Швецияда 1 шілдеден бастап жыныстық қатынаста екі тараптың да келісімі болуы керек деген заң күшіне енді деп жазады Serke.kz.
Жаңа заңға сәйкес, жыныстық қатынасқа түскісі келетіндер бір-бірлеріне ауызша айтып ниет білдіру керек. Жыныстық қатынас екі жақтың келісімінсіз болмаса, қылмысқа жатады.Швеция – Еуропада тараптардың келісімінсіз жыныстық қатынасқа түсу зорлық болып саналады деген заңды қабылдаған оныншы мемлекет.
2010 жылы WikiLeaks жобасының негізін қалаған Джулиана Ассанж Швецияда екі әйелді зорлады деп айыпталған. Ассанждың өзі мұны келісіммен болған жыныстық қатынас дейді. Ол бұл айыптауларды өзінің сайтында үкімет пен ірі корпорацияларды қиын жағдайға қалдырған дипломатиялық хаттардың жариялануымен байланысты дейді.