді. Кідірмей үш жігіт тысқа шықты. Үшеудің ортадағысы Балташ еді. Қасындағы екеуі бұрын бірге оқып, бірге қызмет еткен, бұл күнде әр жерде қызметте жүрген, Сәулебек, Қанаш деген жігіттер еді. Анау ақ киімді әйел Ақбілек еді. Жолдастары үш-төрт күннен бері Балташты қонақ қылып, бауға, аралға бірге қыдырып жүрсе де,
әлі де қамтамасы қалғандай, пароход үстінде әңгімелерін аяқтап жүр еді. Балташ жолаушылық кәдесін қылып, оларға сыра ішкізіп шыққан соң, үшеуі тағы да сөйлесіп, пароходтың тұмсық жағына қарай айналды.
Олардың Балташты құрметтейтін де жөні бар. Балташ — астанада бір тәуір комиссар. Астанадан келген адамнан губерниядағылардың көп нәрсе күтіп, әкесі базардан келгендей қолына қарап тұратын әдеті ғой. Олардың қандай сұрауына болсын жауап беретіндей Балташтың да білімі, тәжірибесі молайып қызметке ысылып, ісіне табанды, біртоға коммунист болып еді. Балташ мына жолдастарының ортасында көпті көрген, көне болып қалып еді. Өйткені ол Ақмола, Семей, Орал, Бөкей губернияларының бәрінде қызмет етіп, жалпы қазақ жайымен, әр алуан жағдайымен, оқығандармен әбден танысып, ақыл ауданы, дүние тануы кеңейген еді. Ол өзінше әркімге сын беруге жарайтын, біреудің атағына, беделіне, сөзіне сатылмайтын, өзінше жол тұтынған жігіт еді. Жолдастары:
— Ақбала қалай боп жүр?— дегенде:
— Ақбала жүр. Ол өзі қиялшыл жігіт қой. Болмайтын істі болдырам деп, кейде ұзын шабатыны бар. Сөзді тәуір көреді,— деп жымиып қойған.
— Жорғабек қандай адам боп шықты?— дегенде:
— Уай, оны қойшы! Ол өзі жүрттың бәрін алдап қу боп жүрмін деп ойлайды. Осы күні кісі алдауға көне ме? Қу боп кетті ғой. Қапай екеш Қапай да пәле боп кетіпті. Қызмет не дегенмен адамды үйретеді ғой. Жорғабекте тұтынған жол жоқ. Одан да мен Төрекелдіні құрмет етем! Бізге қарсы болса да, өз жолында қалды. Ешкімге жағынбайды. Қызметін жақсы істейді. Ол өзі ісшіл жігіт қой, азырақ мақтаншақтығы болмаса,— деген.
Міне, Балташтың әркімдер туралы осындай көзқарасы бар жігіт еді. Саясат дүниесінде Балташ басшы болмағанмен, басшыға таяныш болатын табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл болғандықтан, кейде шен құмарлардың соңына еріп кететін еді. Бірақ олардың қатесіне өз көзі жеткен соң, «мына жерің дұрыс емес» деп айтар еді де, айырылып кетер еді.
«Нұрзайсан» үш өкірді.
Балташтар манағы шарбаққа сүйеніп түрған Ақбілектің қасына келді.
— Қош енді, жолдастар!
...Солай қылындар!— деп Балташ екі жолдасымен қоштасып, қолдарын нығыздай қысты.
— Қош! Қош! Қош!— деп олар Ақбілектің қолын ұстап, асығып жерге түсті.
Пароходтың дауысы да: «Қош, қош, қош!» дегендей дарылдап, қимай тұрған бауырлардың жүрегін лүп-лүп еткізді. Жердегілер пароходтағыларды көздері ішіп-жеп, күлкісі мен жылауы араласып, ауыздары ашылып, танаулары делдиіп, кейбіреудің көзіне мөлт-мөлт етіп жас та келіп түр еді.
Пароход сорпа жалағыш кәрі төбетше, суды шолп-шолп ұрып, қозғала бастады. Бастар шыбындап, қалпақтар қарға болып, орамалдар көбелекше жалпылдады. «Біз де сендерді қимаймыз» дегендей, жұрт пароходтың артына қарай толқыды. Көбінің жүзінде күлкі, жылау, қуаныш, аяныш аралас.
