Дублиндықтар» туралы
«Менің бар ойым осынау рухани ауруға ұшыраған қала тарихын Дублин сахнасында жазып көрсету болды. Десек те, менің кінәм – әңгімелерімнен сасыған балдырлар мен шіріген қалдықтардың шынайы иісі мүңкіп тұрғандығында. Былай түсініңіз: ирландықтар өз шынайы бейнесін менің айнамнан айқын көрді. Себебі, мен әрқашан Дублинның «қоқысын тазалау» арқылы бүкіл әлемді қоқыстан арылтуға болатынын түсіндім».
«Улисс»» туралы
«Шығарма техникасы арқылы мен адамзатқа дейін болған және одан кейін де бола беретін жерді сипаттағым келді.
Бұл эпопея екі халықтың (израильдіктер мен ирландықтар) сол кездегі шағын бір күндік өмірінен алынған оқиға. Бұны, тіпті, энциклопедия деп те айтуға келмейді. Менің мақсатым, sub spicies temporis nosti ( жаһандану жарығы) аясында мифті қалыпқа түсіру болды. Барлық оқиға (әрбір сағат, әрбір тіршілік иесі, әрбір өнер түрі, тіпті толық жоба структурасы да) шиеленісіп қана қоймай, өз жеке техникасын құрумен ерекшеленеді…».
(1920 жыл, 12 қыркүйек. Карло Линатиға жазған хатынан)
«Туындыны жазуда алдыма мынадай мақсаттар қойдым: шығарма он сегіз түрлі көзқараспен және сондай техникалық стильмен көпке ортақ пікірде жазылады. Бірақ, ол да жабық болуы мүмкін…».
(Хариет Шоу Уйверге жазған хатынан. 1921 жыл, 24 шілде)
«Шығарманың әрбір эпизоды әртүрлі көркемдік құндылықтармен (риторика, музыка немесе диалектика) ұшырасып, артына tabula rosa қалдырып отырады. Мен «Бөртегүлді» жазғаннан кейін ешқандай музыкамен әуес болмайтын болдым…».
(Хариет Шоу Уйверге жазған хаты.1919 жыл, 20 мамыр)
«Мен «Улиссқа» «Одиссейдің» жалпы жоспарын негіз еттім. Және солай болуын қадағаладым. Бұл менің бұған дейін жазғандарымның ең үздігі…».
(«Цирцея» бөлімінен )
«Сайып келгенде, «Улисс» бүкіл ішкі монологтың дәлдігінің дәлелі. Ол әлденеге мүдделі, себебі, өнерге тек әсермен ғана қарайды. Және ішкі үндестікті талап етеді.
Сынның бұл кітаптан моральдық қателерді іздейтіні өкінішті- ақ. Және оны шындыққа балауы да… Джентльмендік сөзім, онда ешқандай шындыққа балап, сынайтындай тармақ жоқ, менің кейіпкерлерім – жай ғана «ауызжаппастар»….
Кітапқа тағы артық нәрселер қосатын болсам, оның бақытсыздыққа ұшырайтынын немесе құрдымға кететінін білемін.
Бұл туынды өз ережеммен ойнаған ойыннан да жоғары екендігін білемін».
«Одиссей» туралы
«Фауст адамзаттық толық ұғымға дәлел болды, бірақ ол адам емес. Ол жас па, әлде кәрі ме? Оның отбасы қайда? Бұл жайында ештеңе білмейміз… Гамлет?! Иә, Гамлет – тіршілік иесі (мысқылмен), тек ол біреудің баласы. Ал, Улисс – Лаэртаның ұлы, Телемактың әкесі, Пенелопаның күйеуі, Калипсоның көңілдесі және Троя қабырғасындағы грек әскерлерінің одақтасы. Оған қоса Итакидің әміршісі… Міне, осы тұста оның әскери қызметтен қашқысы келген «шебер әртіс» екенін де айтуды ұмытпауымыз керек. Дей тұрғанмен, ол соғыста соңына дейін барды… Басқалар шепті тастап, тым-тырақай қашқысы келгенде, ол соғысты жалғастыруды талап етті… Және ол Еуропадағы алғашқы «джентльмен». Ол жас ханшайыммен батыл түрде жалаңаш кездесуге барғанда денесінің ұятты жерлерін ғана жат көздерден жасырған. Тағы ол – ұлы өнертапқыш. Танкты жасаған сол… Ағаш ат па, әлде темір қорап па, жә, маңызды емес, әйтеуір әскерлер тығылып отыратын «үйшікті» де сол ойлап тапқан!».
«Finnegans Wake» туралы
«Мен сөзімді батыра түстім.
Мен ағылшын шектеулеріне дейін жеттім.
