Министр Астана декларациясы қабылданатынын айтты

Осыдан тура 40 жыл бұрын медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту мақсатында, алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясы қабылданған еді.

0df39d867623c0e21607cddcd86f5ea3f244be82.jpg

Осы декларация әлемдік медицина саласының дамуына өзіндік үлесін қосты. 2018 жылдың 25-26 қазанында Астанада ДДСҰ мен БҰҰ БҚ алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған үлкен жиын өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Бұл туралы сайт тілшісі хабарлады.

Министр өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында қазақстандық делегация 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясының 40 жылдығына орай Астанада бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференция өткізу ұсынысы қолдау тауып, 2018 жылдың 25-26 қазанында өткізу бекітілгенін, қазір конференцияға дайындық жұмысы ойдағыдай жүріп жатқанын жеткізді. Біртанов Астанада өтетін жаһандық конференцияға 120 мемлекет шақырылғанын хабарлады.

«Конференцияға 120 мемлекетке шақырту жолданды. Қазіргі уақытта 80 мемлекет конференцияға қатысатындарын растады. Конференция барысында Алматы декларациясының 40 жылдығына басымдық беріліп, сондай-ақ, аталған декларацияны жүзеге асыру бойынша жаһандық деңгейде не жасалғаны туралы қорытындылар келтіріледі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы әлемдік қарқынды есепке ала отырып, өткен жылы біз бастапқы медициналық-санитариялық көмекті әлем бойынша дамытудың негізгі бағыттарын анықтайтын декларация әзірлеуді ұсындық. Осыған байланысты Астана декларациясының жобасы әзірленді. Осы орайда, жаһандық конференция барысында бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бойынша Астана декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр», - деді Біртанов.

mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар