Саламатты өмір салты – біздің басты бағытымыз

Саламатты өмір салтын сақтау ұлт денсаулығын басты бағдар ететін өмірдегі маңызды ұстаным. Себебі, халқымызда «тәні саудың жаны сау» деп тегіннен тегін айтылмаған.

макс1.JPG

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға қатысты: «ҚДҚ жұмысының негізгі бағыты қоғамның денсаулығын басқару, МСАК-тың мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтермен) ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде сауаттандыру, консультациялар, саламатты өмір салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың денсаулығын, мінез-құлық стереотиптерін қолдау бағытында өзгерту болмақ», - деп атап көрсетілген. Осы орайда саламатты өмір салтын негізгі бағдар ете отырып, қыркүйек айының 12-сі күні Алматы қаласы Әуезов аудандық денсаулық сақтау басқармасы «Қозғалыс белсенділігі» атты керемет шара ұйымдастырды.

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің спорт кешенінде бастау алған акцияға Қазақ жол және қатынас университеті мен Алматы мемлекеттік инновациялық колледжінің студенттері келіп, саламатты өмір салтын ұстануға шақырған іигі шараның көркін қыздырды. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы жолдауында да «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек», - деп, барша халық пен құзырлы мекемелерге нығырлап түсіндіріп берген болатын. Ұлт көшбасшысының бағытын бағдар еткен колледж қабырғасындағы шараның да негізгі мақсаты – ел болашағы саналатын жастарды дене шынықтыру мен спорпен айналысуға үндеу, сол арқылы олардың жаман әдеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландырып, дені сау ұрпақтың өсіп-жетілуіне мүмкіндік жасау. Себебі, күнделікті күйбең тірліктің қамытын киіп алып, кейде өз денсаулығымызға көңіл білмей, кейін опық жеп жатамыз. Ал, салауатты өмір салты дегеніміз қарапайым дұрыс тамақтанудың өзінен басталатының кейбіріміз білмей жатамыз. Білсек те онша мән бермей, бар кезде денсаулығымызды бағаламай жатамыз. 

Осындай қағидаларды темірқазық еткен шара барысында түрлік спорттық шаралар өткізілді. Жастар әр спорт түрінен бақтарын сынап қана қоймай, көңілді кеш барысында арқа-жарқа шаттыққа бөленіп, ойындардың әсерлі өтеуіне бәрі бір кісідей атсалысты. Тіпті, керемет кештің соңында 15 жасөспірім түрлі спорт үйірмелеріне жазылатындарын айтып, болашақта тұрақты түрде спортпен шұғылдануға уәде берді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар өздеріне спорттың денсаулықтң кепілі екенін ұғындыра білген Алматы қалал Әуезов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар