Жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерді қолдау мақсатында 180 миллион теңге қаржы бөлінді

фото с брифинга 2 (1).jpg

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ректоры Мутанов Ғалымқайыр Мутанұлы  айтты.

Оның айтуынша, президенттің қайырымдылықпен айналысу үндеуіне орай, университеттің қалталы түлектері және басқа да біздің серіктестер қатарынан демеушілер табылуда. Жыл сайын жағдайы төмен отбасынан шыққан талантты студенттерді қолдау мақсатында университет тарапынан 180 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінуде.

Ректор ретінде 20 мың қосымша грантты бөлу және студенттік баспана құрылысы шешімі кезіндегі үлкен қуанышты және оптимизмді айтқым келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі жоғары оқу орындары арасында мемлекеттік білім гранты саны бойынша көшбасшы болып, аталмыш бастаманы қолдау мақсатында халықаралық әл-Фараби олимпиадасының жеңімпаздарына арнап өзінің грантын 3 есе ұлғайтты.

Президент тарапынан білімді қолдауға деген үлкен қамқорлықты біздің университеттің даму жолынан аңғаруға болады. Мәселен, соңғы 5 жылда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі аймақтың жалпы аумағы 40%-ға өсті. Оның басым бөлігі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидасындағы әлеуметтік нысандарға бөлінді, оның ішінде магистранттар мен докторанттарға арналған 500 орындық жаңа жатақхана бар. Мұндай тәжірибе бізге осы жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде жалпы аумағы 31 мың шаршыны құрайтын 1287 орындық студенттік жатақхананы салуға кірісуімізге жол ашады.

Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі бөлінген  оқу гранттарының саны бойынша абсалютті көшбасшы атанды. Биыл 6,6 мыңнан астам мектептің үздік түлектері ҚазҰУ-ды таңдап мемлекеттік білім грантына ие болған, олардың едәуір бөлігі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Бұл қазақстандық жоғары білім беру тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Саналы әрі үлкен мақсатқа толы талапкердің сапалы білім алуы үшін  еліміздегі жетекші оқу орнын таңдауы біздің университетке деген жоғары сенімді білдіреді.

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы және қоғамның өзге саласын жаңғыртуға арналған көлемді бағдарламалары іс-әрекетке жетекшілік танытады және еліміздің болашағына ықпал етудегі біздің нақты қадамдарымызды анықтайды. Мұндай жаһандық және көлемді тапсырмалар жаңа заман реалында өзін сенімді сезінетін мемлекеттерде ғана қойылады. Әлемдік экономиканың турбуленттілігіне және жаһандық шақыртулардың күшейюіне қарамастан тапсырмалардың жүзеге асуы Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін-деп сөзін аяқтады Ғ.Мутанов.



Ұқсас тақырыптар