Пароход үстіндегі күйші солдаттардың сыбызғысы сыңғырлап, дабылдары дүмпілдеп, түтіктері күрсілдеп, екпінді маршқа екілеңдіре басқаны Ақбілектің көңілін де босатқандай, тамырларын желпіндіре солқылдатқандай болады. Ақбілек те ақ орамалын желпілдетіп қоштасты. Әлдебір қымбат нәрсесі қалып бара жатқандай, әлдекімді аяп, жүрегі жылағандай болады. Ол қимасы — Кәмилә еді.
«Тым болмаса Кәмилә байғүс, бізді шығарып салуға да келе алмады-ау! Күйеуінен, қайын аға, абысындарынан айбынады ғой, қорынады ғой. Оқымаған әйел қор гой! Қапастағы құстай ғой!» деген ойлар келеді. «Бұл байғүстың көзі қашан ашылар екен? Қалай жәрдем етсем екен?» деп тұрғанда Балташ иығынан тартып:
— Өй, сен неге жылап түрсың?— дейді.
— Жәй... әншейін... Кәмилә байғұсты аяп... Оқымаған әйелдің күні қараң ғой!— деп, Ақбілек күрсінді.
— Бір түрлі көңілшексің-ау! Бір күнде бола қоя ма? Бірте-бірте оқиды, көзі ашылады, теңеледі. Осы күнде-ақ теңеле бастаған жоқ па? Әуелде өзің қандай едің?— деп, Балташ үмітті сөздер айтады.
— Сонда да қиын ғой...— деп Ақбілек бауырының қамын жегендей, жалғыз өзінің жетілгенін азсынғандай болады. Бірақ Балташтың дәлелдеріне тоқтайды. Өйткені Балташты білмейді деп ойламайды.
Шілденің шаңқан, шағыл күні. Жасыл жағалау. Ертіс. Ертіс жүзінде су сызып, ақ пароход келеді. Ақ пароход үстінде Ақбілегін қолтықтап, уыз қымыздай кәусар ауаны кеудесін кере сіміріп, Балташ сайран етеді.
Сайранға тойса, жан-жағының бәрі айна, жарқыраған салонға кіреді. Қос бұрымы арқасына салбыраған аспан көз жаңа өспірім ақ сары қыз қазықша қаздиып, пианиноға күңгірлетіп күй шалады. Оң бұрышта кішкене үстелді ортаға алып, ақ жағалы, қошқар тұмсық, біз тұмсық, төрт саудагер «пас», «пис...» деп «преферанс» соғады.
Балташ пен Ақбілек жас қыздың күйін тыңдап, шатырдай ақ дастарқанды үстел басында отырып, ақ киімді мәтүшкеге тамақ алдырып ішеді.
Балташ үстелде жатқан жіңішке қағазды алып, тамақтың тізімін оқиды:
— Өзің қайсысын жейсің?
— Мен осы әндірейкөт-сәндірейкоттің жайын білмеуші ем, қой етін жейін дейді.
Ақбілекке Балташтың ол сөзі де қызык көрінеді, шек-сілесі қатып күледі. Ақбілек күлгенде қошқар тұмсық саудагер қылмыңдап қарай қалды. Ол Ақбілекке манадан жаман көзді жіберіп, қиялға батып отыр ғой.
Ақбілек күліп отырып:
— Мен бұлдырықты-ақ жейін,— дейді.
Ет артынан «Жигули» сырасынан екі бөтелке ішіп, Ақбілек екеуі екі кісілік тап-таза каюта бөлмесіне келіп, солқылдақ кроватта біріне-бірі қарап, қисайып жатып, «Смекаш» журналдарын оқып, мәз болып, күліседі. Балташ:
— Тамақ сіңіруге күлген жақсы деп қояды.
Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі, жаңадан ғана қосылған екі жас. Қабақ қағысынан ойларын танысады. Бірін-бірі ренжітерлік түрі жоқ.
— Әлгі жепеңнің саған көзді қадап отырғанын байқадың ба?— дегенде Ақбілек:
— Сен де аңдып отырады екенсің!— деп, күлімдеп мақтанып қояды.
Балташ:
— Сен, шырағым, байқа! Жепеңдер бәлекет келеді,— деді. Ақбілек онда:
— Өзің байқадың ба? Бүгін командир де менің орамалымды әперді ғой,— деді.
Балташ оған көтеріліп қалады, көтерілмей кайтсін? Мұндай келіншекті Балташтан басқа кім алады?
