Әлемдегі ең қымбат кітаптың авторы - Джеймс Джойс

Ғажайып сәулетпен әрленген Дублинаның басты көшесі – О Конелл Стрит. Осынау ұлы заманауи мемлекет көркіне негіз болған  азаматтарды, ирландықтар ( немесе анау мүсіге айналғанбейнелерді), шартты түрде «ұлт қамқоршылыры» деп білеміз. Олар О Конелл және Парнал, сондай-ақ  кәсіподақтың негізін қалаушы Джеймс Ларкин. өзінің еңбегіне қарай бағасын алыпқойған  тұлғалардың баға жетпес гранитті мүсіндері –  жасымас таза ардың шеткі шекарасы іспеттес. Одан сәл О Конелл көшесінен әріректе басты көшеден басын бұрып, ойлы жанарларын аспанға бір, Талбот  Стрит  ғимараттарына бір тастап қола мүсін тұр. Өткен-кеткендер оның тек қалпағына ғана ерекше назар салып өтеді. Ол – өз кейіпкерлерінің арасында, 20 ғасырдың ең танымал романына себеп болған өз дублиндықтары мен өз туған жерінің көшесінде тұр.

        Авторы Александр Маузер


  Премиялар оның теңі емес еді және өкіметтің оған деген «сырты бүтін…» қатынасы оны көпке сүйремеді. Бірақ  Ирландияда оның есімін «ұлт қамқоршысы» ретінде бәрі жақсы біледі. Ол – бар дәуірдің жұмбақ әрі  танымал ирландиялығы, жазушы Джеймс Джойс еді.

   Джеймс Августин Алойзий Джойс көкшіл мәдениет ішінде; аштық пен миграция жайлаған, жасыл жыланқұмарлар саналатын Ирландияда, қазіргі Дублин штаты, Rathgar ауданында дүниеге келген. 1882 жылы, екінші ақпан, таңғы сағат алты жарым шамасында. Ол белгілі халық әнінде айтылатын «Thursday`s child for to go» ( «Бейсенбіде  өмірге келген бала») деген сөзді өз өмірімен ақтап өтті. Әкесі –  Джон  Станислаус Джойс , анасы – Мэрри Мэй Джойс. Ол әкесімен жақсы  қарым- қатынаста бола алмады. Ол туралы өз күнделігінде; «Менің кітаптарымдағы жүздеген кейіпкерлер образы әкемнен  алынған»  дейді және сол кезеңде «ол қаржы қыспағына ұшырады…» деп жазады. Бір кездері Джон Джойс салық  мекемесінде жұмыс  істеп жүргенде  қаржылық жағдайы бас алаңдатпайтын. Бірақ жазушының әкесіне 1891 жылғы жұмыстан қуылуы қатты соққы боп тиді.

   Джеймс Джойс қатаң католиктік тәрбиеде өсті. 1888 жылы алты жасар Джеймсті Питер Кеннің бастауымен 1814 жылы құрылған , Орден иезуттер басқаратын ұл балаларға арналған  Клонгоуз Вуд колледж- мектебіне оқуға береді.  Мектеп ұйымдастыру дисципилинасы  жағынан сол кездегі Ирландиядағы ең үздік католиктік оқу орындары қатарына жататын. Бұл туралы Джойс өзінің  «Суретшінің жастық портреті» романында жазады. Бала кездегі ирландықтар мен ағылшындар арасындағы қақтығыстарға куә боп өскен  Джеймс біртіндеп католизмнен тайқып кетеді.

