Әр бір есті адам туылған күні орнынан тура сала, өзін жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушыға алғыс айтып, екі бас намаз оқып шүкір етеді, өзі және отбасы үшін жақсы тілектер тілейді. Әр істің болуын, шынында, Алла Талғала бір себепке байлайды, оған жетуге күш береді. Әйтсе, біздің дүниеге келуімізге себепкер болған әке-шешеміздің қақысы үшін екі бас намаз оқып, сауабын ата-атамызға бағыштап, олар үшін көп-көп дұға жасауымыз міндет. Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянып біз үшін жүрегін бөліп берген анамызға барып қолынан сүйіп, қолдан сүю анамыздың алдында дәрежеміздің төмен екенін және шынайы ізеттілікті көрсетіп, (беттен сүю ерсілеу, тек өз келіншегіңіздің бетінен сүйесіз) алғыс айтуға міндеттіміз, сосын шамамыз келгенше жақсылап сыйлық жасаймыз. Нағыз қарыз өтегендік, шын алғыс айтқандық осы.
Исламда ұл-қыздың бақыты шешенің ризашылығында, ал әйелдің бақыты ерінің ризашылығында, жалпы адамның бақыты Алланың ризашылығында. Міне осы үш тұғырды жақсы білсек бізден бақытты адам жоқ. От басы бақытты болса отан да бақытты.
Қaсиетті Құрaнның ИСРА сүресінің 23-24 aяттaрындa: «Рaббың бaсқaғa емес , тек Өзіне ғaнa құлшылық етуді және әке-шешеге жaқсылық істеуді бұйырды, олaрдың біреуі не екеуі де қaсыңдa қaртaйсa, олaрғa “aй” деп (кейіме) зекіме әрі сыпaйы сөйле. Екеуіне жылы сөз сөйлеп, мейір құшaғыңды жaй дa: «О, рaббым! Бұл екеуінің мені кішкентaйынaн мәпелегеніндей, сен де олaрды мейіріңе бөлей гөр», – деп дұғa ет».(17:23-24)
Кімде-кім aзaнмен тұрып сaуaп aлу ниетімен aтa-aнaсынa қызмет көрсетсе, Аллa тaғaлa оны жәннaтқa жaқын етеді, aтa-aнaсының біреуі тірі болып, біреуіне қызмет көрсетсе де солaй болaды. Егер кімде-кім aтa-aнaсының біреуін aшулaндырсa, оны қaйтa ризa етпейінше Аллa оғaн ризa болмaйды, aтa-aнaсы дұрыс істемесе де, олaрды ризa ету керек.
[Мұхaммед Мұстaфa (с.ғ.с.)]
Алланың ризашылығы ізгі амалдармен болады, ізгі амалдар өте көп, соның бірі алғыс айта білу, біз күн сайын «бір адамды қуантсам, ешкімді ренжітпесем»,- деп үйден шықсақ, сол жақсы ниетімізді Жартушы қабыл етеді. Сенің бақытың айналаңдағы адамдарға байланысты болады, себепті солар жасайды. Әл-Фараби бабамыз «жалғыз қарылғаш жаз шығармайды» деп, көптің бәрі бір-біріне қайырымды болғанда бақыт өзі келеді дейді, солай қайырымды қала тұрғындары қалыптасады, одан ақылды ұрпақ, ақылды ұлт қалыптасады деп ой түйген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының «айналаңды нұрландыр» деген бастамасы өте тамаша. ҚазҰУ-ның бүгінгі әлемнің ең озық оқу орындарының қатарына өтіп, қол жеткізіп отырған көп жетістігі осы озық идеяның жетекші болуында.
Барлық күнаның басы саналатын тәкаппарлық, ашкөздік, іштарлық-тан құтылсақ. Адамға алғыс айта алмаған Аллаға алғыс айта алмайды. Біз айналамызға ризалық мақамда қарай алсақ бәрі тамаша, ал керісінше болса жақсы нәрсенің өзі жаман болып көрінеді. Елбасымыздың адамдар ойлансын, қайырымды, жайдары, ортасына мейірімді болсын деген ниетінен туса керек. Бүгінгі ғаламтордың иірімінде жұтылып, адам басының орнында қолфон жұмыс істеп тұрған, прагматипке айналған қоғамға көктемнің алғашқы күнінде патшаның халқына шашқан жылуы. Елбасынада мың алғыс.
Бұл оймақтай ойдың көрігін қыздырған
Нұрхалық Абдырақын