Еркін ойлы жазушы Мо Ян

7.jpg

Мо ян 1955жылдың 17 ақпанында,  ҚХР-ның Шандоң провинциясының Гауми ауданының Далан ауылындағы Пиңан қыстағында бір кедей диқан отбасында дүние есігін ашқан. Әкесі – Гуан Ифан балаларын қатты тәртіппен ұстаған қатал адам болыпты. Мо Ян – отбасындағы төртінші бала. Шын аты – Гуан Мойе. 1979 жылы Ду Чиңлан атты қызбен үйленіп, 1981 жылы Гуан Шяушяу атты қызы дүниеге келген. Мо Янды кішкентай кезде атасы: «Сүйкімді емес дей көрмеңдер. Ол – темірқазық, кейін үлкен адам болады» деген екен. Үлкен атасы Гуан Соңфың әйелдер мен балалар сырқатына мықты дәстүрлі емші, ал атасы Гуан Яони әңгімешіл, ертекші қарт болған. 2010 жылы Хаңжоу қаласындағы Лоңчуанға барып тегін іздеген Мо Янның өзі: «Менің қазіргі тұрған жерім Гаумиға барған Гуан тегінің жиырма төртінші, Лоңчуандағы Гау тегінің отыз алтыншы ұрпағымын» деген. 1950 жылдардың соңынан бастап, әсіре солшылдық тудырған ауыр зардаптар – ауыл жұртының жаппай кедейшілігі мен ашаршылық, экономикалық жоқшылыққа қоса саяси құқайдың орынсыз белең алуы, тап айыруда жоғары орта дихан деді. Осы жайларға байланысты туған психологиялық ерекшеліктер оның былайғы прозалық туындыларына да ықпал жасаған. 

Мо Ян бесінші сыныпта оқып жүргенде «мәдениет төңкерісі» бұрқ ете қалып, оқу тоқтайды. «Желіккендер» «көтеріліс» жасауға кіріседі. Ал, Мо Ян Жяухы өзені бойындағы ауыр еңбекке айдалады.

Ауыр әрі мағынасыз еңбектен құтылу үшін үлкен атасынан қалған дәстүрлі емшілікті екі жылдай үйренген Мо Ян мәдениет дәрежесінің төмендігінен бірдеңе шығара алмасын сезіп, оны да тастайды. Сосын амалын тауып мақта зауытына таразышы болады.

Мо Ян талай дүниені «құлақпен оқи бастаған». 200 неше жылдың алдында, менің туған ауы¬лымда хикаят айтудың асқан шебері Пу Суңлиң өмір сүрген. Оның өз аузынан тыңдасақ: біздің қыстақтағы көптеген адамдар және мен соның рухын жалғаушымыз. Мен коллектив еңбек іс-тейтін атыздың басында, өндіріс отря¬ды¬ның қорасында, атам мен апамның ыс¬тық сыпысының үстінде, әуел десең қ謬ралаңдап кетіп бара жатқан арбаның үс¬тінде көптеген сырлы әңгімелерді, тарихи аңыздарды, қызықты ертегілерді естідім, бұл хикаяттар жерлік орын¬ның табиғатымен, әулет тарихымен тығыз байланысып жатқандықтан шы¬найы сезілетін. Тір¬шілік атаулының жаны бар деп сенетінмін. Үлкен ағашты көрсем, құрмет көрсететін¬мін. Ұшқан құсты көрсем, ол қалаған к嬬¬зін¬де адамға өзгеруі мүмкін деп қиял¬дай¬т¬ынмын. Бейтаныс адамға жолықсам, ол қайсы хайуаннан өзгерді екен деп кү¬мән¬данатынмын. Ашаршылық, жалғыздық, адамды жалықтыратын бір сыдырғы ауыл өмірі кезінде, ең қызықты әдетім кітап оқу болды. Маған алуан кітапты Шанхайда оқитын үлкен ағам Гуан Мошян жеткізіп тұрды. /1,283-285б/

1976 жы¬лы қаңтар айында армияға қабылдан¬дым. Шешем өзінің әшекей бұйым¬дарын сатып, маған төрт томдық«Қытай жалпы тарихын» ар¬¬қа¬лап мен жақсы көретін әрі өте жек кө¬ре¬тін туған жерімнен ұзап шығып, өмірімнің ма¬ңыз¬ды кезеңін бастадым. 1984 жылы емтихан тапсырып «Азат¬тық армия көркемөнер» институтының әде¬биет факультетіне өттім. Әскерде ол солдаттықтан саяси комиссар, үгіт-насихат қызметкері, кітап басқарушы, оқытушы, тағы басқа жұмыстарды атқара келіп, 1986 жылы «Әскер Өнер Институтын» аяқтадым. 1991 жылы Пекин  Педагогикалық Университетінің Лу Шүн әдебиет институтының шығармашылық аспирантурасын бітіріп, әдебиет пен өнерден магистрлік дәреже аладым дейді Мо Ян.

