«Еркек қай уақытта сұраса да жоқ демеңдер»: 100 жастағы әжей келіндерге кеңес айтты

5.jpg

Instagram әлеуметтік желісінде 100 жастағы әжей келіндерге кеңес айтып, жұртты бір күлдірді.

Қарт ананың айтуынша, әйел ер адамның қас қабағын бағып отыруы керек екен.

«Күйеуің үйге келгенде қабағың кіртиіп тұр ғой. Шаршап тұрсың-ау. Кішкене демалып ал десең, ер адам босай береді. 

Мен бір жерге баратын едім. Қалай болады екен деп сұрану керек. Бар десе, бару керек, жоқ десе, отыру керек.

Еркек түнде қай уақытта сұраса да жоқ демеңдер. Ұят та болса айтайын.  Оның мейірі қанады, қабағы ашылады. Оларға тамағынан бұрын мамасы жақын. Бұрын «өліп бара жатсың ба, бала жылап жатыр» дейтін ек. Онымыз бекер екен»,  – дейді әжей.

Желі қолданушылары қарт кісінің бұл сөзіне әбден күліп жатыр. Әсіресе, жігіттер жағы бұл пікірдің өте орынды екенін айтады.


Ұқсас тақырыптар