"Көз тию" дегенге кей адам сеніп, кей адам елемегенімен, ол шын мәнінде бар нәрсе. Тіпті оның тікелей және жанай тию түрлері да бар. Осыған орай көз тиюдің белгілері мен емдеу тәсілдерін kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Көз тиюдің белгілері:
1. Баланың арқасына немесе бетіне қара дақтар пайда болады;
2. Анасын ембей қалады;
3. Омыраудан шыққан бала болса, аузына тамақ апарсаң, басын алып қашады.
4. Егер көз жеңіл тисе бала мазасызданып, тамаққа бұрынғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді;
5. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді;
6. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мелшиіп отыра береді.
Дәрігерлер көз тиген балаға ешқандай диагноз қояа алмайды екен. Себебі бұл медициналық жолмен емдейтін ауру емес.
Шариғат бойынша көз тиген баланы емдеудің жолдары:
1. Егер балаңызға көзі тиген адамды жобалап білсеңіз, (кейде үйіңізге бір ғана қонақ келіп, балаңыз ауырып қалатын жағдай болады) оған жағдайды түсіндіріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суының қалғанымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады.
2. Кімнің көзі тигені белгісіз болса, "Фатиха", "Ықылас", "Фәлаһ", "Нас", "Аятул күрсі" сүрелерінің біреуін оқып, денесін толықтай сипалап шығу керек.
3. "Фатиха", "Ықылас", "Фәлаһ", "Нас", "Аятул күрсі" сүрелердің біреуін таза суға оқып, балаға ішкізесіз.
Болмаса, жақын жердегі мешітке апару керек. Имам жоғарыдағы сүрелерді және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тіл-көз тию немесе өзге ауруларға Алладан шипа тілеп үнемі оқитын дұғаларын оқып берсе болғаны. Мысалы, мына дұға: "Қызғаншақтың қызғаныш кесірінен, көз сұғының пәлесінен болған әрбір әлсізді аурудан құтқар деп Алладан сұраймын".
Бұл жерде ескеретін жайт имамды тәуіп, бақсы, балгер, сиқыршы дегендермен шатастырып алып жүрмеңіз. Егер де оларға барсаңыз сіздің балаңызға істеген барлық дұрыс амалыңыз теріске айналып кетпек.
Ал өзіңіздің көзіңіз өзгенің баласына өтпес үшін, бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйініп, таң қалған жағдайда "Алланың құдіреті", "Алланың жаратқаны", "Мәшаллаһ" деп айту қажет. Ақиқатында, өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қайтаратын бірден-бір амал – оның тек қана Алла тарапынан болғанын айту.