Джойстанушы Фленн О Брайен былай жазады: «Кейбір ойшылдар ( оның ішінде көбісі- ирландықтар, католиктер және көптеген атқамінерлер) Джойс пен Сатананың арасында  ұқсастық бар деп мойындап қойған. Сонда ол қандай ұқсастық?.. Мысалы, екеуінің де басқа есімдері болды; Джойстікі- тура аудармада «нұр шашушы» деген мағына беретін – Стивен Дедал, ал Сатананыкі  «көлеңке князі» мағанасындағы – Люцифер. Екеуі де алғашқы қадамда қарқынды, екеуі де тәлім алған ұстаздары  жоғары білімді, екеуі де намысшыл рухты болды дейді. Десек те Джойс пен  Сатананың арасында бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар еді. Сатана ешқашан Жаратушыға сын айтпады, ал, Джойс болса бәріне «Құдай жоқ!» деп  жар салды…». Тағы бірде   О Брайен былай дейді: «Джеймс Джойс суретші болған және  өзі де мұны мойындайды. Шығармашылық адам үшін өнер өмірден де қымбат емес пе… Содан болар, ол өзіне мәңгілік азап көріп өтсе де   осынау шығармашылық миссияны орындауға ант етті. Осы орайда Джойстың тозаққа сенгенін, бірақ жұмақта, Құдайдың қасында болғысы келгендігін негізге алуға болады».

   1891 жыл – Джойстар әулеті үшін қаралы жыл болды. Джеймсті  Солтүстік Ричмондтағы Христиан ағайындылар мектебіне ауыстырады. Осы жылдың алтыншы қазанында Парнел дүниеден өтеді. Дәл осы кезде тоғыз жасар Джеймс ұлы тұлғаға арнап  алғашқы « Парнел» немесе « El Tu, Healy» өлеңін жазады. Онда ол Парнелді қаралушы Тимоти Хилиға ашық наразылығын білдіреді. Арада екі жыл өткеннен кейін, яғни 1893 жылы Джон Джойс (әкесі) көшеде Клонгоуз аға ректоры  Комни  әкені кездестіреді. Кейін Джеймс пен оның ағасы Станислаусты иезуиттік Бальвадер колледжіне сол жылдың сәуірінен бастап оқуға береді. Ал, одан кейін  Джоеймс Джойс 1902 жылы University college- ін үздік тәмамдайды. Жоғарғы оқу орнында оқып жүріп ол алғаш прозаға қалам тартады. Сөйтіп мақалалар, эсселер жазып және пьесалар аударады. 1902 жылы  медицинаны оқу мақсатында  Парижге  сапар шегеді және сондағы қызығушылығы мен әуесқойлығын Ұлттық кітапханада жұмсап, өлең жазады. Ақырында «Камералық музыка» жинағы мен шағын “Эпифаниям” прозасын дүниеге әкелді.

    1903 жыл 10 сәуірде  әкесі Джойсқа анасының ауыр халде  жатқандығы туралы  телеграмма жіберді. Джойс Парижді тастап, Дублинға оралады. 13 тамызда анасы Мэрри Мэй дүниеден озады. Джойс анасының өтініші болса да, өзін шіркеуге бармағандығы үшін  кінәлі санап, ішімдікке салынып кетеді.

  Өз туған жерінде Джеймс Джойс сабақ беріп, ән айтудан және журналистикадан лекция оқып, аздап ақша табады. “Дублиндықтар” жинағына арнап өлеңдер мен ертегілер жазады. 1903 жылдың 10 шілдесінде  Голуэйлік сұлу  Нора Барнаклмен кездеседі. Жазушының әкесі (әзіл де болса) өз ұлының Барнакл текті  (barnacle ағылш.- “желімделу”)  қызбен кездесіп жүргенін біліп, “ол қыздың оны ешқашан тастамайтынын” айтып келісім берген еді. Әке келісімі соңғы өсиет болғандай екеуі атастырылып қойып, заңды некелері арада 27 жыл өткеннен соң Лондонда қиылды.

 1904 жыл 16 шілдесі – “Улисс” романында жазылған әдебиет тарихындағы ең ұзақ күн. Дәл сол күні Джеймс пен Нора арасындағы алғашқы шынайы кездесу де басталған болатын. Және дәл сол күн – жан -жақтан ағылатын жазушының жанкүйерлері үшін шынайы кейіпкерлерді көріп, көшелерді аралап, сары сырамен атап өтуге тиіс мейрам болып қалыптасқан.