Мен түнде жаза бастағанымда олардың байланысына керек сөздерді таппайтынымды түсіндім. Бұл жағдайда олар түнде өзінің жартылай немесе толық құрылымын көрсетпейді. Сондықтан, мен сөз бен байланыстың ортақ үндестігін пайдалануды жөн деп санадым. Әрине, таң атқанда бәрі түсінікті болады. Мен оларды ағылшындарға берем, мен оларды құртпаймын…
Мен кітаптағы әрбір жолды жазуға өз басыммен жауап беремін. Бұл ақымақтық болып көрінер, десек те, бұл туралы ғасырлар өткен соң талқылай жатарсыздар.
Менің кітабымның шынайы батырлары – уақыт, көл, тау.
Түсінікті мағынада айтсақ, мұнда ешқандай герой жоқ.
Кез келген саналы оқырман кітапты мәтінге оралмай-ақ оқи алары сөзсіз.
Олар (фашистер) Польшаны жайына қалдыруы үшін «Finnegans Wake»- ті оқуы керек (Екінші дүниежүзілік соғыс жайында)».
Ирландия туралы
– Ирландиялық ұлттық болмыс туралы не айтасыз ?
– Өте теріс сұрақ,б ұл болмысты мен өзімше бағамдаймын… Жоқ дегенде, жеке басын қадір тұтанын әрбір адам Ирландияда қалмауы керек.
(Дж. Джойстың сұхбатынан)
Өзі туралы пікірі
«Мен – асқан жомарттығы жоқ және ішімдікке тәуелді қарапайым жанмын.
Менің миым – ұсақ заттар дүкеніндегі сатушының миы секілді».
Джойстың әкесі туралы айтқаны (Әкесі Джон Станислаус Джойс )
«Оның кемшіліктерін жақсы көретін мен өзім де күнәһармын.
Менің кітаптарымдағы жүздеген кейіпкерлер сипаты содан келді.
Ол «банкрот» болатын.
Мүмкін, оның ауруы – «Улисс» үшін алған жазам шығар».
«Улисстегі» қанатты сөздер
«Сіз менің сөздерім тұманды дейсіз бе? Ал, сізге біздің жан дүниеміз тұман болып көрінбей ме?
Өмір – күндердің жиынтығы. Бір кездері таусылар…
…Оның өткенінде ұлы болашақ жатқан болатын…».
«Дублиндықтардағы» қанатты сөздер
«Физикалық құштарлыққа бой ұрса, әйел мен еркектің арасында махаббат болмайды:
Физикалық құштарлыққа бой ұрмаса, әйел мен еркектің арасында достық болмайды…».
«Құдай, жерге түс – сен оған осында тапсырма бересің.
Ех, Джим өзінің «шимай-шатпағын» қаза бергеннен гөрі әнші болғанда ғой (Джойс әнді жақсы айтқан).
Неге…неге сен адамдар түсіне алатын саналырақ кітаптар жазбайсың?».
Нораның Джойстың қазасы жайындағы сөзі
«Ол арыстандарды жақсы көретін. Ол енді олардың «ырылын» жиі естіп тұратын болды».
Беккет «Улисс» хақында
«Сіз оның ағылшын тілінде жазылмағанына шағымданасыз. Бұл, тіпті, жазылмаған да…Керек десеңіз, бұл оқуға да арналмаған… Бұл тек көру мен естуге ғана арналған кітап.
Мұндағы форма – мазмұн, мазмұн – форма».
Беккет «Finnegans wake» хақында
«Джойстың мәтіні – ештеңе емес, ол өзі сол «ештеңе» сияқты».
Джойстың қанатты сөздері
«Мен де адамдардың мен туралы оң пікірлерін теріске шығаратын және өзімшіл, мақтаншақ, айлакер деп айтқызарлық «жын ұрған» қасиет бар».
«Анамның әкеме деген іңкәр қарым-қатынасы – маған берген тәрбиесі еді».
Рим маған өз әжесінің мәйітін туристерге көрсету арқылы ақша табатын адамға ұқсайды.
«Ғұлама қателеспейді. Оның қателегінің өзі нысанаға дөп тиеді».
«Біз бір образда дүниеге келгенмен, әртүрлі өлеміз».
«Уақытты артқа қайтара алмайсың. Суды жұдырығыңмен ұра алмайсың. Бірақ, солай істейтін бе едің? Өткенге… бәрін басынан бастар ма едің?..».
«Мені жақсы көрсең, менің қолшатырымды да жақсы көр».
«Ой – ой туралы ой».
«Әр жұма бір бейсенбіні жерлейді. Егер байқап тұрсаң, әрине…».
Жантас ЕРКІН,
«Солақайлар әдеби клубы»