Еуропа парламенті Қытай Қазақтарының жағдайын талқыламақ. Германия үкіметі де бұл мәселені жақын арада күн тәртібіне алады деп күтілуде.
Өткен жылы дүние жүзі қазақтарының 5-ші құрылтайында кезектен тыс сөзге шыққан Германия Қазағы Өмірхан Алтын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Қазақтарының құқықтары тапталып, қатты саяси қысым мен қудалауға тап болып жатқанын тікелей жеткізген еді.
Енді міне Өмірхан Алтынның арызы бойынша Еуропа парламенті алдағы май айында бұл мәселені қолға алмақ. Еуропа парламентінің адам құқықтары жөніндегі комитеті бастығының орынбасары Варбара Лочвихлер (Barbara lochbihler) ханым Өмірхан Алтынға жазған хатында, оған Шығыс Түркістандағы жағдай туралы берген мəліметтері үшін алғысын білдіре отырып, өзінің ол жақта адам құқықтарының өрескел түрде тапталуына қатты алаңдауда екенін айтты.
Еуропа парламенті депутаты Лочибихлер (Lochibihler) ханым сонымен бірге келесі май айында парламенттің адам құқықтары жөніндегі комитетінің Шығыс Түркістандағы (Xinjiang)адам құқықтарының жағдайын талқылайтындығын мəлімдеді. Осыған орай депутат Өмірхан Алтыннан қосымша мәліметтер мен дәлелдер жеткізуін де өтінген.
Сонымен бірге Өмірхан Алтын жақын арада Германия парламентінің (Бундестаг/Bundestag)депутаты және адам құқықтары комитетінің белсенді мүшесі Маргарете Баусе (Margerete Bause) ханыммен кездесіп Қытайда Қазақтар тап болып кележатқан зұлымдықтар, ассимиллияцалау саясаты туралы егжей-тегжейлі түсіндірген.
Қытайлардың Қазақтар мен қатар Ұйғыр қатарлы басқа да мұсылман азшылықтарға қаратылған адам сенгісіз сан түрлі қысым, қудалау тәсілдерін, кəрі-жас демей жүз мыңдаған адамдардың жазықсыз (кінəсіз) түрде түрмелерге қамалуын, екіге бөлінген отбасыларының аянышты тұрмыс жағдайларын естігенде Неміс депутаты Ваусе (Bause) ханым көзіне жас келді дейді Өмірхан Алтын.
Германия парламентінің депутаты Баусе (Bause) ханым алдағы күндерде Германия үкіметінің бұл мәселені жоғары деңгейде қолға алуына күш жұмсайтынын айтты.
Сонымен Еуропа парламентімен қатар Германия үкіметінің де Қытайдағы Қазақтардың жағдайын алдағы күндерде қолға алуы мүмкін.
Дереккөз: atajurtjastar.com