Шымкенттегі ХББ NIS оқушылары халықаралық IGEM байқауынан қола медаль жеңіп алды

Париж қаласында Массачусетс технологиялық институты жыл сайын дәстүрлі түрде жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған Халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары байқауын (IGEM) өткізеді. Биыл байқауға қатысу үшін орта мектеп оқушылары, студенттер, ғалымдар, инвесторлар, биотехнология саласының өкілдері, журналистер және әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Париждегі Paris Expo Porte de Versailles-те синтетикалық биология дүниежүзілік көрмесіне жиналды.

2.JPG

Байқауға әр елден  350-ден астам команда мен 7000 қатысушы өз жобаларын ұсынды. Қазақстанның бірінші жоғары сынып оқушылары атынан Шымкент қаласы ХББ NIS шәкірттерінен құралған «Shym_bil_nis» командасы қатысты.  Команда «Гендік модификацияланған бактериялардың көмегімен ПЭТ-пластикті ыдырату» тақырыбында өз жобасын қорғап шықты. Бұл ғылыми зерттеуде арнайы ферменттердің жұмысы арқылы пластикті әлдеқайда жылдам және экологиялық таза ыдыратып, сондай-ақ қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына, соның ішінде Қазақстанның күрт континентальді жағдайына бейімделу қабілетіне сай жасалған. Байқау қорытындысы бойынша біздің команда қола медальмен марапатталды және «Best education» арнайы марапатына ұсынылды. Бұл еліміз үшін, мектебіміз үшін үлкен жетістік.




Ұқсас тақырыптар