«Хакатон IQanat» ауыл балаларын қанаттандыратын жоба

hhhh.JPG

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ базасында «Хакатон IQanat» оқыту тренингі өтті. Шымкент қаласы ХББ NIS-ке Түркістан және Қызылорда облысытарының шалғай аймақтарынан 120-ға тарта оқушылар келді. Төрт күн бойы бұл жобада оқушыларға бағдарламалау, web-бағдарламалау, мобильді қосымшалар, SMM, фото және видео монтаждау, психологиялық тренингтер мен математикалық батл өткізілді.

«Хакатон IQanat» оқыту тренингінің мақсаты – еліміздің түпкір-түпкіріндегі шалғай ауылдарда өсіп келе жатқан дарынды балаларды анықтап, олардың сапалы білім алуына, Қазақстан мен әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсуіне мүмкіндік беру. 




Ұқсас тақырыптар