Бір жарым жылда ТУРКОДпен жарты миллион қазақстандық шетелде демалды

1.jpg

Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД берді, деп хабарлайды «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз-қызметі.

Ауа-райының жағдайына сүйене отырып қазақстандықтар үшін тамыз айында шетелдерде демалудың қолайлы орны болып келесі мемлекеттер саналады: Крит, Кипр, Грекия, Түркия, Болгария, Италия, Тунис, Мальта, Доминикан, Куба, Кариб, Хайнань аралы, Вьетнам, сонымен қатар жерорта теңізінің барлық жағалауы мен Португалия.

Қыркүйек пен қазан айларында Мысыр (Египет), Канар аралдары, Израиль, БАӘ, Тайланд, Доминикан, Үндістан, Шри-Ланка, Малайзия, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралында ойдағыдай демалуға болады.

Ал қараша-желтоқсан айларында Тайланд, БАӘ, Доминикан, Куба, Кариб, Үндістан, Малайзия, Хайнань аралы, Вьетнам, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралдарында демалысыңызды өткізуді жоспарласаңыз болады.



Ұқсас тақырыптар