Қырғызстан мемлекеттік қызметкерлердің тапқан табысын тексеруді күшейтпекші

8.jpg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы қызметкерлерімен кездесуде 2018 жылдың 1 шілдесінде салық декларациясын тапсыру кампаниясы басталғанын мәлімдеп, осыған орай мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын жіті тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, Сооронбай Жээнбеков кеңес отысында сыбайлас жемқорлық әрекетін бақылау мақсатында Қырғыз президенті осындай қадам жасайтынын айтқан.

"Әрбір министрлік пен ведомствоның сыбайлас жемқорлық қитұрқылықтары бар-жоғын, оның ішінде шенеуніктерді де жеке-жеке тексеріңдер. Тағы да қайталаймын — жемқорлықпен күрес аяусыз болуы тиіс. Азаматтар жемқорлықты жою үшін іс-әрекет пен қатаң жаза қолданады",- деді Қырғызстан президенті.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев бүкіл декларацияны тексеруге арналған құқықтық база дайын екенін жариялаған.

"Үкімет тарапынан декларацияларды тексеру механизмін анықтайтын арнайы қаулы қабылданды. Бірінші кезекте саяси қызметте отырған жоғары лауазымды тұлғаларды, оның ішінде президент аппараты, үкімет және Жогорку Кеңеште отырған шенеуніктерді тексереміз", - деген Дамир Сагынбаев.

Тексерудің алғашқы қорытындысы биыл қыркүйек, қазан айларында жарияланбақ.



Ұқсас тақырыптар