Ақбілек көрген-білгенін Балташқа айтып келеді. Балташқа қызметтен келгеңде кімнің не сөйлегенін айтып отырады. Сөйлескен сайын бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ баяндама, отчет жазғанда Ақбілек көтереді.
Ақбілек бірдеңеге алданып жатса, Балташ барып тамақ әкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйінеді. Өйткені дененің басқалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды.
Екі күн өтіп, үшінші күн дегенде, екі жас Зайсанға жетті. «Шықтық» деп телеграмма берген ғой. Төлеген мен жеңгесі де кішкене қызын көтеріп, пристаньға келіп тұр екен. Анадайдан бірін-бірі көргенде Ақбілек пен жеңгесі:
— Аһ, жеңеше!
— Аһ, Ақбілек!— деп аяқтары жер басқанын сезбей, біріне-бірі ұмтылды.
— Е, жеңешетайым!
— Е, бауырым-ай!— десіп, қуанғаннан кездерінен жас ыршып, құшақтасып қайта-қайта сүйісіп жатыр.
— Денің сау ма, қарағым,— деп, Төлеген де қарындасының бетінен сүйді.
Ақбілек кішкене сіңлісін шепілдетіп, бауырына басып:
— Жігіт боп кетіпті ғой!— деп жатыр.
Балташ Төлегенмен бұрын да таныс. Бірге қызмет қылысқан жолдасы гой. Бұрын «Балташ жолдас» деуші еді — енді жолдас деуді кеңсе тілі керіп «қарағым, саумысың?» деп аузынан сүйді.
Жеңгесі де Балташпен таныс. Балташтың тәуір жігіт екенін олар да біледі.
Бұрын Төлеген Балташты икемге көнбейтін, бірбеткей, қазақ жайын білмейді деп, ішінен ұнатпаушы еді. Енді ол ойы да жоғалып кетті. Өйткені ол енді туған күйеуі, ол — кіндіктен келген үлкен комиссар. Енді Балташ туралы не деп жаман ойласын? Күйеуіне бұлданбаса.
Екі бержебай да бар екен. Төлеген Балташты, жеңгесі Ақбілекті қолтықтап, екі-екіден отырып, кешені сыдыртып өтіп, бұрқыратып пәтеріне алып келді.
«Күйеу келе жатыр» дегеннен-ақ аға, жеңгесі пәтерін тиянақтай қылып безеп, бір бөлмені екеуіне арнап, кровать құрып, кілем төсеп қойған еді. Қызара бөрткен неше түрлі тәтті бауырсақ, пәрәміш, самса, кәмпит, манпасилер, шекілдеуік, пісте, жаңғақтар, печеньелер тәрелкелерде саусылдап, ұлыстың ұлы күні болатындай үлкен үстел лық толып, ақ дастарқанмен беті жабылып, құрметті қонақтарды күтіп түр еді. Кек бас, қызыл бас, алтын бас бөтелкелер де буфет, шкафта көл жағасындағы қаздай, мойындарын созып, быжынап, «бізді қашан ішесіңдер!..» деп түр еді. Төлеген комиссар күйеуіне өзге арақты олқы көріп, 25 сомға бір бөтелке шампанский алған еді.
Қонақтардың түскенін естіген соң, уездік сапарға шығамыз деп жүрген, шалбарларының тізесі қалталанған, пенжегінің артқы етегі жымырылған, шолақ комиссарлар да Төлегендікіне Мекеден қажы келгендей ағылды. Төлеген хабар қылған ғой. Түтін андып жүретін өлеңінде бес тиындық қүн қалмаған салдаман әншілер де, тарысы піскеннің тауығы бола кететін «бөстелі» даяршылар да келді.
«Құтты болсын!», «Жоғары шық!», сығылысқан орындық, сапырылысқан кісі, салдырлаған ыдыс, сылдырлаған шанышқы-пышақ, рюмке — бәрі араласып, Төлеген үйі құдды жәрмеңке болды. Рюмкелер сыңғырлады, шампанский мұрынға шарпып быжылдады, арақ ішілді, ән салынды. Жұрт дуылдады, Ақбілек Балташқа тигенде, екеуі астанадан келгенде, соқпайтын не бар? Бұдан артық қуаныш бола ма?! «Құй арақты! Көтер рюмкені! Соқ өлеңді! Е, гулет шіркінді! Сүмірейт! Пәлі!» Қызумен отырып, жұрт көп ішіп жіберген екен. Бастар бос мойын, аяқтар резеңке болып, қабырғалар төбеге
шығып, үстелдер әткеншек ойнаған кезде, қонақтар да біріне-бірі сүйеніп, үйден шықты. Балташты сүйемелеп апарып, Ақбілек төсекке жатқызып, жеңгесімен ыдыс-аяқтарын жинауға кірісті. Төлеген де құдайдың бергеніне шүкірлік етіп, демін бір алды.
Екі-үш күндей Ақбілек, Балташ аға-жеңгелерімен әр үйде қонақта болып, қаланың сый-сипатына қанған соң елге шығуға қамданды.
Төлегеннің өз елі ғой және Балташқа деген соң жұрт ат аяй ма, төрт-бес ат табылып қалды. Таулы жерге арба жүрмейді, салт атпен жүру керек қой.
Көк ала жорғаны көрпе салып, жеңгейге ерттеді. Жарау боз атты Ақбілек мінді. Жирен қасқа атты Төлеген, қара атты Балташ мініп, қастарына бір жолдас алып, сәске кезде қаладан шықты. Төлеген былай шыққан соң Күлікені өз алдына алды. Жеңгей атқа мініп артық үйренбеген кісі ғой, бір қолымен ердің басынан ұстап, аяғын үзеңгінің сағасына салып, орнатқан омақаша қоқиып, буынын билей алмай, қолп-қолп еткені Ақбілекке қызық болды.
Шілденің жылдай күні. Түске таман жолаушылар тау бөктеріндегі бір ауылдан бағылан жеп, қымыз ішіп, күн қайта тағы атқа қонды.
Манағыдай емес, жеңгейдің өне бойы ауырып қалыпты. Қатты жүріске жарамай, көк аланың аяқ жорғасымен тайпалтып келеді. Ақбілек қажыр емес, сипай қамшылап, су аяндатып келеді. Жалғыз-ақ Күлікен қалғып-шұлғи береді. Оны кезекпе-кезек алдарына алысады.
Кіші бесін кезінде әйелдер шөлдедік деген соң, өзен бойында бір ауылға бұрылды. Желісіңде он шақты құлыны бар бір үлкен үй орталықта. Оның оң жағында бір ақ отау түр. Жолаушылар сол отаудың сыртына келіп тұра қалды. Есік алдында көрінген бір балалау жігітті шақырып, сөйлесе қалды. Ақ отау «Бекболаттікі» дегенде Ақбілектің жүрегі болар-болмас бүлк ете түсті. Әйтсе де осында түскісі келді.
Бала жігіт жүгіріп үйге барған соң, тымағын қисайта киіп, шапанының бір иығын жамылып, бір иығын жүре сұғынып, қалбаңдап Бекболат шығып, қонақтарға абдырап қарсы жүрді. Анадайдан сәлем беріп, келе Балташтың атын ұстады. Баяғысындай алақанын қалақ қылып, Төлегеннің, Ақбілектің алақанына жапсырып амандасты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып кіргізіп жүр.
Төсегінің алдында бұйығылау, келте мұрын, қара торы келіншек іс тігіп отыр екен. Ақбілектің көзі алдымен соған түсті. Келіншек те тымырайып, әйелдерге көз астымен қарады. Еркектермен тізерлесіп, төрге шығып кеткенін сөкет көрді немесе Ақбілек өзінен артық болғанын күндеді ме, кім білсін, әйтеуір «адырам қал!» деген қарас еді.
Бекболат жігітін жіберіп, дереу үлкен үйінен қымыз алдырып, өзі алдына дастарқан салып сапыра бастады. Ақбілекке тура қарай алмайды, кінәлі кісіше күйбеңдеп, сасқалақтай береді. Бекболаттың құрақ ұшып отырғанын келіншегі жаратпаған тәрізді, келте мұрнын жоғары көтеріп шығып кетті. «Жаман шіркін! Сыр білдіріп қояды-ау!» деген кісіше қатыны шығып бара жатқанда Бекболат ала көзімен бір қарады.