Әйгілі жазушы Мо Ян қазір Қытай Өнер Академиясының Әдебиет Институтының президенті, Шяң Гаң «Гүң Кай» унверситетінің құрметті әдебиет докторы, Чиң Дау ғылыми-техникалық унверситетінің құрметті профессоры,1980 жылы ауыл-қыстақ өмірін жазудан жүлдегер болған. 2006 жылғы қытайдағы бақуатты жазушыларының 20 орнын иеленді, 2007 жылы қытай жазушыларының ішінен жасампаз жазушыларынан бірінші орынды иеленді, 2011жылы «Бақа» романымен  қытайда 8 кезекті Мау Дүн әдебиет силығының иегері атанды. 2011жылдың 24 қарашасында  8 кезекті жазушылар съезінде ол Қытай  жазушылар одағының бірінші орынбасар төрағасы болып сайланды.  2012 жылдың мамыр айынан бастап Дұң Хуа педагогикалық университетінің әдебиет факультетінде қосымша лекция оқыды. 2012 жыл 11 қазан кешкі жетіде әлемдік новел әдебиет силығына қол жеткізді. 2012 жылдың 13 қазанында оның шығармашылығын Англия «Үй бау» ақпарат көзі барша әлемге таныстырды. Оның алғашқы шығармасы: «Көктемгі түннің жаңбыры құя бастады» атты әңгімесі. Оның атын  шығарған романы - «Қызыл гаульяң әулеті». Оның  бастышығармалары: Романдары:1.«Қызыл гаульяң әулеті», 2004жыл, қаңтар,.«Бүгінгі дүние» баспасы. 2.«Арақ елі», 2008 жыл, қыркүйек, «Шанхай мәдениет» баспасы. 3.«Отшаң  әулет»,  2004 жыл, қаңтар, «Бүгінгі дүние» баспасы. 4.«Жаннаттағы сарымсақ әні».5.«41 зеңбірек», 2003 жыл, шілде, «Жастар толқыны» баспасы.6.«Дар ағашы». 2004 жыл, қаңтар, «Бүгінгі дүние» баспасы.8.«Он үш қадам». 2003жыл қазан, «Жастар толқыны» баспасы.9.«Ет женді». 2004 жыл қаңтар, «Қытай жұмысшылар» баспасы.10.«Өмір мен өлім күресі». 2006 жыл қаңтар, «Жазушы» баспасы.11. «Бақа». 2009 жыл, «Шанхай мәдениет» баспасы. Повестері:  «Ақ мақта», «Алтын шашті сәби», «Жарылыс», « Гаулияң арағы», «Иттің соқпағы», «Ғажайып өлім», «Құрылыс жолы», « Шаттық», «Қызыл қанатты құмырсқа», « Әке», «Солдаттағы саптасымен кездесу» «Гүл құшақтаған қыз», «Қызыл құлақ», « Шытырман түс», «Сәнқойдың кешегісі мен бүгіні», «Күлкі және күлдіргі», «Өмір», «Ұстаз барған сайын күлдіргіленді». /3,113-115б/

Әңгімелері:«Алты бақан тепкен ақ ит». (Әңгімелер жинағы) 2004 жыл, қаңтар,    «Бүгінгі дүние» баспасы.«Мөлдір сәбіз». (Әңгімелер жинағы) 2004жыл, қаңтар, «Бүгінгі дүние» баспасы.«Өлең айтқыш дуал». (Әңгімелер жинағы)  2005жыл, қараша,«Жазушы» баспасы.«Сиыр» (Әңгімелер жинағы)  2004 жыл, сәуір, ұлттық баспасы.«Үй ұстазбен кездесу».Оның киноға айналған шығармалары: «Қызыл жүгері», «Ақ мақта», «Ұстаз барған сайын күлдіргіленді», «Күннің құлағы бар», «Алты бақан тепкен ақ ит».Оның шығармашылығындағы қиял мен шындық ұштастырылуы жағынан алдына жан салмайтын жазушы. Сонымен бірге оның ешкімге ұқсамайтын әлемге басқаша көзбен қарайтын ерекшелігі жұртты елең еткізбей қоймайды. 

Мо Янның тарихи көзқарасы өте терең, ол ежелгі мифтермен аңыз әңгімелерді бала шағында жаттап өскен, және әлем ауыз әдебиетінде қызыға оқыған, оның таңғажайып тамаша дүниелер жазуы осыдан. Мо Ян шығармашылығындағы ұшқыр қиял тартымды фантастикаға ұласып жатады. Мо Ян – Қытай әдебиетіндегі әу бастан өзге жазушыларға ұқсамаған, тіпті олардан парқы өте айқын, жасампаздық қуаты дамылсыз тасқындаған, туындылары арқылы әдебиетте қатты дүмпу тудырған, оған стилистика жағынан да зор үлес қосқан, әдебиет тарихы тұрғысынан алғанда қазіргі замандағы Қытай әдебиетінің басты өкілдерінің бірі саналады. Қытай реалдығына (тіпті өз ауылына) табанын мықтап тіреген, дәстүрлі әдебией шеңберді бұзған, бірақ қытайлық (4 мамырдан бергі) жаңа әдебиет дәстүріне (гуманизмнің әлемге ортақ құндылықтарына) жақсы мұрагерлік еткен, тұсаусыз да жанкешті, дарынды да еңбекшіл қаламгер. Мо Ян –адамды жырлайтын, тентектік пен құлатымпаздыққа ие. Ол көбінесе ез бен ынжықты, сорлы мен бейшараны емес, жігерлі мен қайраттыны, тіресетіндер мен қасарысатындарды жазатын жазушы. Кей сыншылардың оны зор эстетиканың өнерлі рухы бар жазушы дейтіні де осыдан. Сондай-ақ, ол аса сезімталдыққа ие, тілге шешен де жүгенсіз қаламгер. /4,202-205б/

Мо Ян – күшті фантастикалық қуатқа, батыл инновациялыққа ие, көп қырлы, аса қиялшыл да елестеткіш, бейнелеуге шебер, дарынды жазушы. Мо Ян өз прозасында ерекше субъектив сезім әлемін жасайды, дүлдүл мініп ғарышты шарлағанды баяндайды, сырлы трансзендентті объектив дүние сомдап, айқын авангардтық рең береді. Талай сыншылардың оны сиқырлық реализм әсеріне қатты ұшыраған дейтіні содан. Бұл арадағы трансзендентті дүние деген – білімнің немесе саф рационалдың объекті емес, ниеттің немесе практикалық рационалдың қажетті тұспалы, тіл шеберлігі мен психологиялық емеуріні.

Мо Янның сиқырлы реализмі – қытайша сиқырлы реализм. Оны мыналардан да көреміз. Мо Ян прозасының ең басты үлесі – барлық кейіпкерлерін антропологиялық деңгейге қайтарып, адамды жануар, тіршілік, алғашқы тірлік иесі етіп, мәселелерге социологиялық, этикалық әдіспен қарауды бұзуында, халықтың күйін бақылаушы санатында емес, жай жұрттың бірі ретінде суреттеуінде. Мысалы, «Өлім мен өмірдің күресі» бір адам талай құбылады – адам да, жылқы да, сиыр да есек те бола береді. Ол шығармаларында бірсыпыра жануарды сөз ете келіп, сол барыста Қытайдың ертегілеріндегі жан иелері басқаға ауысыуы іспетті (қазақ халқында да аққудың аруға айналуы сынды) реинкарнациялық доктринаның ықпалдарын жаңғыртады. Қытайдың «Батысқа саяхаты» сынды шығармалары да сиқырлы реализмнің типтік өкілі болып табылады. /1,433-435б/

Мо Ян өз қара топырағын мақтамаған, қайта оған деген назары оймен ең әуелі өз маңына қараған. Сосын барып ондағы оқиғаларды өзіндік суреттеу әдісімен әлемге әйгілеуге кіріскен. Мо Ян тұрған ауылынан (жүз отбасы, жеті жүз адамы бар шағын ғана қыстақтан) ұшқыр ойы арқылы жасанды дүниені, шығармашылық алаңды, рухани идеяның төркінін қалыптастырған.

