Қазақтың дипломсыз миллионерлері

Қазақстанда да Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг сынды жоғары оқу орнын бітірмей-ақ табысқа жетіп, миллионер атанғандар бар.

6.png

Арман Тосқанбаев

7.jpg

Арман – 1991 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Кәсіпкерлікпен ең алғаш 15 жасында компьютер жөндеп айналыса бастаған. 9-сыныпта екі досымен бірігіп, компьютер жөндейтін кішігірім компания ашады. 2009 жылы кәсібіне байланысты сабақтан көп қалғандықтан, ҰБТ-ден өте алмаған. Қазақстанның оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылған соң, Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түседі. Томск қаласында оқып жүргенде ағаш сатумен айналысқан. Университетте уақыты босқа өтіп жатқанын сезген соң, екінші курста оқуын тастап кетіп, бизнеске біржола бет бұрады.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Гидропонды қондырғылардың өндірісі» жобасына 3 млн. теңгелік грантты жеңіп алады да, «Жаңа жасыл технологиялар» компаниясының негізін салады. Компания жануарларға жем-шөп өсірумен айналысқан.

Қазіргі таңда оның бірнеше бизнесі бар. Жылыжай бизнесі, криптавалюта өндіру, «OTAN» бірінші қазақстандық сағаттарын шығарумен айналысады. Сонымен қатар ол бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған «Идеядан бизнеске» оқыту бағдарламалық курсты әзірледі. Ол бағдарлама бойынша бір жылдың ішінде 600-ден астам жас оқып шықты.

Самғау Нәсіпхан

8.jpg

Самғау – еңбек жолын аяқ киім тігуден бастаған. Қытайдан ең алғаш Қазақстанның ШҚО өңіріне көшіп келген екен. Әкесі ұста болған ол әкесімен бірге тері илеп, етік тіккен. Алғашқы кәсібін ашқанда құжат пен қаржы жағынан қатты қиналғанын айтады. Кейіннен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа идеясын айтып барған. Әкім оған қолдау білдіріп, ісін дөңгелетуге септігін тигізген. Содан соң «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан қарыз алып цех ашқан. Бүгінде – күніне миллион табатын табысты кәсіпкер.

Шынар Бөгембаева

9.jpg

Шынар ханым – қоғамдық тамақтану нарығында 21 жыл жұмыс істеп келе жатқан «Қағанат» асханалар желісінің негізін қалаушы. Бизнеске 20 жасында қадам басқан. Әкесінің нұсқауымен технологиялық университетке түскен ол, үшінші курста оқуды тастап, кафеге жұмысқа тұрған. Онда бір жыл жұмыс істеп, өзі де асхана аша алатынын білген.

Шынар ханымға тез, дәмді әрі арзан, таза асхана ашу идеясы университетте оқып жүргенде келген екен. Алғашқы кішігірім асханасын өзі аспаз, өзі сатушы, өзі еден жуушы болып бастаған. Қазіргі таңда оның бірнеше қалада ашылған асхана желілерінен бөлек бірнеше бизнесі бар.

Ерлан Оспан

10.jpg

Ерлан – ешқандай жоғары оқу орнына түспеген, бірнеше саланы арнайы оқымай-ақ меңгерген мегамозг. Қазақстандағы бірегей интеллектуал журналист. IT маман. Керекинфо сайтында жазатын интеллектуалды сатирасы көзі қарақты оқырманға мәлім, блогер. Бірнеше IT жобалардың авторы. Jas.kz басылымының редакторы, Рауан Баспа Үйі ЖШС бас редакторы, Arthur Andersen CIS компаниясында аудитор қызметтерін атқарды.

Дереккз: HOLANEWS



Ұқсас тақырыптар