Елімізде көпбалалы аналардың тең жартысының банкте берешегі бар

6.jpg

Алтын құрсақты жандар мұндай қадамға шарасыздықтан барамыз, дейді. Себебі, қолдарына түсетін тиын-тебен балаларды асырап бағуға  мүлдем жеткіліксіз. Ал сарапшылар, мемлекет толықтай қаржы орталықтарының көзін жоймайынша, халықтың жағдайы мүлдем  түзелмейтінін алға тартады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Бүгінде басында несиесі жоқ тұрғын некен саяқ. Орта есеппен алғанда әрбір үшінші ел азаматының банк алдында қарызы бар. Біреу емес бірнешеу. Мәселен Ұлданай есімді көпбалалы ана бір емес екі бірдей банке қарызбын дейді. Айлығы-шайлығына жетпейтін алтын құрсақты ана оны жабуға, тіпті балаларын асырауға да ақша таба алмай жатқанына налиды. 

Ұлданай ҚАРАБАЕВА, көпбалалы ана:

“Басымда кредит бар. Екі кредит алып едім. Сол соған көмектессе. «Қиналып қалдық, продукты жағынан. Сосын жүгіріп барып ала қойғам. 20 мың алғам ол кезде. Тамаққа ақша жетпеген соң 7 балам аш қалмасын деп. Төле алмай қалдым, бір жыл болды, өсті ма, өспеді ма.  Бір жарым жыл болды үйде отырып қалғаныма. Балалардың ақшасы жетпейді, 50 мың теңге квартираға төлеймін. Қалған ақша жеті баладан артылмайды”. 

Қазір көпбалалы аналардың жартысынан көбі банке борышкер екені мәлім. Алмасқа амал жоқ, дейді олар. Себебі, жәрдемақы мардымсыз. Ал қалада бәрі қымбат. Десе де қоғам белсенділері 5-6 баласы бар отбасыларды кредит алмауға шақырады. Өйтекені көбіне  халық келісім-шартты толықтай оқымайды. Салдарынан үстемақысы қалай өсіп кеткенінен бейхабар болып қалады. Ал экономист Мұхтар Тайжанның сөзінше, борышкерлердің санын азайту үшін  мемлекет толықтай мұндай несие орталықтарын жауып тастағаны дұрыс. Себебі.. 

Мұхтар ТАЙЖАН, экономист: 

"Мұндай отбасылар неге несиеге барады? Кедейшіліктен. Айттым ғой, мемлекеттен мұндай несиелерді түгелдей жауып тастау керек. Ол банктердің жұмысы ғой, бірақ біздің елімізде 6 миллион адам несие алғаны бар. Ол өте көп. Яғни Қазақстан азаматының  көбісі кредитте деген сөз. Яғни ол кедейшілік деген сөз”. 

Жалпы мамандардың сөзінше, өлместің күнін кешіп жүрген көпбалалы аналар бала-шағасының қамы үшін амалсыздан несие алып беретін делдалдардың көмегіне жүгінеді. Өйткені басында бірнеше қарызы бар жандарға банк сенімсіздікпен қарайды. Ал делдалдар әп-сәтте қол ұшын беруге әзір. Тіпті, ғаламторды ашып қалсаңыз несие алып беремін деген жарнамадан көзіңіз сүрінеді. Бір-екеуіне біз де хабарласып көрдік. 

- Негізі көпбалалы ана едім, бересіздер ма ондай кредитті?

- Сізге қандай сомма керек?

- 300 мыңдай керек болып тұр. 

- Иә, болады, болады.Максимальный срок бес жыл, оформление через банк болады, біз 15 процент аламыз, соған келіссеңіз алып береміз!

- 380 мыңның тауарын оформлять ететін болсақ, соның 60 пайызын, яғни 230 мың теңгесін сіз өз қолыңызға аласыз.

- Ал қалған пайызы қайда кетеді, сіз аласыз ба сонда ? 

- 35 пайызы уценка товара, ал 5 пайызын менеджер алады. 

- Банктегі? Жо-жоқ, магазиндегі. 

- Біз сол менеджермен 5 пайызды өзіміз бөліп аламыз, біз бывший сотрудникпіз банкттің.

Ал заңгерлер делдалдар арқылы несие алу қауіпті екенін ескертеді. Себебі, ең бірінші сіз өзіңіздің құжатыңызды мүлдем танымайтын азаматқа бересіз. Екіншіден оның сізге ақшаны толықтай қолыңызға беретінінен кепіл жоқ. Сондықтан да мұндай азаматтардан мейілінше абай болған жөн. 

Думан ДҮЙСЕНБАЕВ, заңгер:

“Халық сауатсыз болғандықтан қандай процентная ставкада беріліп жатыр, қандай мөлшерде төленетіні жәй халық онымен таныспай көптеген жағдайларға түсіп жатады. Яғни алаяқтардың арбауына ұрынбас үшін, ең бірінші сол делдалдардың олардың келісім шарттары болады. Сол келісім-шарттармен абайлап танысу керек”. 

Есептесек, кредитті алып,  уақытында төлемеген қазақстандықтардың қарызы бүгінге  1 трл 2 млн теңгеге өскен. Бұл тек ресми статистика. Ал делдал арқылы рәсімдеп, ақшасынан қағылғандардың саны тіпті белгісіз. 



Ұқсас тақырыптар