Елеусіновтің промоутері "Канелоның" не үшін аз уақытқа жазаланғанын түсіндіріп берді

7.jpeg


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің промоутері британдық Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтуі керек болған екінші кездесудің алдында допингпен ұсталғаны үшін неге аз уақытқа жазаланғанын түсіндіріп берді, деп жазды vesti.kz порталы Boxingscene.com-ға сілтеме жасап.

"Алты айлық жаза - допинг қолданатын боксшыларға ешқандай үрей тудырмайды. Енді допинг қолданатын спортшылар "Не болыпты, мені бар болғаны алты айға ғана шеттетеді", - деп ойлайтын болады. Бұл жекпе-жек емес. Бұл өмір. Бұған саясат пен ақшаның қатысы бар. "Канело" секілді абыройлы боксшы мен алты раундтық кездесулер өткізетін боксшыға деген көзқарас екі түрлді. Алты раундтық жекпе-жек өткізетін боксшы бұл жағдайда үш жылға шеттетілетін еді", - деді Хирн.



Ұқсас тақырыптар