    Келер он жылдығының көбісін Джойс Еуропаның   әртүрлі елдерінде  жұмыс істеумен өткізеді. Ол жазуды тоқтатпайды, бірақ басылым беттері  оның жазғанынан үнемі бастарта берді. 1909-1912 жылдары  Джойс  “Дублиндықтарын” баспаға бергісі келеді. Сөйтіп Mounsel баспаханасымен келісімшарт жасасқаны сол-ақ еді,  қоғамдық пікірде дау тудырып, кітаптың барлық тиражы өртеледі. Себеп біреу: ертегілер патриоттыққа тәрбиелемейді. Осылайша қорланған Джойс енді өз отанына оралмаймын деп ұйғарады.

   1921 жылдың 29 қазанында Джойс “Улиссті” жазып бітірді. Жазушының  өзі айтқандай “Улисс” 1наурызда басталып, 30 қазан күні, яғни  Эзра Паундтың ( ақын) туған күнінде  жазылып біткен. Осы туындыны жазу барысында автор өзінің 20 мың сағат жұмыс істегендігін және оның пайдаланбаған 12 килограммдай ғана жаман парағы қалғандығын айтады. Бірақ сыйдың орнына Джеймс сөгіс естиді. Роман АҚШ-та және Ұлыбританияда  тыйым салынған болатын. Осылайша “Улисс” алғашқы он екі жылда ұмыт болады. Тек 1933 жылы сот шешімімен АҚШ- та жариялануға рұқсат етіліп, артынан 1936 жылы Ұлыбританияда шыққан болатын.

   Ал Джойсқа даңқ 1930 жылдардың соңынды, яғни қайтыс болуына санаулы уақыт қалған кезде ғана оралған еді. Оның ең фантосмогорифтік әрі аударуға келмейтін, тек көптілді оқырмандарға ғана арналған  мағыналық кітабы –”Финнегалов полина”. Бұл кітап 1883 жылы басылып шыққан болатын. Ал, 1939 жылы Джойстың портреті “Таймс” журналының мұқабасына да шығып үлгерген-тін. Десек те бұдан сәл бірнеше жыл бұрын Джеймс пен Нореге тағы бір қиын-қыстау кезеңді бастан өткізуге тура келді; қыздары Лючия шизофрения диагностикасына шалдықты. Дәрігерлер қызының агрессивті мінез-құлқына байланысты енді оны емханаға жатқызуды ұсынды. Індеттің бір себебі –  сол тұстағы Парижде тұрған, белгілі ирландық жазушы, Джойстың хатшысы болған Самюэл Беккеттің жауапсыз махаббаты болуы да ықтимал деген болжам бар.

   Лючия Джойс 1982 жылдың 12 тамызында, 47- жасқа аяқ басқан шағында психалогиялық емдеу емханасында қайтыс болды. Ал, 1998 жылдан бастап онда жыл сайын Лючияның туған күнінде (26 маусымда) Lucia days деп аталатын тұрғындарды шизофрения індетінен  сақтандыру мақсатында өткізілетін іс- шара күні қалыптасқан.

   Джеймс Джойс 1941 жылдың 13 ақпан күні, сағат 2-ден 15 минут асқанда, яғни, 58 жасында Chwesternhouse von Reterkreuz Hospital ауруханасында дүниеден өтті.

   Бүгінгі таңда оның “Улисс” романы  таралымы бойынша бірінші орын алатын ХХ ғасыр көркем әдебиеттерінің ең бағалысы. Boon and Magazine Collection журналының  рейтингісіне сүйенсек автордың қолымен жазылған “Улисстің” алғашқы басылымы қазір 100 000 доллар тұрады екен. Бұл ХХ ғасыр кітабына берілген ең қымбат баға.

Аударған Жантас ЕРКІН,

Солақайлар әдеби клубы



Ұқсас тақырыптар