Қытайдың Мо Яндай ысылған қаламгерлері шетелдік ең үздік жазушыларға да таяз ұстаныммен үңілмейді, жеңіл әсерге қызықпайды, қайта өз туындылары арқылы жоғары сатыдағы диалогпен рухани байланыс жасап, жоғары сатыда үн қатып, өз сөзін айтады. Мысалы, Мо Янның «Қызыл гаулян әулеті» нен «бақасына» дейін қарайтын болсақ, Латын Америкасының сиқырлы реализмінің ықпалына ұшыраған, бірақ ол ықпал тек ынталану нүктесінде шабыттану сатысында ғана рөл атқарған. Артынан Мо Ян туындылары олардың туындыларынан озған. Аса сезімтал Мо Ян Латын Америкалық жазушыларға тән туындылардың ең түпкілікті сипатының ұжымдық ессіздік екенін, содан барып олардың тіпті тереңге үңги алмағанын байқаған. Ол қытайша олау деңгейінен асқан, әдебиеттегі қалптасқан қасаң теорияшылдық қағиданы бұзған еркін ойлы жазушы.Жазушының новель силығын алуына алуына тікелей себепкер болған шығармалы: «Бақа». 2009 жыл, «Шанхай мәдениет» баспасы. «Бақа» романы төмендегі романдардың заңды жалғасы 1.«Ет женді». 2004 жыл қаңтар, «Қытай жұмысшылар» баспасы. 2. «Дар ағашы». 2004 жыл, қаңтар, «Бүгінгі дүние» баспасы. 3. «Өмір мен өлім күресі». 2006 жыл қаңтар, «Жазушы» баспасы. 4.«Арақ елі», 2008 жыл, қыркүйек, «Шанхай мәдениет» баспасы. 5.«41 зеңбірек», 2003 жыл, шілде, «Жастар толқыны» баспасы.

Бұл жазғандары дерлік қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясатына астарлы түрде қарсы жазылған. Мо Ян: Ең жаңа шығармам «Бақада» да өз апайым¬ның образы көрініс берді. Осы шығармамның Нобель әдебиет сыйлығын алатынын ес¬тіген соң, тілшілер апйымды үйіне іздеп бар¬ған. Ол әу баста қойған сұрақтарына са¬быр¬лықпен жауап берген. Бірақ көп өт¬пей әбден мезі болып, аудандағы ұлының үйіне барып бас сауғалапты. Апайым шы¬нын¬да «Бақаны» жазғандағы моделім. Бірақ шығармадағы апайым мен өмірдегі апайым арасындағы айырма¬шы¬лық жер мен көктей. Романдағы апайым қазымыр, көкбет, кейде тіпті әйел қарақ¬шыдан аумайды. Өмірдегі апайым ашық-жарқын, асыл жар, аяулы ана. Өмірдегі апайымның ғұмыры бай-бақытты өтіп келеді. Романдағы апайым соңғы өмірін¬де рухани ауыр соққыдан ұйқысыздық ау¬руына шалдығып, қара күпісін үстінен тастамай, жын-шайтан сияқты түнде тоқ-тамай кезіп жүреді. Мен апайымның кең¬пейілдігіне алғыс айтамын. Романда оны басқаша адам етіп жариялағаным үшін ренжімеді және апайымның ақыл¬дылығына тәнтімін. Ол романдағы кейіп¬кер мен өмірдегі адамның күрделі қарым-қатынасын тура түсінді».

«Бақа» романы –былай басталады: «Менің туған ауылым ескі сарында сол баяғы қатып-семген ауыл, туылған баланың атын қоюдың өзі бір қызық, сәбидің дене бітіміне не бір мүшесіне қарап атын қоя салады. Ол ат балаға ұнамай, кейін жігіт болғанда өзгертем деп көбісі шаршап жүреді. Менің апайымның аты – ақ жүрек, ал әжем болса қызылдардың атақты сегізінші армиясының алдыңғы шебіндегі дәрігері болатын, ол әлдеқашан «қызыл құрбанға» айналған»....- деп, /4,206б/ роман жалғаса береді. Жалпы романның негізгі мазмұнына тоқталсақ, Қытайлық драмажазушысы Кы Ду мен жапондық атақты жазушы Шагу Ирын ортасындағы төрт хат пен бір дырамадан тұратын роман. Бұндағы Кы Ду қытай зиялыларның өкілі, оны жазушы жалтақ, бойкүйез, әлжуаз, рухы тоқыраған етіп суреттейді. Алғашқы төрт хатта: Қытай Коммунистік Партиясы билікке келгеннен кейінгі 60-жылдардағы ауыл-қыстақтағы диқандар әйелінің бала босануы жөніндегі қызықты тарихын жазады. 50 жылдан астам уақыт ауылда әйел босандырумен айналысып келген Гугу есімді акушердің басынан өткізген кешірмесі сөз болады. Гугудің ауыл әйелдеріне түсік тастату барысындағы кездескен қиыншылықтары мен тәжирбелерін ашық баяндайды және Кы Дудың Қытай Коммунистік Партиясына мүше болуы айтылады. Соңғы тарауы Кы Ду мен Гу Гудың драмасымен аяқталады. Осы арқылы жазушы бүгінгі қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясатының Гугудің жан дүниесін қатты өзгерткені, оның рух әлеміндегі қиналысын, ішкі азабын ашына жазады, бір дәуірдің мұңы мен зарын осылай ашады.

Осы романнан кейін Мо Янға баспа сөзде көп сұрақтар қойылды, ол тек: «Мен Лу Шүнше дәуір шындығын ашуға тырыстым. Бұл жазғаным еш өтірік емес, шындық», - деп ашық айтқан батыр жазушы. Нобель әдебиет сыйлығын алған да теле арнаға берген сұқпатында сіз бақыттысыз ба? деген сұрақа былай жауап береді: мен бақыт жайлы ойланбадым, егер адам денсаулығы жақсы болса, барлығын тастап өзін бос сезінсе, сол бақыт шығар, ал мен болсам жаным қиналып, тәнімді ауыр жүк басып тұр, қоғамның жүгін арқалап жүрген жанмын деді. 1994 жылы Нобель әдебиет сыйлығын алған Жапония жазушысы Кендзабуро Оэ 2012-жылы Мо Янды Нобель сыйлығына ұсынушылардың бірі,  Мо Янның досы Кендзабуро Оэ 2006 жылы Пекиндегі сойлеген сөзінде: «Мо Янның күшті жасампаздық қуаты мен қол жеткізген әдеби табыстары оны Нобель сыйлығына ең алғашқы қытайлық үміткер етеді», - деген болатын. /2,113-115б/

Кендзабуро 2002 жылы шаған мерекесін Мо Янмен бірге Гаумиде өткізді және Мо Янның тәтесіне сәлем берді. Мо Янның «Бақа» романындағы бас кейіпкердің прототипі – оз тәтесі, ал сол шығармадағы Жапондық дос Ша гу Ирын –Кендзабуро екеуіде жазушының жанында тұрды. Кендзабуроның Мо Ян шығармаларымен Жапонияда аударылып, басылып, таралған соң танысты. Мо Ян – туындылары жариялана сала, бір – екі жылға жетпей, шет елдерде аудармасы жарық көрді. Бұл өз тұсында Нобель комитетінің оны уақытында және дәл түсінуіне аударма өте үлкен пайдасын тигізді. Бұған шетте жүрген қытайлықтардың, синологтардың үлесі де зор болды. 

Аталған басқа романдарға қысқаша тоқталсақ: «Ет женді» айтар болсақ, бұл романда жазушы аяулы ананың ұлы Лу Шы дейтін шенеуніктің азғындаған өмірін жазып Қытайдың жақынғы бір ғасырлық жағымсыз тарихын арқау етеді. Ондағы сансыз соғыстар мен келеңсіз саяси күрестер, халық өмірін жалмаған азапты жылдар көз алдыға тартады.  Осы арқылы жазушы әлемнің ең құнды байлығы адам екендігін барша адамзаттың есіне салады. Адамға мансап та, ақша да емес, ұрпақтың өте маңызды екендігін айта отырып, жер бетіндегі әр тіршілік иесі өз «ұрығы» арқылы тіршілігін жалғастырып қоғамнан өз әрекеті арқылы орнын алады. Адам тарихи тұлға  емес, қайта оның көркем де, ақылды тұлғағасы керек деп түйіндейді жазушы. Егер мына әлемде адам болмаса онда махабат пен жек көру, қайғы мен қуаныш, жақсы мен жаман, сұлулық пен пасықтық, т.б, лар болмас еді дейді. Мо Яан осы раманы үшін кезінде Қытайдың «Бұқаралық әдебиет сыйлығын» еншілеп 100 мың юань ақшамен марапталған.

«Дар ағашы» шығармасында жазушы 1900 жылдарда Қытайдың шығыс терістігінде Немістердің жол салу ісін  баяндайды. Батыстың 8 елінің бірлескен армиясы Қытайдың Бейжің қаласына басып кірген қытай патышасы тағын тастай қашқан тарихты шығармаға арқару етіледі. Олар ссылайша ойларна келгендерін істейді, соңы қанды қырғынға ұласады. Осыны естіген Қытайдың Гауми үстіртіндегі Дұң Би ауылындағы шаруалар көтерілісі, олардың басына төнген азабы, қанға бөктірген батыстықтардың қылмысын ашына 5 жыл бойы жазады.

«Өмір мен өлім күресін» Қытайдың классикалық тарихы мен аңыздардың қосындысы туралы жазылған үлкен кітап деуге келеді. Мұнда жазушы адам ата-басының рухына қауышу ресімінде рух бірден сұр жыланға айналып қітап бетіне  жазыла бастайды, онда дихандардың мұңы мен шатығын қағаз бетіне түскенін арқау етеді.  

«Арақ елі» романында өлкелік пркроры Диң Гұр атты ерекше тергеушісі бір аса ауыр қылмыстық іс бойынша тергеу жүрнізгені айтылады. Ол арақ еліндегі шенеуліктің сан мыңдаған шарананың етін жегені анықталады. Алайда бұған жергілікті тұрғындар селт етпейді. Тергеуші өзіне мүлде арақ ішпеуі жөнінде серт береді. Бірақ ол да сертінен тайып кетеді. Бұл романда шенеуніктердің шектен шығып мамық орындыққа жайғасқан соң халықты ұмытқанын айта отырып, адам жеп іріп-шірігенін батыл жазады. «Олар жайғана шіріктесіп жатқан жоқ, адам жеп өз тағдырларын өзгертіп отыр» деп әлемге жар салады. Жазушы шығармасында бұл шындықты  арақ елінің арақ жасау институтының Гу Шүйың мамандығының  доктыранты Ли Идудың жазаған хаты арқылы аяқтайды. Онда ол ХХ ғасырдағы Лу Шұннің «Есалаңның естелігі» атты әңгімесінен кейінгі адам  шошырлық шындықтың бетін ашқан ерлігі айтылады.

Ал «41 зеңбіректе» жазушы ауыл-қыстақ өмірінің болмысын жазу арқылы жастық шақ пен кәрілік, жеңіліс пен жеңіс, қаңғыбастық пен тұрақтылық сияқты нәрселердің тепетеңдігін қалай сақтауға болатыны жазады. Осылайша адам өмірін тілге тиек етеді. 

Мо Янның көптеген романдары мен повестері Қытай тарихындағы айтулы кезең – ХХ ғасырдың 1930-40-шы жылдарындағы Жапон басқыншылығы кезіндегі тарихты баяндайды. Мо Янды «көпшілік бұқаралық жазушысы» деп айтуға болады. Бірақ мемлекеттік жазушы деуге келмес. Басқа да көптеген қытайлық жазушылар секілді ол да саясаттан бойын алшақ ұстауға тырысады. 2011 жылы Мо Ян Қытайдағы ең жоғары дәрежелі сыйлық – Мао Дун әдеби сыйлығына ие болды. Бұл мемлекеттік сыйлық болғанымен, оған ие болу үшін партияны мадақтау міндетті емес. Қазіргі таңдағы Қытайдағы мәдени пен саясат біршама өзгерген және көптеген еркіндіктерге қол жеткізе бастады. Соның арқасында әдебиетті тек саясатты мадақтау құралы ретінде пайдалану тоқтатылған. Қытайда Ли Чжиюй секілді қоғамның өзекті мәселелрі туралы ашық жазатын авторлар да бар.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. 曹万生主编,中国人民大学出版社, 中国现代汉语文学史。2010.-756页

2. 浓乐主编,中国现当代学(下册)北京: «高等教育出版社»,-1986.-353页

3.王自立主编,中国现当代学(下册)// 北京: «高等教育出版社», -    2006.-180页

        4.«Жаңа заман Қытай әдебиеті» «中国现当代文学», Н. Абдурақын. Алматы, «Қазақ университеті». 2013-217页

       Абдурақын Н.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 

шығыстану факультеті, 

қытайтану кафедрасының аға оқытушысы.




Ұқсас тақырыптар