Айжан Абилгаламова: Жүлделі 3-ші орын

Оқыту технологиясын тиімді пайдалану, жаңарту оқумен ұштастыру

Жүлделі 3-ші орын

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес деп танылуы Отандық білім берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптан қойып отырғаны белгілі.Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастыққа өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарларымыздың біріне айналуда.

Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа  сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеру мақсат етіледі. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздені, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.

Сондықтан да  оқушылардың да ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі иновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Білім беру саласындағы реформалар, бір жағынан, әлемдік  білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан, ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды қөздейді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Иновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік,рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Демек инновациялар мектептен, мұғалімдердің педагогикалық қызметтерінен бастау алады.Білім беру жүйесіндегі инновациялар бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-тәрбиелеу, дамыту педагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері.Қазіргі заманның и нновациялық сабақтың сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тәжірибесінің интегециясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасызететін сабақты айтуға болады.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады,мынадай бірқатар себептерге  байланысты:  адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге,дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғарғы сападағы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы, демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюкураның (бірнәрсеге әсерін тигізетін жағдайларың),кездесу мұқтажынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен жалпы білім беруге дайындық деңгеймен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады. Технологияны ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім мекемесінің дамуы мен  жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту- бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы, оның мақсаты оқу үрдісінің өнімділігін арттратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін сезетіндей жайлы жағдай тудыру.

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекетті ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімдік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.Бүгінгі білім жүйесінде Д.Дьюн атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда.Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына тең (Күн-астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады), тең болып отыр,яғни,оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына,шоғырландыра жүргізіледі. Білім беру, шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасаауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемеларын шешудің бірден-бір тәсілі-өзін-өзі рефлекциялық басқаруды жүзеге алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен-ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:

-өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

-өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

-өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;

-өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;

Оқытудың өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:

-мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;

 -қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білуі;

-бір сұрақты жан-жақты қамтитын бернеше жауаптар ұсына алуы;

-құбылысты әр түрлі позицияда қарастыруды тапсыру;

-мұғалім оқушыға ұқсастықтармен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға,қорытуға,түйіндеуге жағдай туғызады;

-нақты сұрақтар қояды;

-тапсырмаларды бірігіп орындайды.

Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін артыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.Әдіс т әсілдер арқылы өткізген әр бір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты,білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылар мен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу, жаңартылған білім мазмұнымен ұштастыру. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

-дүниетаным қабілеті жоғары;

-дарынды,өнерпаз;

-іздемпаз, талапты;

-өз алдына мақсат қоя білу керек;

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру, ғылымды дамыту.Өркениет біткеннің өзегі,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны- мұғалімдердің басты міндеті-өз ұлтының тарихын. Мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал,, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.

- Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.

-Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы,кеңесші.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту-оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің,кәсіби шеберліктіңжәне іс-әрекетке икемділіктің  жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жет ілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесінде өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Адамдарға ( оның ішінде балаларға) ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір қасиет- ол жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін ашып, ортасына «өзінің маңыздылығын таныту» болып табылады (Д. Карнеги). Әр пән бойынша да білім қажет (пән сабақтарын игермеу туралы счөз болмайды), бірақ негізі ол емес, ол оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға  жылжыту, өзі орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып, нәтижесінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс. Әрбір мұғалім өз жұмысы тәсілі мен формасын өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Сабақ беру дегеніміз – әртүрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелерінің бірі.  Оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрлі, жан-жақты болуы керек. 

Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сеніміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы,ізденіс жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып,жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп тұжырым жасады.

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілет і зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.


Айжан АБИЛГАЛАМОВА,

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім 

бөлімінің № 28 Абай атындағы жалпы

 орта білім беретін мектептің мұғалімі.



Ұқсас тақырыптар