Латын әліпбиі емес, қазақ әліпбиі деуіміз керек – Асылы Осман

2.jpg

Қазақ әліпбиі – латын әліпбиі негізінде жасалған қазақ әліпбиі деп аталу керек. Бұл жайында Алматыда өткен тіл мамандарының кеңесінде қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор Асылы Осаман айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ғалым, латын тілін енгізу, латынға көшу дегенді жөнді қабылдамайтынын, оның орнына латын әліпбиі негізінде жасалған қазақ әліпбиі деп аталу керек деген ойын білдірді.

«Оны мен ғана емес халық та қабылдмайды деп ойлаймын. Сондықтан «ақты ақ, қараны қара» деп бағалайық. А.Байтұрсыновтың «Байтақ жер де, бай тіл де қазақтікі» деген сөзі бар, сондықтан қазақ деген сөздің бірінші тұрғанын жақсы көремін. Қазақ тілінің әліпбиі демей қазақ әліпбиі деуіміз керек. Неге орыс графикасы, латын графикасы дейміз де қазаққа келгенде неліктен қазақ әліпбиі деп атауымыз керек? Мен қазақ деген сөздің қай кезде болса да алдыда тұрғанын жақсы көремін. Әліпбиді жасаған кезде де қазақ сөзінің төл, тума табиғатына сай етейікші. Қазақ тілінің әуезділігінде, үнділігінде соны сақтай білейік, табиғатынан алыс кетпейікші, менің үнемі айтатыным осы. Бүгінгі таңда тәуелсіз елміз, осының барлығына тәуелсіздігіміздің арқасы қолымыз жетіп отыр», -дейді А.Осаман.



Ұқсас тақырыптар