Қонақ аз отырса да, көп сынайды ғой, Ақбілек Бекболатты ішінен аяды, келіншегін менсінбейді екен деп ойлады. Бекболатпен жолыққан күндер замат көз алдына елестеп өтті. Әйтсе де өткен күнге өкінген жоқ. Бұрынғы арман қылатын тұрмыс енді аяқ астында қалғаңдай, өзі басқа бір жаңа дүниеге көшкендей, бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал-мұрты да көбейіп, бет-аузы да әжімденіп, бойы да аласарып, қораш боп қалғандай көрінді.
— Е, елге бара жатыр екенсіңдер ғой... Қалада бөтен хабар жоқ па?.. Қой алдыралық, қонақ боп кетіңіздер!— дегеннен басқа Бекболаттан пәлендей татымды сөз де шықпады. Ол сөздері де Бекболаттың далада қалғандығын, Балташпен арасы жер мен көктей екенін көрсетті. Ақбілек азырақ ойланыңқырап отырғанын өзі де сезе қойып, Балташтың көңіліне бірдеңе келіп қала ма деп, орысшалап: «Жүрейік!» деді. Бекболат: «Қонақ боп кетіңіздер! Шақырып келтіре алмайтын адамсыздар!» деп, жік-жапар боп жабысса да, қонақтар атқа қонғанын тәуір көре берді.
Түсуін түссе де өздеріне қолайсыз болды білем, бірталайға дейін Төлеген сөзін қиюластыра алмай, ойы бөліне берді. Бірақ Ақбілек те, Төлеген де Балташқа өз ойларын сездірмеуге тырысып, басқа сөзге жұбатып әкетті. Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан, түйе өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен бес атты кісі құмырсқа боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты. Алтай бойды да, ойды да көтерді. Алтайдың кешкі самалы беттен сүйеді. Ақбілек Алтайға шыққанда, баяғы апасын өлтіртетін, өзінің әбиірін алатын, өгей шешенің қорлығын шегетін, Көркембай кемпірдің көр үйшігіндегі жаны көзіне көрінетін алай-түлей қараңғы, қара күндер, барса келмеске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей болып көрінді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып, сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын легенге салып жуғандай, анадан жаңа туғандай тазарды. Оның жүрегін жуып тазартқан алтын леген — аяулы жаны, қаралы таудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді.
* * *
Марқакөлдің шыныдай тұнық суы да, көл жиегіндегі иірім-иірім ауыл да, пырылдап, кісінеп, оқыранып, өріске тартып бара жатқан жылқы да, жылқышының қызыл ала тысты тымағы да, анау қозы алып жүрген қайқы төс келіншектің жасыл көйлегі де, аттың жалы да, жеңгесінің басындағы күлді-бадам орамалы да батар күннің сарғылтым сөулесіне шомылып, жер-дүние сары көзілдірікпен қарағандай жымыңдап, саңғырап тұрғанда Ақбілек туып өскен аулына жетті. Ауылда иттер шулайды, қотанда қой маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырындап ұшқан құс. Сары ала керенаулап, мыңқылдайды. Енесін іздеп ауылда лақ безілдейді. Суға бара жатқан үш жас қыз:
Сылдыр-сылдыр қамысқа сырғам түсті. Сырласпаған жат елге апам түсті. Алам үшін кабырғам кайысады, Қолымдағы кос жүзік майысады, - деп шырқап ән салады.
Ақбілектің алдынан шауып шыққан бала жолыға сала, тайының құйрығын шошайтып, ауылға қарай ызғытты. Төлеген кейде жылына, кейде жыл ара еліне бір келіп кететін. «Келінді ала келіп, жатып кет» деп, ақсақал отау көтеріп берген. Төлегеннің келетінін естіген соң, ақсақал отауын оң жағына тіктіріп, күтініп отыр еді.
Тайлы бала ауылға шауып келіп:
— Ағатайымдар келе жатыр! Ақбілек те бар!— дегенде, ақсақал үйде отырып қалғып кеткен кісіше:
— Әһ! Не дейді!— деп басын жұлып алды.
Ақбілек баяғы кеткеннен үйіне қайтып келген жоқ еді. «Ақбілек оқып жүр» деп ақсақал естуші еді. Бірақ: «Қыз оқып не болады» деп, ішінен ұнатпаушы еді. Баяғыда баласы екені болмаса, Ақбілектен біржола күдер үзген еді. Оны көрермін деген ой да жоқ еді. Ақсақал енді қайтерін білмеді. Үйде отыра ма? Алдынан шыға ма? Қалай амандасады? Дым көрмегендей жымпиып отыра ма? Кешірім сұрай ма? Бұл бір шұғыл оқиға болды.
