Астанада бас шыршаның шамдары жанып, еліміздің әр аймағында Жаңа жылға қызу дайындық басталып кетті. Аспанмен таласқан шыршалар, сиқырлы ойыншықтар, мерекелі отшашулар. Барлығы көздің жауын алады. Құдды қалалар бір-бірімен бәсекеге түсіп жатқандай. Көп жылдан бері тек табиғи шырша орнатып келген Өскемен билігі, биыл жасандысын қойыпты. Осылайша, бірі қаланы безендіруге миллиондап ақша шығарса, басқасы бір тиын да кетірмеген. Дерекке сүйенсек, былтыр Жаңа жылдың сән-салтанатқа 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған екен. Биыл қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бас қала шыршасының шамдары жағылды. Жаңа жылға екі апта қалса да, мында өзіңді ғажайып мекенде жүргендей сезінесің. Себебі жан-жағынды қоршаған эмоциялар, түрлі - түсті безендірулер көздің жауын алады. Ал мұндай сиқырлы әлемді көрген балалардың қуанышында шек жоқ.
«Маған қатты ұнады. Мен өзімді ертегідей сезінемін.»
«Маған осы шыршы қатты ұнады. Осы Қазақстандағы ең биік шырша, өте әдемі болды. Мен өте күшті сезімдемін»
Аспанмен таласқан шыршаның биіктігі 25 метр. Ал қала бойынша тағы 45-сі орнатылыпты. 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешіктері. Тіпті, халық үшін 400-ге жуық іс-шара өткізілмек.
“Жаңа жылдық шыршаны сәндеу үшін біз бұрын да қолданған безендірулерді пайдаланамыз. Осылайша, біраз ақшаны үнемдеуге тырысамыз. Айта кететіні, бізге шағын және орта бизнестің өкілдері қолғабыс етуде. Биылғы шырша да ерекше. Ол 1200 түрлі-түсті шарлар мен 4000 метрлік гирляндамен әшекейленеді» - дейді қалалық мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.
Астанадан басқа аймақтар да қалысар емес. Тіпті, қалалар бір-бірімен жарысқа түскендей. Демек, бізде Жаңа жылды дүркіретіп өткізуге қаражат жетеді. Сандарды сөйлетіп, тізіп көрелік.
«Былтыр Жаңа жылдық безендіруге еліміздің қазынасынан 1 173 689 000 теңге бөлініпті. Оның ішінде Қарағанды 100 млн теңге жұмсап, рекордтық көрсеткіш орнатқан. Шымкент қаласы да қалыспайды. Былтыр 49 млн теңге шашқан шаһар, биыл 70 млн теңге бағыттамақ. Ал Алматы әкімдігі бұл мақсатқа осы жылы 75 млн теңге қарасырылыпты. Алайда, Астананың шырайын келтіру үшін нақты қанша қаражат жұмсағаны әзірге белгісіз».
Биыл мегополиске айналған Шымкент қаласында мерекелік безендіруге бөлінген қаржы еселенді. Әкімшіліктің сөзінше, «Арбатта» қала бойынша ең басты шырша қойылады. Ал, шахар көшелеріне архитектуралық жарық шамдарымен көркемделеді. Осылайша, өзге шаөарларға қарағағанда шымқаланы ерекшеленуді көздеп отыр.
Ал Алматыда қаланы безендіру бір ай бұрын басталған. Күні кеше ғана шыршалар қойылып, жаңа жылдық жарықтар іске қосылды. Сондай ақ, қаланың қақ ортасынан Аяз атаның резиденциясы пайда болды. Сиқырға толы қалашық Сізді Санта Клаустың ғажайып әлеміне жетелейді. Бірақ тұрғындардың оған қатысты пікірі қақ жарылды. Біреуі уақытша дүние санап, қаржы босқа шығындалды десе, өзгесі жылына бір рет келетін мереке үшін кешірімді дейді.
«Бұл ертегі әлемі балаларға ғана емес, бізге студенттерге де өте қызықты. Арасында бізге де, өзгеге де серуендеуге өте ыңғайлы»
«Мне кажется это излишняя трата денег.
«ШЫрша да әдемі болып тұр. Барлығысы ұнайды, жақсы, керемет»
Қызығы, көп жылдан бері тек табиғи шырша орнатып келген Өскемен билігі биыл жасандысын қойыпты.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы болса, биыл безендіруге қазынадан көк тиын да бөлінбейді деп отыр. Себебі, аймақ бюджеті мұндай шығындарды көтермейді екен.
“Қазақстан облысының бюджеті өте аз. Даму бюджеті 9 миллиард теңге ғана. Оны басқа облыстармен салыстырғанда 10 есе аздау. Қаражат болмағандықтан көп нәрселерге безендіру мәселелеріне... Сондықтан мен былтыр қала әкімшілігіне тиісті тапсырма беріп, бюджеттен ақша бөлінбейді” – дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
«Халық үшін істелініп жатқан соң, ол енді дұрыс қой».
«Осындай мерекеге қаражат бөлінсе, біз оған қарсы емеспіз. Өйткені үлкендер ғана емес, кішкентайлар да күтіп отырады ғой осы мерекені».
«Жаңа жыл ол бір болатын елка ғой. Балалардың қуанышы, осындайға жіберсін, айдалаға жібергенше ақшаны».
Миллардатаған бөлінген қаржы талан-таражға түспей, халық игілігіне жұмсалса жақсы, Тек, Қытайдың саудасын қыздырғаннан гөрі, отандық өнім болса, бұл біздің экономикамызға сәл үлесін қосушы еді дейді мамандар.
«Қаланы безендірген кезде, мысалы жаңа жылдық ойыншықтар бар мысалы, неше түрлі басқа да безендіретін мәселелер бар. Егер осылардың бәрі қазақстандық, отандық өндірушілерден болса, онда экономикамызға жақсы әсерін тигізеді. Егер импорттық заттар болса, мысалы Ресей, Қытайдан келетін болса, онда экономикалық өсуге кері әсерін тигізеді» - дейді экономист Мадияр Кенжеболат.
Қазіргі таңда қара базарда Жаңа жылдық жылтырақтарының саудасы қызып тұр. Бағасы да қаңтар жақындаған сайын қымбаттап барады.