Алматыда «Белый Ветер» сатушысы клиентке пышақ тыққан

4.jpg

Алматылық азамат адам денсаулығына ауыр жарақат келтіргені үшін үш жылға сотталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 28 ақпанында шамамен сағат 10.00-де азамат Х. «Белый Ветер» дүкеніндегі жұмыс орнында И. есімді азаматпен жанжалдасып қалады. Содан соң Х. ас үй пышағын алып, И. есімді азаматты жарақаттайды», - деп хабарлады Алматы қаласы Әуезов аудандық соты.

Соққылардың бірі И. есімді азаматтың ішіне тиеді. Зардап шегушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сот үкімімен Х. кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Х. енді үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар