Жанабаева Айнагуль: Жүлделі 3-орын

Жаңартылған білімнің маңыздылығы

Жүлделі 3-орын

Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: оның бірі - жар таңдауда, екіншісі - мамандық таңдауда" деген екен. Міне, мен осы бір өмірлік қағидаға бергісіз  қанатты  сөз тұрғысынан мамандығымды сараптар болсам  қателеспегеніме анық сенімдімін. Иә, тәрбиеші еңбегі қиын да жауапты, шығармашылық еңбек. Міне, осындай ардақты мамандық иесі болу менің бала кезімнен арманым.Үнемі ойын ойнайтын болсақ «мен тәрбиешімін,ал сендер, (бауырларым) балаларсыңдар»- деп өзімше үйрете бастайтынмын.Осы бір балалық арманым жанымды тербеп «Кім боламын?» «Мен қалаған мамандық» тақырыбындағы шығарма жазуда осы балалық арманымды өмірлік мамандығыма айналдырғым келетінін жазып жүретімін. Ал қазір сол мамандық иесімін.

Әрине, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған басты міндет-  білім беру мен тәрбиелеуде  де білікті жаңартылған білімнің маңыздылығын ұғу және қолдану екені баршаға аян. Бүгінгі заманның талабы- өскелең ұрпақтың болсын оларды тәрбиелеушілердің болсын әлемдегі әрбір өзгерісті ұғына, өмір ағысымен жан-жақты жаһандану жүйесіндегі жүйелі жетістіктер мен жемісті жеңістерді ала білуі. 

Шығыс ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - дегеніндей білім мен тәрбие беру яғни, қай ғасырда болсын адамзат дамуының қозғаушы күші. Иә, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің балаларын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Әрине,  еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, жерін,  ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеуде тәрбиешінің еңбегі зор. Өйткені, тәрбиеленушілерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде тәрбиешінің еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекше. Өйткені, егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» -  деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында.

«Жаңартылған білім» - дегеніміз не?    Ал, мен осы талапқа  саймын ба?  

Білем деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған,

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған,

Көп нәрсені тоқиды.

Менің өмірлік ұстанымым Өтебай Тұрманжановтың осыбір «Білем деме, балам!» атты өлең жолдарымен ұштасады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Тәрбиенің негізгісі де осы ғибратты, ғұмырлы, ғасыр, бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген-ұлттық педогогика. 

Сан ғасырлар бойы шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтау шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиені жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып, өскелең ұрпаққа тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым  болары сөзсіз. Сана-сезімімді селт еткізер сенімді, ар ұяттың ара жігін айқындайтын игі дәстүрді көненің көзіндей сақтап, келер ұрпақтың бойына сіңіретін мына  біздер. Сондықтан тәрбиенің тізгінін босатпай, тілімізді шұбарламай, тектілік пен бар игі мұрамызды негізге ала отырып, ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз. Қазіргі таңда жаңартылған білім бағдалрамасы көп оқуды, көп ізденуді талап етеді. Сол себепті жоғарыда айтылған ақын ағаның өлең жолдарын үнемі жадымда ұстаймын. Кез келген мамандық иесінің туы - білім болуы керек.  Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.Ал білім үнемі ізденісті, жаңашылдықты талап етеді. Сол себепті, жаңартылған білім бағдарламасын меңгеру бойынша педогогикалық біліктілікті артыру мақсатында үнемі аудандық кітапханаға барып, оқып , үнемі білімімді шыңдаумен келемін. Сонда ғана мәңгілік елдің саналы, тәрбиелі, иманды, мәдениетті, білімді, дені сау ұрпақтарын ертеңгі елдің болашағын тәрбиелейміз деген ойдамын. Жыл сайын «Педогогика және психология», «Отбасы және балабақша» журналдарына жазылып, ондағы жаңа стандарт бойынша білімімді  жетілдіруге көмек болар  заманауи технологиялар арқылы сабақ өткізу әдіс-тәсілдерімен танысып отырамын 

