Айбек Бестенқұлов: Қызды сыйла!

Айбек.JPG

Қызды сыйла!

Ерте үй боп жасамасаң той көктемде

Досым арам ойлама бойжеткенге

Сен даланың емессің аш қасқыры

Қыздар емес жайылған қой бөктерде


Ол қыздың ар жағында әкесі бар

Әке қызын қорлауың қате шығар

Тазалыққа ұмтылшы жүрегіңмен

Бескүндік мына жалған өте шығар


Ол қыздың ар жағында анасы бар

Кезін күтер қызының бағы ашылар

Ұмтылған ұядағы балапанға

Сен жылан бола көрме ала шұбар


Ол қыздың ар жағында бар ағасы

Көз сүзіп қаракөзге қарамашы

Ағасы үшін қарындас деген бір сөз

Ар-ұят деген сөздің баламасы


Ол қыздың ар жағында інісі бар

Әпкешім деген кезде үні шығар

Бауырым қателікке бармас бұрын

Осындай жағдайларды ұғысып ал


Желкеңе жазылады желінген ар

Сөзімді сақтағайсың көңілге бар

Өлімнің бер жағында өмір болса

Өмірдің ар жағында өлім де бар


Айбек Бестенқұлов

кыз.jpg


Ұқсас тақырыптар