Қазақстанда көлік жүргізу куәлігі шығарылмауы мүмкін

6.jpg

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ІІМ-дегі қаржыландырудың жеткіліксіздігі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Төтенше жағдайлар комитетін қажетті инженерлік-техникалық заттармен, арнайы құрал-жабдықтармен, көлікпен қамтамасыз ету норматив бойынша 30-дан 70%-ға дейін құрайды. Бұл ІІМ лимиттерінің аясында комитетті жеткіліксіз қаржыландырумен байланысты болып отыр. Комитетіміз Төтенше жағдайлар комитеті мен Ұлттық гвардия үшін жеке лимитті анықтау туралы бірнеше рет мәселе көтерді. ІІМ жалпы бюджет пен ІІМ-ге лимитті тұтастай анықтауда қаржының ұзақ уақыт тиімсіз жұмсалуын көріп отырмыз», - деді Назарбаева.

Ол мысал ретінде министрліктегі жеткіліксіз қаржыландыруға мысал болатын жобалар легін атап өтті.

«Өрт сөндіру деполарының құрылысы бойынша 15 жобалық-сметалық құжаттың тек төртеуі ғана іске асырылады. 2017 жылы бюджет қаржысынан 86 млн теңге жұмсалған 4 жобаны әзірлеу мерзімі өтіп кетті. 100 млн теңге жұмсалатын 7 жоба 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке енгізілмеген. Бұл дегеніміз бюджет қаржысынан 186 млн теңгенің тиімсіз жұмсалуына алып келеді. Сұрақ: бұл үшін кім жеке жауапкершілік алады? Осы бюджетті жоспарлап отырған мемлекеттік орган ҰЭМ бе әлде ІІМ бе? Қаржыландырылмайтын жобаларға бюджеттен ақша бөлу не үшін керек? Төтенше жағдайлар комитеті мен Ұлттық гвардияның өзіндік бюджетін нақтылау мәселесі шешіле ме? Біз ІІМ құрамындағы осы екі бөлімнің өгей бала секілді күн кешіп отыр деп санаймыз. Олар ерекше назарды қажет етеді», - деді Назарбаева 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау отырысында.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов сенатордың қаржыландырудың жетіспеуі туралы айтқанын толық мойындады.

«Расымен де, төрт бағыт бойынша қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесі бар. Бұл – Ұлттық гвардия, ТЖК, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және барлық ішкі істер органдары. Әрине, бәріміз бір министрлік құрамына кіреміз. Алайда қаржыландыру лимитін Қаржы министрлігі мен ҰЭМ бекітеді. Болашақта колония құрылысын, өрт сөндіру депосы құрылысын жоспарладық, ақша бөлеміз. Бізге жобалық-сметалық құжатты жасау арқылы қаржы береді, ал қаржыландыратын уақыт жеткенде оны ала амаймыз», - деді министр.

Оның айтуынша, бюджеттік бағдарламаны бөлу мәселесі шешілер болса қаржыландыру жүреді.

«Біз барлық бағытты үйлестіруіміз керек. Тіпті жай ҚІАК бойынша да. Қазір тамақтандыруда, ІІМ-де көлік жүргізу куәлігін дайындауға қаржыландыру жетпей жатыр. Куәліктерді шығара алмауымыз мүмкін. Сол себепті мәселе көп, біз бәрін жолға қойып отырмыз. Мұны ҰЭМ қаржыландыруымен шешеміз деп ойлаймын», - деді министр.



Ұқсас тақырыптар