 Қазіргі оқу процесіне қойылатын негізгі талаптың енді бірі – кез келген тұлғаның өздігінен білімді игеруі және тәрбиенің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеленушілерге  қажеттілігіне қарай тапсырмалар беру. Сол себепті,бөбектерге  өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, ойын барысында қарапайым шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін тапсырмаларды үнемі жоспарлаймын. Осы мақсаттарға  жету процесінде тәрбиеленушілерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып,  сұрақтарыма қажетті ақпаратты  ала отырып, іздеу және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет етуді,  жетілдіру мен қолдану дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беруді назарда ұстаймын. Әсіресе, тәрбиеленушілерімнің күрделі міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа талдау жасауға, алған  тәжірибесін қолдануға мүмкіндік жасап, жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы,  бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттерге  баулуды назарда ұстаймын. Осы  меңгерген дағдыларын  пайдалану даярлығын қалыптастыруға, ынталандыруға  бағытталған тапсырмалар жоспарлаймын. Және өмірлік дағдыларымды шыңдауыма, өздігінен білім алуыма мүмкіндік туғызуды да күнделікті жоспарыма енгіземін. Нәтижесінде, «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарын  дарытуға бағытталған,    іс-әрекеттерді үйренуге  болатынын сараладым. Мен әркез тәрбиеленушілерімді мақтап, мадақтап, шабыттандырудың  маңызды екенін,  әртүрлі жағдайларда қолдап отырудың қажет екенін  жақсы түсінемін. Біліммен қатар адами жақсы қасиеттерді бойына дарытып,  үйреткім келеді.  Сол себепті де тәрбиеші  ретінде ерекшеленесің. Әрине, ұстаз   жүгі – ауыр жүк. Әр тәрбиеленушілер   өзіне   деген қамқорлықты, сенім мен міндетті сезіне білуі тиіс. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей,  жіберген қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберліктің белгісі  емес пе?!   Міне, осындай талаптарды жаңартылған білім беру нәтижесінде толықтырдым деп ойлаймын.         

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ»-дейді А. Байтұрсынов. Ұлағатты ұстаздың осы сөзінде терең мағына жатыр. Қазіргі заманның тұлғаға қояр басты талабы – ақпаратты өз бетімен меңгеруі,  жаңа форматы білімді өз бетімен меңгеруі , жан – жақты, дүниетанымы кең болуы, жаңаша   оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін өз бетімен меңгеруі,  заманауи инновациялық технологияларды терең  меңгеруі шарт. Сондықтан да, осы талапқа сай болуды  бірінші орынға қоямын.  Жаңартылған білімге жету жолында аянбай еңбек етуі керек. Қазір қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа жаны құмар, шығармашыл яғни, жаңартылған білімнің маңыздылығын түсініп, бағдарламасын оқып- үйреніп, тәжірибеде қолдану арқылы  нәтижеге жетіп жүрген тәрбиешілер өте  көп.  Үйренем, білем дейтін тәрбиешілерге бұл тұрғыда әрине ауыз толтырып айтар көмекктер баршылық. Сондықтан да, - жаңартылған білімнің маңыздылығы деген сұраққа  жетістіктеріммен  жауап беремін және «Қызметкері қандай болса, мекеме де сондай болмақ» - деп жауап беруге әзірмін. Сөзімді дәлелдей кетсем, жаңартылған білім бағдарламасы, рухани жаңғыру, мәңгілік елдің ұрпақтарын тәрбиелеуде өзімнің жасап жатқан жұмыстарына тоқталсам: Шығармашылық тақырыбым: «Балалардың ойлау қабілет дамытуда логикалық ойындардың маңызы» арқылы түрлі балалармен жұмыстарды жүргіземін. Ондағы мақсатым: Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет- қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Ата-аналармен өткізілетін шара, жиналыстарымда «Ғажайыптар алаңы», «Жасырынған ертегіні тап», «Қазақтың ұлттық ойындарын еске түсірейік», «1000 бір мақал, 1000 бір жұмбақ» т. б. шаралар өткіздім. Себебі елін, тілін сүйген ұлт тәрбиелеу үшін алдымен ата-аналарына париоттық сезім оята білу керек деп ойлаймын.Жаңартылған білімнің маңыздылығы үшін мен өз жұмысымда баламен логикалық ойындарды басшылыққа аламын. Жаңартылған білім бағдарламасы баланың жан жақты дамуына көп әсер етеді.Болашақта елін, жерін, тілін сүйген ұрпақтарды тәрбиелесем , еккен дәнімнің тәтті жемісі болары сөзсіз. 

Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде жаңартылған білімнің маңыздылығын түсіну мен сезіну тұлғаның өзін-өзі дамытуына,  жан – жақты білім алуына көмектеседі. Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде қоғам алдындағы зор жауапкершілік те бірінші ұстазға жүктелген.  Қазіргі заманауи әлемдегі бала бақша тәрбиешісі – рухани жағынан дамыған, оқытудың  барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын білікті тәрбиеші  болуы керек . Келешекте болашағымыз білімді ұрпақтар қолында болу үшін аянбай жұмыс істеу керек. Тек тәрбиеші шыдамды, ізденуші, зерттеуші, шығармашыл, жаңашыл, талапшыл болудан қашпау керек.  Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, әр тәрбиеленушінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін заманауи тәрбиеші  болайық!

айнагуль.jpg

Жанабаева Айнагуль Амангельдиевна


  



Ұқсас тақырыптар