Сөйткенше болмады, қатын-қалаш шулап:
— Әне шықты! Төрт кісі! Жоқ, бесеу... екеуі әйел... Біреуі келін ғой дескен даусына ақсақалдың бүйірі қызып, отыра алмады. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып, сәлем берсін деген мәтелді есіне алып, үйде отырсам, қуанбаған боп көрінермін деп, тысқа шықты.
Шықса, сауылдап келіп қалған екен. Ақбоз атқа мінген ақ киімді біреу көрінеді. Алдына Сараны мінгізіп алыпты. «Бұл орысың кім?» деп тұрғанда, Ұрқия барып, түсіріп бетінен сүйе бастады. Сөйтсе — Ақбілек екен. Боз аты, ақ киімі аруақтанып көрінді ме, ұлық келгендей, ақсақал азырақ қорынайын деді. Ауылдың еркектері де ақсақалдың қасына жиналып қап еді.
Төлеген мен Балташ келіп, ақсақалға сәлем беріп, қолын ұстады.
— Мынау күйеу балаңыз — Балташ деген жігіт,— деп Төлеген таныстырды. Ақсақал:
— Е, аманбысың, шырағым!— деп сасыңқырап қалды. «Қайырлы болсын!» тәрізді бірдеңе айтқалы оқталса да. аузына лайықты сөз түспеді. Оның артынан Сараны ертіп, Ақбілек келіп, әкесіне қол берді.
— Қарағым, Ақбілекпісің?— дегенде дауысы қалтырап, көзіне жас кеп қалды. Әйтсе де күйеуінен именіп, жасын әрең тоқтатты.
Ақбілек мұңайып, төмен қарады. Ақсақал баласына қарап:
—Дені-қарның сау ма, қарағым? – деді.
Қатындар келінді келіншелетіп, үйдің артынан айналдырып, отауға кіргізді. Ауыл кісілері қол ұстасып амандасты. Амандасып болған кезде ақсақал:
—Әй, жол беріңдер! Үйге кірсін!— деді.
Қонақтар үйге кірді. Олармен бірге ақсақал да кірді. Қатындар келінге шымылдық іздеп еді:
— Қой, әуре қылмандар! Жасырынбай-ақ қой, шырағым! Лұқсат! Салтында жоқ жұмысының не керегі бар? - деп, келінін жасырындырған жоқ.
Қатындар шуласып:
— Е, ақсақал, үлкен кісі! Балаларын келіп, көзайым болдың ба? Мына жігіт күйеу бала екен. Өмір жастарың ұзақ болсын! Балаңыз құтты болсын! – десіп жатыр.
Ақсақалдың көңілі тасып отыр. Әй-жай болған соң ақсақал айдың жарығымен үйдін жанында қой сойғызып отырып:
— Күйеу бала қай ел екен? Білдіңдер ме?— деп, Әміреден сұрады.
Әміре манадан бері Төлегеннің жолдасынан мәні-жайын сұрап, біліп қойған ғой, өзі де айтқалы кыбыржып отырған кісі ғой.
— Семейлік, тобықты болса керек. Үлкен орындағы төре екен! Орынборда қызмет қылады екен - деп көптірді. Ақсақалдың көңілі манағыдан да бетер қарыс көтерілді.
Таңертең Ақбілек пен келіні далаға барып келе жатқанда, ақсақалдың көзі түсіп: «Келін бір бәйбіше болғандай денелі, жүрісі сабырлы адам екен» деп ойлады. Келін ноғай емес, естек қызы дегеннен бері, ақсақал естектің бір атасын қазаққа жақын қылып алып еді. Сара Төлегеннің кішкене Күлікенін көтеріп тысқа шығып еді, ақсақал:
—Бері әкелші, қарағым,— деп алдырып, немересін иіскеді.
Көңілі тағы бір қарыс көтерілгендей:
— Ей, құдая шүкір, тоба!— деп тәубе келтірді.
Пальтоларын жамылып, қалпақтарын шекесіне салып, сымдай болып, Төлеген мен Балташ шыққанда: «Заманына қарай, бұл да жарастықты екен!» деп ойлады. Мынау екі төре баласы тұрғанда өле-өлгенше кем-қор болмастай көрді.
