Қамқоршы қамқорлыққа алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұза отырып, оларға берілген пәтерге өзінің қызын кіргізген, ал жетім балаларды тұруға қалыпты жағдайы жоқ өзінің үйіне орналастырған.
Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтармен жұмыс аясында прокурорлар жетім балалардың құқықтарының бұзылу фактісін анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2009 жылы Ескелді ауданының тұрғынының қайтыс болуына байланысты оның кәмелетке толмаған төрт баласы жақын туысқанына қомқоршылыққа берілген.
2015 жылы жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балаларға пәтер берілген. Алайда, қамқорлыққа алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұза отырып, қамқоршы осы пәтерге өзінің қызын кіргізген, ал жетім балаларды асырауға және тұруға қалыпты жағдайы жоқ өзінің үйіне орналастырған.
Осыған орай, жетім балалардың ішінен, кәмелетке толған үлкені Құқық қорғау қызметтері орталығына көмек сұрап келді.
"Прокурорлар өтініш берушінің уәждерін мұқият зерделеді, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп, қанағаттанарлықсыз деп танылған отбасылардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайларына тексеріс жүргізілді. Көрсетілген балаларды асырауға ай сайын мемлекеттен беріліп отырған жәрдемақыны қамқоршы мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Қабылданылған шаралармен жетім балалар мемлекетпен ұсынылған пәтерге кіргізіліп, бұрынғы қамқоршысы міндеттерін орындаудан босатылды, ал балалар кәмелетке толған әпкелерінің қамқорына берілді.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғауға көмек көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, өтініш берушімен Бас Прокурордың атына алғыс хат жолданды.
"Азаматтардың өтініштерімен жұмыс аясында қабылданған нақты шаралардың ұқсас мысалдары аз еместігін атап өту қажет. Облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығының азаматтардың құқықтарын қорғау және қалпына келтірудің тиімді құралына айналды. Осы жылы мұнда 2,7 мыңнан астам азамат өтініш берді, оның ішінде 1,8 мыңнан артығын прокурорлар қабылдады. Орталықта күнделікті тәжірибелі прокурорлар қабылдау өткізеді, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, пробация қызметінің және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері білікті және тегін құқықтық көмек көрсетеді. Осы жерде апта сайын облыс прокуроры, сонымен қатар ай сайын облыстық ведомстволардың бірінші басшылары азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады", - деп атап өтті ведомствода.