2019 жылы мемлекеттік бюджеттен терроризммен күреске 42,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Қаржы министрі міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілісте Шолпанқұлов 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды.
Жиында басшы алдағы 3 жылда экстремизм және терроризммен күресуге қазынадан 114,9 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.
«3 жылдық кезеңде күштік құрылымдарға күштік діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 114,9 млрд теңге бөлу қарастырылған. Оның ішінде 2019 жылы бұл салаға 42,8 млрд теңге бөлінбек», - деді ол.