Ағылшын тілін өз бетінше меңгеру

7.jpg


Қазіргі замануи кезеңде, президент жолдауы бойынша, Қазақстан азаматы толерантты, бағдарламаларды меңгерген және үш тілді болуы керек. Сол бағытта жастардың жұмыс істеуі маңызды. 

Бірінші кезекте, ағылшын тілін меңгеру болып табылады. 85 % халықаралық конференциялар мен бірлестіктер ағылшын тілін қолданады, әлемдегі 28% шығатын басылымдар ағылшын тілінде, ғаламтордағы 90% мағұлмат ағылшын тілінде сақталады, 50% ғылыми-техникалық мақалалар ағылшын тілінде шығады, міне, ағылшын тілін меңгеру үшін осы себептер де жеткілікті. 

Ағылшын тілі, әлемге кең таралған тіл болғандықтан, оны меңгеру әдістері сан-алуан. Соның ең негізгі, еңбекті талап ететіні өз бетінше оқу (Self-Made-Man). (Өз бетінше оқуға көмектесетін әдістер мен кеңестер Н.В. Бодровтың, «Как изучить английский язык самостоятельно» - деген кітабынан алынған). Ең бірінші Self-Made-Man деген кімдер? Не үшін олардың тағдырын білу біз үшін қызықты болды? Олар бізге қандай әсер қалдырды? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік. 

Алдымен, бізге үлкен әсер қалдырған Николай Александрович Морозов болды. Нағыз ұлтжанды, ғалым, тарихи адам, ол өмірі бойында 16 тілді еркін меңгерген. Өз өмірі туралы повесттерінде шет тілін меңгеру жайлы мұра қалдырған. Бұл әдістер қазіргі заман қолданысына ыңғайлы, қолжетімді және эффективті болып табылады. Оның тәжірибесіне тоқталмастан бұрын, өміріне қысқаша шолу жасап кетсек, себебі басынан өткен дәл осы оқиғалар жаңа өмір кетігін қалауға негіз болған. Бай отбасының ұлы болған Николай Морозов (1854-1946 жж.) бала кезін атақты Ярославск губерниясында өткізген. Жараталыстану бағыты бойынша Петербургта жоғарғы оқу орнын үздік болып тәмәмдаған. Бірақ, 1870 жылдары революциялық идеялармен айналысып, түрмеге қамалады. Морозов жалғыз адамдық камераға тасталып, Ресейдің ең қараң түрмесінде отырады. Сол кезде гамлеттік сұрақпен бір де бірге қалған ол: Болу, әлде, болмау емес, оның шектік түрі, өмір сүру, әлде, сүрмеу деген сұрақтарға жауап іздейді. Сол замандағы ауру-сырқаулар бойын билеп, Морозов өмір шегіне тақалғандай болады, кенеттен пайда болған күш пе, әлде, жоғарыдан демеген құдірет пе, Морозов, күресу жолын бастайды. Күресу ұзақ, қиын, және жеңудің аз пайызымен жүргізіледі. Морозов, ауру-сырқауды жеңіп, үлкен шайқастан қайтқан батырдай оралады. Еңдігі кезекте, не үшін өмір сүру деген сұрақ ойға келеді. Түрмедегі ұзақ жылдар, жалғыздық, құтқарушы тек ғылым болды. Морозов, бойына химия, физика, математика, медицина сияқты ғылымдарды сіңірді. Сол кездің өзінде француз және латын тілін жетік білгені, оның тіл әлемінде үлкен қадамдар жасауға алғышарт болды. Неміс тілін Роберстсон жүйесі негізінде жазылған кітаппен меңгеріп, практиканы қатар алып отырған. Оның аллғашқы неміс тіліндегі оқыған романы Қараңғылықтан жарыққа қарай деп аталады. 

Оның кілті мынада, ол кітапты алып бір дауыстап оқып шығады, бұл сананың үйренуіне ықпал етеді. Артынша екінші рет оқыған кезде сюжет пайда болады, Морозов, үшінші рет оқу арқылы кітаптың мазмұның толық меңгеріп алатын, сонымен қатар, ол сөздікпен қолданбай, тек интуиция арқылы сөз мағынасын түсінуге тырысқан. Егер сіз Морозов сияқты жасасаңыз тілді меңгерместен бұрын оған құштарлығыныз қайтып кетуі мүмкін, сондықтан, осындай қайратты адамдарды тек жадымыза ұстаған жөн. 

Ал, ағылшын тілін өмір стиліңізге сай меңгеруге келетін бірнеше лайфхақтар бар. Күніне, Морозов сияқты 12 сағат уақытыңызды жұмсамай, 1-2 сағат тілге бөлу жеткілікті. Оның жарты сағатын күніңіздің бірінші бөлігінде  қолдануға болады, ол үшін өзіңізге жүйе құрасыз, мысалы 1000 етістік сөздерден бастап, күніне 100-ден жаттап отырсаңыз, ары қарай 1000 сын есімдер деп жалғастыруға болады, ол аздап сіздің өзіңізбен ойнауыңыз сияқты. Алынған блок сөздерді аудармасымен бір оқып шығып, кейін қарамай қайталап көресіз, осылай жадыңызға бекітілген мағлұматты келесі 15 минутыңызда сөйлемдер құру арқылы қайталап, ағылшынша ойлап үйренесіз. Ол кез келген пікір болуы мүмкін, қағазға қаламмен түртіп қойсаңыз тіптен жақсы болады. Ал келесі жарты сағатты ағылшынша подкасттар тыңдаумен өткізесіз, яғни деңгейіңізге сай, ғаламтордан көптеген тақырыптардағы қысқаша әңгімеледі тыңдауға болады, ендігі маңызды бөлігі күні бойына жиналған информацияны қортып, кешке жақын нәтиже жасау. 

Осындай қысқаша кенестер, сіздің ашылмаған жаңа әлемге аттануыңызға көмектеседі. Сізге арман жолында тек талмас күш, жігер, ынта тілейміз. 


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технология факультеті 

ОЗХТ мамандығының 3 курс студенті Мергенова Ж. 

және аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер 

технологиясы кафедрасының оқытушысы, 

химия ғылымдарының кандидаты, доцент 

Тюсюпова Б.Б. 



Ұқсас тақырыптар