Балалар шайын ішіп жатқанда: ақсақал 7 биесінің сабасын пістіртіп, ыдыс-аяқты жуғызып, өз үйін сыпыртып, төрге көрпе салдырып:
— Ақбілектерге әне жерге сал,— деп, қатынына оң жақты нұсқады. Шай ішіп жайланған соң Әмірді жіберіп, балаларын өз үйіне шақыртты.
— Жоғары шығыңдар!— деп Төлеген мен Балташты төрге шақырды.
— Е, сол жаққа отырыңдар!— деп келіні мен Ақбілекті өзіне қарсы, оң жаққа отырғызды.
Қымызды бәйбішесіне сапыртып, балаларына қызыл кесемен қайта-қайта бергізіп, ауыл кісілеріне де, бала-шағаға дейін құр тастатпай, өзі қадағалап отыр.
— Келіннің аяғын ұста, келіннің,— деп қояды. Келіннің дөп-дөңгелек қара көзі, маңқиып отырғаны, атасынан әнтек именгені қолайына жағып отыр.
Өрік Ақбілекке қарауға беті шыдамайды. Ақбілектің аяғы дегенде аяқшыға бұғып қана сыбырлайды.
— Неге ішпедіңдер? Қымыз жақсы ғой!— деп ақсақал Балташ жаққа да қарап қояды.
— Болғанымыз ғой!— деп, Балташ кесесін қайырғанда:
— Қалалы жер адамның ішін қуырып тастайды ғой,— деді.
Ақсақалдың көңілі тасқын. Тамағын кенесе, бүкіл ауыл естиді. Түкіріп жіберсе, есіктен өтіп, сары иттің тұмсығына жалп етеді. Кешке таман Төлегенді оңаша шақырып, ақсақал құрмалдық беру жайын ақылдасты. Ақсақалдың көңілі: ірі жылқы сойып, үлкен той қылуда еді. Төлеген тай да жетер деген соң, бала да бірдеңе білетін шығар деп, мақұл көрді.
Ақсақал тай сойды. Көңіл жетер ағайын он шақты қой сойды. Недәуір үлкен той болды. Жұрт сабалап қымыз әкелді. Тай, құнан жарыстырып, күрес қылып, көкпар тартып, ерігіп жатқан ел бір кенеліп қалды.
Кол басындағы төрт-бес ауыл жас төрелерді кезек-кезек қонаққа шақырысты.
Дырду басылған соң, аз күн болса да қарап жүрмейік деп, Ақбілек пен жеңгесі бес ауылдың ортасына қызыл отау орнаттырып, жас әйелдерді бір мезгіл оқытып, хат танытпақ болды.
Кейде еркектерді шақырып, Балташ пен Төлеген газет-журнал оқиды. Тазалық, денсаулық, мал дертін емдеу, кооператив жайынан әңгіме де құрып қояды. Қызмет адамдарына жол-жоба көрсетеді. Елге керек уақ кітаптардан ала барған еді. Оның пайдасы тиді.
Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді?» деп ойлайды. Қалайда Ақбілек жат, Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал одан именеді. «Мынауың теріс» деуге бата алмайды. Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен-өзі ұялады. «Кешірім сұрасам, қайтер еді» деп бір ауық ойланады. Бірақ әке басымен балаға кішіреюді лайық көрмейді. Сондықтан Ақбілекпен кездескенде:
— Қарағым, немене? Шөлдеген жоқсың ба? Қымыз іштің бе?— деген сияқты қалбалақтап қалады. Әкесінің онысын Ақбілек те сезеді, әкесін аяйды.
— Жоқ, әке! Шөлдегем жоқ,— деп, еркелеген секілді, қасына келіп отырып, бала оқытқанын, жеңгесінің тілі келмегенін, әйелдердің күлгенін әңгіме қылады.
— Қарағым-ау! Елге келіп тынығады десе, жүдеп қаласың ғой... Ол қатындардан не шығады деп жүрсіңдер?— деп маңдайынан иіскейді.
— Әке-ау, заман оқығандікі ғой,— дейді Ақбілек.
— Оқығанмен келін екеуіңдей болар деймісің!— деп, баласын көтеріп қояды.
Ақбілек әкесімен айтыспайды. Әкесін жаңа тауып алғандай қуанады. Сара он екіге шығып, ұзын көйлек киіп, бұрымын артына селтитіп өріп қоятын болған екен. Ақбілек оған:
— Сен қыз болмай-ақ қой. Басыңды биттетпе!— деп шашын алдыртып тастады. Сараны қайтарда өзі ала кетіп, оқуға бермек боп қойды.
Қажікен азамат боп қапты. Бірақ өгей шешенің қолында өтірікші, тұнжыр, ұрысқақ, кекшіл боп өсіпті. Оны Төлеген қолына алып оқытпақшы болды.
Ұрқияны қастарына ертіп, Ақбілек пен жеңгесі далаға барады, көл басына барады. Өткен балалық күндерді есіне түсіреді.
Бір күні Ақбілек сөзден сөз шығып отырып, Ұрқиядан:
— Жеңеше-ау, баяғы Мұқаш не болды?— деп сұрады.
— Есітпеп пе едің? Ол сол жылы қыстыгүні шығар деймін, жоқ боп кетті ғой,— деді.
— Ол қайда кетті?
— Кім біледі? Біреу өлтіріп тастаған шығар?— деді Ұрқия.
Ақбілек:
— Өзі де елдің қарғысын көп алып еді,— деді.
— Қарғыс қоя ма?— деп Ұрқия да қостады. Матайдың Әбені екі ұрысын жіберіп жайғастырғанын бұлар қайдан білсін.
Күлікен Сараға ермек болды. Мойнына мінгізіп жүргені.
Ұрқияның Ескендірі де беске шығып қапты. Ұрқия жанынан екі елі тастамайды.
Ескендір тым-ақ сүйкімді. Түрі де көркем, мінезі де өжет. Шешесі өте зерек деп мақтайды, балалармен қосылып ән салады, қой күзетеді, бұзау үйретеді, ойынға бір жалықпайды, ауылдың малын түстеп таниды. Бірақ тез қатты ашуланшақ, бір баладан жығыльш қалса да, жарысқанда қалып қойса да, жатып төбелес салады, өз дегені болмаса, айтқанға көнбейді.
Бір күні Ақбілек пен Ұрқия көл жиегіне барып, жуынып отыр еді. Сара бар, Күлікен, Ескендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға шомылып, жиекте жүгіріп, жарысып, ойнап жүр еді. Бала бірін-бірі жылатпай жүре ме, кішкене Күлікенді бір бала жүгіріп келе жатып қағып кетіп, жылатып қойды. Ескендір оны көре сала жүгіріп барып, жыққан баланы кішкене жұдырығымен қойып-қойып жіберді. Анау бала үлкенірек болса да, сасып қалды. Ұрқиядан қорқып, түк қыла алмады. Ескендірдің мына қылығына Ақбілек сүйсініп:
— Ескендір, бері келші, қалқам! Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!— деп шақырып алып, бетінен сүйді.
— Жеңеше-ау, осының атын Ескендір деп қайдан қойып жүрсің? Орыстар Александр дейді ғой,— деп сұрады. Ұрқия баяғыда түсінде Ескендір дуана балапан ұстап бергенін есіне салып:
— Ескендір дуананы ырым ғып атын Ескендір қойып едім,— деді.
Соны айтқанда, Ақбілек көзі дөңгеленіп, аз ойланып қалды да:
— Жеңеше-ау! Осы Ескендір мен сияқты емес пе?— деді. Үрқия күліп жіберді.
— Сен сияқты болса, сенен туған шығар!— деді.
— Рас айтасың ба, жеңеше?— деген соң, Ұрқия шынын айтты. Ішіне үрген қарын тығып, өтірік буаз болғанын, Ақбілектің баласын бауырына салғанын бәрін, сыр қылды.
Ақбілек қуанып кетті.
— Ескендір, бері келші!— деп тағы шақырып алып:— Құлыным-ау!— деп бауырына қысып, құшырланып тағы сүйді.— Өлтіретін бала емес екен-ау! Жақсы қыпсың ғой, жеңеше!— деп Ұрқияны сүйді. Аналық сезім Ақбілектің жүрегін қорғасындай балқытты.
— Мен кісі қанын жүктедім бе деп жүруші ем. Жеңешетай-ай! Мен шын бақытты екем ғой! Оқуға жараған соң өзіме бересің ғой?— деді.
—Берейін,— деді Үрқия.
Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап көнек-көнек лықылдайды...
Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, жас Балташтың сүйген жары Ескендірін құшып, сүйіп, бала болып, ана болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды.