Ақынның кеші аншлагпен өтті

841A8599.JPG

Қазақ - Америка университеті көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының  50 жасқа толу мерейтойының беташар шарасы - "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Қазақ - Америка университеті жас ұрпаққа білім берумен қатар, есімі елімізге белгілі таланттарды қолдап келеді. Биылғы жастар жылы аясында да бірқатар шаралар атқарылмақ. Соның бастысы ретінде, Қазақ - Америка университеті Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласындағы Республика сарайында "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. 

        Кеште көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлы жырдан шашу шашып, ал ақынның өлеңдерін жастар мәнерлеп оқыды. Белгілі өнер шеберлері мен эстрада жұлдыздары Маралтай ақынның өлеңіне өрілген әндерді орындады. Шараның ұйымдастырушысы – Қазақ-Америка университетінің басшылығы да өз кезегінде қарап қалмай, Маралтай ақынның жырларын жатқа оқыды. 

        Осылайша, Қазақ - Америка университеті Маралтай Райымбекұлының биылғы 50 жасқа толу мерейтойының беташар шарасын Алматы қаласындағы Республика сарайында "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кешпен бастады. Жауhар поэзиядан сусындағысы келетін жыр сүйер қауым шөліркеп қалыпты. Республика сарайына лық толған көрермен Маралтай ақынға қошемет көрсетті.



Ұқсас тақырыптар