Мемлекет қаражатына жарыса кітап шығартатындар кімдер?

3.jpg

Соңғы уақытта оңды-солды кітап шығаратындар көбейді. Мемлекеттен де кітапқа жұмсалып жатқан қаражат көлдей. Алайда, министрліктер ұсынысымен жарық көретін еңбектердің ішінде іліп аларлығы жоқ. Бұл халықтың таным-түсінігін арттыруға қосылған үлеске мүлдем ұқсамайды. Сонда қоғамға қажетсіз кітаптарды басып шығаратындардың басты мақсаты не? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ойына не келсе соны жазатындардың саны көз алдымызда артып келеді. "Парақтай қалсаң болды, көзің небір мағынасыз әңгімелерді шалады. Күн сайын кітаптың құны қымбаттағанымен, ішіндегі мағынасы арзандап кеткен.Мәселен, ешкімді қызықтырмайтын біреудің жеке өмірі туралы кітаптар оқырманға кері әсерін тигізбесе, еш пайдасы жоқ" - дейді көпшілік. 

«Отыра салып мен жаза салайыншы деп ондай ой болмайды деп ойлаймын өзім. Өзім жазсам өзім көргенімді жазамын. Өзім білгенімді жазамын. Сол айналада не істеп жатыр».

« Жазатын адамдар көп екенін білемін. Бірақ, өз ойына қарап взвешивайттап жақсылап жаза берсін. Кейбіреулері бар вообще дұрыс жазбайтындар»

«Оған қатысты бір органдар болуы керек оны тексеретін мысалы. Кітап шығаратын лицензиясы немесе ол жазған адамның мысалы тағы да бір кітаптары бар ма?»

Елде сатылымда жүрген талай кітап бар. Алайда, оның басым бөлігін халық түсінбейді. Себебі, қазір жазушы емес дарынсыздар да кітап шығарып, алатын ақшаға алақанын ысқылап жүр. Ал, ұлт жанашырларын басқа мәселе алаңдатады. Күннен күнге құжынаған жазушылар емес, қазынаның ақшасы далаға кетіп жатқандығы ашындырады. Олардың пікірінше, ірі ведомствалар қит еткен шараға томдап кітаптар шығарады. Тіпті, солай ақша жымқыру да әбден мүмкін, -дейді.

«Оқылмайтын кітаптарды қазынаның қаражатына шығару  дәстүрі бар екені рас. Негізінде бізде кітапты шығару деген біреуден біреуге жалғасып жаңағы бір дәстүр сияқты ма, жарыс сияқты болып кеткен жағдайлар біздің басымызда бар. Кейбіреулер тіпті мүлде бір жеке бір адамның өмірбаянына байланысты естелік кітаптар болуы мүмкін, кейбіреулер шежірелер болуы мүмкін. Солай кітаптарды шығарып жатады» - дейді журналист Бейбіт Тоқтарбай.

Ілесушілердің "әминді" дауыс шығарып айтулары жайында бұдан басқа деректер жоқ. Бұл толық дәлел бола алмайды. Мәселен, мына кітаптағы ақпарат мен үшін мүлдем ұғынықсыз. Сондықтан да бұндай кітаптардың оқырмандары қанша деген заңды сауал туындайды. Қарап отырсақ, кітаптың артқы бетін ашқан кезде бірден 2000 дана деген жазу көзге түседі. Оның үстіне, бұл кітаптардың барлығы да спорт және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен жазылған. 

Бір форумның өзінде 10-даған кітаптың мыңдаған данасы тегін таратылады. Ал, бұл қыруар қаржы. Бүгінде баспаханалардың басым бөлігі жеке меншік болғандықтан оларды тексеру қиын. Ақша үшін тапсырыстың кез-келген түрін алады, әрі тапсырыс берушінің тілегін орындайтын көрінеді.

«Министрліктердің сондай кітапшалары басылып шығады. Онда көрсетілетін жаңағы тираждың санына сену қиындау. Өйткені бір 500 данамен шығарып жатуы мүмкін немесе 100 дана болуы мүмкін. Оны неше деп көрсету олардың өз құзыретінде болады. Ал баспахана болғанда оған ешқандай бақылау жоқ болғандықтан,  олар ақшасын төлесе болды 100 дана басып беріп оны 1000 дана, 10 000 дана деп көрсете салуы мүмкін» - дейді мәдениет қайраткері Қуандық Шамақайұлы.

Министрліктер ұсынысымен жарық көретін кітаптардың түр-түрі бар. Тіпті, кейбіреуі оқылмастан қоқысқа кетеді. Дегенмен бұған жауаптылар шығарылған кітаптар халық кәдесіне жарап жатқанына сенімді.

«Мемлекеттік тапсырыс аясында 2017 жылы 191аталым жалпы таралыммен 966 000 кітап жарыққа шығарылды. 2018 жылы 79 аталым кітап 806 000 жалпы таралыммен жарыққа шығарылды» - дейді ҚР Мәдениет және мұрағаттар комитетінің баспа бағдарламалары басқармасының басшысы Нұрасыл Тоғызбаев.

Біз мәлімет алған маманның сөзінше, шығарылған кітаптардың барлығы Республикалық кітапханаларға үлестірілген. Алайда, қоғам қайраткерлері бет алды, мағынасыз кітаптарды қаптатып шығара беру халықты оқу мәдениетінен жұрдай қылады деп отыр.Сондықтан, басылымдарға қатаң тексеріс жүргізу қажет -дейді.



Ұқсас тақырыптар